Лого

Меню

Страницы

Статья

БҮГІННЕН БАСТАП 136 ОКРУГТІК КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Елімізде 29 қарашада кезектен тыс мәслихаттар сайлауы өткізіледі. Маңызды науқанды ұйымдастыру кезеңдері 48 күнді қамтиды.
Қызылорда өңірінде облыстық, қалалық және аудандық деңгейде 152 депутат сайланады. Сайлау процесін әзірлеу мен ұйымдастыруға арналған арнайы Күнтізбелік жоспар бекітілді.
- Қызылорда облысында 9 аумақтық, 136 округтік, 386 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Бүгіннен бастап қала және аудандарда округтік комиссиялар жұмысына кірісті. Себебі 14 қазаннан 27 қазан сағат 18.00-ге дейін кандидаттардан ұсыну құжаттары қабылданады.
Кандидаттар мен партиялық тізімдерді тіркеу 1 қараша күні сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі.
Бұл науқан аралас жүйеде яғни партиялық тізім және өзін-өзі ұсынған кандидаттар арасында өткізіледі.
Округтік сайлау комиссиялары әрбір кандидаттан заңнама талаптарына сай құжаттарды қабылдап, ұсыну қорытындысын және тіркеу жұмыстарын жүргізеді,-деді Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов.
Айта кетейік, 136 округте 670 комиссия мүшесі қызмет атқарады.

Дата публикации
14 октября 2026
Дата обновления
14 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы