Лого

Меню

Страницы

Статья

109 бірыңғай байланыс қызметі Құрылтай сайлауына арналған диспетчерлік қызметті бастады

23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауы кезінде «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 бірыңғай байланыс орталығы диспетчерлік қызметті бастады. 109 қызметі әрбір сайлау және референдум науқандары кезінде дауыс беруші азаматтар үшін ыңғайлы, оперативті әрі қолжетімді коммуникация алаңына айналды. 4 ауысыммен жұмыс істейтін 28 диспетчер Құрылтай кезінде құрылған учаскелер туралы, мекен-жай және комиссиялардың құрамы секілді ақпараттарды түсіндіруге дайын. Сонымен бірге онлайн платформалар көмегімен азаматтардың қай учаскеде тіркелгендігін анықтап бере алады. Бүгін Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Абай Тағыберген байланыс орталығының операторларына ақпараттық семинар өткізіп, маңызды науқандағы басты ерекшеліктерді түсіндірді. - Біздің орталық сайлаушылар сауалына уақытылы әрі сапалы жауап беретін сенімді платформа болып саналады. Қазірден бастап тұрғындарымыздан Құрылтай сайлауына қатысты қоңыраулар түсе бастады. Біз әрбір қоңырау үшін жауаптымыз. Себебі саяси науқанда әрбір азаматтың дауысы маңызды,-дейді мекеме директоры Бағлан Терлікбаев. Айта кетейік, Құрылтай сайлауында дауыс беру 23 тамыз сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асады. Азаматтар 7 тамыздан бастап дауыс беру күні өз учаскесінде болмайтын болса өтініш қалдыру арқылы есептен шығару куәлігін ала алады.

Дата публикации
16 июля 2026
Дата обновления
16 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы