Мемлекеттік сатып алу саласында орталықтандырылған бірыңғай тәжірибені қолдану және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында, облыс әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №687 қаулысының негізінде 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап барлық сатып алу конкурстары облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен (әрі қарай Басқарма) өткізіліп келеді.
2026 жылдың 2-тоқсан бойынша Басқармамен 137,4 млрд.теңгеге барлығы 3 909 мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды.
3 909 конкурстың – 661 тауарлар (16,9%), 183 жұмыстар (4,7%), 3 065 қызмет (78,4%) түрлері бойынша өткізілді.
Бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында Басқарма тарапынан барлық облыстық тапсырыс берушілердің мамандары үшін 6 ай бойынша
50 шара ұйымдастырылды.