Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімімен атқарылған жұмыстар
Аймақты цифрландыру «Смарт-қалаларды» және «Смарт-өңірлерді» құру жөніндегі әдістемесі аясында жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің 2026 жылғы 13 наурыздағы №141/НҚ бұйрығымен бекітілген). Қызылорда облысының 2026-2030 жылдарға арналған «ақылды» қалаларды құру стратегиясы (28.11.2025 жылғы № 07/3-1/6383-и) бекітілді.
Қауіпсіздік саласында:
Бүгінде Қызылорда қаласында 26 030 бейнебақылау камералары жұмыс жасауда. Оның 10 432-сі Жедел басқару орталығына қосылған.
Жедел басқару орталығына қарасты 272 дана бейнебақылау камералары, оған қоса жаңадан 1400 бейнебақылау камерасы, 20 дана «Аркан», 20 дана «Ekin Box Spotter», 76 дана «Ekin X Spotter» стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғысы,
10 дана «SUNQAR» стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғысы, 80 дана «Зияткерлік қиылыс», 23 дана «Ekin Patrol G2» (11 данасы пилоттық режимде) және 2 дана «Ekin X Spotter» (1 данасы пилоттық режимде) құрылғысы жұмыс істейді.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық 7 аудан және Байқоңыр аумағына 616 бейнебақылау камералары, 54 жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылып, жедел басқару орталықтары қайта жаңғыртылды. Жоба аясында «ЖБО 2.0» бағдарламасы қала және аудандық полиция бөлімшелерінде орнатылды.
Қазіргі таңда облыс орталығындағы азаматтар көп шоғырланатын орындарда «SOS» дабыл батырмасының 15 құрылғысы орнатылды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 2026 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қызылорда қаласында барлығы
294 874 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, Жедел басқару орталығында орнатылған бейнебақылау камералары және автоматты режимде жұмыс жасайтын құрылғыларымен 120 431 құқық бұзушылықтар (бейнебақылау камераларымен – 53 334, жылдамдық өлшегіш құрылғыларымен – 67 097), жол қауіпсіздігі бойынша 174 443 құқық бұзушылықтар анықталды. Қызметкерлер бейнекамераның көмегімен 58 қылмыстың ашылуына ықпалын тигізді.
Облыс көлемінде 12 дана «Ұшқышсыз ұшу аппараты» (дрон) қолданыста. «Қазақтелеком» АҚ-ның «Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы» жобасы аясында 6 дана ұшқышсыз ұшу аппараты пилоттық режимде жұмыс жасауда.
Террористік тұрғыдан осал өрт қауіпсіздігін басқару жүйесі бойынша, Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген цифрландыру және барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін бірыңғай мониторинг жүйесін құру шеңберінде өрт ошақтарының алдын алу және ерте анықтау мақсатында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Жоспарлау және жедел басқару орталығының кезекші бөлімінің мониторларына ақпарат жіберу мүмкіндігімен биік ғимараттар мен құрылыстарға бейнебақылау жүйелері орнатылды.
Цифрландыру, байланыс және халықты құлақтандыру мақсатында 2025 жылы 5 бірлік дрон, бейнемәліметтерді басқару терминалы, 10 бірлік «Qornai» ерте анықтау бейнебақылау жүйесінің камералары жоспар бойынша жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласы және аудандардың өрт сөндіру бөлімдеріне
31 метрлік мачталық құрылғылардың 8 бірлігі, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдай туындаған немесе қауіп төнген кезде халықты хабардар ету жүйесінің
233 бірлігі және 15 ретранслятор, 15 радиодиспетчер, 8 басқару пульті, 177 дабылдық-сөйлеу құрылғысы қолданыста.
Қызылорда қаласында цифрлық телерадио хабарларын таратуды ұстап қалу жүйелерімен қамтамасыз ету құрылғысы орнатылды. Төтенше жағдай туралы халықты хабардар ету «112 – құтқару қызметі» SМS-тарауы арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуметтік салада:
Денсаулық саласы бойынша, барлық медициналық ұйымдар компьютермен және «Даму-мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен 100%-ға қамтылған. Қызылорда облысының медициналық ұйымдарына бекітілген тұрғындарына 93% электронды денсаулық паспорты толтырылған. Облыстың 15 медициналық ұйымында оның ішінде: 8 аудандық, қалалық және 6 облыстық медициналық ұйымда телемедицина құралдарының кешендері орнатылған.
