Дауыс беру күні учаскелерде мүгедектігі бар сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. ҚР ОСК тапсырмасына сәйкес өңірдегі аумақтық сайлау комиссиялары жанынан құрылған мониторинг топ учаскелерге зерделеу жұмыстарын аяқтады.
2026 жылдың 4-17 тамыз аралығында Қызылорда өңіріндегі учаскелерге бақылау жасаған мониторинг топ құрамында 30 адам қатысты.
Мониторинг барысында мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін сайлау учаскелерiнің көру қабілеті төмен және ести қабілеті бұзылған азаматтарға жағдай жасау, кресло-арба пайдаланушыларға қолжетімділік барысы сараланды.
Зерделеу барысында кресло-арбадағы сайлау учаскелеріндегі инфрақұрылымның қолжетімділігін, атап айтқанда кіреберістердің, пандустардың, ақпараттық белгілердің және дауыс беру процесіне қажетті басқа да жағдайлардың талаптарға сәйкестігіне көз жеткізіп, учаскеге кіру, ғимарат ішінде қозғалу және дауыс беру процесіне қатысу мүмкіндіктері практикалық тұрғыда бағаланды.
Мониторинг барысында облыс бойынша ашық 359 учаскенің 342-сі немесе 95% қамтылды.
Мониторинг қорытындысымен 8 учаскеде немесе мониторинг өткізілген учаскелердің 3% пайызында тасымалданатын жәшіктер жетіспейтіні анықталды. Аталған учаскелерден дереу тапсырыс бергізіп, қазіргі таңда тасымалданатын жәшіктер толық берілді.
Сонымен қатар, 11 учаскеде немесе мониторинг өткізілген учаскелердің 4% пандустардың стандартқа сай еместігі, 15 учаскеде немесе 5% -да көмекке шақыру батырмасы (кнопки вызова) жұмыс жасамай тұрғаны анықталды. Алдағы уақытта аталған пандустарды, шақыру батырмасын қалыпты жағдайға келтіру жөнінде ұсыныстар берілді.
Мониторинг өткізілген 15 учаскеде немесе 5% пайызында тактильді жолақтардың түсі өніп кеткендігі анықталды. Тексеру корытындысымен аталған учаскелерде тактильді жолақтарды ауыстыру тапсырылды. 9 учаскеде немесе 3% тактильді жолақтарды дұрыс сызылмағаны анықталды. Дереу берілген ескертулер арқылы тактильды жолақтар ретке келтірілді.
Қоғамдық бірлестік өкілдері мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы бұрышта зағип жандар үшін дайындалған аудиожазбаларға мән берді. Бүгінде зағип жандар тарапынан ескертулер болған жоқ.
Дауыс беру күні мүгедектігі бар сайлаушыларды сайлау учаскелеріне жеткізу үшін 67 инватакси қызметі жасайды. Оның ішінде 12 автокөлік кресло-арбамен қозғалатын адамдарды тасымалдауға бейімделген. Сонымен қатар дауыс беру күні облыс бойынша 45 онлайн сурдоаудармашы ымдау тілі қызметін көрсетеді.