2026 жылғы 15 қазан, сағат 18.00-де Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өткізіледі.
Күн тәртібі: 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қызылорда облысы бойынша мәслихаттар депутаттарын сайлау науқаны кезінде аумақтық, округтік сайлау комиссияларының мүшелерін оқытуды ұйымдастыру; сайлауға дайындық кезіндегі баспа өнімдерін дайындау мәселелері; №4 сайлау округі бойынша комиссия мүшесінің міндетінен босату және орнына жаңа мүшені тағайындау.
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Сол жағалау, Ғ.Мұхамеджанов №5а, сайлау комиссиясының ғимараты.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу 2026 жылдың 15 қазан күні, сағат 17.30-ге дейін келесі телефон бойынша жүзеге асырылады: 8(7242) 71-27-79.