Бүгін – Құрылтай сайлауы!
Науқан кезінде Қызылорда өңірінде 386 учаске жұмыс жасайды.
Вахталық әдіспен жұмыс істейтін мекемелер мен әскери бөлімшелердегі 6 учаскеде дауыс беру таңғы 6.00-де басталды. Оның 5-і кен орны, 1-і әскери бөлім.
Бұл учаскелерде 4627 азамат дауыс беруге құқылы.
Маңызды науқанда учаскелерде 2720 комиссия мүшесі қызмет атқарады.
Тұрғындар кешкі 20.00-ге дейін өз аумағындағы учаскелерге келіп дауыс бере алады.