Лого

Меню

Страницы

Статья

ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман Қызылорда облысына инспекциялық сапармен барды

Бүгін Қызылорда облысының алдағы сайлау науқанына дайындық деңгейімен танысу және инспекциялық тексеру жүргізу үшін ОСК Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман Қызылорда облысына келді.
Ол күннің бірінші жартысында облыс басшылығының, құқық қорғау органдарының, Қызылорда қаласы мен барлық аудандардың аумақтық сайлау комиссиялары өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, прокуратура және ішкі істер департаментінің өкілдері, сондай-ақ өңірдің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Кеңеске қатысушылар сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын және онлайн-сервистердің жұмысын да талқылады.
«Учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын сапалы ұйымдастыруға, азаматтарға дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін беруге ерекше назар аудару қажет. Әрбір сайлаушыға сайлауға шақыруды уақытылы табыстау және дауыс беруге қолайлы жағдай жасау маңызды. Сонымен қатар сайлау учаскелерінің интернет желісіне сапалы қосылуын қамтамасыз ету қажет. Әсіресе азаматтарды уақытша тіркеу бойынша онлайн-сервистер іске қосылатын учаскелерге ерекше мән берген жөн», - деп атап өтті Мұхтар Ерман.
Ортсайлауком Төрағасының орынбасары сол күні облыс орталығында орналасқан №260 және №375 сайлау учаскелерінің жұмысымен де танысты. Ол учаскелік комиссиялардың қызметі ашық және жария түрде болуы керектігін, ал сайлау нысандары барлық азаматтар үшін, әсіресе мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болуы тиіс екенін атап өтті.
Айта кетейік, өңірде халықаралық байқау миссияларының өкілдері де жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, бүгін ЕҚЫҰ ДИАҚБ Миссиясының өкілдері Мұхтар Ерманның мемлекеттік органдармен өткізген жұмыс кеңесіне қатысып, сондай-ақ сайлау учаскелерінің қызметімен танысты.
Мұхтар Ерманға азаматтарды ақпараттандыру жұмысы туралы бірыңғай 109 call-орталығының кеңсесіне барған кезде баяндалды. Мұнда диспетчерлер екі ауысыммен жұмыс істеп, өңір сайлаушыларының сұрақтарына жауап беруге дайын. Сонымен қатар облыста сайлаушылар тізімінен өзін тексеруге, есептен шығару куәлігін алу тәртібін және call-орталықтардың нөмірлерін білуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис іске қосылды. Ол «Smart Қызылорда» мобильді қосымшасы мен Telegram мессенджерінде қолжетімді.
Өз кезегінде Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне ОСК сайтында қолжетімді Sailau AI ЖИ-көмекшінің мүмкіндіктерін таныстырды.
Айта кетейік, Қызылорда облысында 2 720 мүшеден тұратын 386 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді.

Дата публикации
14 августа 2026
Дата обновления
14 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы