Лого

Меню

Страницы

Статья

Жас сайлаушылар клубы жаңа форматта жұмысын бастады

Республика күніне орай Қызылорда облысында Жас сайлаушылар клубы құрылып, жаңа бағытта жұмысын бастады. Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы жанынан құрылған клуб құрамына бүгінде 85 жас енді. Олар Қызылорда қаласында және аудандарда әртүрлі форматта жұмыс жасауға ниет білдірді.
Ұлттық мереке аясында Жастар ресурстық орталығында Жас сайлаушылар клубының мүшелері басқосты. Клубтың басты мақсаты — жастардың сайлау процесіне деген қызығушылығын арттыру, сайлау мәдениетін қалыптастыру және қоғам өміріндегі белсенділігін күшейту. Кездесуде Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов сайлау жүйесін дамытуда және саяси процестерді ақпараттандыру, түрлі жобалар жасауда жастардың әлеуеті өте маңызды екенін тілге тиек етті.
– Жас сайлаушылар клубы – тек пікір алмасу алаңы ғана емес, ол - жастардың конституциялық құқығын пайдалана отырып сайлау процестерінде демократиялық құндылықтарды дамытуға серпін беретін және қоғамдық істерді бірлесе атқаратын ортақ алаң. Сондықтан мен сіздерді белсенді болуға, жаңа идеялар ұсынуға, қоғамды ақпараттандыруға және өз қатарластарыңызға үлгі болуға шақырамын,-деді Ә.Ерсұлтанов.
Жиында жас сайлаушылар клубының мүшелеріне куәлік табысталып, арнайы жадынама таратылды. Өз кезегінде клуб мүшелері алдағы уақытта сайлау процестеріне қатысты түрлі іс-шаралар, конкурстар, квесттер мен дебаттар өткізу туралы уағдаласты.
Жиында клуб жұмысын үйлестіру тобының мүшесі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Экономика және құқық институтының» директоры Айнұр Исаева, Жастар ресурстық орталығының директоры, клуб мүшесі Әліби Басаров сөз алып, жастарды ортақ идеяға біріктіретін жобалар жасауға дайын екендігін білдірді.

Дата публикации
20 января 2026
Дата обновления
20 января 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы