Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясысының мүшесі
1982 жылы Қызылорда облысының Арал ауданында дүниеге келді. Білімі жоғары. Мамандығы қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы.
Еңбек қызметі:
2005-2006 жж. – Қызылорда облыстық соттар әкімшісінің іс тіркеушісі;
2006 ж. - Арал ауданының З.Шүкіров атындағы № 20 мектептің лаборанты;
2006-2007 жж. – «Сыр кәсіпкері» Қызылорда кәсіпкерлерінің аймақтық ассоциациясының атқарушы директоры;
2007-2009 жж. – Қызылорда облыстық ішкі саясат департаментінің жетекші маманы, бас маманы;
2009-2011 жж. – Қызылорда облыстық соттар әкімшісінің бас маманы-баспасөз хатшысы;
2011-2013 жж. – Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы;
2013-2014 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы;
2014-2015 жж. – Арал ауданы әкімінің орынбасары;
2015-2016 жж. - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары;
2016-2018 жж. – Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы;
2018-2020 жж. - Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы;
2020-2022 жж. - Қызылорда облысының дін істері басқармасының басшысы;
2022 ж. - Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары;
2022-2026 жж. - Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары;
2026 жылғы шілде айынан бастап Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі.
Отбасы жағдайы:
отбасылы, екі баласы бар.
Наградалары:
- «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі (2021 ж.).