Лого

Меню

Страницы

Статья

Құрылтай: Қызылорда облысында 21431 мүгедектігі бар азаматтың дауыс беруге құқығы бар

23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауы кезінде мүгедектігі бар науқаннан тыс қалмайды. Олар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалады.
Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы жергілікті әкімдікпен бірлесіп сайлаушылардың дауыс беруін кедергісіз ұйымдастыруды көздейді.
Аймақ бойынша бүгінде мүгедектігі бар адамдардың 21431-інің сайлауға қатысуға құқығы бар.
Олар үшін әрбір учаскеде қолжетімді мүмкіндіктер қарастырлған дейді науқанды ұйымдастыруға жауаптылар.
- Біз әрбір учаскенің мүгедектігі бар сайлаушы үшін қолайлы әрі қауіпсіз болуына баса мән береміз. Себебі әрбір дауыс маңызды және азаматтардың еркін таңдау жасау құқығын қамтамасыз етуге міндеттіміз.
Өңірде көру қабілеті, есту қабілеті және тірек-қимыл аппараты бұзылған сайлаушылар тіркелген. Атап айтқанда, көру қабілеті бұзылған – 5 928, есту қабілеті бұзылған – 1 339, кресло-арбамен қозғалатын 2 376 сайлаушы бар.
Бүгінгі күнге республикалық қолжетімділіктің интерактивті картасына 386 сайлау учаскелерінің 359-нің мәліметтері енгізілген. Себебі қалған учаскелер азаматтардың уақытша болу учаскелері яғни жабық учаскелер,-деді Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Бақытжан Ідірісов.
Дауыс беру күні мүгедектігі бар сайлаушыларды сайлау учаскелеріне жеткізу үшін 67 инватакси қызметі жұмылдырылады. Оның ішінде 12 автокөлік кресло-арбамен қозғалатын адамдарды тасымалдауға бейімделген.
Сонымен қатар, дауыс беру күні облыс бойынша 45 онлайн сурдоаудармашы ымдау тілі қызметін көрсетеді.
Айта кетейік, 4 тамыздан бастап аумақтық сайлау комиссиялары үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, сайлау учаскелерінің мүгедектігі бар сайлаушылар үшін қолжетімділігін бағалау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізеді.

Дата публикации
28 июля 2026
Дата обновления
28 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы