Лого

Меню

Страницы

Статья

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өтті

18 наурыз күні облыстық мәслихат депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен комиссияның отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат депутаттары, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғ.Еркебай, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Усаин қатысты.
Күн тәртібінде:
1) «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы»;
2) «Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»;
3) «Қызылорда облысында ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 209 шешіміне өзгеріс енгізу туралы 3 мәселе қаралды.
Аталған мәселелер бойынша басқарма басшылары хабарлама жасап, депутаттардың ұсыныс-пікірлеріне тиісті жауаптар берілді.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қарау жөнінде қаулы қабылданды.

Дата публикации
19 мая 2026
Дата обновления
19 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы