2020 жылдың 9 айында облыс әкімі аппаратына 2499 өтініш түсіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14%-ға азайған (2019 - 2896).
Оның ішінде:
- ҚР Президенті Әкімшілігінен - 146;
- ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінен - 25;
- ҚР Президентінің Виртуалды қабылдау бөлмесінен- 39;
- Электронды Үкімет порталы арқылы - 400;
- Облыс әкімінің блогынан - 148;
- облыс әкімінің онлайн қабылдау парақшасынан - 11.
Есепті мерзімде 329 азамат Қызылорда облысы әкімі мен облыс әкімі орынбасарларының қабылдауында болған. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 58 пайызға азайған (2019 - 792).
Оның ішінде облыс әкімімен қабылданғаны - 147, облыс әкімінің орынбасарларымен қабылданғаны - 182.