Лого

Меню

Страницы

Статья

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өтті

19 наурыз күні облыстық мәслихат депутаты, Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Балжан Шәменованың төрағалығымен тұрақты комиссияның отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары мен сала мамандары қатысты.
Күн тәртібінде «Облыстық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізу туралы; облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту; облыстың жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу; облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарылған жұмыстары жөніндегі есебі туралы 4 мәселе қаралды.
Аталған мәселелер бойынша тиісті басқарма басшылары хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, нақты ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.
Өз кезегінде сала басшылары көтерілген мәселелер бойынша толыққанды жауаптар сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында ұсынылатынын жеткізді.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қарау жөнінде қаулы қабылданды.

Дата публикации
19 мая 2026
Дата обновления
19 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы