Лого

Меню

Страницы

Статья

Тұрақты комиссия отырысы өтті

Бүгін облыстық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Балжан Шәменованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары мен сала мамандары қатысты.
Күн тәртібінде тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының I-жарты жылдықтың облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша есебі; Қызылорда облысы бойынша 2023-2025 жылдары аралығында йод тапшылығы ауруларының профилактикасы жөнінде жұмыстың жай-күйі туралы; Қызылорда облысының коммуналдық мүлігін басқару және тиімді пайдалану бойынша есеп беру туралы және сессияның күн тәртібіне ұсынылған Қызылорда облысының өңірлік нышанын бекіту туралы; Қызылорда облысының полиция департаменті басшысының есебі туралы; «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы №130 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 6 мәселе қаралды.
Аталған мәселелер бойынша басқарма басшылары хабарлама жасап, хабарламадан соң депутаттар бірқатар сұрақтарын қойып, нақты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Бюджет қаржысы тиімді және нәтижелі жұмсалуы керектігі баса айтылды.
Сондай-ақ, басқарма басшылары тарапынан сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында толыққанды жауаптар берілетіндігі айтылды.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қарау жөнінде қаулы қабылданды.

Дата публикации
09 октября 2025
Дата обновления
09 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы