Өнеркәсіп. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 1074,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 97,3 пайыз.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 406,4 млрд.теңгені құрады, НКИ – 106,4%.
2025 жылы өңдеу өнеркәсібінде құны 30,0 млрд.теңгені құрайтын, 488 жұмыс орны құрылатын 20 инвестициялық жоба іске асырылды.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 774,4 млрд. теңгені құрады немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 110,6 пайыз.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 365,8 млрд. теңгені құрап, өсім 21,8% көрсетті.
939,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 108,4 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 233,4 млрд. теңгені құрады немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 101,3 пайыз.
Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 2025 жылдың 3 тоқсанына – 4,6 пайызды құрады.
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 48414 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 30885 адам.
2025 жылдың 3 тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 353,2 мың теңгені құрады немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 108,6 пайыз.
Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 477,3 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 114,7 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 306,3 млрд. теңге түсті (болжамға 118,5 пайыз), жергілікті бюджетке 171,0 млрд. теңге (болжамға 108,4 пайыз).