Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы тарапынан ұсынылған сенім білдірілген адамдарына куәліктер табысталды.
Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселені алқалы түрде қарап, тиісті қаулы қабылдады.
Қабылданған шешімнің негізінде партияның сенім білдірілген адамдарына ҚР Орталық сайлау комиссиясымен белгіленген үлгідегі куәліктер берілді.
Айта кетейік, қазіргі таңда саяси партиялар үшін үгіт кезеңі жүргізілуде.
ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес партиялар сенім білдірілген адамдарын тіркеу арқылы үгіт жүргізуге құқығы бар. Сонымен бірге партиялар өздерінің интернет-ресурстары мен аккаунттарын онлайн-платформаларда пайдалана алады.