Ағымдағы жылдың 4 ай мерзімінде 11 жұмыс сапарлары және онлайн және оффлайн форматта 30-дан аса кездесулер ұйымдастырылды. Оның ішінде, шет мемлекеттерге 1 іссапар (1-Пәкістанға), ал Қызылорда облысына 10 сапар (1 БҰҰ елдері, 5 қытайлық, 1 канадалық, 1 индонезиялық, 1 мажарстандық, 1 ұлыбритандық).
Ағымдағы жылдың 4 ақпан күні облыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапары өтті. Форумға Қазастаннан 143 өкіл, Пәкістаннан 180 компания қатысты. Осы форум аясында Қызылорда облысы әкімдігі Пәкістандық Norson Chemical (Homex) компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында лак-бояу өнімдерін өндіру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, жобаны іске асыру жоспарланған.
Сонымен қатар, 11 ақпан күні Қызылорда қаласына Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохамад Фаджрул Рахман бастаған делегация ресми сапармен келді.
Іссапар аясында облыс әкімінің қабылдауында болып, екі ел арасындағы ынтымақтастық нығайту мәселелері талқыланды.
20 ақпан күні Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров бастаған Еуроодақ Елшісі Алешка Симкич және оған мүше 17 мемлекеттің Қазақстандағы елшілері Қызылорда қаласына іс-сапармен келді.
Іс-сапардың басты мақсаты - Еуропа мемлекеттерімен өңіріміздің іскерлік қарым-қатынасын арттыру мүмкіндіктерін қарастыру, инвестициялық мүмкіндікпен танысу және өзара ынтымақтастық бағыттарын анықтау.
Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні облысқа ауыл шаруашылығы саласындағы қытайлық «China Yulin Irrigation Equipment Co., Ltd.» компаниясының іссапары ұйымдастырылп, суару технологиясын енгізу бойынша Меморандумға қол қойылды.
Қазіргі таңда, жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.