Лого

Меню

Страницы

Статья

ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІНДЕ 378 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Президент Жарлығына сәйкес, елімізде 15 наурызда Республикалық референдум өткізіледі.
ҚР Орталық референдум комиссиясы «Республикалық референдумды өткізу және ұйымдастыру» мәселелеріне арналған Күнтізбелік жоспарды бекітті.
Қазіргі таңда референдумды ұйымдастыру мәселелеріне қатысты дайындық жұмыстары жүргізілуде.

- Референдум күні Қызылорда өңірінде 9 аумақтық, 378 референдум учаскесі жұмыс жасайды. Оның 126-ы Қызылорда қаласында, қалғандары аудандарда.
Облыс бойынша 2705 учаскелік референдум комиссиясының мүшесі қызмет атқарады.
Қазіргі таңда учаскелерді жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Дауыс беру кабиналары арнайы ширмамен жабдықталып, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдайлар жасалады. Бұл ретте жергілікті әкімдіктермен бірлескен жұмыс бар.
Аймақта 497 350 дауыс беруші азамат тізімге енгізілген,-деді Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов.

Комиссия мүшелерінің біліктілігін арттыру бағытында оқыту жұмыстары жүргізіледі. Көшпелі оқытуға қала және аудандағы аумақтық сайлау комиссиясының 56 мүшесі мен учаскелердегі 1190 комиссия мүшесі қамтылады. Қалған комиссия мүшелері каскад әдісімен оқытылады.
Бүгінгі күні Қызылорда облысында 23 қоғамдық бірлестік аккредиттациядан өткізілді. Олар Референдум процесі кезінде бақылау жұмыстарын жүргізе алады.

 

Дата публикации
18 февраля 2026
Дата обновления
18 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы