Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары негізінде 65 жоспардан тыс тексеру ашылып,оның ішінде заң тұрғысында тиісті әкімшілік шаралар қолданып айыппұл салынғаны және анықталған ақаулар мен кемшіліктерді жою жөнінде нұсқама берілгені – 48, кемшіліктер анықталмағаны – 10, ресми тіркеуден жойылғаны – 7.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 227 әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік іс қозғалып, оның 189 әкімшілік ісі басқармамен қаралған. Барлығы 54 млн 080 мың 312 теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі жазалар қолданылды. Оның 36 млн 980 мың 550 теңгесі бюджетке нақты өндірілді.