Құрметті сайлаушылар!
Қадірлі әріптестер!
Барша сайлаушыларды және сайлау комиссияларында қызмет ететін әріптестерімді 5 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл атаулы күн – демократиялық құндылықтарды дәріптейтін, азаматтардың саяси белсенділігі мен құқықтық мәдениетінің маңызын айқындайтын ерекше мерекеге айналды.
Жыл өткен сайын бұл күннің мәні мен маңызы арта түсуде. Себебі қоғамда дауыс берудің құндылықтары жоғары бағаланып, әрбір азамат сайлауға қатысуды ел тағдырына бей-жай қарамайтын азаматтық жауапкершілік деп түсінеді.
Сайлау – халық пен биліктің арасындағы сенім көпірі. Ол – әділдікке, ашықтыққа және заң үстемдігіне негізделген мемлекеттік басқарудың берік тірегі екені даусыз.
Бұл ретте сайлау мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауатын арттыру және дауыс беруге деген белсенді шақыру – баршамызға ортақ міндет.
Киелі Сыр елі тұрғындары қай сайлау болмасын ауызбіршіліктің, ұйымшылдықтың және жоғары азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетіп келеді. Бұл – өңір халқының ел болашағына деген жауапкершілігінің айқын көрінісі.
Дүниежүзілік сайлау күні аясында облысымызда бірқатар мазмұнды шаралар ұйымдастырылуда. Танымдық кездесулер, мазмұнды басқосулар, интеллектуалдық ойындар мен түрлі конкурстар өткізіліп, жастардың сайлау тақырыбына қызығушылығын арттыруға, құқықтық мәдениетін нығайтуға бағытталған игі бастамалар жүзеге асуда.
Мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, бірлік пен тұрақтылық тілеймін. Ел болашағы жолындағы жауапты істеріңізге табыс, мемлекетіміздің дамуына қосқан үлестеріңізге береке тілеймін!
Құрметпен,
Әділбек Ерсұлтанов,
Қызылорда облысының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
