Мемлекеттік сатып алу саласында орталықтандырылған бірығай тәжірибені қолдану және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында, облыс әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №687 қаулысының негізінде 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап барлық сатып алу конкурстары облыстық мемлекеттік сатып басқармасымен (әрі қарай Басқарма) өткізіліп келеді.
2025 жылдың 4-тоқсан бойынша Басқармамен 298,4 млрд.теңгеге барлығы 3 304 мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды.
3 304 конкурстың – 1 084 тауарлар (33%), 1 164 жұмыстар (35%), 1 056 көрсетілетін қызмет (32%) түрлері бойынша өткізілді.
Бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында Басқарма тарапынан барлық облыстық тапсырыс берушілердің мамандары үшін 12 ай бойынша 165 шара ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, 2025 жылдың мамыр және қыркүйек айларында тексеру комиссиясы және ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, барлық аудандарда көшпелі семинар-кеңестер өткізілді.