2026 жылдың I жартыжылдық қорытындысымен Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 29 548 өтініштер түскен, ол өткен жылмен салыстырғанда (26 560 - өтініш) 11 %-ға артқан. Оның ішінде:
2 755 өтініш облыс әкімдігіне (2025 ж. І жартыжылдық - 2588);
11 445 облыстық басқармаларға (2025 ж. І жартыжылдық – 9220);
15 348 аудан, қала әкімдіктеріне түскен (2025 ж. І жартыжылдық – 14742).
Талдау көрсеткендей, қазіргі таңда облыс тұрғындары арасындағы жиі көтеріліп отырған өзекті мәселелер төмендегіше:
|
№ |
Өтініште көтерілген салалары |
2026 жылдың І жартыжылдық бойынша |
|
1. |
Білім мәселесі |
7420 (25,11%) |
|
2. |
Жер және ауыл шаруашылығы мәселесі |
5070 (17,16%) |
|
3. |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы |
2998 (10,14%) |
|
4. |
Денсаулық сақтау мәселесі |
1707 (5,78%) |
|
5. |
Әлеуметтік көмек |
1199 (4,06%) |
|
6. |
Мемлекеттік сатып алу |
991 (3,36%) |
|
7. |
Кәсіпкерлік |
773 (2,6%) |
|
8. |
Басқалары |
9390 (31,79%) |
|
Барлығы |
29 548 |
|
2026 жылдың І жартыжылдығында статистикалық есепке сәйкес жергілікті атқарушы органдарға түскен 29 548 өтініштердің:
- 7 016 құзыреттілігі бойынша басқа органдарға жолданды;
- 5 406 ішінара немесе толық қанағаттандырылды;
- 2 246 өтініш тоқтатылды;
- 13 199 заң талаптарына сәйкес түсіндірілді;
- 1 665 орындалу мерзімі бар.
Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелермен қабылдау туралы
2026 жылдың І жартыжылдығында облыс әкімдігімен 316 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері жеке қабылдауда болып, оның: 84-і облыс әкімінің, 232-ы міндеттер бөлінісіне сәйкес облыс әкімі орынбасарларының және аппарат басшысының жеке қабылдауында болып, заңдылыққа сәйкес тиісті тапсырмалар берілген.
Жеке қабылдауда болған азаматтардың көтерген мәселелері төмендегідей:
|
№ |
Жеке қабылдауда көтерілген салалары |
2026 жылдың І жартыжылдық бойынша |
|
1. |
Пәтер мәселесі және коммуналдық шаруашылық |
72 |
|
2. |
Жұмысқа орналасу |
67 |
|
3. |
Денсаулық сақтау мәселесі |
34 |
|
4. |
Қаржылай қолдау және әлеуметтік көмек мәселесі |
33 |
|
5. |
Жер мәселесі |
16 |
|
6. |
Білім |
15 |
|
7. |
Кәсіпкерлік |
13 |
|
8. |
Басқа да мәселелер |
66 |
|
Барлығы |
316 |
|
Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратымен аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері және облыстық басқарма басшыларының қабылдау жүргізу барысына талдау жүргізілді. Атап айтқанда, аудандар мен қала әкімдігінің басшылары – 1 129 тұрғынды, басқарма басшылары 151 тұрғынды жеке қабылдаған.