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты және меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдардың ішінде PACS жүйесі енгізілуге тиісті 29 медициналық ұйымның барлығында, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша
18 медициналық ұйымның барлығына PACS жүйесі енгізілген.
Науқастарды ерте диагностикалау, жедел емдеу тиімділігін арттыру, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында өңіріміздің медициналық ұйымдарына «Жасанды интеллект арқылы онкологиялық ауруларды ерте анықтауға радиологиялық зерттеудің орталықтандыру технологиясын» енгізу жобасы тестілеу режимінде іске қосылды. Облыстағы 21 медициналық ұйымда кезең-кезеңімен енгізілуде. Аталған жобаға PACS жүйесі енгізіліп, x-Eye Mammo, Toraks, Ribout Pneumonia секілді жасанды интеллект шешімдері қолданылуда. Бұл технологиялар медициналық кескіндерді жоғары дәлдікпен талдауға мүмкіндік береді.
Көлік және логистика саласында:
«Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билет жүйесін орнату» жобасы «AlemPay» ЖШС-нің жеке инвестициясы арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылды.
Қызылорда қаласында 300 қалаішілік қоғамдық көліктерінде электронды билет жүйесінің стационарлық валидаторлары мен терминалдары 100% орнатылған. Қазіргі уақытта «AlemPay» жүйесіне 32 бағыт (25 қалаішілік және 7 қала маңы маршруттары) қосылған. Бүгінде, дифференциалды тариф жүйесі енгізіліп онлайн төлемдерді ынталандыру шаралары жүргізілді. Яғни, қолма-қол төлем 130 теңге болса, ал онлайн төлем 85 теңгені құрайды.
2026 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша валидатор орнатылған автобустарда сатылған билеттің жалпы санының 99,1% қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінде. (Яғни, валидаторлар орнатылған автобустар төлемінің
15 979 097 данасынан 15 849 079 данасы электрондық төлем жүйесі арқылы төленген).
Сонымен қоса, «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС құрамындағы барлық қоғамдық көліктің жүру бағытын бақылауға арналған «System.Buspark» - Gps/Глонасс мониторинг жүйесі бар. Жүйеге 300 қала ішіндегі қоғамдық көлік толығымен қосылған (100%). Диспетчерлеу жүйесі «System.Buspark» Nimbus, 2Gis және Яндекс үшінші тарап жүйелерімен біріктірілген.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында:
Қызылорда облысының табиғи монополия субъектілері (ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК, «Қызылорда тазалығы» ЖШС, «Кызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК) арқылы көрсетілетін қызметтерін цифрландыру мақсатында «I-Orda» порталы құрылып, жеке және заңды тұлғаларға табиғи монополия субъектілерінің 85 қызмет түрі автоматтандырылды. 2023 жылдың 20 қазанында іске қосылып, бүгінгі күнге дейін, 3395 өтінім (2023 жылдың соңына дейін 328 өтінім, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1522 өтінім, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 1221 өтінім, 2026 жылдың I тоқсанында 324 өтінім) тіркелді. Портал https://iorda.kz сайтында қолжетімді.
Сонымен қатар, 2026 жылдың қаңтар айынан бастап облыстың барлық қалалары мен аудандар арасында коммуналдық және өзге де қызметтерге ақы төлеу үшін бірыңғай төлем құжаты жүйесі енгізілді. Қазіргі уақытта «Алсеко» АҚ бірыңғай есеп айырысу орталығының қызметтерін ұсынуға 5 жеткізушімен келісім-шарттар жасалды (ШЖҚ «Қызылорда тазалығы» КМК, ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК, ШЖҚ «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «РЦКУ-Қызылорда» ЖШС).
Экология саласында:
«Жасыл кеңістіктердің сандық есебі» жобасы аясында «Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында шарт жасалып, Қызылорда қаласының көшелері мен саябақтарын көгалдандыру, абаттандыру және күтіп-ұстау жүргізілуде.
Жоба аясында, 2025 жылдың қазан айынан бастап қаланың көгалдандыруына, ағаштарды күтіп-ұстауға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған «Zhasyl Qyzylorda» (https://zhasylkyz.kz) Қызылорда қаласының жасыл желектер тізілімінің ресми сайты жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, «Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» жобасы бойынша 2026 жылға арналған жоспары бекітіліп, ағаш отырғызу алаңдары, гүлдер мен газон егілетін аумақтар белгіленді.
Тұрмыстық қатты қалдықтар саласын цифрландыру жобасы бойынша
2026 жылдың 11 наурызында «Қызылорда тазалығы» ШЖҚ КМК және «Shalkar Innovation» ЖШС-мен тұрмыстық қатты қалдықтарды басқаруды цифрландыру және ұйымның ішкі бизнес-процесін автоматтандыру мақсатында «Waste Managment» платформасын енгізу туралы шарт жасалып, жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта, көпқабатты тұрғын үйлер мен заңды тұлғалардың барлық контейнерлік алаңдары GPS жүйесі арқылы тіркелген. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары осы GPS-координаттары негізінде жүргізіліп, әрбір орынның қызмет көрсетілуі бақылауға алынды.
Сондай-ақ, «Жасыл даму» АҚ-мен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп, көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мүмкіндігі кезең-кезеңімен енгізілуде. Жұмыстарды орындау барысында қызмет сапасын арттыру, қалдықтарды есепке алу және бақылау жүйесін жетілдіру бағытында қажетті шаралар қабылдануда.
Қаланы және өңірді басқару саласында:
Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының «Жедел әрекет ету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінда «109 – Біріңғай байланыс орталығы» және «112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі» қызмет көрсетуде.
«109 – Бірыңғай байланыс орталығы» (бұдан әрі - «109 – қызметі») 2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында «109» бірыңғай нөмірі арқылы барлық коммуналдық мәселелер бойынша облыс тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдайды.
2026 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша барлығы 117 173 өтінім келіп түскен (телефон арқылы – 116 418/99,3%, әлеуметтік желілер арқылы – 755/0,6%). Оның ішінде: оқыс оқиға – 24 308, кеңес беру – 22 529, шағым – 1727, ұсыныс – 16, алғыс - 233, ақпаратқа сұрау салу – 62 361. Өтініштерді қабылдау мен тіркеудің тәуліктік орташа статистикалық саны – 652 өтінімді құрады.
Сонымен қатар, тұрғындардың өтінім жібере алатын немесе жағдайды егжей-тегжейлі сипаттай алатын құралдар (Call - орталық: 109, «komek – 109» мобильді қосымшасы, WhatsApp: +7 (771) 700 01 09, Telegram-бот: @kyzylorda109_user_bot, Instagram: qyzylorda_109, Facebook) ауқымы кеңейтілген.
«112 - Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік қызметі» (бұдан әрі – «112 – БКДҚ») 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет көрсетуде. «112 – БКДҚ» қызметі Қызылорда қаласы 101, 112 және 102 желісі бойынша шұғыл келіп түскен хабарламаларды қабылдап, тіркеп автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде өңдеп, шұғыл қызметтерге жолданады және сапалы, уақытылы орындалуын қадағалайды.
2026 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша «112-Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік қызметіне» жалпы саны 141 930 хабарлама келіп түскен және өз бағыты бойынша шұғыл қызметтерге бағытталған. Оның ішінде: өрт сөндіру бойынша (101) – 669, құқық қорғау сипаты бойынша (102) – 32 172, жедел жәрдем қызметі бойынша (103) - 801, төтенше жағдайлар желісі бойынша (112) – 689, басқа да хабарламалар (к.42, к.43, к.44) – 107 599 хабарлама келіп түсті. Барлық қабылданған хабарламалар шұғыл әрекет ету қызметтеріне жіберіліп, уақтылы орындалды.
«Өңірлік геоақпараттық жүйе»
2020 жылы Қызылорда облысында «Өңірлік геоақпараттық жүйе» жобасын енгізу жұмыстары басталды. Бекітілген талаптарға сәйкес геопортал ашық және жабық (682 қабат) контурларға ие. Барлық жеке және заңды тұлғалар үшін ашық контурда 229 қабат қолжетімді.
Қазіргі уақытта жүйеде (https://orda.geoportal.kz ) «Жер учаскесін сату бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) немесе жер учаскелерін электрондық түрде жалға алу құқығын ұйымдастыру және өткізу арқылы жер учаскесін мемлекеттік меншіктен беру» қызметі қолжетімді.
Өңірлік геоақпараттық жүйе базасында автожолдардың сапасын бақылау сервисі әзірленіп, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ақпараттың толымдылығын қамтамасыз ету үшін қолжетімділік берілді. Қазіргі уақытта, жол бетінің жай-күйі, орындалған жөндеу жұмыстары және жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы деректер функционалдары қамтылған.
«Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы»
Қала тұрғындары мен қонақтарының онлайн сервистер мен қызметтерді алу ыңғайлылығы үшін 2019 жылы бірыңғай интеграцияланған «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы іске қосылды. Мобильді қосымша Google Play және App Store платформаларында жұмыс істейді, облыс тұрғындары мен қонақтары үшін 85-сервис қолжетімді.
Қызылорда облысы бойынша байланыс және интернетпен қамтамасыз ету
Қызылорда облысында барлығы 223 ауылдық елді мекен (бұдан әрі – АЕМ) бар, оның ішінде: халық саны 250 адамнан асатын 170 елді мекен, 250 адамнан аз 53 елді мекен.
Мобильді интернетпен 208 АЕМ қамтамасыз етілген (оның ішінде 170 елді мекенде халық саны 250 адамнан жоғары, 38 елді мекенде 250 адамнан төмен). Байланыс желілері бойынша: 2G – 7 АЕМ, 3G – 66 АЕМ, 4G – 135 АЕМ қамтылған.
2025 жылы 18 «ақ дақтар» анықталып («Кселл» АҚ -9, «Мобайл Телеком - Сервис» ЖШС – 3, «Кар-Тел» ЖШС – 6), оның 4-і жойылған. Бүгінгі күнге 14 «ақ дақтар» бойынша ұялы байланыс операторлары тарапынан жұмыстар жүргізілуде.
2026 жылғы 12 ақпанда Қызылорда облысының әкімдігі байланыс және интернетті дамыту бойынша өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды. Аталған меморандум аясында АҚ «Қазақтелеком» 2026–2027 жылдары 65 ауылдық елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісін тартуды жоспарлап отыр.
Атап айтқанда:
ТОБЖ – 34 АЕМ: Арал ауданы – 12, Қазалы ауданы – 6, Қармақшы ауданы – 2, Жалағаш ауданы – 3, Сырдария ауданы – 1, Шиелі ауданы – 7, Жаңақорған ауданы – 2, Қызылорда қаласы – 1; ТОБЖ (public WiFi) – 9 АЕМ: Арал ауданы – 5, Қазалы ауданы – 3, Жаңақорған ауданы – 1; Спутник – 22 АЕМ: Арал ауданы – 10, Қазалы ауданы – 8, Қармақшы ауданы – 1, Шиелі ауданы – 2, Жаңақорған ауданы-1.
Сонымен қатар, жоба аясында Қызылорда облысы бойынша «Қызылорда-Жезқазған» автожолы бойына және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолында автомобиль жолдарының бойында 9 антенна-діңгек құрылыстарын (бұдан әрі – АДҚ) салу жоспарлануда. Бүгінгі күнге, Арал және Жаңақорған аудандарының 3 АДҚ бойынша аукцион өткізіліп, келісім шарт жасалынды. Қалған Шиелі және Сырдария аудандарының 6 АДҚ бойынша аукцион өткізу мерзімі 2026 жылдың 7-8 шілдеде.
Жобалық басқарудың «Битрикс» ақпараттық жүйесі бойынша II тоқсандық есеп
Жобалық басқарудың «Битрикс» ақпараттық жүйесінде ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы, Ұлттық жобалардың іс-шаралары («Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», «Қолжетімді интернет» пилоттық ұлттық жобалары) және де үлгілік базалық бағыт шеңберінде басым бағыттарындағы іс-шаралар жобалық басқару әдісімен жүргізілуде.
Ұлттық жоба:
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында: ақпараттық жүйеде жалпы құны 11,0 млрд теңгені құрайтын 33 нысан (25 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет 1 медициналық бекет 5 көпбейінді орталық аудандық аурухана) құрылысы енгізілген. Қазіргі таңда, 30 нысан құрылысы аяқталып пайдалануға берілсе, қалған 3 көпбейінді аудандық аурухана құрылысы тәмамдалып, жылдың соңына дейін медициналық техника және кадрмен қамтамасыз етілмек. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 7 маусымындағы №110 бұйрығының 100-тармағына сәйкес, Ұлттық жоба аясында жоспарланған Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханаларында 3 бірлік магниттік-резонанстық томографы (МРТ) аппаратын сатып алу үшін жалпы сомасы 1 950 000,0 мың теңгеге (1 данасы 650 млн. Теңге) Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС-нің ресми порталына өтінім жарияланды.
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысы бойынша М-32 «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» және
А-17 «Қызылорда-Жезқазған» республикалық автомобиль жолдары бойынша 9 антенна-діңгек құрылыстарын салу жоспарланған. Аталған жолдар Арал, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары территориясынан өтеді.
Антенна діңгектердің орналастыру координаттарына жобалық-сметалық құжаттамалары дайын, республика аясында инвестор ретінде «Транстелеком» АҚ бекітілді. 9 антенна-діңгектің жалпы суммасы 9,2 млрд. теңгені құрайды.
Бүгінде антенна-діңгек құрылыстарын салу бойынша жұмыстар келесі жағдайда:
1 антенна-діңгек құрылысы бойынша Жаңақорған ауданының жер учаскелеріне құқық беру туралы сәйкестендіру құжаттары әзірленіп, 2026 жылдың 28 мамырында аукцион қайта жарияланды. Жалпы құны: 7 млн. 767 мың теңге (ең төменгі бағасы -5 437,4 мың теңге). Аукцион мерзімі 2026 жылдың 11 маусымында жарияланды.
2 антенна-діңгек құрылыстары бойынша Арал ауданының жер учаскелеріне құқық беру туралы сәйкестендіру құжаттары әзірленіп, 2026 жылдың 4 маусымында аукцион қайта жарияланды. Жалпы құны: 44 млн. 132 мың теңге (ең төменгі бағасы 30 892,2 мың теңге). Аукцион мерзімі 2026 жылдың 23 маусымында аяқталды.
4 антенна-діңгек құрылыстары бойынша Сырдария ауданында электр желісі және талшықты оптика желісі үшін жер бөлу жобасын әзірлеу және мемлекеттік органдарда келісу, жер учаскелеріне құқық беру туралы сәйкестендіру құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
2 антенна-діңгек құрылыстары бойынша Шиелі ауданында әуе электр желісі мен талшықты оптика желісі үшін жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын әзірленіп, тұрақты жер пайдалану құқығын беретін акт, кадастрлық нөмір алу, жергілікті жер учаскесіне шекараларын белгілеу, базаға енгізу және мемлекеттік тіркеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Сырдария және Шиелі аудандарындағы аталған жұмыстар 2026 жылдың 15 маусымында аяқталды.
Бүгінгі күнге, Арал және Жаңақорған аудандарының 3 АДҚ бойынша аукцион өткізіліп, келісім шарт жасалынды. Қалған Шиелі және Сырдария аудандарының 6 АДҚ бойынша аукцион өткізу мерзімі 2026 жылдың 7-8 шілдеде.
Мемлекет басшысының тәуекелі бар объектілерді салу және пайдалануға беру жөніндегі тапсырмасы Жол картасы аясында:
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан ұсынылған:
Арал Сода зауыты бойынша: «инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ете отырып, Арал қаласында кальцийлендірілген сода зауытының құрылысын жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдау» жобасы. Жоба индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылуда (құны: 146,3 млрд. теңге, жұмыс орны: 699, жобалық қуаттылығы: жылына 300 000 тонна), инвестордың шамамен 2,6 млрд.
Мемлекеттік қолдау ретінде жалпы көлемі 902 гектар жер телімдері берілді. «ДКБ-2025» бағдарламасы аясында бес инженерлік инфрақұрылым нысанын қосу жұмыстары басталды. «Арал содасы» серіктестігі жобаны қаржыландырудың 70%-ын «БРК» АҚ арқылы қамтамасыз етуді жоспарлап отыр (бағалаудың I және II кезеңдері аяқталды, III кезеңге құжаттар пакеті дайындалуда). Сондай-ақ мемлекет қаражатынан («Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Бәйтерек» венчурлық қоры» АҚ) жарғылық капиталды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
ҚР Энергетика министрлігі тарапынан ұсынылған:
Күн электр станциясы құрылысы бойынша: ЖШС «Альхена» жобаның белгіленген қуаты 20 МВт, аукциондық бағасы 17.38 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды атқарылуда.
«Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жүзеге асырылуы:
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында барлық елді мекендерде санитарлық тазарту, аббаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жыл басынан тазалық шараларына барлығы 165 616 еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Нәтижесімен 3873 тонна қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі 510 скверлер мен парктер, 256 тарихи-мәдени ескерткіштер,
1019 әлеуметтік нысандар (мектептер, бала-бақшалар, спорт, денсаулық сақтау және т.б.), 884 өнеркәсіп және бизнес нысандары, 332 су объектілері (өзендер, көлдер, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар және т.б), мен 8383 көшелердің бойы (2887 көп қабатты үйлер мен 5496 жер үйлердің аулалары) тазартылды. Оған 548 техника жұмылдырылды.
ҚР Президентінің Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан ұсынылған:
65 - тармақ – Роботехника, химия, биология, физика және STEM бойынша кемінде 7000 заманауи мектеп кабинеттерін ашу: 2025 жылы «Қазақстан Халқына» қоры арқылы ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар ретінде 500 млн. теңгеге 2 мектеп интерактивті және заманауи оқу кабинеттерімен қайта жабдықталды. Сонымен қатар, аталған қор арқылы 2,5 млрд. теңгеге облыс көлеміндегі 58, оның ішінде 8 шағын жинақты мектепті жалпы саны 159 жиынтық физика, химия, биология пәндік кабинеттерімен жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы 223,0 млн.теңгеге 29 мектепке 31 пәндік кабинеттер алу жоспарлануда.
70-тармақ- «50 балалар сауықтыру лагерін құру, балалардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі нысандарды ( оқушылар сарайы, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, музыка және өнер мектептері)» - 3 жоба:
1. (Президент саябағы аумағында бой көтерген 300 орындық балалар тынығу лагері. Лагерь жеткіншектердің салауатты орта қалыптастыруына бағытталған спорт кешенінен, балалар мен тәрбиешілерге арналған тұрғын блоктардан, мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған event-аймақтан, 5 киіз үй, ашық бассейн, ойын алаңдарынан және амфитеатрдан тұрады. Жоба құны: 10 млрд.(пайдалануға берілді)
2.Қызылорда қаласындағы Сұлтан Бейбарыс көшесі мен Н.Назарбаев даңғылының қиылысында инновациялық шығармашылық орталығының құрылысы Жоба құны: 10 903 173,3 мың тг.(пайдалануға берілді)
3. «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі ауылында 200 орындық мектеп үйі мен 50 орындық өнер мектебінің құрылысы Жоба құны 1 067 986,3 мың тг.(пайдалануға берілді).
ҚР Энергетика министрлігі тарапынан ұсынылған:
41-тармақ -газ құбырын және газ тарату желілерін салу: «Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шоқай елді мекенінде автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысы» жобасын бастауға 2022 жылы республикалық бюджеттен 36 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды
ҚР Ішкі істер министрлігі тарапынан ұсынылған:
11-тармақ- учаскелік полиция пункті құрылысы: Әйтеке би кенті, Сүлейменов көшесі тұрғыны 10.10.1976 ж.т Булебаев Нұрбек Булатбекович Ақсуат ауылынан жеке тұрғын үй қылып салынады. Салынып біткесін Әкімдік сатып алады. Қазіргі таңда, жоба паспорты әзірленуде. Құрылысқа керек сумма әлі белгісіз.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан ұсынылған:
110-тармақ Волонтерлік қозғалыс:
1.Республикалық еріктілер слетін ұйымдастыру;
2.«GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық еріктілер апталығын ұйымдастыру.;
3.Халықаралық еріктілер жылының салтанатты қорытындылау және жабылу рәсімі.
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ жүзеге асырып жатқан «Волонтерлік қызметті қолдау мен дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында 2026 жылы бірқатар маңызды іс-шараларды өткізу жоспарлануда. Жобаның жалпы құны – 10 000 000 теңге, ал жобаны іске асыру бойынша жеңімпаз ұйым ретінде «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі анықталып, 8 500 000 теңге көлемінде қаржы қарастырылған.
Қазақстан Республикасының су шаруашылығын дамытудың 2024–2028 жылдарға арналған кешенді жоспары Жол картасы аясында:
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі тарапынан ұсынылған:
Сумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және магистарльдық арналарды тазалау – 14 жоба.
1.Кармакшы ауданы Иіркөл ауылдық округіндегі орналасқан “Жапалақ жарма» каналына жалпы ұзындығы 4,26 шақырым оның 2,58 шақырымы немесе 60 % бүгінгі таңда механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.
2.Казалы ауданы Аранды ауылдық округінде ораналсқан “Бөкебай» каналының 1 гидротехникалық құрылымға ағымдағы жөндеу жұмысы және жалпы ұзындығы 1,74 шақырым құрайтын механикалық тазалау жұмыстары 2 жарты жылдығында жоспарлануда.
3.Сырдария ауданы Акжарма ауылдық округінде орналасқан «Акжарма» каналына 2 гидротехникалық құрылымға ағымдағы жөндеу жұмысы және 1,6 шақырым механикалық тазалау жұмыстары 2 жарты жылдығында жоспарлануда. Қалған жобалар келесі жылға өтпелі болып табылады.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан ұсынылған:
Кәріз тазарту құрылысжайлары – 3 жоба:
Қызылорда қаласында ағын суларды тазарту қуаты тәулігіне 70 мың.м3 құрайтын биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру жобасы жүзеге асырылуда. Жоба бойынша келісім шарт құны 4,6 млрд. теңге. Жоба 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін толығымен қаржыландырылды.Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде.
Қызылорда облысының Арал және Қазалы қалаларында 2025-2027 жылдар аралығында кәріздік тазарту құрылыстарын салу жоспарланған болатын.
Алайда, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қ.А. Бозымбаевтың тапсырмасына сәйкес аталған жобаларды іске асыру тәсілдері қайта қаралып, Арал және Қазалы қалаларында халық санының аздығы мен орталықтандырылған су бұру жүйесінің болмауына байланысты кәріздік тазарту құрылыстары жобаларын іске асыру кейінгі мерзімге қалдырылды.
ҚР Энергетика министрлігі тарапынан ұсынылған:
Ауданаралық жылу желілерін қайта құру – 5 жоба:
2025 жылы 8,7 шақырым жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша бастау алған 6 жобаны аяқтауға 2026 жылға республикалық бюджеттен 3 622 мың теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде жылу желілерінің тозуы 40 пайызға төмендейтін болады.
Бүгінгі күнге 2 нысан бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Ал, қалған 3 нысан бойынша қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Спорт кешені құрылысы: «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қожабақы ауылында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан спорт кешені ағымдағы жылдың шілде айында пайдалануға беру жоспарлануда. Жалпы жоба құны 537,1 млн.теңгені құрайды. Қазіргі кезде, ғимараттың сыртқы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, ішкі әрлеу, сырлау және сәндеу жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік желілері толық тартылып, нысанды пайдалануға беру бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жалғасуда.
«Жылу беру маусымы 2026 жыл» бағдарламасы аясында:
ТГ-3 турбогенераторын күрделі жөндеу бойынша:
Қазіргі таңда ТГ-3 турбогенераторын күрделі жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектерді жеткізуге шарт жасалды. Жеткізуші: "БАКАР и К" ЖШС және «Промкомплектсервис» ЖК. Келісім-шарттар қоса жолданылды. Турбогенераторды күрделі жөндеу жұмыстарын орындау үшін конкурс өткізу рәсімі жүргізілуде.
ГТУ №2 газ турбиналық қондырғысын күрделі жөндеу бойынша:
ГТУ №2 газ турбиналық қондырғысын күрделі жөндеу жұмыстарын орындау бойынша мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жарияланған конкурс өткізілмеді деп танылды және қайта өткізу мерзіміне қалдырылды.
Қазіргі уақытта ГТУ №2 газ турбиналық қондырғысын күрделі жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын мердігер ұйымды айқындау мақсатында конкурсты қайта жариялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Электр желілерін жөндеу: 2026 жылы күрделі жөндеу жұмыстарына – 297,2 млн. теңгеге 54,87 шақырым әуе желісіне және 30 дана қосалқы станцияларын жөндеу жұмыстары (орындалуы 28%).
Қазіргі таңда, барлық жөндеу жұмыстарына қажетті материалдар аудандық электр тораптарына жеткізіліп, жұмыстар жүргізілуде. Тамыз айының соңына дейін толық жөндеу жұмыстары аяқталады.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес»:
Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының 28.02.2025 ж. №11-1/27 бұйрығымен №4 ҮББ іске асыруға арналған жобалық картасы бекітілген. Жобалық карта 3 бағыттан тұрады, олар:
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау (4-тапсырма) – жауапты Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі;
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау (3-тапсырма) – жауапты Қызылорда облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі;
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру (5-тапсырма) – жауапты Әдеп жөніндегі уәкіл, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы.
Қызылорда облысы КГУ «Арал» мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш отырғызу бағдарламасы аясында:
2026 жылдың көктем мезгілінде 4418 га жерге Арал теңізінің ұлтанына 4418 га жерге көшет отырғызу (толықтыру) және 1282,2 га жерге сексеуіл көшетін отырғызу жұмыстары жүргізілді. Толықтыру жұмыстарына 4 дана ХТЗ-17221 және 2 дана ХТЗ-150К-09 тракторы, 1 дана Урал автоцистерна (диз топ) автокөлігі, 1 дана Урал -4672М1-10(диз топ) автокөлігі, 1 дана Урал -4320 АТЗ-12 (диз топ) автокөлігі, 1 дана Урал Вахтовка (диз топ) автокөлігі, 2 дана уаз автокөлігі, отырғызу агрегаттары, 4 жатын вагон, 3 телешка жұмылдырылды. Барлығы 52 қызметкер жұмыс атқарды.
1282,2 га жоспар бойынша 7265,9 мың тг ,игерілгені 7248,6 мың тг
Көшет отырғызу қосымша 4418 га жоспар бойынша 22946,26 мың тг, толық игерілді.
Ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша 2026 жылғы ІІ тоқсанға арналған ақпарат
Ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша
2026 жылдың ІІ тоқсанында ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне жедел әрекет етуге арналған MISP веб-платформасында 278 инцидент тіркелді. Олардың барлығы белгіленген мерзімде жедел қаралып, жойылды.
Мемлекеттік органдар бөлінісі бойынша инциденттердің үлесі:
Білім беру ұйымдары – 152 (54,7%);
Қала және аудан әкімдіктері және оларға қарасты бөлімдер – 31 (11,2%);
Денсаулық сақтау басқармасына қарасты ұйымдар – 3 (1%);
Басқармаларға қарасты мекемелер – 0;
Ақпараттық қауіпсіздік қатерлері, зиянды белсенділік – 92 (33,1%).