2026 жылдың I тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп
Smart City жобаларын іске асыру
Аймақты цифрландыру «Смарт-қалаларды» және «Смарт-өңірлерді» құру жөніндегі әдістемесі аясында жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің 2026 жылғы 13 наурыздағы №141/НҚ бұйрығы). Қызылорда облысының 2026-2030 жылдарға арналған «ақылды» қалаларды құру стратегиясы (28.11.2025 жылғы № 07/3-1/6383-и) бекітілді.
Қауіпсіздік саласында:
Бүгінде Қызылорда қаласында 22 323 бейнебақылау камералары жұмыс жасауда. Оның 9697-ы Жедел басқару орталығына қосылған.
Жедел басқару орталығына қарасты 272 дана бейнебақылау камералары, оған қоса жаңадан 1400 бейнебақылау камерасы, 20 дана «Аркан», 1 дана «Мираж», 20 дана «Ekin Box Spotter», 76 дана «Ekin X Spotter» стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғысы, 10 дана «SUNQAR» стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғысы, 80 дана «Зияткерлік қиылыс», 23 дана «Ekin Patrol G2» (11 данасы пилоттық режимде) және 2 дана «Ekin X Spotter» (1 данасы пилоттық режимде) құрылғысы жұмыс істейді.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық 7 аудан және Байқоңыр аумағына 616 бейнебақылау камералары, 54 жылдамдық өлшегіш құрылғылары орнатылып, жедел басқару орталықтары қайта жаңғыртылды. Жоба аясында «ЖБО 2.0» бағдарламасы қала және аудандық полиция бөлімшелерінде орнатылды.
Қазіргі таңда облыс орталығындағы азаматтар көп шоғырланатын орындарда «SOS» дабыл батырмасының 15 құрылғысы орнатылды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қызылорда қаласында барлығы 181 594 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, ЖБО-да орнатылған бейнебақылау камералары және автоматты режимде жұмыс жасайтын құрылғыларымен 103 238 құқық бұзушылықтар (бейнебақылау камераларымен – 29 767, жылдамдық өлшегіш құрылғыларымен – 73 471), жол қауіпсіздігі бойынша 78 356 құқық бұзушылықтар және 58 қылмыстың ашылуына ықпалын тигізді.
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылды.
Қала бойынша білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдары атап айтқанда 47 мектептің 100% бейнебақылау жүйелерімен, дабыл түймесі және турникетпен қамтылған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының №69 бұйрығына сәйкес келеді.
Қалалық білім бөліміне қарасты 47 мектепте 3241 камера орналасқан және де Жедел басқару орталығына интернет арқылы 100% қосылған.
Сонымен қатар, Террористік тұрғыдан осал өрт қауіпсіздігін басқару жүйесі бойынша, Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген цифрландыру және барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін бірыңғай мониторинг жүйесін құру шеңберінде өрт ошақтарының алдын алу және ерте анықтау мақсатында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Жоспарлау және жедел басқару орталығының кезекші бөлімінің мониторларына ақпарат жіберу мүмкіндігімен биік ғимараттар мен құрылыстарға бейнебақылау жүйелері орнатылды. Қызылорда қаласы және аудандардың өрт сөндіру бөлімдеріне 31 метрлік мачталық құрылғылардың 8 бірлігі орнатылды.
Қызылорда қаласында цифрлық телерадио хабарларын таратуды ұстап қалу жүйелерімен қамтамасыз ету құрылғысы орнатылды. Төтенше жағдай туралы халықты хабардар ету «112 – құтқару қызметі» SМS-тарауы және «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.
Қызылорда облысының аумағында бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдай туындаған немесе қауіп төнген кезде халықты хабардар ету жүйесінің 233 бірлігі бар. Облыс аумағында 15 ретранслятор, 15 радиодиспетчер, 8 басқару пульті және 177 дабылдық-сөйлеу құрылғысы орнатылды. Cонымен қатар, 56 бірлік құлақтандыру жүйесі локальді құлақтандыру жүйесіне қосылған С-40 және С-28 маркалы электр сирена құлақтандыру құралғылары жұмыс істейді.
Әлеуметтік салада:
Қазіргі таңда, барлық медициналық ұйымдар компьютермен және «Даму-мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесімен 100%-ға қамтылған. Қызылорда облысының медициналық ұйымдарына бекітілген тұрғындарына 93% электронды денсаулық паспорты толтырылған. Қазіргі күні дәрігерге тіркеу, дәрігердің тағайындауы электронды түрде «Даму-мед» жүйесі арқылы 47%-ға жүзеге асырылған.
Облыстың 15 медициналық ұйымында оның ішінде: 8 аудандық, бір қалалық және 6 облыстық медициналық ұйымда телемедицина құралдарының кешендері орнатылған.
2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша әр түрлі платформалар (Egov.kz, Damu.Med) арқылы пациенттердің дәрігер қабылдауына жазылуы бойынша жалпы қабылдауға жазылғандар саны – 2 446 463, оны ішінде электронды жазылғаны – 2 105 984 жазба.
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты және меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдардың ішінде PACS жүйесі енгізілуге тиісті 29 медициналық ұйымның барлығында, оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 18 медициналық ұйымның барлығына PACS жүйесі енгізілген.
Науқастарды ерте диагностикалау, жедел емдеу тиімділігін арттыру, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында өңіріміздің медициналық ұйымдарына «Жасанды интеллект арқылы онкологиялық ауруларды ерте анықтауға радиологиялық зерттеудің орталықтандыру технологиясын» енгізу жобасы тестілеу режимінде іске қосылды. Аталған жобаға PACS жүйесі енгізіліп, x-Eye Mammo, Toraks, Ribout Pneumonia секілді жасанды интеллект шешімдері қолданылуда. Бұл технологиялар медициналық кескіндерді жоғары дәлдікпен талдауға мүмкіндік береді.
Көлік және логистика саласында:
«Қызылорда қаласының қоғамдық көліктеріне электронды билет жүйесін орнату» жобасы «AlemPay» ЖШС-нің жеке инвестициясы арқылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылды.
Қызылорда қаласында 323 қалаішілік қоғамдық көліктерінде электронды билет жүйесінің стационарлық валидаторлары мен терминалдары 100% орнатылған. Қазіргі уақытта «AlemPay» жүйесіне 32 бағыт (25 қалаішілік және 7 қала маңы маршруттары) қосылған. Бүгінде, дифференциалды тариф жүйесі енгізіліп онлайн төлемдерді ынталандыру шаралары жүргізілді. Яғни, қолма-қол төлем 130 теңге болса, ал онлайн төлем 85 теңгені құрайды.
2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша валидатор орнатылған автобустарда сатылған билеттің жалпы санының 99,1% қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінде. (Яғни, валидаторлар орнатылған автобустар төлемінің 7 700 777 данасынан 7 632 414 данасы электрондық төлем жүйесі арқылы төленген).
Сонымен қоса, «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС құрамындағы барлық қоғамдық көліктің жүру бағытын бақылауға арналған «System.Buspark» - Gps/Глонасс мониторинг жүйесі бар. Жүйеге 323 қала ішіндегі қоғамдық көлік толығымен қосылған (100%). Оның көмегімен көліктің спутниктік мониторингі бойынша кез келген жобаларды жүзеге асыруға болады. Спутниктік мониторинг жүйесінің негізгі функционалын және қоғамдық көлікті бақылауға арналған арнайы құралдарды біріктіреді: аялдамалар құру, маршруттарды оңтайландыру, аялдамаларды цифрландыру, көлік құралдарын рейстер бойынша бөлу, кесте бойынша қалалық, қала маңындағы және қалааралық жолаушылар тасымалын бақылау, егжей-тегжейлі есеп беру, қол жеткізу құқықтарының икемді жүйесі, автобус ішіндегі аялдамаларды хабардар ету.
Диспетчерлеу жүйесі «System.Buspark» Nimbus, 2Gis және Яндекс үшінші тарап жүйелерімен біріктірілген.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында:
Қызылорда облысының табиғи монополия субъектілері (ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК, «Қызылорда тазалығы» ЖШС, «Кызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК) арқылы көрсетілетін қызметтерін цифрландыру мақсатында «I-Orda» порталы құрылып, жеке және заңды тұлғаларға табиғи монополия субъектілерінің 85 қызмет түрі автоматтандырылды. 2023 жылдың 20 қазанында іске қосылып, бүгінгі күнге дейін, 3294 өтінім (2023 жылдың соңына дейін 328 өтінім, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1522 өтінім, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 1221 өтінім, 2026 жылдың I тоқсанында 223 өтінім) тіркелді. Портал https://iorda.kz сайтында қолжетімді.
Сонымен қатар, 2026 жылдың қаңтар айынан бастап облыстың барлық қалалары мен аудандарында коммуналдық және өзге де қызметтерге ақы төлеу үшін бірыңғай төлем құжаты жүйесі енгізілді. Қазіргі уақытта «Алсеко» АҚ бірыңғай есеп айырысу орталығының қызметтерін ұсынуға 5 жеткізушімен келісім-шарттар жасалды (ШЖҚ «Қызылорда тазалығы» КМК, ШЖҚ «Қызылорда су жүйесі» МКК, ШЖҚ «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «РЦКУ-Қызылорда» ЖШС).
Экология саласында:
«Жасыл кеңістіктердің сандық есебі» жобасы аясында «Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында шарт жасалып, Қызылорда қаласының көшелері мен саябақтарын көгалдандыру, абаттандыру және күтіп-ұстау жүргізілуде.
Жоба аясында, 2025 жылдың қазан айынан бастап қаланың көгалдандыруына, ағаштарды күтіп-ұстауға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған «Zhasyl Qyzylorda» (https://zhasylkyz.kz) Қызылорда қаласының жасыл желектер тізілімінің ресми сайты жұмыс жасауда.
Тұрмыстық қатты қалдықтар саласын цифрландыру жобасы бойынша
2026 жылдың 11 наурызында «Қызылорда тазалығы» ШЖҚ КМК және «Shalkar Innovation» ЖШС-мен тұрмыстық қатты қалдықтарды басқаруды цифрландыру және ұйымның ішкі бизнес-процесін автоматтандыру мақсатында «Waste Managment» платформасын енгізу туралы шарт жасалып, жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды орындау барысында қызмет сапасын арттыру, қалдықтарды есепке алу және бақылау жүйесін жетілдіру бағытында қажетті шаралар қабылдануда.
Сондай-ақ, «Жасыл даму» АҚ-мен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп, көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау мүмкіндігі кезең-кезеңімен енгізілуде.
Қаланы басқару саласында:
«Өңірлік геоақпараттық жүйе»
2020 жылы Қызылорда облысында «Өңірлік геоақпараттық жүйе» (ӨГАЖ) жобасын енгізу жұмыстары басталды. Бекітілген талаптарға сәйкес геопортал ашық және жабық (682 қабат) контурларға ие. Барлық жеке және заңды тұлғалар үшін ашық контурда 229 қабат қолжетімді.
Өңірлік геоақпараттық жүйе базасында автожолдардың сапасын бақылау сервисі әзірленіп, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ақпараттың толымдылығын қамтамасыз ету үшін қолжетімділік берілді. Қазіргі уақытта, жол бетінің жай-күйі, орындалған жөндеу жұмыстары және жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы деректер функционалдары қамтылған.
«109 – Біріңғай байланыс орталығы»
2020 жылдан бастап Қызылорда қаласында «109» бірыңғай нөмірі арқылы барлық коммуналдық мәселелер бойынша облыс тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдайтын «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» (бұдан әрі - «109 – қызметі») жұмыс істейді.
2026 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша барлығы 58 573 өтінім келіп түскен. Оның ішінде: оқыс оқиға – 12 117, кеңес беру – 11 202, шағым – 900, ұсыныс – 7, алғыс - 126, ақпаратқа сұрау салу – 34 221.
Барлығы 58 573 өтінім:
* телефон арқылы – (58 254/99,4%);
* әлеуметтік желілер арқылы – (319/0,5%).
2026 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша өтініштерді қабылдау мен тіркеудің тәуліктік орташа статистикалық саны – 650 өтінімді құрады.
Сонымен қатар, орталық тұрғындардың өтінім жібере алатын немесе жағдайды егжей-тегжейлі сипаттай алатын құралдар (Call - орталық: 109, «komek – 109» мобильді қосымшасы, WhatsApp: +7 (771) 700 01 09, Telegram-бот: @kyzylorda109_user_bot, Instagram: qyzylorda_109, Facebook) ауқымы кеңейтілген.
«112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі»
Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «112 - Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік қызметі» (бұдан әрі – «112 – БКДҚ») 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет көрсетуде. «112 – БКДҚ» қызметі Қызылорда қаласы 101, 112 және 102 желісі бойынша шұғыл келіп түскен хабарламаларды қабылдап, тіркеп автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде өңдеп, шұғыл қызметтерге жолданады және сапалы, уақытылы орындалуын қадағалайды.
2026 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша «112-Бірыңғай кезекшілік - диспетчерлік қызметіне» жалпы саны 58 865 хабарлама келіп түскен және өз бағыты бойынша шұғыл қызметтерге бағытталған. Оның ішінде: өрт сөндіру бойынша (101) – 281, құқық қорғау сипаты бойынша (102) – 12 069, жедел жәрдем қызметі бойынша (103) - 447, төтенше жағдайлар желісі бойынша (112) – 273, басқа да хабарламалар (к.42, к.43, к.44) – 45 795 хабарлама келіп түсті.
Барлық қабылданған хабарламалар шұғыл әрекет ету қызметтеріне жіберіліп, уақтылы орындалды.
«Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы»
Қала тұрғындары мен қонақтарының онлайн сервистер мен қызметтерді алу ыңғайлылығы үшін 2019 жылы бірыңғай интеграцияланған «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы іске қосылды. Мобильді қосымша Google Play және App Store платформаларында жұмыс істейді, облыс тұрғындары мен қонақтары үшін 85-сервис қолжетімді.
Инновациялық экожүйе саласында
2023 жылғы 17 сәуірден бастап Astana Hub халықаралық технопаркі, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Аталған ынтымақтастық аясында Қызылорда облысында Astana Hub тәжірибесін тарату мақсатында өңірлік хаб ретінде «Kyzylorda Hub» бизнес-инкубаторы ашылды.
Инновациялық IT-жобаларды дамыту мақсатында жыл сайын Smart City Kyzylorda «Hackathon» және Innofest Qyzylorda инновациялық жобалар фестивалі өткізіледі.
2026 жылдың қаңтар–наурыз айларының қорытындысы бойынша цифрлық сауаттылықты арттыру және IT-экожүйені дамыту аясында 33 іс-шара ұйымдастырылып, оған 1147 адам қатысты. Атап айтқанда, оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстары, 3D модельдеу бойынша воркшоптар, әйелдерге арналған Tech Qyzdar білім беру бағдарламасы, сондай-ақ Digital Qazaqstan Battle форматында стартап-жобалар конкурстары өткізілді.
Сонымен қатар, Kyzylorda Hub ғимаратындағы GameDev Center орталығында қатысушылар бейнеойын әзірлеуді тегін меңгеруде. Үздік түлектер өз жобаларын дамыту үшін продакшн-қолдауға ие болады. Сонымен бірге келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:
- AI Bootcamp — оқытушыларды жасанды интеллектпен жұмыс істеуге оқыту: жоспарлауды автоматтандыру, оқу жоспарлары мен конспектілерді ЖИ көмегімен құру (30 қатысушы);
- ЖИ бойынша мастер-класс — мектеп оқушыларына арналған практикалық сабақ (20 қатысушы);
- NO CODE — бағдарламалаусыз прототиптер әзірлеуді оқыту (9 қатысушы);
- Startup Bootcamp — идеядан алғашқы стартапқа дейінгі практикалық воркшоп (12 қатысушы);
- Генеративті ЖИ курсы — жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану (13 қатысушы);
- Tech Qyzdar — әйелдер IT-қоғамдастығының кездесуі (5 қатысушы);
- AI Movie Lab — жасанды интеллект көмегімен анимациялық контент жасау (26 қатысушы);
- 3D-дизайн және архитектура — интерьер жасау бойынша екі күндік курс (17 қатысушы);
- Digital Qazaqstan Battle жартылай финалы (22 қатысушы);
- Digital Nauryz: Bauyrsaq Pitch — үздік стартаптардың таныстырылымы (41 қатысушы).
Астана қаласында өткен «Digital Qazaqstan» халықаралық IT-форумы аясындағы «AI-Sana» сессиясында Қызылорда облысының өкілдері Нұрбол Оналбеков пен Нұрбек Әбілдаев «PhishGuard» жобасын таныстырды. «PhishGuard» - пайдаланушыларды фишингтік шабуылдар мен алаяқтық әрекеттерден қорғауға бағытталған жасанды интеллект негізіндегі инновациялық шешім. Жоба тиімді киберқауіпсіздік құралы ретінде жоғары бағаланды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласында өткен «Digital Qazaqstan Battle» ұлттық стартап-батлының финалында «Kyzylorda Hub» IT-орталығының резиденті «CortexAI» инновациялық жобасы үздіктер қатарына еніп, II орынды иеленді. Қазылар алқасының шешімімен стартапқа 5 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді. Бұл жетістік жобаның жоғары технологиялық әлеуетін, нарықтағы сұранысын және өңірлік стартап-экожүйенің қарқынды дамуын айқындайды.
Қазіргі уақытта Қызылорда қаласының IT-паркінде 9 резидент тіркелген: «Grand Master», «Smartgeneration», «Kazrobotics», «RedOrda», «Safe Cyberspace», «Flyorda», «MetaSchool», «Vertex», «KeyHorse».
2026 жылдың басынан бастап «Grand Master» бағдарламалау мектебі 13 MeetUp іс-шарасын өткізді. Сонымен қатар, оқушыларға IT саласында кәсіби бағдар беру мақсатында RoadShow іс-шаралары ұйымдастырылуда.
Іс-шараларды өткізу
Қызылорда облысында Цифрландыру жылын өткізу бойынша 50 тармақтан тұратын өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді. 2026 жылдың I тоқсанында жоспарланған 14 іс-шара толық өткізілді.
«Digital Nauryz» аясында өңірде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды, оның ішінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Қызылорда IT-хабының қатысуымен 20-дан астам IT-іс-шара өтті. Қатысушылар қазақтың бай дәстүрлерін, робототехника саласындағы жетістіктерін, интерактивті танымдық сайттар мен арнайы ойындарды әзірлеу арқылы стартап-жобаларын таныстырды. «Қайсар Арена» стадионында цифрлық киіз үй орнатылып, өңірдің цифрлық шешімдері ұсынылды.
Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «DIGITAL NAURYZ» іс-шаралары аясында Қызылорда облысында 20-ға жуық түрлі іс-шара өткізілді.
Атап айтқанда, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтында Ұлттық мәдениет күніне арналған IT-фестиваль ұйымдастырылды. Іс-шараға шамамен 55 жас қатысып, олар қазақтың бай дәстүрлерін заманауи форматта таныстыратын интерактивті сайттар мен арнайы ойындар әзірледі. Бұл бастама бағдарламалау мен ұлттық мұраны ұштастырудың жарқын үлгісі болды.
Қызылорда облысының Цифрлық технологиялар басқармасы, Ақпараттық технологиялар орталығы және Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бірлесуімен Қызылорда қаласының тарихи-өлкетану музейінде «Музейлердегі цифрлық инсталляциялар презентациясы» атты іс-шара өтті. Оған шамамен 50 студент пен оқушы қатысты.
«Сыр Жұлдыздары» шығармашылық орталығында заманауи технологияларды насихаттауға бағытталған дрондармен спорттық ойындар ұйымдастырылды. Шамамен 20 қатысушы кедергілерден өту, дәлдік және жылдамдық бойынша жарыса отырып, дрондарды басқару дағдыларын көрсетті. Бұл жарыс жастардың цифрлық технологияларға қызығушылығын арттырып, олардың инновациялық әлеуетін дамытуға ықпал етті.
«Қайсар Арена» стадионында цифрлық киіз үй орнатылып, онда өңірдің цифрлық шешімдері таныстырылды. Қала тұрғындары мен қонақтары дрондар көрмесін тамашалап, олардың мүмкіндіктерімен танысты, сондай-ақ робототехника саласындағы жетістіктерді көріп, интерактивті алаңдарда жаңа технологияларды сынап көру мүмкіндігіне ие болды.
Мерекелік іс-шараларға мыңдаған адам қатысып, ұлттық рух пен заманауи технологиялардың үйлесімін сезінді.
Жалпы алғанда, «DIGITAL NAURYZ» аясында ұйымдастырылған іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына цифрлық технологиялармен кеңінен танысуға тамаша мүмкіндік берді.
Ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша 2026 жылғы I тоқсанға арналған
ақпарат
2026 жылдың І тоқсанында ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне жедел әрекет етуге арналған MISP веб-платформасында 379 инцидент тіркелді. Олардың барлығы белгіленген мерзімде жедел қаралып, жойылды.
Мемлекеттік органдар бөлінісі бойынша инциденттердің үлесі:
• Білім беру ұйымдары – 202 (53,3%);
• Қала және аудан әкімдіктері және оларға қарасты бөлімдер – 67 (17,7%);
• Денсаулық сақтау басқармасына қарасты ұйымдар – 6 (1,6%);
• Басқармаларға қарасты мекемелер – 9 (2,4%);
• Ақпараттық қауіпсіздік қатерлері, зиянды белсенділік – 95 (25%).
Қызметкерлердің киберқауіпсіздік саласындағы құзыреттілігі мен хабардарлығын арттыру мақсатында 2026 жылдың 1-тоқсанында citizensec.kz және nomadguard.kz порталдары арқылы барлығы 1268 (1015 – аудан/қала әкімдіктері, 253 – облыстық басқармалар) мемлекеттік қызметші кибергигиена негіздері бойынша оқудан өтті.
Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімімен атқарылған жұмыстар
Облыстың жергілікті атқарушы органдарымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 195 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
2026 жылдың 1-тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен 1 156 780 қызмет көрсетілді, о.і.:
3 060 қызмет (0,3%) - мемлекеттік мекемелер арқылы қағаз түрінде;
4 347 қызмет (0,4 %) – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;
1 149 373 қызмет (99,3 %) - «Электрондық үкімет» веб-порталы мен ақпараттық жүйелер арқылы электронды түрде көрсетілген.
Жергілікті атқарушы органдардың ішкі мемлекеттік бақылау жоспарларына сәйкес 24 мемлекеттік қызмет беруші объекті тексеріліп, нәтижесімен 2 заң бұзушылық фактісі анықталды (2025 ж. 1-тоқсанында 34 объект тексеріліп, 99 заң бұзушылық анықталған).
Жауапты қызметті беруші 1 тұлғаға «Ескерту» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.
Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімімен ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ай-сайынғы ұсынған ХҚКО ЫАЖ жүктемесіне сәйкес (2025 ж. желтоқсан айы мен 2026 жылдың қаңтар-ақпан айлары) 142 өтінім зерделеніп, нәтижесімен
3 мерзім бұзушылық фактісі анықталды.
Жауапты қызметті беруші 2 тұлға әкімшілік айыппұл төлеу туралы жауаптылыққа тартылса, 1 тұлға «Ескерту» тәртіптік жазасын алды.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын арттыру арқылы тұрғындардың мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін көтеру, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша тұрғындардың хабардарлығын арттыру және қызметті беруші мекемелерге мемлекеттік қызмет көрсету процестерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен қызмет көрсетудің бизнес-процестері бойынша түсіндірме семинарларын ұйымдастыру мақсатында 3 іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Орындалуы бақылауда.
Облыс тұрғындарына «ЕГКН» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін жер қатынастары саласындағы қызметтердің тұрақты әрі кедергісіз көрсетілуін қалыптастыру мақсатында аталған жүйеге табиғи монополиялар субъектілерін қосу жұмыстары жүргізілді (қосылу жұмыстары толық аяқталды).
2025 жылы орын алған заң бұзушылықтарды ескере отырып, мемлекеттік қызметтерді көрсетуде заң бұзушылық фактілерін одан әрі болдырмау мақсатында облыстық білім басқармасына барлық қызметтердің көрсету сапасын қатаң бақылау бойынша хат жолданды (03.04.2026 ж. №05-9/41 хатымен).
«Жасырын» қызметтерді анықтау жұмыстарының нәтижесінде жер қатынастары саласындағы көрсетілетін «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау» «жасырын» қызметі анықталып, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар министрлігіне және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу туралы ұсыныс жолданды (17.03.2026 ж. №18-7/25 хатымен).
Білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің кедергісіз көрсетілуін қалыптастыру мақсатында «Халыққа қызмет көрсету орталығының» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне тиісті қызметті беруші мекемені енгізу туралы ұсыныс жолданды (13.03.2026 ж. № 05-7/23 хатымен).
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет көрсетудегі туындаған мәселелер бойынша (мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестеріне, орын алған техникалық ақауларға) қызмет беруші мекемелердің жауапты қызметкерлеріне күнделікті «WhatsApp» қосымшасындағы құрылған жұмысшы чаттарда консультациялық көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда облысы бойынша байланыс және интернетпен қамтамасыз ету
Қызылорда облысында барлығы 223 ауылдық елді мекен (бұдан әрі – АЕМ) бар, оның ішінде: халық саны 250 адамнан асатын 170 елді мекен, 250 адамнан аз 53 елді мекен.
Мобильді интернетпен 208 АЕМ қамтамасыз етілген (оның ішінде 170 елді мекенде халық саны 250 адамнан жоғары, 38 елді мекенде 250 адамнан төмен). Байланыс желілері бойынша: 2G – 7 АЕМ, 3G – 66 АЕМ, 4G – 135 АЕМ қамтылған.
Облыс бойынша 2024 жылы анықталған 12 «ақ дақ» (АҚ «Кселл» – 1, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС – 6, «Кар-Тел» ЖШС – 5) және 2025 жылдың II тоқсанында анықталған 10 «ақ дақ» (АҚ «Кселл» – 8, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС – 1, «Кар-Тел» ЖШС – 1) толықтай жойылды. 2025 жылдың IV тоқсанында анықталған 8 «ақ дақтың» (АҚ «Кселл» – 1, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС – 2, «Кар-Тел» ЖШС – 5) ішінде қазіргі таңда 2 локацияда («Кар-Тел» ЖШС) интернет сапасы жақсартылды.
2026 жылғы 12 ақпанда Қызылорда облысының әкімдігі байланыс және интернетті дамыту бойынша өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды. Аталған меморандум аясында АҚ «Қазақтелеком» 2026–2027 жылдары 65 ауылдық елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісін тартуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысындағы «Қызылорда–Жезқазған» және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолдары бойында 9 антенна-діңгек құрылыстарын (АДҚ) салу жоспарлануда. Барлық 9 АДҚ орналастыру координаттары бойынша жобалық-сметалық құжаттама, мемлекеттік сараптама, бағалау және жер учаскелерін рәсімдеу толық аяқталған.
Қазіргі уақытта инженерлік желілерге (талшықты-оптикалық байланыс желісі және электрмен жабдықтау) арналған жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық нысандар бойынша құжаттарды толық рәсімдеу аяқталғаннан кейін белгіленген тәртіппен аукцион өткізу жоспарлануда. Аукцион қорытындысы бойынша жоба инвесторы – АҚ «Транстелеком» жобалық-сметалық құжаттаманы сатып алып, одан әрі құрылыс-монтаж жұмыстары мен антенна-діңгек құрылыстарын салу кезеңіне көшу жоспарланып отыр.