Лого

Меню

Страницы

Статья

«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» ММ Ішкі аудит қызметінің 2025 жылдың 9 айындағы жұмысы туралы ақпарат

2025 жылдың 9 ай қорытындысымен Ішкі аудит қызметі тарапынан 9 оъбектіде аудит жүргізілген. Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 4 647 483,5 мың теңгені құрады.
Нәтижесінде, 102 556,3 мың теңгенің бұзушылықтары анықталған немесе аудитпен қамтылған қаражат көлеміне қарағанда 2,2 % құрайды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 18 619,1 мың теңге (қалпына келтіруге жататыны – 2,5 мың теңге, өндіруге жататыны – 17 516,6 мың теңге, есепте көрініс табуға жататыны – 1 100,0 мың теңге), рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 83 937,2 мың теңге.
Қалпына келтірілгені, өндірілгені, есепте көрініс тапқаны және заңнама талаптарына сәйкестендірілігені 1 601,7 мың теңге немесе қалпына келтіруге, өндіруге, есепте көрініс табуға жататын соманың 8,6 % құрайды, оның ішінде өндірілгені 501,7 мың теңге, есепте көрініс тапқаны 1 100,0 мың теңге.
Аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде 5 шешім қабылданды, оның ішінде 4 шешім орындалды, 1 шешім орындалуда.
Аудит объектілеріне жолданған осы шешімдер 19 ұсынымнан тұрады, оның ішінде 11 ұсыным орындалған, қалғаны орындалуда.
2025 жылдың 9 айында жүргізілген аудиторлық іс-шаралар бойынша өндірілмеген және қалпына келтірілмеген сомалар қалдығы 17 017,4 мың теңге.
Ішкі аудит қызметінің штат саны 4 бірлікті, нақты саны 3 бірлікті құрайды.

Дата публикации
22 октября 2025
Дата обновления
22 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы