


2026 жылғы 13 қазанда Қызылорда облыстық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мәселелері бойынша Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 12 қазандағы Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 12 қазандағы №60/98 қаулысына сай Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалды.
Аумақтық сайлау комиссиялары облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі мәслихат сайлауларын өткізу бойынша алғашқы отырыстарын өткізді.
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының отырысында 7 мәселе қаралды.
1.2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Күнтізбелік жоспарды бекіту туралы;
2.№4 сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихаты депутатын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерінен босату туралы;
3. №4 сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихаты депутатын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына тағайындау туралы;
4. №9 сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихаты депутатын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерінен босату туралы;
5. №9 сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихаты депутатын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына тағайындау туралы;
6.Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізуде Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының қызметі мен комиссия мүшелерінің жұмысын ұйымдастыру туралы;
7. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауы кезінде сайлау материалдарының баспа және полиграфия өнімдерін дайындау мәселелері туралы.
Комиссия мүшелерінің дауыс беруімен Қызылорда облыстық мәслихат депутаттарының сайлауын өткізу мен ұйымдастыруға арналған Күнтізбелік жоспар бекітіліп, күн тәртібінде қаралған өзге де мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданды.
Айта кетейік, Қызылорда облысында барлығы 531 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 9 аумақтық, 136 округтік және 386 учаскелік сайлау комиссиясы бар.
Аталған комиссиялардың құрамында жалпы 3453 мүше қызмет атқарады. Атап айтқанда, аумақтық сайлау комиссияларында – 63, округтік комиссияларда – 670, учаскелік комиссияларда 2 720 комиссия мүшесі бар.
Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы