Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылордада референдумға дауыс беретін азаматтар үшін арнайы платформалар іске қосылды

15 наурыз күні елімізде Республикалық референдум өткізіледі. Маңызды саяси науқанда азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай үшін Қызылорда облысының әкімдігі арнайы платформаларды іске қосты.
Облыс тұрғындары үшін referendum.orda.gov.kz сайты қолжетімді. Азаматтар сайтқа кіріп, ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін оңай таба алады.
Тұрғындар аталған сайтқа кіру арқылы учаскелік референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпаратты алады. Сондай-ақ, әрбір азамат яндекс карта арқылы өз учаскесіне баратын жолдың сызбасын да көре алады. Бұл азаматтар үшін өте қолжетімді әрі оңай сервис болмақ.
Бұл қызметтер телеграм желісінде де бар. t.me/referendumKzo_bot арнайы бот жұмыс істейді. Мұнда да әрбір дауыс беруші азамат ЖСН теру арқылы қажетті ақпаратты көре алады.

Мұнан бөлек, референдум кезінде жергілікті тұрғындар үшін 109 бірыңғай байланыс қызметі 24/7 жұмыс жасауға дайын. Диспетчерлер тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, учаскелердің мекен-жайы туралы ақпарат беретін болады.

Сондай-ақ, дауыс беру күні Қызылорда қаласында 5 учаскеде онлайн сервис ашылып, тізімде жоқ азаматтарды тіркеу қызметімен айналысады.

Дата публикации
25 февраля 2026
Дата обновления
25 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы