Лого

Меню

Страницы

Статья

Жас сайлаушылар клубына біріккен жастар интеллектуалдық сайыста бас қосты

Арал аудандық Жас сайлаушылар клубы мүшелері жазғы маусымға қарамастан түрлі форматта басқосулар мен сайыстар өткізіп келеді. Клуб мүшелері Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін қатыстыра отырып интеллектуалдық сайыс өткізді. Жастар комиссия қызметінің негізгі ұстанымдарына сәйкес “Ашықтық”, “Алқалылық”, “Жариялылық” сынды 3 командаға бөлінді.
Жастардың білім деңгейі мен дайындығын саралау үшін қазылар алқасы ретінде Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Олар жастардың сайлау тақырыбындағы базалық білімдері және еркін дауыс беру туралы пікір алмасты.
2 кезеңнен тұратын сайыс жастарға сайлау құқығы және дауыс беру мәдениеті туралы білімдерін жетілдіруге және еркін пікір алмасуға жетеледі.
Сайыс нәтижесімен жеңімпаз жастарға арнайы алғыс хаттар және демеушілер есебінен жасалған сый-сияпаттар берілді.
Айта кетейік, Қызылорда облысында Жас сайлаушылар клубына мүше жастардың саны 150-ге жетті.

Дата публикации
24 июня 2026
Дата обновления
24 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы