Мемлекеттік сатып алу саласында орталықтандырылған бірығай тәжірибені қолдану және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында, облыс әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №687 қаулысының негізінде 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап барлық сатып алу конкурстары облыстық мемлекеттік сатып басқармасымен (әрі қарай Басқарма) өткізіліп келеді.
2025 жылдың 9 ай бойынша Басқармамен 254 млрд.теңгеге барлығы 2 939 мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды.
2 939 конкурстың 2289 ашық конкурс, 506 конкурс рейтингтік-балдық жүйемен, 104 алдын ала іріктеу, 40 аукцион арқылы өткізілді.
Сонымен бірге, 2 939 конкурстың – 954 тауарлар (59,6 млрд.теңге), 1088 жұмыстар (179,9 млрд.теңге), 897 көрсетілетін қызмет (14,3 млрд.теңге) түрлері бойынша өткізілді.
Бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында Басқарма тарапынан барлық облыстық тапсырыс берушілердің мамандары үшін 9 ай бойынша 10 онлайн-конференция, 15 семинар-кеңес, 3 дөңгелек үстел, 2 брифинг және қызметкерлер арасында 30 құқықтық оқыту ұйымдастырылды.