Лого

Меню

Страницы

Статья

Аймақты цифрландыру бойынша 2026 жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстар

Аймақты цифрландыру «Смарт-қалаларды» және «Смарт-өңірлерді» құру жөніндегі әдістемесі аясында жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 7 тамыздағы №463/НҚ бұйрығы бекітілген). Қызылорда облысының 2026-2030 жылдарға арналған «ақылды» қалаларды құру стратегиясы (28.11.2025 жылғы № 07/3-1/6383-и) бекітілді.
Қауіпсіздік саласында:
Бүгінде Қызылорда қаласында 31 149 бейнебақылау камералары жұмыс жасауда. Оның 13 150-і Жедел басқару орталығына қосылған.
Жедел басқару орталығына қарасты 272 дана бейнебақылау камералары, оған қоса жаңадан 1400 бейнебақылау камерасы, 25 дана «SUNQAR» стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғысы, 80 дана «Зияткерлік қиылыс» құрылғысы, 20 дана «Аркан», 96 дана стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғысы, 25 дана «Ekin Patrol G2» және 2 дана «Ekin X Spotter» құрылғысы жұмыс істейді.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық 7 аудан және Байқоңыр аумағына 616 бейнебақылау камералары, 54 жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылып, жедел басқару орталықтары қайта жаңғыртылды. Жоба аясында «ЖБО 2.0» бағдарламасы қала және аудандық полиция бөлімшелерінде орнатылды.
Қазіргі таңда облыс орталығындағы азаматтар көп шоғырланатын орындарда «SOS» дабыл батырмасының 15 құрылғысы орнатылды.
Әлеуметтік салада:
Денсаулық саласы бойынша, барлық медициналық ұйымдар компьютермен және «Даму-мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен 100%-ға қамтылған. Қызылорда облысының медициналық ұйымдарына бекітілген тұрғындарына 93% электронды денсаулық паспорты толтырылған. Облыстың 15 медициналық ұйымында оның ішінде: 8 аудандық, қалалық және 6 облыстық медициналық ұйымда телемедицина құралдарының кешендері орнатылған.
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты және меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдардың ішінде PACS жүйесі енгізілуге тиісті 29 медициналық ұйымның барлығында, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 18 медициналық ұйымның барлығына PACS жүйесі енгізілген.
Науқастарды ерте диагностикалау, жедел емдеу тиімділігін арттыру, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында облыстағы 21 медициналық ұйымда жасанды интеллект көмегімен онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған радиологиялық зерттеулерді орталықтандыру технологиясы іске қосылды.
Көлік және логистика саласында:
«Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билет жүйесін орнату» жобасы «AlemPay» ЖШС-нің жеке инвестициясы арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылды.
Қызылорда қаласында 300 қалаішілік қоғамдық көліктерінде электронды билет жүйесінің стационарлық валидаторлары мен терминалдары 100% орнатылған. Қазіргі уақытта «AlemPay» жүйесіне 32 бағыт (25 қалаішілік және 7 қала маңы маршруттары) қосылған. Бүгінде, дифференциалды тариф жүйесі енгізіліп онлайн төлемдерді ынталандыру шаралары жүргізілді. Яғни, қолма-қол төлем 130 теңге болса, ал онлайн төлем 85 теңгені құрайды.
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша валидатор орнатылған автобустарда сатылған билеттің жалпы санының 99,1% қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінде. (Яғни, валидаторлар орнатылған автобустар төлемінің 23 836 368 данасынан 23 636 863 данасы электрондық төлем жүйесі арқылы төленген).
Сонымен қоса, «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС құрамындағы барлық қоғамдық көліктің жүру бағытын бақылауға арналған «System.Buspark» - Gps/Глонасс мониторинг жүйесі бар. Жүйеге 300 қала ішіндегі қоғамдық көлік толығымен қосылған (100%). Диспетчерлеу жүйесі «System.Buspark» Nimbus, 2Gis және Яндекс үшінші тарап жүйелерімен біріктірілген.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында:
Қызылорда облысының табиғи монополия субъектілері (ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК, «Қызылорда тазалығы» ЖШС, «Кызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК) арқылы көрсетілетін қызметтерін цифрландыру мақсатында «I-Orda» порталы құрылып, жеке және заңды тұлғаларға табиғи монополия субъектілерінің 90 қызмет түрі автоматтандырылды. 2023 жылдың 20 қазанында іске қосылып, бүгінгі күнге дейін 3792 өтінім тіркелді. Портал https://iorda.kz сайтында қолжетімді.
Сонымен қатар, 2026 жылдың қаңтар айынан бастап облыстың барлық қалалары мен аудандар арасында коммуналдық және өзге де қызметтерге ақы төлеу үшін бірыңғай төлем құжаты жүйесі енгізілді. Қазіргі уақытта «Алсеко» АҚ бірыңғай есеп айырысу орталығының қызметтерін ұсынуға 5 жеткізушімен келісім-шарттар жасалды (ШЖҚ «Қызылорда тазалығы» КМК, ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК, ШЖҚ «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «РЦКУ-Қызылорда» ЖШС).
Экология саласында:
«Жасыл кеңістіктердің сандық есебі» жобасы аясында «Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында шарт жасалып, Қызылорда қаласының көшелері мен саябақтарын көгалдандыру, абаттандыру және күтіп-ұстау жүргізілуде.
Жоба аясында, 2025 жылдың қазан айынан бастап қаланың көгалдандыруына, ағаштарды күтіп-ұстауға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған «Zhasyl Qyzylorda» (https://zhasylkyz.kz) Қызылорда қаласының жасыл желектер тізілімінің ресми сайты жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, «Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» жобасы бойынша 2026 жылға арналған жоспары бекітіліп, ағаш отырғызу алаңдары, гүлдер мен газон егілетін аумақтар белгіленді.
Тұрмыстық қатты қалдықтар саласын цифрландыру жобасы бойынша 2026 жылдың 11 наурызында «Қызылорда тазалығы» ШЖҚ КМК және «Shalkar Innovation» ЖШС-мен тұрмыстық қатты қалдықтарды басқаруды цифрландыру және ұйымның ішкі бизнес-процесін автоматтандыру мақсатында «Waste Managment» платформасын енгізу туралы шарт жасалып, жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта, көпқабатты тұрғын үйлер мен заңды тұлғалардың барлық контейнерлік алаңдары GPS жүйесі арқылы тіркелген. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары осы GPS-координаттары негізінде жүргізіліп, әрбір орынның қызмет көрсетілуі бақылауға алынды.
Сондай-ақ, «Жасыл даму» АҚ-мен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп, көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мүмкіндігі кезең-кезеңімен енгізілуде. Жұмыстарды орындау барысында қызмет сапасын арттыру, қалдықтарды есепке алу және бақылау жүйесін жетілдіру бағытында қажетті шаралар қабылдануда.
Қаланы және өңірді басқару саласында:
«Өңірлік ахуалдық орталық»
Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының Ахуалдық орталығы 2014 жылы құрылды. Орталықтың негізгі қызметі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық-саяси жағдайы, күнделікті жедел мониторингі және бақылау тапсырмаларының орындалуы туралы тұрақты әрі өзекті ақпарат беру болып табылады. Ахуалдық орталық бөлімінде тұрақты түрде келесі жұмыстар жүргізілуде:
- Ахуалдық орталықтың ақпараттық-аналитикалық жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
- «Облыс әкімі тапсырмаларының орындалуын бақылау» жүйесі;
- «IMas» жүйесі арқылы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге мониторинг;
- Облыстық Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары;
- Ахуалдық орталықтың мәжіліс залында өткізілетін іс-шараларға техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
«Өңірлік аналитикалық орталық «Smart Data Region»
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жинақталатын деректерді жинауға, сақтауға және кешенді талдауға арналған «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесіне Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан жауапты мамандарға 170 есептік жазба ашылды. Жүйеде 10 кейс түрі қолжетімді.
«Өңірлік геоақпараттық жүйе»
2020 жылы Қызылорда облысында «Өңірлік геоақпараттық жүйе» жобасын енгізу жұмыстары басталды. Бекітілген талаптарға сәйкес геопортал ашық және жабық (682 қабат) контурларға ие. Барлық жеке және заңды тұлғалар үшін ашық контурда 229 қабат қолжетімді.
Қазіргі уақытта жүйеде (https://orda.geoportal.kz ) «Жер учаскесін сату бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) немесе жер учаскелерін электрондық түрде жалға алу құқығын ұйымдастыру және өткізу арқылы жер учаскесін мемлекеттік меншіктен беру» қызметі қолжетімді.
Өңірлік геоақпараттық жүйе базасында автожолдардың сапасын бақылау сервисі әзірленіп, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ақпараттың толымдылығын қамтамасыз ету үшін қолжетімділік берілді. Қазіргі уақытта, жол бетінің жай-күйі, орындалған жөндеу жұмыстары және жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы деректер функционалдары қамтылған.
«Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы»
Қала тұрғындары мен қонақтарының онлайн сервистер мен қызметтерді алу ыңғайлылығы үшін 2019 жылы бірыңғай интеграцияланған «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы іске қосылды. Мобильді қосымша Google Play және App Store платформаларында жұмыс істейді, облыс тұрғындары мен қонақтары үшін 84-сервис қолжетімді.
Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының «Жедел әрекет ету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінда 109 – Біріңғай байланыс орталығы және 112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі қызмет көрсетуде.
109 – Бірыңғай байланыс орталығы 2020 жылдан бастап «109» бірыңғай нөмірі арқылы барлық коммуналдық мәселелер бойынша облыс тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдайды.
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша барлығы 175 138 өтінім келіп түскен («109» желісі арқылы - 174 406/99,3%, әлеуметтік желілер арқылы - 1132/0,6%). Оның ішінде, оқыс оқиға – 36247, кеңес беру - 32 958, шағым – 2 394, ұсыныс - 86, алғыс - 367, ақпаратқа сұрау салу - 103 486. Өтініштерді қабылдау мен тіркеудің тәуліктік орташа статистикалық саны - 650 өтінімді құрады.
Сонымен қатар, тұрғындардың өтінім жібере алатын немесе жағдайды егжей-тегжейлі сипаттай алатын құралдар (Call - орталық: «109» желісі, «komek – 109» мобильді қосымшасы, Telegram-бот: @kyzylorda109_user_bot, Instagram: qyzylorda_109, Facebook) ауқымы кеңейтілген.
112 - Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік қызметі 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет көрсетуде, 101, 102, 112 желісі бойынша шұғыл келіп түскен хабарламаларды қабылдап, тіркеп автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде өңдеп, шұғыл қызметтерге жолданады.
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 112-Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік қызметіне жалпы саны 236 210 хабарлама келіп түскен және өз бағыты бойынша шұғыл қызметтерге бағытталған. Оның ішінде: өрт сөндіру бойынша (101) - 1237, құқық қорғау сипаты бойынша (102) - 54223, жедел жәрдем қызметі бойынша (103) - 1077, төтенше жағдайлар желісі бойынша (112) - 859, басқа да хабарламалар - 175513 хабарлама келіп түсті.

Жобалық басқарудың «Битрикс» ақпараттық жүйесінде ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы, Ұлттық жобалардың іс-шаралары («Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», «Қолжетімді интернет» пилоттық ұлттық жобалары) және де үлгілік базалық бағыт шеңберінде басым бағыттарындағы іс-шаралар жобалық басқару әдісімен жүргізілуде.
2026 жылдың 3 тоқсаны есебі бойынша «Битрикс» ақпараттық жүйесінде құны 152,2 млрд теңге құрайтын 71 жоба жүзеге асуда.
Атап айтқанда, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы
(көпбейінді ауданаралық ауруханалар құрылысы) аясында 3 жоба;
«Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасы аясында 9 жоба;
Мемлекет басшысының тәуекелдері бар объектілерді салу және іске қосу мәселелері жөніндегі тапсырмалары (тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу зауыттарын салу) жол картасы аясында 9 жоба;
Аралсода зауыты бойынша 1 жоба.
«Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарлары» Жол картасы бойынша 4 жоба. Оның ішінде, ТОО «Альхена» (күн электр станциясы құрылысы), «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы, «Табиғи ресурстарды, әсіресе суды, оның ішінде азаматтар арасында, ең алдымен өскелең ұрпақ арасында ақпараттық-түсіндіру және идеологиялық жұмыстарды жүргізу арқылы сақтау мәдениетін қалыптастыру» іс-шарасы.
ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы бойынша салалық басқармалар көрсеткіштеріне байланысты 9 жоба.
«Қазақстан Республикасының су шаруашылығын дамытудың 2024–2028 жылдарға арналған кешенді жоспары» Жол картасы аясында (сумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және магистарльдық арналарды тазалау) 14 жоба.
2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспардың жобаларын іске асыру бойынша Жол картасы аясында кәріз тазарту құрылысжайлары бойынша 3 жоба;
Ауданаралық жылу желілерін қайта құру – 5 жоба;
Спорт кешені құрылысы – 1 жоба.
«Жылу беру маусымы 2026 жыл» бағдарламасы аясында 2 жоба;
Электр желілерін жөндеу 2 жоба;
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» (1 жоба басқармалар, қала, аудан әкімдіктері, квазисекторлар).
«Мемлекеттік орман қорына 2 млрд ағаш отырғызу» бағдарламасы аясында 8 жоба.

Ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша 2026 жылғы ІІI тоқсанға арналған ақпарат
2026 жылдың ІІI тоқсанында ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне жедел әрекет етуге арналған MISP веб-платформасында 207 инцидент тіркелді. Олардың барлығы белгіленген мерзімде жедел қаралып, жойылды.
Мемлекеттік органдар бөлінісі бойынша инциденттердің үлесі:
• Білім беру ұйымдары – 61 (29,4%);
• Қала және аудан әкімдіктері және оларға қарасты бөлімдер – 38 (18,4%);
• Денсаулық сақтау басқармасына қарасты ұйымдар – 6 (2,9%);
• Ақпараттық қауіпсіздік қатерлері, зиянды белсенділік – 102 (49,3%).
Kyzylorda Hub-тың 2026 жылғы 9 айдағы қызметінің нәтижелері туралы
Осы анықтама Kyzylorda Hub-тың 2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айлары қорытындысы бойынша операциялық қызметінің негізгі көрсеткіштері мен нәтижелерін көрсетеді.
1. Операциялық және сандық көрсеткіштер (KPI)
АКТ іс-шараларын ұйымдастыру:
2026 жылдың 9 айында Kyzylorda Hub алаңында әртүрлі форматтағы 104 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Оның ішінде 42 іс-шара жасанды интеллект және заманауи цифрлық технологиялар тақырыбына арналды. Өткізілген іс-шаралардың қатарында білім беру воркшоптары, мастер-кластар, буткемптер, хакатондар, стартаптық іс-шаралар және цифрлық бағыттар бойынша практикалық тренингтер бар. Іс-шаралар бағдарламалау, мобильді және веб-қосымшаларды әзірлеу, жасанды интеллект құралдарын қолдану, генеративті AI, стартап мәдениеті және цифрлық дағдыларды дамыту бағыттарын қамтыды. Оқыту офлайн және онлайн форматтарда жүргізілді. Аудиторияны қамту: 2026 жылдың 9 айында Kyzylorda Hub ұйымдастырған іс-шараларға жалпы 1 547 адам қатысты. Іс-шаралар цифрлық және технологиялық құзыреттерді дамытуға, IT бағыттарын танымал етуге, кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыруға, сондай-ақ жастарды, білім беру саласының өкілдерін және бизнес өкілдерін өңірлік IT-экожүйеге тартуға бағытталды.
Медиялық қатысу: Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында 91 жарияланым жарық көрді. Медиялық сүйемелдеу хабтың жобалары мен іс-шаралары туралы ақпаратты таратуға, сондай-ақ өңірдегі Astana Hub мүмкіндіктері мен бастамаларының танымалдығын арттыруға бағытталды.
Стартап-экожүйе: 2026 жылдың 9 айындағы жағдай бойынша Kyzylorda Hub экожүйесіне 52 стартап-жоба тартылды. Стартаптармен жұмыс білім беру бағдарламалары, инкубациялық іс-шаралар, хакатондар, питчингтер және жобаларды дамытуға бағытталған басқа да бастамалар арқылы жүзеге асырылды.
Цифрлық маркетинг: 2026 жылғы қыркүйек айындағы жағдай бойынша Kyzylorda Hub-тың Instagram әлеуметтік желісіндегі жазылушылар саны 5 516 адамды құрады.
Есепті кезеңде Astana Hub-тың әлеуетті қатысушыларынан 3 жаңа лид тартылды.
2. Жастардың стартаптық және цифрлық құзыреттерін дамыту. Kyzylorda Hub жастар арасында технологиялық кәсіпкерлік пен стартап мәдениетін дамытуға бағытталған практикалық білім беру бағдарламаларын тұрақты түрде ұйымдастырады. Есепті кезеңде оқушыларға арналған Startup Bootcamp бағдарламасы өткізілді. Бағдарламаға Қызылорда қаласындағы әртүрлі мектептерден 25-тен астам оқушы қатысты. Қатысушылар стартап идеясын қалыптастыру, мәселені анықтау, мақсатты аудиторияны айқындау, шешім әзірлеу, MVP қалыптастыру және жобаны таныстыру кезеңдері бойынша практикалық жұмыс жүргізді. Бағдарлама соңында қатысушылар өз жобаларын таныстырып, сертификаттарға ие болды. Startup Bootcamp «Digital Tәrbie» жобасы аясында, Қызылорда облысының тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығымен бірлесіп, AI Month айлығы аясында өткізілді.
3. Жасанды интеллект бағытындағы білім беру жұмыстары 2026 жылдың 9 айында Kyzylorda Hub жасанды интеллект бағытындағы білім беру іс-шараларын жүйелі түрде өткізді. Есепті кезеңде AI тақырыбында 42 іс-шара ұйымдастырылды.Солардың қатарында генеративті жасанды интеллект құралдарын практикалық қолдануға бағытталған AI Workshop өткізілді. Іс-шараға 40-қа жуық қатысушы қатысып, промпт құрастыру, AI көмегімен мәтін және визуалды контент әзірлеу, ақпаратпен жұмыс істеу және күнделікті міндеттерді оңтайландыру тәсілдерін меңгерді.
AI Workshop форматы Kyzylorda Hub-та тұрақты негізде өткізіліп, әртүрлі мақсатты аудиторияларға бейімделеді. Бағдарламалар оқушыларға, студенттерге, педагогтерге, кәсіпкерлерге және түрлі сала мамандарына арналған практикалық міндеттерді қамтиды.
4. Стартап-жобалардың жетістіктері
Kyzylorda Hub резиденттері есепті кезеңде республикалық және халықаралық деңгейдегі стартаптық бастамаларға белсенді қатысты.
EmpowerMe халықаралық стартап-акселераторы
16–18 қыркүйек күндері Стамбул қаласында Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Иордания жастарын біріктірген EmpowerMe халықаралық стартап-акселераторының Demo Day кезеңі өтті.
8 апталық акселерация қорытындысы бойынша қазақстандық командалар жоғары нәтижелер көрсетті:
CortexAI — 1 орын, жоба 10 000 АҚШ доллары көлеміндегі жүлдеге ие болды және Түркиядағы университеттік ауруханалармен бірлесіп жұмыс істеу бойынша ұсыныстар алды;
ReMotion — 2 орын, медициналық реабилитацияға арналған жоба 5 000 АҚШ доллары көлеміндегі жүлдеге ие болды.
Екі команданың құрамында да Қызылордадан шыққан жас таланттар мен Kyzylorda Hub резиденттері бар.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты
Kyzylorda Hub резиденттері Алишер Хамзеев пен Дидар Көбенов «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясындағы грант иегерлері атанды. Әр жоба 3 000 000 теңге, жалпы 6 000 000 теңге көлемінде қаржыландыруға ие болды.
Алишер Хамзеевтің «Жасыл Арал» жобасы Арал өңірін көгалдандыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған экологиялық волонтерлік бастама. Жоба аясында Арал өңіріне сексеуіл отырғызу жұмыстары жүргізіліп, әр отырғызылған ағаштың GPS-координатасы мен фотосы тіркеледі.
Дидар Көбеновтің AralSee жобасы Арал аймағындағы тұзды-шаңды дауылдармен күресуге бағытталған жасанды интеллект технологияларына негізделген инновациялық жоба.
Qozy
Kyzylorda Hub экожүйесіндегі Qozy жобасы тіл үйренуге арналған мобильді қосымша ретінде дамып келеді. Жобаның аудиториясы 40 000 пайдаланушыға жетті.
5. Стратегиялық және инфрақұрылымдық жобалар
Tomorrow School
Жоба бойынша жол картасында жоспарланған жұмыстар толық көлемде, яғни 100% орындалды. Орталықтың ресми ашылуы 2026 жылғы 24 сәуірде өтті.
Drone Lab
Жоба есепті кезеңде іске асыру сатысында болды. Корейлік серіктестерден жеткізілетін жабдықтардың алғашқы партиясын сатып алу және қажетті кедендік рәсімдерді жүргізу бойынша жұмыстар атқарылды. Алғашқы жабдықтар партиясының жалпы құны шамамен 70 млн теңгені құрады.
Fuhua Digital
Fuhua Digital компаниясымен орнатылған стратегиялық серіктестік аясында Kyzylorda Hub базасында R&D бөлімшесін құру көзделген. Жоба стартаптар мен технологиялық командалар үшін жаңа технологиялық ресурстарға қол жеткізуге және инновациялық өнімдерді бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
13 октября 2026
Дата обновления
13 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы