Лого

Меню

Страницы

Статья

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

27 тамыз күні облыстық мәслихат депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ, барлық басқарма басшылары қатысты.
Отырыстың күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №199 шешіміне өзгерістер енгізу туралы болды.
Аталған мәселе бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы С.Мырзабек хабарлама жасап, ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттары мен олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы және күтілетін нәтижелер туралы жан-жақты баяндады.
Отырыс барысында депутаттар тарапынан бірқатар сауал қойылып, ұсыныстар айтылды. Қойылған сұрақтарға облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов пен басқарма басшысы С.Мырзабек толыққанды жауап берді.
Күн тәртібінде одан бөлек, «Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы», «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің қағидаларын бекіту туралы» мәселелер қаралды. Аталған мәселелер бойынша облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Е.Меңлібай хабарлама жасап, «Құрметті азаматы» атағын беру тәртібіне енгізілетін өзгерістерді түсіндірді.
Депутаттар өз кезегінде тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау және бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын басты назарда ұстау керектігін жеткізді.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіне ұсынылған барлық мәселе бірауыздан мақұлданып, шешім жобалары сессия қарауына жіберілді.

Дата публикации
12 октября 2026
Дата обновления
12 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы