Лого

Меню

Страницы

Статья

Бюджетті орындау

2020 жылдың 1 шілдесіне Қызылорда облысы
бюджетінің атқарылуы туралы

Қызылорда облысы бойынша 2020 жылдың 1 шілдесіне бюджет түсімдері 102,6 пайызға орындалды (болжам 176647,5 млн.теңге, нақты түскені 181282,7 млн.теңге), оның ішінде бюджеттің өз кірістері 119,7 пайызға орындалды (болжам 23342 млн.теңге, түскені 27946 млн.теңге), артық түскені 4635,2 млн.теңге.
Республикалық бюджеттен 137194,8 млн.теңге нысаналы трансферттер алынды (100 пайыз), оның ішінде субвенция – 102346 млн.теңге, ағымдағы нысаналы трансферттер – 27814 млн.теңге, нысаналы даму трансферттері – 7034,8 млн.теңге.
2020 жылдың 1 шілдесіне Қызылорда облысы бюджетінің шығындар жоспары 99,6 пайызға орындалды (жоспар 162116,8 млн.теңге, орындалғаны 161535,3 млн.теңге). Игерілмегені 581,5 млн.теңге, оның ішінде: аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей болды:
Арал ауданында – 99,8 % орындалып, 21,8 млн.теңге;
Қазалыда – 99,9 % орындалып, 11,2 млн.теңге;
Қармақшыда – 99,8 % орындалып, 15,9 млн.теңге;
Жалағашта –99,6 % орындалып, 26,2 млн.теңге;
Сырдарияда – 100 % орындалып, 0,4 млн.теңге;
Шиеліде – 99,4 % орындалып, 86,7 млн.теңге;
Жаңақорғанда – 98,7 % орындалып, 155,2 млн.теңге;
Қызылорда қаласында – 99,6 пайызға орындалып, 167,5 млн.теңге игерілмеді.
Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы 99,8 пайызды құрады, игерілмегені 96,2 млн.теңге.
Республикалық бюджет қаржысы жоспары 39272,8 млн.теңгенің 39115 млн.теңгесі немесе 99,6 пайызға игерілді, игерілмегені 157,8 млн.теңге, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша 71,4 млн.теңге, нысаналы даму трансферттер бойынша 84 млн.теңге, кредиттер бойынша 2,4 млн.теңге.
ҚР Үкіметінің резерві қаржысы 564 млн.теңгеге игерілді (100 пайыз).
Жергілікті бюджет қаражаты 99,7 пайызға игерілді, игерілмегені 404,6 млн.теңге соманы құрады.


2020 жылдың 1 мамырына Қызылорда облысы

бюджетінің атқарылуы туралы

Қызылорда облысы бойынша 2020 жылдың 1 мамырына бюджет түсімдері 104 пайызға орындалды (болжам 94407,4 млн.теңге, нақты түскені 98217,8 млн.теңге), оның ішінде бюджеттің өз кірістері 127,6 пайызға орындалды (болжам 14027,8 млн.теңге, түскені 17896,6 млн.теңге), артық түскені 3810,4 млн.теңге.
Республикалық бюджеттен 75547 млн.теңге нысаналы трансферттер алынды (99,9 пайыз), оның ішінде субвенция – 60536 млн.теңге, ағымдағы нысаналы трансферттер – 11381,6 млн.теңге, нысаналы даму трансферттері – 3629,4 млн.теңге.
2020 жылдың 1 мамырына Қызылорда облысы бюджетінің шығындар жоспары 98 пайызға орындалды (жоспар 87988,5 млн.теңге, орындалғаны 86218,2 млн.теңге). Игерілмегені 1770,3 млн.теңге, оның ішінде: аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей болды:
Арал ауданында – 99,5 % орындалып, 28,6 млн.теңге;
Қазалыда – 99,6 % орындалып, 28,2 млн.теңге;
Қармақшыда – 98,9 % орындалып, 55,3 млн.теңге;
Жалағашта – 98,8 % орындалып, 44,3 млн.теңге;
Сырдарияда – 99,2 % орындалып, 31,3 млн.теңге;
Шиеліде – 99,7 % орындалып, 23,4 млн.теңге;
Жаңақорғанда – 99 % орындалып, 62 млн.теңге;
Қызылорда қаласында – 95,9 пайызға орындалып, 751,1 млн.теңге игерілмеді.
Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы 97,7 пайызды құрады, игерілмегені 745,8 млн.теңге.
Республикалық бюджеттен түскен қаржысы 17535 млн.теңгенің 17160,5 млн.теңгесі немесе 97,9 пайызға игерілді, игерілмегені 374,5 млн.теңге, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша 134,5 млн.теңге, нысаналы даму трансферттер бойынша 240 млн.теңге.
ҚР Үкіметінің резервінен жоспарланғаны 579,4 млн.теңге, игерілгені 122,8 млн.теңге (21,2 пайыз), игерілмегені 456,6 млн.теңге.
Жергілікті бюджет қаражаты 98,7 пайызға игерілді, игерілмегені 939,2 млн.теңге соманы құрады.


2020 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда облысы
бюджетінің атқарылуы туралы

Қызылорда облысы бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына бюджет түсімдері 100,9 пайызға орындалды (болжам 302610,7 млн.теңге, нақты түскені 305340,9 млн.теңге), оның ішінде бюджеттің өз кірістері 105 пайызға орындалды (болжам 56511,2 млн.теңге, түскені 59321,5 млн.теңге), артық түскені 2730,2 млн.теңге.
Республикалық бюджеттен 229600,4 млн.теңге нысаналы трансферттер алынды (100 пайыз), оның ішінде субвенция – 137165,7 млн.теңге, ағымдағы нысаналы трансферттер – 61702,4 млн.теңге, нысаналы даму трансферттері – 30732,3 млн.теңге.
2020 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда облысы бюджетінің шығындар жоспары 99,2 пайызға орындалды (жоспар 304650,1 млн.теңге, орындалғаны 302157,4 млн.теңге). Игерілмегені 2492,7 млн.теңге, оның ішінде: аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей болды:
Арал ауданында – 99,1 % орындалып, 152,2 млн.теңге;
Қазалыда – 98,9 % орындалып, 248,7 млн.теңге;
Қармақшыда – 99,5 % орындалып, 74,7 млн.теңге;
Жалағашта –99,9 орындалып, 9,0 млн.теңге;
Сырдарияда – 99,1% орындалып, 93,4 млн.теңге;
Шиеліде – 99,6 % орындалып, 75,9 млн.теңге;
Жаңақорғанда – 99,8 % орындалып, 35,5 млн.теңге;
Қызылорда қаласында – 98,9 пайызға орындалып, 846,8 млн.теңге игерілмеді.
Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы 99,1 пайызды құрады, игерілмегені 956,5 млн.теңге.
Республикалық бюджет қаржысы жоспары 100809,7 млн.теңгенің 99271,0 млн.теңгесі немесе 98,5 пайызға игерілді, игерілмегені 1538,7 млн.теңге, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша – 886,5 млн.теңге, нысаналы даму трансферттер бойынша – 648,9 млн.теңге, алынған қарыздар бойынша – 3,3 млн.теңге.
Жергілікті бюджет қаражаты 99,5 пайызға игерілді, игерілмегені 954,0 млн.теңге соманы құрады.

Дата публикации
10 июля 2020
Дата обновления
10 июля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы