Лого

Меню

Страницы

Статья

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 29 сессиясы өтті

Бүгін облыстық мәслихат депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ, тиісті басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Алғашқы мәселе – «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №199 шешіміне өзгерістер енгізу туралы болды. Бұл жөнінде облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы С.Мырзабек хабарлама жасады.
Хабарламадан соң, депутат І. Тілеп облыстық жедел басқару орталығына 10 дана дронды жалға алу орнына, оларды сатып алу мүмкіндігін қарастыру туралы ұсынысын жеткізді.
Аталған сұраққа байланысты облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары С. Ибадулла түсіндірме берді.
Өзге де қосымша сұрақтар бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы С.Мырзабек жауап берді.
Күн тәртібіндегі «Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 179 шешіміне толықтыру енгізу туралы екінші мәселе бойынша облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Б.Ідірісов хабарлама жасап, ұсынылып отырған толықтыруларға жан-жақты тоқталды.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіне ұсынылған барлық мәселе бірауыздан мақұлданып, шешім жобалары сессия қарауына жіберілді.
Бірлескен отырыстан кейін, облыстық мәслихаттың кезектен тыс 29 сессиясы жалғасты. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов төрағалық етті. Сессия алдында өткен бірлескен отырыста жан-жақты талқыланған мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, тиісті шешімдер қабылданды.

Дата публикации
26 января 2026
Дата обновления
26 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы