2025 жылдың 12 ай мерзімінде онлайн және офлайн форматта 37 роуд-шоу және 100-ден аса кездесулер ұйымдастырылды, оның ішінде, шет мемлекеттер мен көрші облыстарға 10 іссапар (Қытай – 1, Өзбекстан – 2, Пәкістан – 1, Швейцария – 1, Алматы – 1, Жамбыл – 1, Астана – 2, Түркістан – 1), ал Қызылорда облысына 27 жұмыс сапарлары ұйымдастырылды (2 испандық, 1 татарстандық, 1 бангладештік, 6 қытайлық, 2 кореялық, 1 венгриялық, 1 БҰҰ елдері, 1 ресейлік, 1 польшалық, 4 өзбекстандық, 4 түркиялық, 1 катарлық, 1 ұлыбритандық, 1 украиндық).
2024 жылдың 2-7 желтоқсан күндері аймақ басшысы Н. Нәлібаевтың Испания еліне жасаған іссапарында «Рока» компаниясы өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында, керамика өнімдерін шығаратын зауыт орналастыру бойынша мәселелер талқыланған болатын.
Нәтижесінде, 2025 ж. 20-22 қаңтар аралығында «Рока» компаниясы өкілдері облысқа іссапармен келіп, облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевтің қабылдауында болды. Іссапар аясында өнідіріске қажетті шикізат пен инженерлік-инфрақұрылым жеткізушілермен (электр, су, газ желілері мен автомобильді/теміржол жолдары) кездесті.
Анықтама: «Латон Маркет», «Aral quartz» - кварц құмы (Қызылорда), «Ай Орда» - саз (Қызылорда), «Zerde Minerals» - каолин (Ақтөбе облысы), «Shaltas mineral» - дала шпаты (Қарағанды облысы), «Арал сода» - кальциленген сода (Қызылорда).
2025 ж. 7 ақпан күні облысқа Татарстанның уәкілетті өкілі Д. Валеевтің іссапары ұйымдастырылды. Іссапар барысында, облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевтің қабылдауында болып, жергілікті кәсіпорындар жұмысымен танысты.
2025 ж. 23 ақпан – 1 наурыз аралығында облыс әкімі Н. Нәлібаев бастаған бір топ облыстық бизнес-делегацияның Қытай Халық Республикасының Шаньси, Сычуань, Цзяньси және Нинься-Хуэй провинцияларына жұмыс сапары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Нинься-Хуэй және Сычуань провинцияларында 100-ге жуық қытайлық компаниялардың қатысуымен ынтымақтастық орнату туралы бизнес-форумдар өткізілді. Іс-шаралар аясында облыстың инвестициялық әлеуеті, инвестор қажет ететін жобалар таныстырылып, G2B, В2В кездесулер өткізілді.
Атқарылған жұмыстар мен іссапар нәтижесінде ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларында озық технологияларды енгізу бойынша жалпы құны 10,8 млрд. теңгені құрайтын 9 келісім-шартқа қол қойылды. Осы келісімшарттар негізінде бүгінгі күні делегация құрамындағы 3 компания жалпы құны 2,8 млрд.теңгені құрайтын қытайлық озық технологияны өндіріске енгізді.
Анықтама: «Абзал және К» ТС – құны 1 млрд.теңге күріш өңдеу зауыты, «Алтын Орда» ЖШС – құны 1 млрд.теңге тұз өндіру зауыты, «АгроХимСервис» ЖШС – құны 311,5 млн.теңге тыңайтқышты кептіру технологиясы.
2025 ж. 17 сәуір күні өңірге жылыжай және тамшылатып суару саласында беделді қытайлық «Shandong Tianlifang Agricultural Development Co., Ltd.» және «Shengda Water-Saving Technology» компанияларының өкілдері өңірге келіп, жылыжай жобаларын ашу бойынша облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевпен кездесуі өтті.
Сонымен қатар, 2025 ж. 18-21 сәуір аралығында өңірде жылыжай саласын дамыту мақсатында облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевтің төрағалығымен облыстық делегация мен аталған шетелдік компания өкілдерінің Алматы және Жамбыл облыстарына іссапары ұйымдастырылып, тәжірибе алмасу мақсатында жетекші жылыжай кешендерімен таныстырылды.
2025 ж. 18 сәуір күні қытайлық «Baosheng Silk Road Investment Holding Group» компаниясы өкілдері Қызылорда облысына іссапармен келіп, облыс әкімінің орынбасары Б. Жахановпен кездесіп, облыста тері және жүн өңдеу саласында бірлескен жобаларды қарастырып, екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Іссапар аясында шетелдік инвесторлар өңірдегі ет өндірісімен айналысатын «КЗО Ет» ЖШС және «Ақ Барыс» ЖШС-нің басшыларымен кездесулер ұйымдастырылып, жаңа жобаларды орналастыру мақсатында индустриялық аймақпен таныстырылды.
Сондай-ақ, Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев пен Түркімен халқының Ұлттық көшбасшысы, Түркіменстан Халк мәслихатының төрағасы Г. Бердімұхамедовтың қатысуымен өткен өнеркәсіп көрмесіне облыстық тауар өндірушілердің қатысуы қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, 2025 ж. 28 сәуірде облыс әкімінің орынбасары А.Зебешев бастаған облыстық делегацияның Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен «ИННОПРОМ. Орталық Азия» 5-ші халықаралық өнеркәсіп көрмесіне және «ТМД-ға қатысушы мемлекеттер өңірлері І форумына» қатысу сапарлары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
2025 ж. мамыр айында (6-7мамыр) Вьетнам Компартиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламның Астана қаласына мемлекеттік сапары аясында Қызылорда облысы мен Вьетнамның Хынгйен провинциясы арасында бауырластық қатынастар орнату туралы Меморандумға қол қойылды.
Одан бөлек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес және ҚР Премьер-Министрі О.А. Бектеновтың 2024 жылғы 12 қарашадағы Қызылорда облысына жұмыс сапары қорытындысымен «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайы маңынан арнайы экономикалық аймақ құру мәселесін тиісті министрліктермен пысықтап, енгізу туралы тапсырмасын орындау мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылды.
Нәтижесінде, ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 14 мамырдағы №336 қаулысымен «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағын құру туралы шешім қабылданды.
Жобаның басты мақсаты – өңірге инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, салық түсімдерін ұлғайту, жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындарды құру және көліктік-логистикалық әлеуетті дамыту есебінен нарықты сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету болып табылады.
АЭА аумағы 550 гектарды құрайды. Қорқыт ата әуежайының қасында орналасады.
«Қорқыт Ата» АЭА құрылымында 3 ішкі аймақ қарастырылған: авиацияға қызмет көрсету аймағы (50 га), көтерме-бөлшек сауда, қоймалау және сақтау аймағы (100 га), өнеркәсіптік аймақ (400 га). Қазіргі таңда АЭА тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 18 негізгі экономикалық қызмет түрлері (ОКЭД) келісілді.
2025 ж. 14 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары А.Зебешев пен қытайлық «KCT» компаниясының директоры Янь Тау мырзамен өңірде силикат-кальций тақтайшалар мен басқа да құрылыс бұйымдар шығаратын жаңа зауыт салу туралы Меморандумға қол қойылды.
Жоба құны 6 млн АҚШ долл. құрайды және инновациялық технологиялар қолдана отырып, жылына 5 млн. шаршы метр өнім шығаруды жоспарлап отыр.
2025 ж. 11 маусым күні облысқа «Roca Group» компания өкілдері іссапармен болып, Қызылорда облысының «Өндіріс» индустриялық аймағындағы жер телімімен танысты.
Осы ретте, 2025 ж. 13 маусым күні Астана қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Рокамен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Қызылорда облысында санитарлық-техникалық бұйымдар шығаратын зауыт салу мәселелері мен инвестициялық әріптестікті одан әрі дамыту жолдары қарастырылды.
2025 ж. 16 маусым күні облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев Астана қаласында өткен «Қытай – Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумына қатысты.
Форум аясында Қызылорда облысының әкімдігі мен инвесторлар арасында жалпы сомасы 10,7 млрд теңгені құрайтын бірқатар стратегиялық жобаларға келісімге қол қойылды. Бұл жобалар «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылмақ.
2025 ж. 1 шілде күні облыс әкімі Н. Нәлібаевтың төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың отырысы өтті. Штаб құрамына облыс прокуроры, жергілікті және орталық атқарушы органның мекемелері, «Қазақ Инвест» ұлттық компаниясы, кәсіпкерлер палатасы, салық органдары енгізілді.
Атап өту қажет, өңірлік инвестициялық штабтың құрамына ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебайдың тапсырмасына сәйкес Президент Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің инспекторы Н. Тайғанов қосылды.
Күн тәртібінде «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағына инженерлік инфрақұрылым тарту, инвестициялық жобалар, шағын өнеркәсіптік аймақтарды дамыту мәселелері қаралды.
2025 ж. 8 шілде күні UN-Habitat қатысуымен «Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 - Қызылорда» форумы өтті. Атап өту қажет Форум Қазақстанда алғаш рет өтіп отыр.
Аталған форумға Біріккен Ұлттар Ұйымының UN-Habitat Ұйымы, БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев қатысты.
Сондай-ақ, Форумының қорытынды пленарлық сессиясында Қызылорда облысы мен UN-Habitat ұйымы арасында декларацияға қол қою рәсімі өтті.
2025 ж. 30 шілде күні «Пуск» компаниясының өкілдері облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевпен кездесіп, Үшқұдық–Қызылорда автомобиль жолын салу мәселелерін талқылады.
2025 ж. 6 тамыз күні «Orient Ceramic» компаниясымен облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевтің қатысуымен кездесу өткізіліп, керамикалық бұйымдар өндіру жобасын іске асыру мәселелері қаралды. Жоба құны – 50 млн АҚШ долл.
2025 ж. 8 тамыз күні «Aksa Energy» компаниясымен жылу электр орталығын (ЖЭО) салу мәселелері талқыланды.
2025 ж. 26 тамыз күні Power International Holding және Ardent Plastik ve Nigde Plastik компанияларымен облыс әкімімен кездесулер өтті. Онда Сырдария ауданында бу-газ қондырғысын (БГҚ) салу, сондай-ақ ирригациялық жабдық өндіру, қалдықтарды қайта өңдеу және түйіршіктер шығару жобаларын іске асыру мәселелері қаралды.
2025 ж. 30 тамыз күні «With You Е&С Kyzylorda» компаниясымен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.
2025 ж. 11 қыркүйек күні «Orient Ceramic» және «Fabe Agro» компанияларының өкілдері облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевпен кездесіп, керамикалық бұйымдар өндіру және өнеркәсіптік жылыжай салу жобаларын талқылады.
2025 ж. 12 қыркүйек күні облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев қытайлық «CRRC Changchun Railway Vehicles Co., Ltd.» компаниясының вице-президенті Чжан Хунцзуньмен және жергілікті «Марал-Нұр» ЖШС бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы келіссөздер жүргізді. Келіссөз нәтижесінде «Марал-Нұр» ЖШС мен қытайлық компания арасында ынтымақтастық бойынша Меморандумға қол қойылды.
2025 ж. 17 қыркүйек күні облыс әкімі «Harvest» және «Технопарк» компанияларымен кездесіп, агроиндустриялық кластер құру және газ есептегіштер өндіру жобаларын қарастырды.
2025 ж. 21 қыркүйек күні облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев пен қытайлық «Cheng Tian Run Kang Medical Limited» компаниясының директоры Ли Шухэ ханыммен талшықты қарасора егу өнеркәсіптік жобасы туралы Меморандумға қол қойылды.
2025 ж. 21 қазан күні облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев пен түркиялық «Ardent Plastik» компаниясымен тамшылатып суару жүйесіне арналған экономикалық аймақ жобасын талқылады.
2025 ж. 30 қазан күні Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қызылорда облысына іссапары ұйымдастырылып, облыста іске асырылатын 7 инвестициялық жобалары таныстырылды: испаниялық «Roca Group» cанитарлық-техникалық бұйымдар шығаратын зауыты, өзбекстандық «Orient Ceramic KZO» керамикалық тақтайша өндіретін зауыты, польшалық «Fabe Agro» жылыжай кешені, сондай-ақ кореялық «With You E&C Kyzylorda» қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорны.
2025 ж. 31 қазан күні облыс әкімі бастаған Қызылорда облысы делегациясы Астана қаласында өткен «Kazakhstan Global Investment Roundtable – 2025» форумына қатысты.
Аталған форум барысында Қызылорда облысының әкімі Н.М. Нәлібаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі және «Harvest» компания арасында облыс аумағында ауқымды агроиндустриялық кластер құру бойныша үшжақты Негіздемелік келісімге қол қойды. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары А.Т. Зебешев пен «Fabe Agro» компаниясы арасында жылыжай кешенін салу жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
2025 ж. 3-7 қараша аралығында Қызылорда облысының әкімі Н.М. Нәлібаев бастаған делегация Швейцария Конфедерациясына ресми жұмыс сапармен барды. Сапар барысында делегация мүшелері Женева, Лауфен және Берн қалаларында бірқатар маңызды кездесулер өткізді.
Облыс әкімі БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Татьяна Валоваямен және Еуропа бойынша экономикалық комиссияның Атқарушы хатшысы Татьяна Молчанмен кездесіп, Женева кантоны Үкіметінің Төрағасы Тьерри Апотеломен, сондай-ақ Берн кантоны Үкіметінің Төрағасы Кристоф Нойхаузбен келіссөздер жүргізді.
Сондай-ақ облыс басшысы мен делегация мүшелері бірқатар жетекші швейцариялық компаниялармен кездесіп, нақты жобаларды талқылады. Олардың қатарында «Harvest Group», «Inoks Capital SA», «Swiss Choice Holding SA», «Laufen» (ROCA Group), «GWF», «RBL Group SA» және «Kanadevia Inova» компанияларының басшылары бар.
2025 ж. 17 қараша күні Қызылорда облысының әкімі Н.М. Нәлібаевтың Өзбекстанға жұмыс сапары ұйымдастырылып, Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысына қатысты.
2025 ж. 4 желтоқсан күні украиндық «Refactor Code Engineering Services KZ» компаниясының басшысы Н. Анатолий облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевпен кездесіп, энергетикалық шығындарды төмендету жобасын талқылады.
2025 ж. 11 желтоқсан күні облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев, Абзал и К серіктестігі және өңірдің бизнес өкілдері Астана қаласында өткен «Қазақстан-Иран» іскерлік форумына қатысты. Кездесу барысында керамикалық бұйымдар шығару, өнеркәсіп және азық-түлік саласы бойынша жұмыс істейтін ирандық кәсіпкерлермен ынтымақтастық мүмкіндіктер жан-жақты талқыланды.
2025 ж. 16 желтоқсан күні ҚР Үкіметі атынан Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен облыс әкімі Н.М. Нәлібаев, екінші тараптан испаниялық «Roca Group» компаниясының еншілес кәсіпорны – «Рока Қазақстан» ЖШС бас директоры Даниэль Эрнандес «Қызылорда облысында заманауи сантехникалық бұйымдарды өндіру және құрастыру зауытының құрылысы» жөніндегі жоғары технологиялық жобаны жүзеге асыруға бағытталған инвестициялық келісімдерге қол қойылды.
2025 ж. 19 желтоқсан күні облыс әкімінің орынбасары А.Т. Зебешев Астанада өткен «Samruk-Kazyna Trust» қорының қоғам алдындағы есебінде Қордың облыстың әлеуметтік-мәдени және спорттық инфрақұрылымына қосқан үлсесі туралы баяндама жасады.
2025 ж. 22 желтоқсан күні қытайлық «CHENGDU SEPMEM ENERGY» компаниясының өкілдері облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевпен сұйытылған газ өндіру зауыты жобасы талқыланып, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
2025 ж. 25 желтоқсан күні қытайлық «Kibing Group» компаниясының өкілдері облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевпен кездесіп, флоат шыны өндіру жобасы талқыланды.
Қол қойылған келісімдер мен меморандумдар, сондай-ақ өткізілген іскерлік кездесулер өңірге инвестициялар тартудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырып, негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемінің өсуіне мүмкіндік берді.
ҚР Үкіметімен бекітілген жоспарға сәйкес 2025 жылы өңірге 631,4 млрд.теңге инвестиция тарту қажет.
2025 жылдың 11 айында өңірге 717,9 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштің өсімі 17,5%-ды құрады (11 ай 2024 ж. – 587,2 млрд. теңге). Индикатор 13,7% немесе 86,5 млрд. теңгеге артық орындалды.
Есепті кезеңде жеке инвестиция көлемі 510,1 млрд. теңгені құрап, көрсеткіштің өсімі 14,1-% құрады (11 ай 2024 ж. – 430 млрд теңге). Жалпы инвестиция көлемінде үлесі 71,1-% құрады.
Сондай-ақ, 2025 жылға өңірге 280 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тарту жоспары бекітілді.
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңір экономикасына 205,7 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 19,1%-ға өсті (9 ай 2024 ж. – 172,7 млн АҚШ долл.). Жоспарланған көрсеткіштің 73,5%-ы орындалды.