Облыс аумағының ауданы 226 мың шаршы шақырымды құрайды.
2026 жылдың 1 тамызына халық саны – 845,5 мың адам, оның ішінде қала халқы – 399,9 мың адам (47,3%).
Облыс 7 ауданнан, облыстық маңыздағы 1 қаладан (Қызылорда) және аудандық маңыздағы 2 қаладан (Арал, Қазалы) тұрады.
2025 жылдың басына Ұлттық құрам: қазақтар – 96,3%, орыстар – 1,4%, кәрістер – 0,9% және басқалары – 1,4%.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 760,5 млрд.теңгені құрады, НКИ – 106,4%.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 288,8 млрд.теңгені құрады, НКИ – 113,1%.
2026 жылы өңдеу өнеркәсібінің өнімін ұлғайтуға бағытталған құны 37,3 млрд.теңгені құрайтын 13 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 89,9 млрд. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 102,4%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 496,8 млрд. теңге, НКИ – 106,1%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 223,2 млрд. теңгені құрады, немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 126,9%. 583,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 3,5%).
Жалпы сауда көлемі 3,4% -ға артып, 656,4 млрд.теңгені құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 59,2 мың бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ-88,8%.
2026 жылы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыруға барлығы – 2063,3 млн. теңге қаралды, оның ішінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға – 1989,5 млн теңге, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беруге – 73,8 млн. теңге.
Жергілікті бюджетке 104 801 млн. теңге өз кірістері түсті, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,1%-ға төмендеген (9247 млн. теңге).