2026 жылдың 9 ай мерзімінде 43 жұмыс сапарлары және онлайн және оффлайн форматта 100-ден аса кездесулер ұйымдастырылды. Оның ішінде, шет мемлекеттер мен басқа өңірлерге 3 іссапар (1-Қытай, 1-Франция, 1-Алматы қ.), ал Қызылорда облысына 40 сапар (1 БҰҰ елдері, 20 қытайлық, 12 түркиялық, 1 испаниялық, 1 ирандық, 1 канадалық, 1 индонезиялық, 1 мажарстандық, 1 ұлыбритандық, 1 кореялық).
Ағымдағы жылдың 4 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапары өтті. Форумға Қазақстаннан 143 өкіл, Пәкістаннан 180 компания қатысты. Осы форум аясында Қызылорда облысы әкімдігі пәкістандық Norson Chemical (Homex) компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында лак-бояу өнімдерін өндіру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, жобаны іске асыру жоспарланған.
Сонымен қатар, 11 ақпан күні Қызылорда қаласына Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохамад Фаджрул Рахман бастаған делегация ресми сапармен келді.
Іссапар аясында облыс әкімінің қабылдауында болып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
20 ақпан күні Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров бастаған Еуроодақ Елшісі Алешка Симкич және оған мүше 17 мемлекеттің Қазақстандағы елшілері Қызылорда қаласына іс-сапармен келді.
Іс-сапардың басты мақсаты - Еуропа мемлекеттерімен өңіріміздің іскерлік қарым-қатынасын арттыру мүмкіндіктерін қарастыру, инвестициялық мүмкіндікпен танысу және өзара ынтымақтастық бағыттарын анықтау.
Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні облысқа ауыл шаруашылығы саласындағы қытайлық «China Yulin Irrigation Equipment Co., Ltd.» компаниясының іссапары ұйымдастырылып, суару технологиясын енгізу бойынша Меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда, жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні Моңғолия Президенті У. Хурэлсүхтің Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында «Қазақстан – Моңғолия» бизнес-форумы өтті. Форум барысында өңірдің инвестициялық және агроөнеркәсіптік әлеуеті таныстырылып, облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев моңғолиялық және отандық кәсіпкерлермен, оның ішінде жүн және тері өңдеу саласының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде өңірдің аталған саладағы шикізаттық әлеуеті таныстырылып, терең өңдеу өндірістерін дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Нәтижесінде жүн және тері өңдеу саласындағы жобаларға қызығушылық танытқан кәсіпорындарға тиісті хаттар жолданды.
27-29 сәуір облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев бастаған облыстық делегация өкілдері Қытай Халық Республикасына іссапармен барды.
Іссапар нәтижесінде 4 ірі қытайлық компаниямен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды.
Атап айтқанда;
1) қытайлық «TICA» компаниясы мен «Тау Групп» компаниясы желдету және ауаны баптау қондырғыларын құрастыру зауыты;
2) «HongDa» компаниясымен Жаңақорған ауданында Бурабай-Жалғызағаш қорғасын-мырыш кенішінде құны 120 млн АҚШ долл. құрайтын кен байыту фабрикасын салу жобасы;
3) «Синьда Трансформер» компаниясымен құны 50 млн АҚШ долл. құрайтын трансформаторлар жинау жобасын іске асыру (компания тек трансформатор өндірісімен шектелмей, Қызылорда облысында 6 ірі кәсіпорын орналасатын заманауи индустриялық парк құруды ұсынуда)
4) «Юлин» компаниясымен заманауи суару технологияларын құрастыру зауыты жобасы («Харвест» компаниясы 500 қондырғы алады).
3 мамыр күні Сырдария өзенінің бастауы және Арал теңізіне дейінгі тарихи және географиялық маңызы жайлы кітап шығару бойынша Ник Филдинг мырза облысқа іссапармен келген болатын.
Мамыр айында Франция еліне жасалған іссапар нәтижесінде 2 маңызды үшжақты меморандумға қол қойылды.
Атап айтқанда, Қызылорда облысының әкімдігі, «Майсадор» және «Harvest Agro» компаниялары арасында жүгері тұқымдарын өндіру жобасы бойынша үшжақты меморандум жасалды. Сонымен қатар, Қызылорда облысының әкімдігі, «Хемп-ИТ» және «Harvest Agro» компаниялары арасында техникалық қарасора тұқымдарын өңдеу және өндіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған келісімдер өңірде заманауи агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға, жоғары сапалы тұқым шаруашылығын қалыптастыруға, экспорттық әлеуетті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда, жобаларды өңірде іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның қатысуымен Қазақстан-Түркия бизнес форумы өтті. Форум аясында облыс әкімі М.Ергешбаев Түркияның «Terra Green» компаниясының басшысы Фатих Буданмен кездесті. Онда құны 134,5 млрд теңге болатын «Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған жылыжай кешенін салу» инвестициялық жобасын іске асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ағымдағы жылдың маусым айында Қытай Халық Республикасында өткен «Жазғы Давос - 2026» дүниежүзілік экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық жетекші компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулер барысында су ресурстарын тиімді пайдалану және заманауи ирригациялық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Атап айтқанда, бұған дейін Қызылорда облысының әкімдігі мен «China Yulin Irrigation Equipment Co., Ltd.» компаниясы арасында қол жеткізілген келісімдер аясындағы жобаларды іске асыру перспективалары қаралды.
Ағымдағы жылдың 1 шілде күні «Görkem Construction» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Сол күні швейцариялық «Harvest Group» компаниясының делегациясымен агроиндустриялық кластер құру жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.
2 шілде күні түркиялық «Alpecon Group - Göknur Gıda» компаниясымен Жаңақорған ауданында құны 2,3 млрд теңге болатын, тәулігіне 600 тоннаға дейін шикізат өңдейтін қызанақ пастасы зауытын салу жобасы қаралды. Сол күні қытайлық «Liaoning Hongda Group» компаниясының өкілдерімен қорғасын-мырыш тау-кен байыту кешені жобасы талқыланды.
Сонымен қатар, 3 шілде күні түркиялық «TIMFOG Engineering» компаниясымен Қызылорда қаласында жылыжай кешенін салу жобасы талқыланды.
8 шілде күні қытайлық «Chengdu Sepmem Energy» компаниясымен сұйытылған газ өндіру зауыты жобасы бойынша кездесу өтті. Сол күні түркиялық «Ardent Plastik» компаниясының өкілімен тамшылатып суару жүйелерін шығару жобасы талқыланып, 17 шілдеде компанияның өндірістік нысанымен танысу ұйымдастырылды.
Бұдан бөлек, 9 шілде күні Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулымен кездесу өтті. Сол күні қытайлық «Sinoma» компаниясымен кездесу ұйымдастырылып, өзбекстандық «Orient Ceramic» компаниясының керамикалық тақтайша өндіру жобасы бойынша мәжіліс өтті.
10 шілде күні қытайлық «KCT» компаниясымен «Қорқыт Ата» АЭА-да силикат-кальций тақтайшаларын шығаратын зауыт салу жобасы талқыланды. Сол күні «TUKİB» түрік-қазақ кәсіпкерлері қауымдастығымен кездесуде «Kazstroypodryad» компаниясына сауда-ойын-сауық орталығын, «Tiryaki Holding»-ке керамикалық плита және санитарлық бұйымдар өндірісін, «Alarko Holding»-ке жылыжай кешенін салу бойынша келіссөздер жүргізілді.
Сондай-ақ, 14 шілде күні қытайлық фармацевтикалық компанияның өкілдерімен кездесу өтті.
15 шілде күні Мажарстанның Бас консулымен кездесуде «UBM Group» компаниясының құрама жем зауытын өңірде орналастыру ұсынылды. Сол күні түркиялық «Alarko Holding» компаниясымен жылыжай кешенін салу мәселесі талқыланды.
Одан бөлек, 16 шілде күні «Terra Green» компаниясының директоры Фатих Буданмен жылыжай кешенін салу жобасы талқыланды. Сол күні қытайлық «Xinda» компаниясымен трансформатор зауыты жобасы және түркиялық «Orzax» компаниясымен ынтымақтастық мәселелері бойынша онлайн кездесулер өтті.
20 шілде күні «Liaoning Hongda Group» және қытайлық «Blue Sky Industries Investment Co., Ltd» компанияларының өкілдерімен кездесулер өтіп, тау-кен байыту кешені және сұйытылған газ өндіру жобалары талқыланды.
Сонымен қатар, 22 шілде күні түркиялық «Betek Boya ve Kimya» компаниясымен «Қорқыт Ата» АЭА-да құны 7,35 млрд теңге болатын, жылына 20 мың тонна лак-бояу материалдарын шығаратын зауыт салу жобасы талқыланды.
28 шілде күні түркиялық «Arma Big Bag» компаниясымен «Қорқыт Ата» АЭА-да құны 5 млрд теңге болатын, жылына 350 млн дана полиэтилен қаптама шығаратын өндіріс жобасы қаралды.
Бұдан бөлек, 30 шілде күні түркиялық «Koksan Pet ve Preform» компаниясымен «Қорқыт Ата» АЭА-да құны 30,87 млрд теңге болатын, жылына 500 млн дана ПЭТ-преформа шығаратын, 180 жұмыс орнын ашатын зауыт салу жобасы талқыланды.
Ағымдағы жылдың 3 тамыз күні түркиялық «Koyuncu Group» компаниясының өкілдерімен «Қорқыт Ата» АЭА-да құны 12 млрд теңге болатын, жылына 200 мың тонна тұзды терең өңдейтін зауыт салу жобасы талқыланды.
Сондай-ақ, 6 тамыз күні түркиялық «SAFI Holding» компаниясымен қант қызылшасын өңдеу зауытын салу жобасы талқыланды.
12 тамыз күні түркиялық «TAV Holding» компаниясымен «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайын сенімгерлік басқаруға беру мәселелері талқыланды.
17 тамыз күні қытайлық «SK Capital Group» инвестициялық холдингінің өкілдері Е. Утембаев пен С. Мылтықбаймен ескі ЖЭО аумағында газ отынымен жұмыс істейтін, электр қуаты 100 МВт-тан асатын және жылу қуаты 120 Гкал/сағ электр станциясын салу жобасы талқыланды.
Бұдан бөлек, 24 тамыз күні түркиялық «Ecton Energy» компаниясымен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және электр энергиясын өндіру жобасы талқыланды.
27 тамыз күні Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі О. Оңалбаевпен кездесу өтті. Сол күні Еуропа қайта құру және даму банкімен онлайн кездесу ұйымдастырылды.
2 қыркүйек күні Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы корпоративтік сектор бойынша басшысының орынбасары А. Гелашвилимен кездесу өтті.
Одан бөлек, 3 қыркүйек күні қытайлық «Xinjiang Silu Running Touzi» компаниясымен тамшылатып суару жүйелерін шығару жобасы талқыланып,
11, 28,29 қыркүйек күндері жұмыс жалғасты.
4 қыркүйек күні «Aspire Launch» компаниясымен зымыран қозғалтқыштарын сынауға арналған алаң салу жобасы талқыланды.
9 қыркүйек күні түркиялық «Avşar» компаниясымен сусын өндірісін ұйымдастыру мәселесі қаралып, «SAFI Holding» компаниясымен қант зауыты жобасы бойынша онлайн кездесу өтті.
16 қыркүйек күні ирандық «Iran Tractor» компаниясының басшылығымен ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру мәселесі бойынша вебинар өтті. Сол күні қытайлық «Zhang Da Yi Xin Hentai» компаниясымен мақта өсіру жобасы талқыланды.
Сондай-ақ, 18 қыркүйек күні өзбекстандық «Orient Ceramic» компаниясымен керамикалық тақтайша өндіру жобасы бойынша онлайн кездесу өтіп, 21 қыркүйекте жұмыс жалғасты. Сол күні қытайлық «Blue Sky Industries Investment Co., Ltd» компаниясымен сұйытылған газ өндіру жобасы талқыланды.
Одан бөлек, 25 қыркүйек күні облыс әкімінің орынбасары Н. Аманқұл Алматы қаласында өткен «Қазақстан - Қытай» бизнес форумына іссапармен қатысты. Форум аясында облыс әкімдігі мен қытайлық компаниялар арасында 3 келісімге қол қойылды. Атап айтқанда, «Қорқыт Ата» АЭА-да өрт сөндіргіштер өндірісін іске қосу, Жаңақорған ауданында «Талап» тау-кен байыту комбинатын салу және мұнай бұрғылау жабдықтарын өндіру.
Сол күні түркиялық «Mir Yildiz» компаниясымен кварц өңдеу жобасы талқыланып, «Alfaseed» компаниясымен қант сорго өсіру бойынша онлайн кездесу өтті.
Сонымен қатар, 29 қыркүйек күні ресейлік «Эко Культура» компаниясымен жылыжай кешенін салу жобасы талқыланды.
30 қыркүйек күні «Bentonit Industry» ЖШС-мен Арал ауданында бентонит және каолин саздарын өндіру мен өңдеу кешенін салу, «Gypsum Industry» ЖШС-мен гипс пен әктасты терең өңдеу кешенін құру, «Central Logistics Hub» ЖШС-мен уақытша сақтау қоймасы бар көлік-логистикалық кешен салу жобалары қаралды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, биыл 100 млрд теңгеге 26 жобаны іске қосу көзделген. Оның ішінде, жалпы құны 52,8 млрд теңге болатын 15 жоба іске қосылды. Олардың қатарында мотоцикл құрастыру өндірісі, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру зауыты, құс фабрикасы, жүгері, балық шаруашылығы және жолаушылар вагондарын жөндеу кешені, 2 газоблок өндірісі, күн электр станциясы бар. Жыл соңына дейін әк, картон, тауарлы балық, крахмал сұрыптау, сауда базарлары және тағы басқа жаңа жобалар іске қосылады.
Одан бөлек, 4 жобаның құрылысы жүргізілуде (швейцариялық «Harvest Agro» компаниясының техникалық қарасора, жүгері мен соя өсіру арқылы аграрлық-индустриялық кластер құру жобасы, «Крахмал-сірне зауыты», 5 жұлдызды қонақ үйі, «Pana» қонақ үйі). Сонымен қатар, жүргізілген келіссөздер нәтижесінде жыл соңына дейін бірқатар жобалардың құрылысы басталатын болады (2 жылыжай кешені, «Кызылорда Цемент» ЖШС, «Kyzylorda Energy Gaz» ЖШС және «Рока групп» ЖШС).
Одан бөлек, «Қорқыт ата» экономикалық аймағы аумағында жалпы құны 71,3 млрд теңге болатын жобалар бойынша тиісті жұмыстар басталады деп жоспарлануда.
Атап айтқандаҚытайлық және түркиялық инвесторлармен өрт сөндіру жабдықтарын, мұнай-газ саласына арналған бұрғылау өнімдерін, полиэтилен құбырларын, полипропилен қаптары мен биг-бэгтерді, бетон бұйымдары мен терезе-есік профильдерін өндіру жобалары.