Лого

Меню

Страницы

Статья

Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын сақтайтын арнайы меморандумға қол қойылды

Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы мен «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі арасында екіжақты меморандумға қол қойылды.
Бұл екі жақты келісім сайлау процестеріне қатысушы мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай туғызады және сындарлы диалог орнатуға жол ашады.
Жобаның мақсаты - мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын толық жүзеге асыруына жағдай жасау, олардың ақпаратқа, дауыс беру орындарына және сайлау рәсімдеріне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Меморандум аясында мүгедектер қоғамының төрағасы Сағатбек Қуанышбайұлы арнайы азаматтық омбудсмен рөлін атқарады. Ол мүгедектігі бар сайлаушылардың құқықтарының сақталуына бақылау жүргізеді, олардың өтініштері мен ұсыныстарын жинап, сайлау комиссиясына тікелей жеткізеді.
«Тең мүмкіндік» — бұл тек сайлауға қатысу жобасы емес, қоғамдағы теңдік пен әділдіктің нақты көрінісі.
Жоба азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырып, «ешкім тыс қалмайтын қоғам» қағидатын жүзеге асыруға бағытталған.
Айта кетейік, аймақта бүгінгі күні 178 892 жас сайлаушы бар. Олардың 76 112-і Қызылорда қаласында, 102 780-ы аудандарда.
Өңірдегі барлық сайлаушылардың 36 пайызын – жастар құрайды.

Дата публикации
06 января 2026
Дата обновления
08 января 2026
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы