2026 жылдың 6 ай мерзімінде 12 жұмыс сапарлары және онлайн және оффлайн форматта 30-дан аса кездесулер ұйымдастырылды. Оның ішінде, шет мемлекеттерге 1 іссапар (1-Қытайға), ал Қызылорда облысына 11 сапар (1 БҰҰ елдері, 6 қытайлық, 1 канадалық, 1 индонезиялық, 1 мажарстандық, 1 ұлыбритандық).
Ағымдағы жылдың 4 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапары өтті. Форумға Қазастаннан 143 өкіл, Пәкістаннан 180 компания қатысты. Осы форум аясында Қызылорда облысы әкімдігі Пәкістандық Norson Chemical (Homex) компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында лак-бояу өнімдерін өндіру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, жобаны іске асыру жоспарланған.
Сонымен қатар, 11 ақпан күні Қызылорда қаласына Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохамад Фаджрул Рахман бастаған делегация ресми сапармен келді.
Іссапар аясында облыс әкімінің қабылдауында болып, екі ел арасындағы ынтымақтастық нығайту мәселелері талқыланды.
20 ақпан күні Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров бастаған Еуроодақ Елшісі Алешка Симкич және оған мүше 17 мемлекеттің Қазақстандағы елшілері Қызылорда қаласына іс-сапармен келді.
Іс-сапардың басты мақсаты - Еуропа мемлекеттерімен өңіріміздің іскерлік қарым-қатынасын арттыру мүмкіндіктерін қарастыру, инвестициялық мүмкіндікпен танысу және өзара ынтымақтастық бағыттарын анықтау.
Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні облысқа ауыл шаруашылығы саласындағы қытайлық «China Yulin Irrigation Equipment Co., Ltd.» компаниясының іссапары ұйымдастырылп, суару технологиясын енгізу бойынша Меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда, жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні Моңғолия Президенті У. Хурэлсүхтің Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында «Қазақстан – Моңғолия» бизнес-форумы өтті. Форум барысында өңірдің инвестициялық және агроөнеркәсіптік әлеуеті таныстырылып, облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев моңғолиялық және отандық кәсіпкерлермен, оның ішінде жүн және тері өңдеу саласының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде өңірдің аталған саладағы шикізаттық әлеуеті таныстырылып, терең өңдеу өндірістерін дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Нәтижесінде жүн және тері өңдеу саласындағы жобаларға қызығушылық танытқан кәсіпорындарға тиісті хаттар жолданды.
27-29 сәуір облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев бастаған облыстық делегация өкілдері Қытай Халық Республикасына іссапармен барды.
Іссапар нәтижесінде 4 ірі қытайлық компаниямен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды.
Атап айтқанда;
1) қытайлық «TICA» компаниясы мен «Тау Групп» компаниясы желдету және ауаны баптау қондырғыларын құрастыру зауыты;
2) «HongDa» компаниясымен Жаңақорған ауданында Бурабай-Жалғызағаш қорғасын-мырыш кенішінде құны 120 млн АҚШ долл. құрайтын кен байыту фабрикасын салу жобасы;
3) «Синьда трансформен» компаниясымен құны 50 млн АҚШ долл. құрайтын трансформаторлар жинау жобасын іске асыру (компания тек трансформатор өндірісімен шектелмей, Қызылорда облысында 6 ірі кәсіпорын орналасатын заманауи индустриялық парк құруды ұсынуда)
4) «Юлин» компаниясымен заманауи суару технологияларын құрастыру зауыты жобасы («Харвест» компаниясы 500 қоңдырғы алады).
3 мамыр күні Сырдария өзенінің бастауы және Арал теңізіне дейінгі тарихи және географиялық маңызы жайлы кітап шығару бойынша Ник Филдинг мырза облысқа іссапармен келген болатын.
Мамыр айында Франция еліне жасалған іссапар нәтижесінде 2 маңызды үшжақты меморандумға қол қойылды.
Атап айтқанда, Қызылорда облысының әкімдігі, «Майсадор» және «Harvest Agro» компаниялары арасында жүгері тұқымдарын өндіру жобасы бойынша үшжақты меморандум жасалды. Сонымен қатар, Қызылорда облысының әкімдігі, «Хемп-ИТ» және «Harvest Agro» компаниялары арасында техникалық қарасора тұқымдарын өңдеу және өндіру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған келісімдер өңірде заманауи агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға, жоғары сапалы тұқым шаруашылығын қалыптастыруға, экспорттық әлеуетті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда, жобаларды өңірде іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның қатысуымен Қазақстан-Түркия бизнес форумы өтті. Форум аясында облыс әкімі М.Ергешбаев Түркияның «Fabe Agro» компаниясының басшысы Фатих Буданмен кездесті. Онда құны 134,5 млрд теңге болатын «Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған жылыжай кешенін салу» инвестициялық жобасын іске асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ағымдағы жылдың маусым айында Қытай Халық Республикасында өткен «Жазғы Давос – 2026» дүниежүзілік экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық жетекші компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулер барысында су ресурстарын тиімді пайдалану және заманауи ирригациялық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Атап айтқанда, бұған дейін Қызылорда облысының делегациясы мен «China Yulin Irrigation Equipment Co., Ltd.» компаниясы арасында қол жеткізілген келісімдер аясындағы жобаларды іске асыру перспективалары қаралды. Қазіргі таңда өңірде «Harvest Group» компаниясының бастамасымен су үнемдеу технологияларын енгізу және шамамен 500 дана заманауи ирригациялық қондырғы орнату бағытындағы жұмыстар пысықталуда.