Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Облыс аумағының ауданы 226 мың шаршы шақырымды құрайды.
2026 жылдың 1 сәуіріне халық саны – 846,4 мың адам, оның ішінде қала халқы -399,8 мың адам (47,2%).
Облыс 7 ауданнан, облыстық маңыздағы 1 қаладан (Қызылорда) және аудандық маңыздағы 2 қаладан (Арал, Қазалы) тұрады.
2025 жылдың басына Ұлттық құрам: қазақтар – 96,3%, орыстар – 1,4%, кәрістер – 0,9% және басқалары – 1,4%.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 363,4 млрд.теңгені құрады, НКИ – 100,0%.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 139,1 млрд.теңгені құрады, НКИ – 109,3%.
2026 жылы өңдеу өнеркәсібінің өнімін ұлғайтуға бағытталған құны 42,4 млрд.теңгені құрайтын 12 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 22,1 млрд. теңгені құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 103,3%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 187,2 млрд. теңге, НКИ – 110,1%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 68,9 млрд. теңгені құрады, немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 127,5%. 190,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 1,8%).
Жалпы сауда көлемі 2,5% -ға артып, 277,9 млрд.теңгені құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 59,5 мың бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ-92,3%.
2026 жылы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыруға барлығы – 2400,4 млн. теңге қаралды, оның ішінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға – 1989,5 млн теңге, ішінара кепілдік беруге – 337,1 млн теңге, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беруге – 73,8 млн. теңге.
Жергілікті бюджетке 54700 млн. теңге өз кірістері түсті, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ға ұлғайып немесе 1194 млн.теңгеге артты.

Дата публикации
26 мая 2026
Дата обновления
02 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы