Қазалы ауданында белсенді жастар сайлау мәдениетін жүзеге асыратын жаңа жобалар туралы пікір алмасты.
Аумақтық сайлау комиссиясы Қазалы ауданындағы Жас сайлаушылар клубының мүшелерімен бірлескен еркін кездесуді ұйымдастырды. Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері жастармен бірлесе атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Комиссия мүшесі Абай Тағыберген жаңа креативті жобалар жүргізу, аймақ жастарына арналған тик-ток арна ашу, тимбилдинг және TED x форматта басқосулар жасау идеяары іске асатынын жеткізді. Ал, клуб мүшелері жастар арасында сайлау мәдениетін көтеру, түрлі бастамалар жасау туралы ой бөлісті.
Басқосу барысында ерекше ой-пікірі, батыл ұсынысымен ерекшеленген 4 жасқа арнайы статуэтка табыстап, құрмет білдірді.
Айта кетейік, Қызылорда облысында Жас сайлаушылар клубына мүше жастардың саны 150-ге жетті.




