1) жыл сайын бес жылға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлейді және оны облыс әкімдігінің қарауына енгізеді;
2) облысты дамыту бағдарламасын Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттары негізінде бесжылдық кезеңге, сондай-ақ, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
3) ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын келіседі;
4) облысты дамыту бағдарламасының іске асырылу мониторингін жүргізеді;
5) облыстық бюджеттік комиссиясының жұмыс органы функциясын жүзеге асырады;
6) облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің арасында жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы облыстық мәслихат шешімі жобасын әзірлейді;
7) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, облыстық бюджетті жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді және облыстық бюджет жобасын облыстық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;
8) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, облыстық бюджетке түсетін түсімдерді болжауды жүзеге асырады;
9) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді жоспарлы кезеңге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының, облыстық бюджеттің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, облыстық бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды;