Лого

Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу, өндіру және қайта өңдеу туралы есеп

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында атқарылған жұмыстар туралы

Анықтама

Саланың негізгі көрсеткіштері
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында ауыл шаруашылығында 89 951,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2025 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,4%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 63 177,0 млн. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 107,3%-ға артты.
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына 21 194,6 млн. теңге инвестиция салынып, 2025 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2,1 есеге артты.

Егін шаруашылығы бойынша
Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 193,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.
Оның ішінде дәндi дақылдар 91,2 мың гектар, майлы дақылдар 9,6 мың гектар, мал азықтық дақылдар 75,9 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 16,9 мың гектар.
Өткен жылмен салыстырғанда күріштің көлемі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 10,9 мың гектарға қысқарып, 70,1 мың гектар күріш егілді.
Осыған сәйкес, күріш дақылын жинау жұмыстары бойынша 58 581 гектары орылып, 50 115 гектары бастырылды, орта өнім 50 ц/га.
Бүгінгі күнге, 2027 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша 10 214 тонна күріш тұқымы құйылды.
2026 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 65,6 мың тоннаны құрайды.
Сонымен қатар, қажетті 85,4 мың литр гербицид толық сатып алынды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бойынша қолда бар 3975 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары толық жөндеуден өткізілді (100%)
(Анықтама ретінде: 1843 трактор, 535 комбайн, 462 жатка, 350 жүк көлігі және 785 трактор тіркемелері)
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тарапынан егіс жұмыстарына қажетті 20,3 мың тонна көлемінде арзандатылған дизель отынына өтінім берілді. Оның ішінде көктемгі дала жұмыстарына 10,1 мың тн, күзгі егін жинау жұмыстарына 10,1 мың тн.
Бүгінгі күні бекітілген кестеге сәйкес, жергілікті операторлар арқылы шілде, тамыз, қыркүйек айларына бөлінген 8,7 мың тонна дизель отынының толық келісім шарт жасалып, 7,5 мың тоннасы қаржысы төленіп, облысқа 6,3 мың тоннасы жеткізілді.
Шаруашылықтарға жеткізілетін арзандатылған дизель отынының бағасы литріне 290-291 теңге болып айқындалған.

Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2026 жылдың 1 қыркүйегіне 426,4 мың бас МІҚ, 764,4 мың бас қой мен ешкі, 277,3 мың бас жылқы, 68,5 мың бас түйе және 128,0 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-0,9%-ға, жылқы-2,9%-ға, түйе-3,8%-ға, құс-4,3%-ға артып, қой мен ешкі-96,6%-ды құрады.
Осы есепті кезеңде 24,2 мың тонна ет (тірі салмақта), 31,9 мың тонна сүт және 5 276,3 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 4,0%-ға, сүт өндірісі 4,8%-ға, жұмыртқа 6,4%-ға артты.

Экспорт
Статистикаға сәйкес 2026 жылдың 1 шілдесіне облыстан 23,0 млн. долларды құрайтын 45,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 22 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 85,5 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Түркменстан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия, Ирак, Турция және Афганистан мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 39,1 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 86,3 пайызды құрады.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Қырғызстан, Қытай, Литва, Германия, Дания, Грузия, Венгрия, Польша және Нидерланды мемлекеттеріне 1210,0 тонна балық, Өзбекстан мемлекетіне 25,2 тонна немесе 420 бас қой мен ешкі және Нидерланды, Германия, Польша, Соединенное Королевство, Турция және Тәжікстан мемлекеттеріне 2310,6 тонна қамыс және Ресейге 74,5 тонна күріш қалдығы және Афганистанға 88,0 тонна жүгері, Тәжікстан мемлекетіне 2258,6 тонна майлы дақылдар тұқымы, Латвия мемлекетіне 37,0 тонна қырыққабат, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттеріне 101,7 тонна күнбағыс майы, Тәжікстан мемлекетіне 216,0 тонна қант экспортталды.
Инвестициялық жобалар
Өңірге инвестиция тартуды тұрақты қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 2026-2028 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың Жол картасы бекітілді.
Жалпы құны 172,5 млрд теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба енгізілген. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде 594 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.
2026 жылы жалпы құны 29,6 млрд теңгені құрайтын 8 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі күні оның 3 жобасы пайдалануға берілді.
Қалған инвестициялық жобаларды іске асыру және жыл қорытындысы бойынша белгіленген инвестициялық көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғасуда. 


Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында атқарылған жұмыстар туралы

Анықтама

Саланың негізгі көрсеткіштері
2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында ауыл шаруашылығында 11 390,7 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2025 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,4%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 15 322,0 млн. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 96,3%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына 6 642,2 млн. теңге инвестиция салынып, 2025 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2,8 есеге артты.

Егін шаруашылығы бойынша
Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 185,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру болжанып отыр. Оның ішінде дәндi дақылдар 89,7 мың гектар, майлы дақылдар 6,1 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,2 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 16,8 мың гектар.
Көктемгі егісіне облыс бойынша 20,4 мың тонна күріш тұқымы құйылды. 2026 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 65,6 мың тоннаны құрайды.
Бүгінгі күнге қажетті тыңайтқыштардың 68,3%-ы сатып алынды.
Сонымен қатар, 2026 жылдың егісіне 85,4 мың литр гербицид сатып алу жоспарланған.
2026 жылы 3975 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары көктемгі дала жұмыстарына қатысу жоспарланған. Бүгінгі күнге техникаларды жөндеу, егін науқанына дайындау жұмыстары жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тарапынан келесі жылдың егіс жұмыстарына қажетті 21,7 мың тонна көлемінде арзандатылған дизель отынына өтінім берілді. Бүгінгі күні 2026 жылға мемлекет тарапынан бөлінген дизель отынын жеткізіп беруші операторларды айқындау жұмыстарының құжаттары әзірленуде.

Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2026 жылдың 1 наурызына 372,1 мың бас МІҚ, 612,7 мың бас қой мен ешкі, 274,5 мың бас жылқы, 62,8 мың бас түйе және 120,0 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-2,3%-ға, жылқы-5,2%-ға, түйе-2,0%-ға артып, қой мен ешкі-5,7%-ға, құс-2,5%-ға кеміді.

Экспорт

Статистикаға сәйкес 2025 жылы облыстан 99,0 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, қамыс, күріш қалдығы, қызанақ, қауын, қарбыз, қой мен ешкі) әлемнің 22 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 90,2 пайызын құрайтын күріш өнімі Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Қырғызстан, Литва, Германия, Дания, Нидерланды, Қытай, Румыния, Венгрия, Сербия, Польша және Грузия мемлекеттеріне 2 470,6 тонна балық, Германия, Польша, Түркия, Ұлыбритания және Нидерланды мемлекеттеріне 4 532,2 тонна қамыс, Өзбекстанға 15,6 тонна қой мен ешкі және Ресейге 265,1 тонна күріш қалдығы, 200,0 тонна қызанақ және 2 200,0 тонна қауын, қарбыз экспортталды.

Инвестициялық жобалар

Облысқа инвестиция тартуды тұрақты қамтамасыз ету мақсатында аймақтың агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 2026-2028 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың жол картасы әзірленді.
Жол картада облыс бойынша құны 138,2 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жобалар қамтылған. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы 522 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
2026 жылы құны 26,8 млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.


Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында атқарылған жұмыстар 
 
Саланың негізгі көрсеткіштері
2025 жылдың қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығында       219 390,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,0%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 97 975,0 млн. теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 108,4%-ға артты. 
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына 25,4 млрд. теңге инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 67,2%-ға артты.
 
Егіс көлемі
2025 жылы Сыр өңірінде 189,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, оның ішінде 80,9 мың гектары күріш алқабы.
Биыл күріш алқаптарын лазерлік тегістеу көлемі 60 мың гектарға, су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі екі есеге дейін артып, 8,1 мың гектарға жеткізілді.
Шаруашылықтар егін жинау жұмыстарына қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілді.
Егін жинау науқанына жалпы 4117 ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылды. Сондай-ақ, жаңа 139 техника агропаркке қосылды.
Нәтижесінде, облыс диқандары күзгі жиын-терімге уақытылы кірісіп, толағай табысқа қол жеткізді.
Облыс күрішшілері 470 мың тоннаға жуық өнімді қамбаға құйып, күріштің әр гектарынан 58,1 центнерден өнім алды. Күріштен басқа дәнді дақылдардан 13 мың тонна; майлы дақылдар 5,6 мың тонна; картоп, көкөніс,бақшадан 380 мың тонна; мал азықтық дақылдары 358 мың тонна өнім жиналды.
 
Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2025 жылдың 1 желтоқсанына 409,7 мың бас МІҚ,  747,5 мың бас қой мен ешкі, 263,6 мың бас жылқы, 65,5 мың бас түйе және 122,0 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-0,3%-ға, жылқы-5,9%-ға, түйе-2,1%-ға артса, құс – 99,9%, қой мен ешкі – 95%-ды құрады.
Осы есепті кезеңде 34,2 мың тонна ет (тірі салмақта), 43,5 мың тонна сүт және 7,5 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 4,4%-ға, сүт өндірісі 2,4%-ға, жұмыртқа        8,7%-ға артты.
 
Экспорт
Статистикаға сәйкес 2025 жылдың 1 қарашасына облыстан 36,5 млн. долларды құрайтын 78,3 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 22 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 89,4 пайызын құрайтын күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 69 997,1 тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 104,6 пайызға артты.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Қырғызстан, Литва, Германия, Дания, Нидерланды, Қытай, Румыния, Венгрия, Сербия, Польша және Грузия мемлекеттеріне 1 968,4 тонна балық, Германия, Польша, Түркия, Ұлыбритания және Нидерланды мемлекеттеріне 3 738 тонна қамыс, Өзбекстанға 7,2 тонна қой мен ешкі және Ресейге 160,0 тонна күріш қалдығы, 200,0 тонна қызанақ және 2 200,0 тонна қауын, қарбыз экспортталды.
 
Ауыл халқының табысын арттыру
2024 жылға бағдарлама аясында 2,5 млрд. теңгеге 376 жоба қаржыландырылып, 403 жұмыс орны ашылатын болады.
Оның ішінде, 381,0 млн. теңгеге 17 кооператив қаржыландырылып, 33 жұмыс орындарын ашу көзделген. 
«Ауыл аманаты» жобасымен 107 елді мекен қамтылды. Қайтарылған қаржы есебінен 146,7 млн. теңгеге 15 жоба қосымша қаржыландырылды.
2025 жылға аталған бағдарлама аясында 5,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, 443 жобаны іске асыру көзделуде. 
Бүгінгі күні 1,3 млрд. теңге игеріліп, 161 кәсіпкерге несие берілді.
Жалпы «Amanatnesie.kz» электронды порталы арқылы 4,0 млрд. теңгеге 439 өтінім түсіп, 1,9 млрд. теңгеге 223 жоба мақұлданып, несие берілуде.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында атқарылған жұмыстар туралы анықтама

Саланың негізгі көрсеткіштері
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығында 166 415,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,6%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі қаңтар-қыркүйек айларында 80 857,0 млн. теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 109,9%-ға артты. 
Ауыл шаруашылығының негізгі қорына қаңтар-тамыз айларында 9,9 млрд. теңге инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге (144,0%) артты.
 
Егіс көлемі
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 189,6 мың гектар алқапқа орналастырылды. Негізгі дақыл күріш 80,9 мың гектар жерге егілді.
Облыс бойынша ерте егілген дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды, бүгінгі күні күріш, жемшөп, майлы дақылдар, сондай-ақ көкөністер мен бақша дақылдарын жинау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда күріштің негізгі дақылының 63 643 гектары жиналды, оның 53 945 гектары бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 51,4 центнерді құрайды.
Күріш жинауды қазан айының екінші онкүндігінен кешіктірмей аяқтау жоспарлануда.
Су үнемдеу технологияларын қолданудың арқасында ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары 3,7 мың гектарға ұлғайтылып, жалпы 8,1 мың гектарды құрады.
Облыста күзгі егін жинау науқанына 4117 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы құрылымдары 3,9 млрд теңгеге 133 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.
Күзгі егін жинау науқанын өткізу үшін 10,4 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бүгінгі күні бекітілген кестеге сәйкес жергілікті операторлар арқылы 9,6 мың тонна төленді, оның 7,0 мың тоннасы облысқа жеткізілді.
 
Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2025 жылдың 1 қазанына 421,1 мың бас МІҚ, 780,9 мың бас қой мен ешкі, 268,1 мың бас жылқы, 66,0 мың бас түйе және 122,2 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-0,2%-ға, жылқы-5,8%-ға,  түйе-0,9%-ға артса, құс – 1,5%-ға артса, қой мен ешкі - 94,4%-ды құрады.
Осы есепті кезеңде 26,5 мың тонна ет (тірі салмақта), 34,9 мың тонна сүт және 5,9 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 3,9%-ға, сүт өндірісі 3,0%-ға, жұмыртқа 7,8%-ға артты.
 
Экспорт 
Статистикаға сәйкес 2025 жылдың 1 шілдесіне облыстан 21,9 млн. долларды құрайтын 43,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 19 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 89,2 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 39 152,1 тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 107,3 пайызға артты.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Литва, Германия, Дания, Нидерланды, Қытай, Австрия, Сербия, Польша мемлекеттеріне 1 421,5 тонна  балық, Германия, Польша, Нидерланды және Түркия мемлекеттеріне 3 193,6 тонна қамыс және Ресейге  120 тонна күріш қалдығы экспортталды. 
 
Ауыл халқының табысын арттыру
2024 жылға «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 376 жоба қаржыландырылды (игерілуі 100,0 %). Нәтижесінде 403 жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. 
2025 жылға аталған бағдарлама аясында 5,5 млрд. теңге қаржы қаралып, 559 жобаны іске асыру арқылы 559 жұмыс орындарын ашу көзделуде.
Бүгінгі күні 1,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, «Amanatnesie.kz» электронды порталы арқылы 1,7 млрд. теңгеге 181 өтінім түсіп, несие комитетінің қарауына 1 млрд. теңгені құрайтын 104 жоба ұсынылған. Нәтижесінде 630,0 млн. теңгеге 74 жоба мақұлданып, бүгінгі күнге 83,7 млн. теңгеге 7 жоба қаржыландырылды. 
Сонымен қатар, қайтарылған қаржы есебінен 146,7 млн. теңгеге 15 жоба қосымша қаржыландырылды.

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында атқарылған жұмыстар туралы Анықтама

Саланың негізгі көрсеткіштері

2025 жылдың қаңтар-маусым айларында ауыл шаруашылығында 31 462,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,8%-ға артты.2025 жылға ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 103,0%-дық  көлемде қамтамасыз ету жоспары жыл қортындысымен орындалады.Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі қаңтар-маусым айларында 51 132,0 млн. теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 116,2%-ға артты. 

Егіс көлемі

Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 189,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 93,1 мың гектар, майлы дақылдар 5,7 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,3 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 17,5 мың гектар.Үкіметпен бекітілген Жол картасына сәйкес ағымдағы жылы 80,9 мың гектар жерге күріш дақылы егіліп, суға бастырылды.Ауыл шаруашылығы құрылымдары биылғы жылдың егісі үшін өткен жылдың күз айларында 4,3 мың гектар күздік бидай егуді және 50,4 мың гектар сүдігер айдауды қамтамасыз етті.Ерте егілетін дақылдардан бүгінгі күні 5 362 гектар мақсары, 5 281 гектар жаздық бидай, 22 372 гектар жаңа жоңышқа, 290 гектар арпа, 437 гектар тары, 215 гектар қант құмайы, 143 гектар соя, 209 гектар күнбағыс, 2 003 гектар дәндік жүгері, 591 гектар сүрлем жүгері, 1 627 гектар картоп, 6 611 гектар көкөніс, 9 213 гектар бақша, 5 гектар сұлы, 194 гектар мал жемдік асқабақ егілді.Сонымен қатар, 49 913 гектар ескі жоңышқа, 4 250 гектар күздік бидай тырмаланып, суарылды.Қазіргі таңда күріш егісін үстеп қоректендіру және арам шөптерге қарсы жұмыстары атқарылуда.Облыстың шаруашылық құрылымдары күтімге алған 49,9 мың гектар ескі жоңышқаның 2,4 мың гектары тұқымға қалдырылып, бүгінгі күнгі жағдай бойынша орылуға тиісті 47,5 мың гектардың I-ші орымы толық орылып 119,8 мың тн жоңышқа шөбі дайындалды, орта өнім гектарына 25,2 цн алынды. II орымнан 26,7 мың тонна өнім алынып, орта өнім 24,3 ц/га құрады.Облыстың шаруашылық құрылымдары қажетті тұқымдық материалдарымен толық қамтамасыз етілген.Ағымдағы жылдың егісіне қажетті 64,6 мың тонна минералдық тыңайтқыштардың, 74,1 мың литр гербицидтердің 100 пайызы сатып алынды.Шаруашылықтардың қолда бар барлығы 4046 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары толық жөндеуден өткізілді.Қазіргі таңда арзандатылған дизель отыны шаруашылықтарға әр литріне 254 теңгеден 8,0 мың тоннасы таратылды.

Мал шаруашылығы

Облыс бойынша 2025 жылдың 1 шілдесіне 410,7 мың бас МІҚ, 832,6 мың бас қой мен ешкі, 272,6 мың бас жылқы, 66,5 мың бас түйе және 127,1 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-17,8%-ға, қой мен ешкі-2,3% жылқы-3,5%-ға, түйе-0,6%-ға артты.Осы есепті кезеңде 17,4 мың тонна ет (тірі салмақта), 21,5 мың тонна сүт және 3,3 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 3,6%-ға, сүт өндірісі 3,0%-ға, жұмыртқа 9,4%-ға артты.

Экспорт 

Статистикаға сәйкес 2025 жылдың 1 мамырына облыстан 15,5 млн. долларды құрайтын 31,1 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, қамыс, күріш қалдығы) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 123,8 пайызға артты.Өнімдер әлемнің 16 мемлекетіне экспортталды.Барлық экспортталған өнімнің 90,2 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.Есепті кезеңге 28 062 тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 134,2 пайызға артты.Сондай-ақ, облыстан Ресей, Литва, Германия, Дания, Нидерланды, Қытай мемлекеттеріне 1 060,3 тонна  балық, Германия, Польша және Нидерланды мемлекеттеріне 1 900,5 тонна қамыс және Ресейге  80,0 тонна күріш қалдығы экспортталды.


Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында атқарылған жұмыстар туралы

АНЫҚТАМА

Саланың негізгі көрсеткіштері
2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауыл шаруашылығында 14 537,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,1%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 25 950,0 млн. теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 107,3%-ға артты.
Ауыл шаруашылығы негізгі қорына қаңтар-наурыз айларында 1 087,8 млн. теңге инвестиция салынып, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 55,8%-ды құрады.
Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға қаңтар-наурыз айларында 1 758,8 млн. теңге инвестиция салынып, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге артты.

Егін шаруашылығы
Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 193,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру болжануда. Оның ішінде дәндi дақылдар 97,1 мың гектар, майлы дақылдар 5,6 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,6 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 17,4 мың гектар.
Бүгінде ерте егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 9479 гектар жоңышқа, 2064 гектар мақсары, 3729 гектар бидай, 66 гектар арпа, 33 гектар қант құмайы және 13 гектар судан шөбі егілді.
Негізгі дақыл күрішті сәуір айының үшінші онкүндігінде бастау межеленіп отыр.
2025 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша 22,2 мың тонна күріш тұқымы құйылды.
Сонымен қатар, егіске қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 64,6 мың тоннаны құраса, бүгінгі күнге оның 57 мың тоннасы сатып алынса, қажетті 74,1 мың литр гербицидтің 18 мың литрі сатып алынды.
Көктемгі егіс егу және дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 10,0 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бойынша қолда бар 4046 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары толық жөндеуден өткізілді.
Көктемгі дала және егін егу жұмыстарына дайындық барысы тұрақты бақылауда.

Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда.
Облыс бойынша 2025 жылдың 1 наурызына 363,7 мың бас МІҚ, 649,7 мың бас қой мен ешкі, 260,9 мың бас жылқы, 61,6 мың бас түйе және 123,1 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-20,0%-ға, жылқы-5,7%-ға, түйе-2,7%-ға артып, қой мен ешкі-97,9%-ды, құс-97,0%-ды құрады.
Осы есепті кезеңде 6,0 мың тонна ет (тірі салмақта), 6,0 мың тонна сүт және 615,7 мың. дана жұмыртқа өндіріліп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 3,6%-ға, сүт өндірісі 2,5%-ға артты.

Экспорт
Статистикаға сәйкес 2025 жылдың 1 наурызына облыстан 7,4 млн. долларды құрайтын 15,2 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 16 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 91,1 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 13 843,1 тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 141 пайызға артты.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Литва, Германия, Дания, Нидерланды, Қытай мемлекеттеріне 401,6 тонна балық, Германия, Польша және Нидерланды мемлекеттеріне 907,6 тонна қамыс және Ресейге 40,0 тонна күріш қалдығы экспортталды.


Саланың негізгі көрсеткіштері
2024 жылдың қорытындысы бойынша (қаңтар-желтоқсан айларында) ауыл шаруашылығында 211,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2023 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,3%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 91,9 млрд. теңгені құрап, 2023 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 101,2%-ға артты.
Ауыл шаруашылығы негізгі қорына 14,0 млрд. теңге инвестиция салынып, 2023 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 132,0%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға 2,9 млн. теңге инвестиция салынып, 2023 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 122,0%-ға артты.

Егін шаруашылығы
2024 жылы өңірде 189,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
Оның ішінде дәндi дақылдар 96,8 мың га, майлы дақылдар 4,8 мың га, мал азықтық дақылдар 70,2 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,6 мың гектарға орналастырылса, Сырдың ақ күріші 85,6 мың гектар.
Мемлекет басшысының егістікті әртараптандыру тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы 2,9 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
Сондай-ақ, аймақта су үнемдейтін озық технологияларын енгізу көлемі 2023 жылы 872 гектар болса, 2024 жылы 4,4 мың гектарға жеткізілді.
Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында биылғы жылы диханшы қауымға су қажетті деңгейде жеткізілді.
Шаруашылықтар егін жинау жұмыстарына қажетті ауыл шаруашылығы техникалармен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, егін жинау науқанына жалпы 4400 ауыл шаруашылығы техникалары қатысты. Жаңадан 250 техника агропаркке қосылып, 5%-ға жаңаланды.
Сыр өңірінің диқандары күзге толағай табыспен жетті. Облыс күрішшілері 500 мың тоннаға жуық өнімді қамбаға құйып, күріштің әр гектарынан 58 центнерден өнім алды.
Күріштен басқа дәнді дақылдардан 18,5 мың тонна, майлы дақылдар 4,9 мың тонна,картоп, көкөніс,бақшадан 352,7 мың тонна, мал азықтық дақылдары 327 мың тонна өнім жиналды.

Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда.
Облыс бойынша 2024 жылдың 1 желтоқсанына 408,6 мың бас МІҚ, 787,0 мың бас қой мен ешкі, 249,0 мың бас жылқы, 64,2 мың бас түйе және 122,1 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ -35,3%-ға, қой мен ешкі -14,2%-ға, жылқы - 1,4%-ға, түйе-4,1%-ға, құс 3,3%-ға артты.
Есепті кезеңде 32,7 мың тонна ет (тірі салмақта), 42,5 мың тонна сүт және 6,9 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,8%-ға, сүт өндірісі 2,7%-ды, жұмыртқа өндірісі 1,5%-ға артты.

Экспорт
Статистикаға сәйкес 2024 жылдың 1 желтоқсанына 72,4 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 17 мемлекетіне экспортталды.
Есепті кезеңге 66 747,5 тонна күріш өнімі Ресей, Беларусь, Азербайжан, Тәжікстан, Украина, Моңғолия, Өзбекстан және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Литва, Китай, Дания, Нидерланды, Чехия, Германия, Грузия, Румыния мемлекеттеріне 2 158,6 тонна балық, Германия, Дания, Польша және Нидерланды мемлекеттеріне 1 567,7 тонна қамыс, Ресейге 140,0 тонна күріш қалдығы, 384 тонна қызанақ, 1 280,0 тонна қарбыз, 35,0 тонна қауын және Өзбекстан мемлекетіне 32,5 тонна қой мен ешкі, 19,0 тонна жүзім экспортталды.

Инвестициялық жобалар
Инвестиция тартуды тұрақты қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 2024-2026 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың жол картасы әзірленіп, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісу жұмыстары жүргізілді.
Жол картада облыс бойынша құны 51,9 млрд. теңгені құрайтын 31 инвестициялық жобалар қамтылған. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы 292 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
2024 жылы құны 6,8 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны жүзеге асты.


Саланың негізгі көрсеткіштері
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығында 147 521,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2023 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,8%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 76 656,0 млн. теңгені құрап, 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,3%-ға артты.

Егін шаруашылығы бойынша
Биылғы жылы өңірде 189,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
Оның ішінде дәндi дақылдар 96,8 мың га, майлы дақылдар 4,8 мың га, мал азықтық дақылдар 70,2 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,6 мың гектарға орналастырылды.
Егістікті әртараптандыру тапсырмасына сәйкес, биыл 2,9 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.
Сондай-ақ, аймақта су үнемдейтін озық технологияларын енгізу көлемі 2023 жылы 872 гектар болса, биыл 4,4 мың гектарға жеткізілді.
Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында биылғы жылы диханшы қауымға су қажетті деңгейде жеткізілді.
Шаруашылықтар егін жинау жұмыстарына қажетті ауыл шаруашылығы техникалармен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, егін жинау науқанына жалпы 4400 ауыл шаруашылығы техникалары қатысты. Жаңадан 250 техника агропаркке қосылып, 5%-ға жаңаланды.
Сыр өңірінің диқандары күзге толағай табыспен жетті. Облыс күрішшілері 500 мың тоннаға жуық өнімді қамбаға құйып, күріштің әр гектарынан 58 центнерден өнім алды.
Бүгінгі күні күріштен басқа дәнді дақылдардан 18,5 мың тонна, майлы дақылдар 4,9 мың тонна,картоп, көкөніс,бақшадан 352,7 мың тонна, мал азықтық дақылдары 327 мың тонна өнім жиналды.


Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2024 жылдың 1 қазанына 420,2 мың бас МІҚ, 673,3 мың бас қой мен ешкі, 253,5 мың бас жылқы, 65,4 мың бас түйе және 120,4 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ -36,0%-ға, қой мен ешкі -20,0%-ға, жылқы - 0,7%-ға, түйе-4,6%-ға, құс 0,1%-ға артты.
Есепті кезеңде 25,5 мың тонна ет (тірі салмақта), 33,9 мың тонна сүт және 5,5 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,9%-ға, сүт өндірісі 2,7%-ды, жұмыртқа өндірісі 1,9%-ға артты.
Экспорт
Статистикаға сәйкес 2024 жылдың 1 тамызына облыстан 24,0 млн. долларды құрайтын 44,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 16 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 94,0 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Азербайжан, Тәжікстан, Украина, Моңғолия, Өзбекстан және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 42 180,2 тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 156,1 пайызға артты.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Литва, Китай, Дания, Нидерланды, Чехия, Германия, Грузия мемлекеттеріне 1 137,5 тонна балық, Германия, Дания, Польша және Нидерланды мемлекеттеріне 1 296,9 тонна қамыс және Ресейге 60 тонна күріш қалдығы және Өзбекстан мемлекетіне 32,5 тонна қой мен ешкі экспортталды.


Саланың негізгі көрсеткіштері
2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығында 31 507,0 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2023 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,6%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 37 104,0 млн. теңгені құрап, 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 118,3%-ға артты.
Ауыл шаруашылығы негізгі қорына 2 495,4 млн. теңге инвестиция салынып, 2023 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 105,2%-ға артты.
Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға 1 266,2 млн. теңге инвестиция салынып, 2023 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 128,1%-ға артты.

Егін шаруашылығы бойынша
Сырдария өзенінің су шаруашылығы жағдайына байланысты «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы тарапынан биыл облыста егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суаруға 3,7 млрд.текше метр су лимиті белгіленді.
Биылғы жылы облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі 191,5 мың гектарға, оның ішінде күріш көлемі 83,1 мың гектарға егілді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары 100 пайызға толық қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, көктемгі егін егуге қажетті 63,3 мың тонна тыңайтқыштар толық көлемінде сатып алынды.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қолда бар 3799 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары 100 пайыз жөндеуден өткізіліп көктемгі дала жұмыстарына қатысуда.
Көктемгі егіс егу және дала жұмыстарын жүргізуге барлығы
13,7 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.
2024 жылдың көктемгі дала және егіс егу жұмыстарына қажетті 26,7 млрд. теңге қаржы толығымен қаржыландырылды.
Бүгінгі күнге 1,7 мың гектар дәндік жүгері, 793 га сүрлем жүгері, 4,7 мың гектар мақсары, 4,1 мың гектар картоп, 6,6 мың гектар көкөніс, 9,2 гектар бақша егілсе, 308 га мал жемдік асқабақ, 535 га тары және 5 га сұлы, 156 гектар күнбағыс, 290 гектар қант құмайын, 135 гектар соя, 382 гектар жаздық арпа, 5,7 мың гектар жаздық бидай, 3,6 мың гектар күздік бидай егілді.
Сонымен қатар, 21,8 мың гектар жаңа жоңышқа егіліп, 48,3 мың гектар ескі жоңышқа күтіп-баптауға алынды.
Күтімге алынған 48,3 мың гектар ескі жоңышқа 2,5 мың гектары тұқымға қалдырылып, орылуға тиісті 45,8 мың гектардың 39,8 мың гектары орылып, 103,1 мың тонна өнім алынды. Орта өнім 25,9 ц/га құрады.
Негізгі дақыл күріштің 83,1 мың гектарды егіліп, суға бастырылды.
Қазіргі таңда, ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері егістікті күтіп- баптау жұмыстарын жүргізуде.

Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2024 жылдың 1 маусымына 425,1 мың бас МІҚ, 878,3 мың бас қой мен ешкі, 260,3 мың бас жылқы, 66,6 мың бас түйе және 127,7 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-107,6%-ға, қой мен ешкі-106,8%-ға, жылқы 101,5%-ға түйе-103,6%-ға, құс 108,2%-ға артты.
Есепті кезеңде 16,0 мың тонна ет (тірі салмақта), 33,7 мың тонна сүт және 2,7 млн дана жұмыртқа өндіріліп, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 102,1%-ға, сүт өндірісі 101,4%-ды, жұмыртқа өндірісі 112,1%-ға артты.

Экспорт
Статистикаға сәйкес 2024 жылдың 1 мамырына облыстан 12,5 млн. долларды құрайтын 22,0 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 105,6 пайызды құрап отыр.
Өнімдер әлемнің 15 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 92,0 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Азербайжан, Тәжікстан, Украина, Моңғолия, Өзбекстан және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 20 339,3 тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 123,3 пайызды құрады.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Литва, Китай, Дания, Нидерланды, Чехия, Германия мемлекеттеріне 838,5 тонна балық, Германия, Дания, Польша және Нидерланды мемлекеттеріне 777,6 тонна қамыс және Ресейге 60 тонна күріш қалдығы экспортталды.


 
Саланың негізгі көрсеткіштері
2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында ауыл шаруашылығында 11 851,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2023 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,3%-ға артты. 
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 15 278,0  млн. теңгені құрап, 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110,0%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы негізгі қорына 130,8 млн. теңге инвестиция салынып, 2023 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ды құрады.
 
Егін шаруашылығы бойынша 
Егіс көлемі
Облыс бойынша биылғы жылы орналастырылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемдері 187,0 мың гектарға болжануда. Оның ішінде негізгі дақыл күріш көлемі 83,9 мың гектарды құрайды.
Сондай-ақ, дәнді дақылдар – 93,7 мың, майлы дақылдар – 5,0 мың, мал азықтық дақылдар – 71,0 мың, картоп, көкөніс, бақша – 17,3 мың гектар. 
Сонымен қатар, биылғы жылы су үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы егілетін егіс көлемдерін 2,3 мың гектарға дейін ұлғайту межеленуде. 
Ауыл шаруашылығы құрылымдары биылғы жылдың егісі үшін өткен жылдың күз айларында ауыл шаруашылығы құрылымдары тарапынан 3,7 мың га күздік бидай егуді және 50,6 мың га сүдігер айдауды қамтамасыз етті.
Өңірде көктемгі егін егу жұмыстары наурыз айының 1-ші онкүндігінде басталды, мамырда аяқталады. Күріш сәуір айының 3-ші онкүндігінде себіле бастайды. 
Ерте егілетін дақылдар - жаңа жоңышқа, жаздық бидай, арпа, мақсары, қант құмайы жерге орналастырылуда. 
Тұқым дайындауда ешқандай мәселе жоқ, 100 пайыз қамтамасыз етілді. Минералды тыңайтқыштарға қатысты қосымша қаржыландыруды күтпей, жыл басында тыңайтқыш жеткізушілер және өндірушілермен жасалған келісімдер нәтижесінде бүгінгі күнге 52,8 мың тонна тыңайтқыш шаруашылықтарға жеткізілді. Бұл - қажеттіліктің 83 пайызы. Қаржысы шаруашылықтар және инвесторлар есебінен шешілді.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы көлемі 26,7 млрд. теңгені құрайды. Оның 87,1 пайызы немесе 23,3 млрд. теңгесі қаржыландырылды. 
Каналдардың 134 шақырымы тазаланып, гидротехникалық құрылыстардың 75-і жөндеуден өтті. Ауыл шаруашылығы техникалары толық жөнделіп, егін егу науқанына қатысуда.
Шаруашылықтардың қажеттілігіне сәйкес облысқа бөлінген 12,9 мың тонна арзандатылған дизельдің 40 пайызы жеткізіліп, 1 литрі 250 теңгеден босатылуда.
 
Мал шаруашылығы 
Облыс бойынша 2024 жылдың 1 наурызына 387,3 мың бас МІҚ, 710,5 мың бас қой мен ешкі, 239,3 мың бас жылқы, 59,5 мың бас түйе және 129,5 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-108,7%-ға, қой мен ешкі-112,0%-ға, жылқы 103,3%-ға түйе-105,3%-ға, құс 115,9%-ға артты.
 
Экспорт 
Статистикаға сәйкес 2024 жылдың 1 ақпанына  облыстан 3,4 млн. долларды құрайтын 5,0 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, қамыс) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 89,8 пайызды құрады (салмақ бойынша 87,7 пайыз). 
Өнімдер әлемнің 12  мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 89,4 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Украина және Ирак мемлекеттеріне экспортталды.
Есепті кезеңге 4470,2 тонна күріш өнімі (1,9 млн. долл) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 87,6 пайызды (2,2 млн.долл) құрады. 
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Литва, Китай, Дания, Нидерланды, Чехия мемлекеттеріне 306,1 тонна (1462,0 мың долл.) балық, Германия, Дания, Польша және Нидерланды мемлекеттеріне 220,3 тонна (55,6 мың долл.) қамыс экспортталды. 
Инвестициялық жобалар 
Инвестиция тартуды тұрақты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 2024-2026 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың жол картасы әзірленуде.
Жалпы, Жол картада облыс бойынша құны 49,5 млрд. теңгені құрайтын 27 инвестициялық жобалар қамтылған. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы 270 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 
Ағымдағы жылы жалпы құны 3,2 млрд. теңгені құрайтын 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 
Оның ішінде, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде жеңілдетілген қаржыландыру бойынша 5 жобаға (жұмыс тобының шешімімен анықталады) республикалық бюджеттен 5,0 млрд. теңге қаражат бөлінді. 
 

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында атқарылған жұмыстар туралы

АНЫҚТАМА

Саланың негізгі көрсеткіштері
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығында 211 694,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2022 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,5%-ға артты.
Ауыл шаруашылығы негізгі қорына қаңтар-қазан айларында 9 387,5 млн. теңге инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 136,6%-ды құрады.
Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға қаңтар-қазан айларында 2 182,5 млн. теңге инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 3,1 есеге артты.

Егін шаруашылығы
Егін шаруашылығында биыл 193,4 мың гектар жерге егін егілді. Оның ішінде, 99,9 мың гектарға дәндi дақылдар, 4,5 мың гектарға майлы дақылдар, 69,2 мың гектарға мал азықтық дақылдар, 19,8 мың гектарға картоп, көкөнiс, бақша дақылдары, 89,0 мың гектарға негізгі күріш дақылы егілді.
Облыста егісті әртараптандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп, мал азықтық және майлы дақылдар мен қатар картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемдерін ұлғайту шаралары жалғасуда.
Биыл әртараптандыру бағытындағы егіс көлемі 3,0 мың гектарды құраса, су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы 872,5 гектар жерге егін егілді.
Облыс диқандары биылғы жылдың аптап ыстығына төтеп беріп, негізгі дақыл күріштен 503 мың тонна өнімді қамбаға құйып, күріштің әр гектарынан 56,5 центнерден өнім алды.
Алдын-ала мәлімет бойынша, дәнді дақылдан 13,7 мың тонна, майлы дақылдан 4,8 мың тонна, мал азықтық дақылдан 290 мың тонна, көкөніс, бақшадан 493,1 мың тонна өнім алынды.

Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда.
Облыс бойынша 2023 жылдың 1 желтоқсанына 415,8 мың бас МІҚ, 840,0 мың бас қой мен ешкі, 216,9 мың бас жылқы, 62,9 мың бас түйе және 122,1 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда МІҚ – 3,2%-ға, қой мен ешкі – 2,9%-ға, жылқы 8,4%-ға, түйе 3,5%-ға, құс 0,4%- ға көбейген.
Есепті кезеңде 36,0 мың тонна ет (тірі салмақта), 85,6 мың тонна сүт және 7,1 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2022 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,0 %-ға, сүт өндірісі 1,5%-ға артты.

Экспорт
Статистикаға сәйкес 2023 жылдың 1 қарашасына облыстан 46,4 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 22 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 85,4 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Түркменстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 39 608,5 тонна күріш өнімі экспортталды.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Польша, Литва, Германия, Франция, Грузия, Әзірбайжан,Австрия, Нидерланды, Қытай, Дания және Румыния мемлекеттеріне 1 642,6 тонна балық, Өзбекстан мемлекетіне 102 бас- 28,6 тонна МІҚ, Германия, Дания, Нидерланды, Польша және Франция мемлекеттеріне 2 021,4 тонна қамыс, Ресей және Өзбекстан мемлекетіне 270,0 тонна күріш қалдығы және Қытай мемлекетіне 198,0 тонна күнбағыс тұқымы, 325,7 тонна көкөніс және 178,5 тонна мақсары тұқымы және 227,6 тонна көкөністер, Ресей мемлекетіне 320,0 тонна қызанақ, 1436,0 тонна қарбыз, 115,0 тонна қауын экспортталды.

Инвестициялық жобалар
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 2023-2026 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың жол картасында құны 48,3 млрд. теңгені құрайтын 26 инвестициялық жобалар қамтылған.
Бұл жобалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде 618 жаңа жұмыс орны ашылады.
Ағымдағы жылы жалпы құны 7,9 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Осыдан бүгінгі күні жалпы құны 6,2 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылып, 101 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жайылымды басқару мен пайдалану
Мемлекет Басшысының пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару және елді мекендерді жайылыммен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жұмыс тобы құрылған. Ауылдық елді мекендердің жайылыммен қамтамасыз етілуіне 2023 жылдың 1 қаңтардағы статистикалық ақпаратына сәйкес талдау жасалды.
Облыс бойынша өзіндік қосалқы шаруашылықтардағы 1538 мың бас шартты мал басына 1966,5 мың га жайылым алқабы қажет етіледі.
Бүгінгі таңда, облыстағы 146 ауылдық округтің 97 округі жайылыммен толық қамтамасыз етілген, қажет жайылым – 941,0 мың га, қамтамасыз етілгені –941,0 мың га (100%).
29 округ жайылыммен ішінара қамтамасыз етілген, қажетті жайылым – 407,1 мың га, қамтамасыз етілгені –261,2 мың га, жетпейтін жайылым көлемі – 145,9 мың га (36%).
20 округ жайылыммен қамтамасыз етілмеген, қажеті – 618,4 мың га, қамтамасыз етілгені – 234,4 мың га, жетіспейтін жайылым көлемі – 384,2 мың га (62%).
Жалпы облыс бойынша жайылым жетпей тұрғаны – 530,1 мың га, қамтамасыз ету деңгейі – 73,0%.

Ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тарту
Жалпы облыс көлемінде 2023 жылдың осы кезеңіне мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланған ауыл шаруашылығы мақсатындағы көлемі 223,7 мың га (бекітілген 200,0 мың га, жоспардың 111,8%) құрайтын 173 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Ауыл шаруашылығы айналымына 295 учаске 68,9 мың га көлемде енгізілді.
Жер учаскелерін электронды түрде сауда-саттықта табыстау
Жер учаскелерін электронды табыстау мәселесі цифрландыру шарасы аясында 2019 жылдан бастап көтерілген. ҚР Жер кодексіне, ережелеріне өзгерістер 2020-2021 жылдары енгізілді.
ҚР АШМ 15.10.2021 жылғы №297 бұйрығымен «Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидалары» бекітілді.
2023 жылы Қызылорда облысы бойынша 115 аукцион өткізіліп, көлемі 55,8 гектар 161 жер учаскесі сауда-саттықпен табысталған.


Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында атқарылған жұмыстар туралы АНЫҚТАМА 

Саланың негізгі көрсеткіштері

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында 28 007,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2022 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,9%-ды құрады.

Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 37,5 млрд. теңгені құрап, 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 88,5%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы негізгі қорына 2 316,5 млн. теңге инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артты.

Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға 965,1 млн. теңге инвестиция салыны, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 87,8 есеге артты.

Егін шаруашылығы

Егіс көлемі

Облыста межеленген ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары оңтайлы мерзімдеріне сәйкес жүргізіліп, бүгінгі таңда толығымен аяқталды.

Биылғы жылы облыс бойынша жалпы егілген егіс көлемі 195,9 мың гектарға орналастырылса, негізгі дақыл күріш көлемі 88,1 мың гектарды құрады.

Анықтама ретінде: дәндi дақылдар – 100,4 мың га, майлы дақылдар – 5,3 мың га, мал азықтық дақылдар – 70,4 мың га, қант қызылшасы 3 га, картоп, көкөнiс, бақша - 19,9 мың гектар.

Ауыл шаруашылығы құрылымдары биылғы жылдың егісі үшін өткен жылдың күз айларында 4,8 мың га күздік бидай егуді және 41,2 мың га сүдігер айдауды қамтамасыз етті.

Облыста егіс көлемдерін әртараптандыру бағытында қосымша биылғы жылы соя дақылының егіс көлемі 74 гектарға, қант құмайын 221 гектарға жеткізілді.

Сонымен қатар, су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы биылғы жылы барлығы 770 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі, оның ішінде 231,5 га көкөніс, 331 га бақша, 12,5 га картоп, 130 га жаңа жоңышқа, 65 га сүрлем жүгері дақылдары орналастырылды.

Қазіргі таңда, облыс көлемінде ауылшаруашылығы дақылдарын агротехникалық талаптарға сай күтіп баптау жұмыстарына кірісіп кетті.

Егілген 88,1 мың гектар күріш егістігінің арам шөптерге қарсы өңдеуге жатқызылған 53,7 мың гектарының, бүгінгі күнге 32,1 мың гектарына (59,8%) жерге химиялық өңдеу жүргізді.

Сол сияқты, үстеп қоректендірілуі межеленген 56,3 мың гектар күріш алқабының 24,3 мың гектарын (43,2%) азотты минералды тыңайтқышымен үстеп қоректендірілді. Аталған жұмыстар жалғасуда.

Облыста маусым айының 1-ші он күндігінен бастап ескі жоңышқа дақылын ору жұмыстары жүргізілуде.

Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда.

Облыс бойынша 2023 жылдың 1 маусымына 424,0 мың бас МІҚ, 940,9 мың бас қой мен ешкі, 232,7 мың бас жылқы, 65,2 мың бас түйе және 122,7 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ – 7,5%-ға, қой мен ешкі – 1,5%-ға, жылқы 14,9%-ға, түйе 6,2%-ға, құс 0,8%-ға көбейген.

 Есепті кезеңде 14,8 мың тонна ет (тірі салмақта), 33,4 мың тонна сүт және 2,3 млн дана жұмыртқа өндіріліп, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,6%-ға, сүт өндірісі 1,2%-ға артты.

Экспорт

Статистикаға сәйкес 2023 жылдың 1 мамырына облыстан 11,9 млн. долларды құрайтын 19,1 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, күріш қалдығы, қамыс, күнбағыс тұқымы, көкөніс) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 86,1 пайызды құрап отыр.

Өнімдер әлемнің 18 мемлекетіне экспортталды.

Барлық экспортталған өнімнің 84,4 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Түркменстан, Грузия және Моңғолия мемлекеттеріне экспортталып отыр.

Есепті кезеңге 16 153,2 тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 68,9 пайызды құрады.

Сондай-ақ, облыстан Ресей, Польша, Литва, Германия, Франция, Грузия, Әзірбайжан және Австрия мемлекеттеріне 768,9 тонна балық, Германия, Дания, Нидерланды, Польша және Франция мемлекеттеріне 1 491,3 тонна қамыс, Өзбекстан мемлекетіне 190,0 тонна күріш қалдығы және Қытай мемлекетіне 198,0 тонна күнбағыс тұқымы, 325,7 тонна көкөніс экспортталды.

Сонымен қатар, өңделген өнімнің үлесі 98,3 пайызды құрап отыр.

Инвестициялық жобалар

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 2022-2026 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың жол картасында құны 55,9 млрд. теңгені құрайтын 28 инвестициялық жобалар қамтылған.

Бұл жобалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде 894 жаңа жұмыс орны ашылады.

Ағымдағы жылы жалпы құны 9 330,0 млн. теңгені құрайтын  10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Осыдан бүгінгі күні жалпы құны 1040,0 млн. теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асырылып, 28 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.


Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында атқарылған жұмыстар туралы

АНЫҚТАМА

Саланың негізгі көрсеткіштері

Статистика деректеріне сәйкес 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында 10,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 2022 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 102,0% - ға өсті.

Егін шаруашылығы

Биылғы жылы облыс бойынша 195,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда. Оның ішінде дәндi дақылдар 96,4 мың, майлы дақылдар 5,7 мың, мал азықтық дақылдар 73,7 мың, қант қызылшасы 7 гектарды, картоп, көкөнiс, бақша 19,8 мың гектарды құрайды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 83,9 мың гектар.

Биылғы жылдың егісі үшін ауыл шаруашылығы құрылымдары өткен жылдың күз айларында 4,8 мың га күздік бидай егуді және 41,2 мың га сүдігер айдауды қамтамасыз етті.

Көктемгі егін науқанына қажетті ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары толық қамтамасыз етілді.

Көктемгі егіс және дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 12,1 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Қазіргі таңда, көктемгі дала жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай оңтайлы мерзімінде сапалы жүргізу үшін дайындық жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес атқарылуда.  

Көктемгі дала жұмыстарынан ақ егісті егу жұмыстары ағымдағы жылдың 10 наурызынан басталды.

 Бүгінгі күнге, облыста барлығы 16,8 мың гектарға ерте егілетін дақылдар егіліп, 46,3 мың гектар ескі жоңышқа мен 5,8 мың гектар күздік бидай күтімге алынды.

Негізгі дақылы күріш егу жұмыстары ағымдағы жылы сәуір айының үшінші онкүндігінде басталады. Көктемгі дала және егін егу жұмыстары жалғасуда.

Көктемгі дала және егін егу жұмыстарының атқарылу барысы тұрақты бақылауда.

Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда.

Облыс бойынша 2023 жылдың 1 наурызына 390,4 мың бас МІҚ, 725,7 мың бас қой мен ешкі, 214,9 мың бас жылқы, 58,7 мың бас түйе және 124,2 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ - 6,1%-ға, қой мен ешкі - 1,6%-ға, жылқы 14,1%-ға, түйе 7,5%-ға көбейген.

Есепті кезеңде 6,1 мың тонна ет (тірі салмақта), 11,4 мың тонна сүт және 0,7 млн дана жұмыртқа өндіріліп, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,7%-ға, сүт өндірісі 1,0%-ға, артты.

Экспорт

Статистикаға сәйкес 2022 жылы облыстан 61,9 млн. долларды құрайтын 112,4 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды. Өнімдер әлемнің 23 мемлекетіне экспортталды.

Барлық экспортталған өнімнің 89,4 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, АҚШ, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Түркмения, Украина, Грузия, Литва, Түркия және Ирак мемлекеттеріне экспортталды.

Сондай-ақ, облыстан Ресей, Әзербайжан, Польша, Грузия, Венгрия, Литва, Германия, Чехия, Нидерланды, Франция, Қытай және Австрия мемлекеттеріне 3 575,7 тонна  балық, Германия, Дания және Нидерланды мемлекеттеріне 2 664,7 тонна  қамыс, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанға 1 466,8 тонна күріш қалдығы, және Ресей мемлекетіне 280,0 тонна  қызанақ, 2 183,0 тонна қарбыз, 325,0 тонна қауын, Қытай мемлекетіне 1 244,8 тонна көкөніс және 124,3 тонна күнбағыс тұқымы экспортталды.

Инвестициялық жобалар

Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 2022-2026 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың жол картасы бекітіліп, облыс бойынша құны 55,9 млрд. теңгені құрайтын 28 инвестициялық жобалар қамтылған. Өз кезегінде, 894 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

2023 жылы жалпы құны 7364,0 млн. теңгені құрайтын 16 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.


Саланың негізгі көрсеткіштері

Статистиканың мәліметіне сәйкес 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан қараша айларында 178 107,1  млн. теңгенің өнімі өндіріліп 2021 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,8%-ға артты.

Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 72 642,3 млн. теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,3%-ға артты.

Егін шаруашылығы

Ағымдағы жылы статистикалық мәліметке сәйкес облыс бойынша 188,5 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 91,7 мың гектар, майлы дақылдар 5,9 мың гектар, мал азықтық дақылдар 71,3 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 19,6 мың гектар. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 78,6 мың гектарды құрады.
Су тапшылығына байланысты күріш дақылының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,0 мың гектарға дейін азайтылып, орнына суды аз қажет ететін егістікті әртараптандыру бағытындағы мал азықтық және майлы дақылдармен қатар картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемдері өткен жылмен салыстырғанда 7,3 мың гектарға дейін артып, жалпы егіс көлемі 541 гектарға көбейді.
Сонымен қатар, облыста егісті әртараптандыру бағытында жүгері дақылы 1 945 гектарға, соя 189 гектарға, қант құмайы 358 гектарға, 3,5 гектарға қант қызылшасы дақылы егілді.
Жалпы егілген ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алу мақсатында 59,1 мың тонна минералдық тыңайтқыштар, 63,1 мың литр гербицидтер сатып алынып, күріш егістіктерінің 61,4 мың гектары арам-шөптеріне қарсы өңделіп, 65,0 мың гектары тыңайтқыштармен үстеп қоректендірілді.
Күзгі егін жинау науқаны оңтайлы мерзімінде жүргізіліп, толық аяқталды.

Мал шаруашылығы

Облыс бойынша 2022 жылдың 1 желтоқсанына 402,8 мың бас МІҚ, 815,7 мың бас қой мен ешкі, 200,0 мың бас жылқы, 60,7 мың бас түйе және 121,5 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-7,9%-ға, қой мен ешкі-4,4%-ға, жылқы 16,5%-ға, түйе 7,0%-ғажәне құс 1,7%-ға көбейген.
Осы есепті кезеңде 35,2 мың тонна ет (тірі салмақта), 84,3 мың тонна сүт және 7 379,8 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,1%-ға, сүт өндірісі 1,4%-ға және жұмыртқа өндірісі 2,2%-ға артты.

Экспорт

Статистикаға сәйкес 2022 жылдың 1 желтоқсанына облыстан 58,0 теңгені құрайтын 105,2 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, күріш қалдығы, қамыс, қарбыз, қауын, көкөніс, қызанақ, күнбағыс тұқымы) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 160,2 пайызды құрап отыр.

Өнімдер әлемнің 23 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 89,3 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, АҚШ, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Түркмения, Украина, Грузия, Литва, Түркия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 93,9 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 153,1 пайызға артты.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Әзербайжан, Польша, Грузия, Венгрия, Литва, Германия, Чехия, Нидерланды, Франция, Китай және Австрия мемлекеттеріне 3 295,3 тонна  балық, Германия, Дания және Нидерланды мемлекеттеріне 2 472,1 тонна қамыс, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанға 1 426,8 тонна күріш қалдығы, және Ресей мемлекетіне 280,0 тонна қызанақ, 2 183,0 тонна қарбыз, 325,0 тонна қауын жөнелтілді.

Сонымен қатар, Қытай мемлекетіне 1 244,8 тонна көкөніс және 20,1 тонна күнбағыс тұқымы экспортталды.


Ауыл шаруашылығы өнімдерің өңдеу
2020 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу саласында барлығы 22,2 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27,0%-ғаартты.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу көрсеткішінің артуына жас немесе тоңазытылған еттің 115,8%-ға, шұжықтардың 107,4%-ға, консервіленген өнімдердің 124,3%-ға, ақталған күріштің 1,8 есеге артуы есебінен қол жеткізілді.
Экспорт
2020 жылдың 1 мамырына статистикалық деректерге сейкес облыстан
13,9 млн. долларды құрайтын 38,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (балық, күріш, бидай қалдығы, қамыс) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен ақшалай мәнде салыстырғанда 116,7 пайызға артып отыр (салмақ бойынша 133,7 пайызға артты).
Экспортталған өнімдер тізбесі толығымен өңделген өнімдерді құрайды.
Барлық экспортталған өнімнің 93,8 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Қырғызстан, Беларусия, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан, Түркмения және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 36,6 мыңтоннакүріш(10,6 млн.доллар) аталмыш мемлекеттерге экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 127,5 пайызға артып отыр.
Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру шаралары
Статистикалық жедел ақпарат бойынша 30 маусымдағы жағдайына әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларының индексі 105,6% құрап отыр, республикалық (ҚР – 105,5%).
Жыл басынан бері 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша:
- 13 өнім бойынша баға жоғарылады: бірінші сортты бидай ұны-8,4%, рожки-2,1%, қарақұмық жармасы-28,3%, сары май-2,5%, күнбағыс майы-5,8%, сиыр еті-4,5%, тауық еті-2,4%, сүзбе-1,7%, картоп-62,6%, сәбіз-50,5%, пияз-49,3%, қант-10,0%, тұз-2,2%
- 3 өнімге баға төмендеді: күріш-4,0%, қырыққабат-47,1%, жұмыртқа-23,5%;
Тұрақтандыру қорын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен толықтыру мақсатында облыстық бюджеттен 4276,7 тонна өнім сатып алуға 847,8 млн.теңге бөлінді (оның ішінде облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен шұғыл қажеттіліктерге 105,8 млн. теңге, сондай-ақ облыстық бюджеттен 742,0 млн. теңге).
Бүгінгі күні бөлінген қаражаттан 4234,4 тонна өнім сатып алынды (204 тонна өсімдік майы, 2075,1 тонна ұн, 500 тонна күріш, 268 тонна қант, 200 тонна макарон, 68 тонна қарақұмық жармасы, 24 тонна тұз, 35 тонна қырыққабат, 500 тонна картоп, 200 тонна сәбіз, 50 тонна сиыр еті, 50 тонна тауық еті, 47 тонна сүт, 12 тонна айран, 300 килограмм сүзбе, 1 тонна сары май, 2 млн. дана тауық жұмыртқасы).
Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 3144,0 тонна өнім және 1,5 млн. дана тауық жұмыртқасы бар.
Қазіргі таңда 30 әлеуметтік дүкендер жұмыс жасап тұрса, оның ішінде, үстіміздегі жылдың мамыр айында Қызылорда қаласы, Бейбітшілік көшесі 24А - Дүйсенов көшесінің қиылысында әлеуметтік маркет ашылды. Жыл аяғына дейін қосымша 32 дүкеннің ашылуы жоспарлануда.
Үстіміздегі жылы облыста қосымша 2000 тонналық заманауи жабдықталған көкөніс сақтау қоймасы іске қосылып, тұрақтандыру қорына сатып алынған өнімдер осы қоймаға қабылданып сақталуда.
Облыс әкімдігімен өңірлік тұрақтандыру қорының өнімдерін аудан орталықтарында сату жөніндегі кесте бекітіліп, жыл басынан аудандар мен Байқоңыр қаласында 27 рет автокөлік үстінен сатылымдар ұйымдастырылды.


№

Кәсіпорын атауы

Өнім түрі

Мекен-жайы

Басшысының аты-жөні

1

2

3

4

5

Ет өнімін өндіру бойынша

1

«РЗА» АҚ

шұжық өнімін шығару

Қазалы ауданы, Айтеке би кенті 8(72438) 21-1-32, 21-5-89

Имандосов Самурат

2

«Махамбет П» ЖК

шұжық өнімін шығару

Қызылорда облысы, Шиелі кенті 8(72432) 4-14-33

Махамбетова Патима

3

АӨК «СПК Ақжарма-Инвест»

Етті қайта өңдеу және консервілеу

Сырдария ауданы, Ақжарма а.о., М. Аукенов көшесі, 70А

Болат Мақсат Қайратұлы

4

«Шаған Агрофуд» ЖШС

Етті қайта өңдеу және консервілеу

Сырдария ауданы, Шаған ауылы, Есет би көшесі,14

Қадыров Бердібек

5

 «Қармақшы-Құс» ЖШС

Ет және үй құсының етінен өнімдер өндіру

Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылы, И. Мусирбаев көшесі,34

Іздібаев Нұрлан Тұрғанбекұлы

6

«Смак Мастер» ЖШС

Ет және үй құсының етінен өнімдер өндіру

Кызылорда қаласы 87014033792

87772435937

Абдуллаева Лидия

Сүт өңдеу мен сүт өнімдерін шығару бойынша

1

«РЗА» АҚ

сүт өңдеу

Қазалы ауданы,  Айтеке би кенті 8(72438) 21-1-32, 21-5-89

Имандосов Самурат

2

«Май заводы» ЖШС

сүт өңдеу

Жаңақорған ауданы 8(72435)30-5-97, 23-6-37

Мансурова Гульнар

3

«Шапағат-сүт» ЖШС

сүт өңдеу

Қызылорда қаласы, Тоқмағанбетов көшесі,70

Алдонгарова Жұлдызай

4

«Шижаға-16» АӨК

сүт өңдеу

Арал ауданы, Октябрьский а.о., Шижаға ауылы, Шижаға көшесі 176

Әбішев Бекболат

5

«Қамқор тұтыну» ЖШС

сүт өңдеу

Арал ауданы  8(72433) 2-13-50  87014920254  87013620380

Утенов Загладин

6

«Ақбұлақ-Б» АӨК

сүт өңдеу

Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылы, Ақмешіт көшесі б/н

Ахметова Гаухар

7

«Шиелі-төрт түлігі» АӨК, «Ару АНА» цехы

шұбат өңдеу

Шиелі ауданы

87759394018

Сабыр Ермаханов

Күріш өңдеу бойынша

1

ПТ «Абзал и К»

күріш өсіру және өңдеу

Қызылорда қаласы, Каратугайская 113, 8(7242) 25-01-01

Ералиев Абзал Жуманович

2

«РЗА» АҚ

күріш өсіру және өңдеу

Кызылординсая область, Казалинский район, пос. Айтеке би 8(72438) 21-1-32, 21-5-89

Имандосов Самурат

3

«Ак орда капитал» ЖШС

күріш өсіру және өңдеу

Кызылорда қаласы, Бейбітшілік көшесі 115, 8(7242) 25-51-28, 

Рахметов Алмас Алтынбаевич

4

«Жана жол» ЖШС

күріш өсіру және өңдеу

Қармақшы ауданы а/о Жанажол  

Төлепов Орынбасар Өтепұлы

5

«Сыр маржаны» ЖШС

күріш өсіру және өңдеу

Қазалы ауданы, Актан батыр  ауыл 8(72438) 25-2-34

Утеев Мнажаддин

6

«Агро Холдинг Байқоңыр» ЖШС

күріш өсіру және өңдеу

Жалағаш ауданы, Жалагаш кенті,  Абай көшесі 112, 8(72431) 31-1-37, 31-4-95

Еспанов Манарбек Ұзақұлы

7

«Кызылордаагро сервис» ЖШС

күріш өсіру және өңдеу

Кызылорда қаласы,  Жаппасбай батыр көшесі н/з  8(7242) 24-32-64, 24-38-22

Өтебай Арысбай

8

«Ынтымак» ЖШС

күріш өсіру және өңдеу

Жаңақорған кенті Түркешұлы көшесі н/з 8(72435) 23-4-59

Құтыбаев Рахымбаба

9

«Есхожаев» ЖК

күріш өсіру және өңдеу

Қазалы ауданы, Айтеке би кенті  8(72438) 51-6-61, 21-4-74

Есхожаев М.

10

«Асіл» ШҚ

күріш өсіру және өңдеу

Қармақшы ауданы, Жосалы кенті

М. Ерманов

11

«Най Мир» ЖШС

күріш өсіру және өңдеу

Қызылорда қаласы, Культекенова көшесі 98  8(7242) 25-86-89

Дүйсенбаев Марат

12

«Тасболат-Т» ЖШС

күріш өсіру және өңдеу

Жаңақорған ауданы, Туршеков көшесі 86 8(72435) 23-4-67

Тасболатов Бакытжан Сагындыкович

13

«Акжарма и К» ШҚ

күріш өсіру және өңдеу

Сырдария ауданы 

Нұрсейтов Қайрат

14

«Жан-Арай» ЖШС

күріш өсіру және өңдеу

Қызылорда қаласы

Махашев Бақдаулет Еркинбекұлы

Балық өнімін шығару

1

 «Арал балық өңдеу зауыты»ЖШС

Қатырылған балық, көксерке филесі

Арал ауданы

87054300820

Жұқашов Талғат

2

 «Арал СДО» ЖШС

Қатырылған балық, көксерке филесі

Арал ауданы

87029038511

Әйімбетов Нұрбек

3

 «Т. Игіліков» ШҚ

Қатырылғын, тұздалған балық

Қазалы ауданы

87015363601

Игіліков Төребек

4

 «Камбала Балық Балықшылар Өндірістік орталығы» ЖШС

Қатырылған, ысталған, тұздалған балық

Арал ауданы

87017640608

87028162927

Абдуалиев Шүкірбай

5

«СДО Қарашалаң» ЖШС

Қатырылған балық

Арал ауданы,

Бөген а/о

Мықтыбаев Мақсұт

Дата публикации
10 июля 2020
Дата обновления
13 октября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы