Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
2025 жылы облыс әкімінің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, күн тәртібінде 9 мәселе қаралды.
Комиссия отырыстарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар салалардың (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша) жергілікті бюджеттерден қаржыланатын атқарушы органдар басшыларының баяндамалары тыңдалып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
19 қазандағы №12 бұйрығы шеңберінде №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты іске асырылуда.
Жобаның негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы бойынша жұмыс сапасын арттыру болып табылады.
Жобалық басқару аясында барлық облыстық мемлекеттік органдарда осы № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша 3 жобалар тобы бойынша жұмыстар іске асырылып келеді. Олар:
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау;
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы кестесіне сәйкес облыстық басқармаларға, қала және аудан әкімдіктеріне және оларға қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында 88 мемлекеттік қызметкер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында оқытудан өтті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау» бағыты бойынша облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 48 шара өткізілді.
Қызылорда облысындағы сыбайлас жемқорлықтың ахуалы туралы
ақпарат
2025 жылы Қызылорда облысында 39 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 41,8% төмендеген (2024 ж. – 67).
Жалпы, сыбайлас жемқорлық сипатында 55 қылмыс өндірісте болса, оның 41 сотқа жолданған.
Тіркелген 39 сыбайлас жемқорлық қылмыстар келесі санаттарды құрайды:
пара беру – 10
қызмет өкілеттігін теріс пайдалану – 6;
пара алу – 6;
алаяқтық – 6;
сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу – 3;
парақорлыққа делдал болу – 2;
кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу – 2;
қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) – 1;
лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану – 1;
Қызметтегi әрекетсiздiк – 1;
Заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау – 1.
Жыл басынан тергеу өндірісінде болған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істер бойынша сотқа жолданған тұлғалардың саны 25 болса, оның ішінде орталық атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары – 5, жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері – 10, басқалар – 10.