Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысындағы этносаралық қатынастар туралы анықтама

Қызылорда облысында этносаралық саладағы ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталды.
Ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында I тоқсан бойынша облыстағы этносаралық қатынастарды зерделеу мақсатында әлеуметтанулық сауалнама жүргізілді. Зерттеуде 1 000 респондент қамтылды. Жыныстық ерекшеліктері бойынша 57,8%-ы әйелдер, 42,2%-ы ерлер құрады.
Сондай-ақ, сауалнамаға 33,1% басқа этностың өкілдері атап айтқанда: орыстар – 12,8%, кәрістер – 7,3%, өзбектер – 5,6%, түріктер – 4,7% татарлар – 1,7% және 1% басқа этностар да қатысты.
Ал, қазақтардың үлесі – 66,9%.
Сауалнама нәтижесі бойынша, респонденттердің 95,8%-ы аймағымыздағы түрлі этностар арасындағы қарым-қатынасты қолайлы, әрі бірқалыпты деп бағалаға. Аудандардың барлығында да аталған жауап нұсқаларын белгілегендердің үлесі жоғары пайызды көрсетуде.
Соңғы статистикалық ақпаратқа сәйкес облыстың этнос өкілдерінің басым бөлігін орыстар 12 246 (1,4%), корейлер 7 943 (0,9%), өзбектер 2 275 (0,2%), татарлар 2 063 (0,2%), түріктер 1615 (0,19%) және т.б. этностар құрап отыр.
Жаңадан бой көтерген «Достық үйінде» 11 этномәдени бірлестіктің арнайы жасақталған кабинеттері және «Қоғамдық келісім және тілдер» КММ жұмыс істейді.
Өңірдегі этнос өкілдерінің басым бөлігі жеке кәсіппен (кәрістер, өзбектер, шешендер, татарлар мейрамхана желісі) айналысады. Дегенмен, киім-кешек, азық-түлік дүкендерінің иесі және мемлекеттік қызметте, дәрігер, мектептер мен жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында қызмет етеді.
Этностық топтардың басым көпшілігі Қызылорда және Байқоңыр қалаларында тұрғылықты мекен етеді (2,67%). Байқоңыр қаласы этностық топтардың басым көпшілігі орналасқан стратегиялық маңызы бар аумақ тізіміне енеді.
Сондай-ақ, Қармақшы ауданының III Интернационал ауылында түріктер ықшам орналасқан.
Аймақтағы шетелдік жұмыс күшін тартатын «ПетроҚазақстанҚұмкөл ресорсиз», «ҚазГерМұнай», «СНПС-АйДанМұнай», «ҚуатАмлонМұнай» мұнай компаниялары, «ШалқияЦинк ЛТД», «РУ-6», «Хорасан-U», «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» және ірі өндіріс орны саналатын «Шыны зауыты» кәсіпорындары жергілікті атқарушы органдардың назарында. Шетелдік азаматтар жұмыс жасайтын кәсіпорындар мен компанияларда этносаралық ахуал тұрақты.
Өңірде этносаралық қарым-қатынастар және этностар арасындағы қақтығыстардың алдын алу бағытында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Ғылыми - сарапшылық топ, этномедиация орталығы, журналистер мен сарапшылар клубы, «Ассамблея жастары» құрылымдары жұмыс жасайды.
Облыста этносаралық саладағы ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде.

Дата публикации
18 июня 2026
Дата обновления
18 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы