Қызылорда облысының жастары сайлау мәдениетін дамытуға белсенді қатысуда
Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылған Жас сайлаушылар клубының кезекті жиналысы өткізілді. Жиынға Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Абай Тағыберген, Қорқыт ата университетінің экономика және құқық институтының директоры Айнұр Исаева және жас сайлаушылар қатысты. Аймақта қоғамдық қызметтерде белсенді, өзіндік пікірі бар, азаматтық ұстанымы айқын жастар клубқа мүше ретінде түрлі бастамаларды жүзеге асыруда. Олардың қатарында Қорқыт ата университінің студенттері де бар. Басқосуда клуб құрамына енген жаңа мүшелер таныстырылды. Сонымен бірге Қызылорда облысының Жас сайлаушылар клубының жаңа төрағасы ретінде Қорқыт ата университетінің студенті Бекдәулет Дәуқараев сайланды. Жиында жастар сайлау мәдениетін дамыту, студенттер арасында дауыс берудің маңыздылығы туралы ой бөлісіп, спикерлермен пікір алмасты. Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша Жас сайлаушылар клубында мүшелер құрамында 100-ден аса жастар бар.




