Лого

Меню

Страницы

Статья

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

29 cәуір күні облыстық мәслихат депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов пен облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ, тиісті басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Алғашқы мәселе – «Қызылорда облысын басқару схемасын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 15 сәуірдегі №95 шешіміне өзгеріс енгізу туралы болды. Бұл жөнінде облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары С.Сыздықов хабарлама жасады.
Одан соң, «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 3 қазандағы № 121 шешіміне өзгеріс енгізу туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әбілпатта хабарлама жасап, ұсынылып отырған өзгерістерге жан-жақты тоқталды.
Мұнан кейін, «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне инфрақұрылымдық қолдау көрсету мәселелерін қарау жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесін құру туралы» мәселе бойынша облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы М.Тәуіпбаева хабарлама жасады.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіне ұсынылған барлық мәселе бірауыздан мақұлданып, шешім жобалары сессия қарауына жіберілді.

Дата публикации
19 мая 2026
Дата обновления
19 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы