Қызылорда облысының білім саласының 2026 жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстар ақпараты
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту
Аймақтағы 651 (159 мемлекеттік, 48 шағын орталық, 444 жекеменшік балабақша) мектепке дейінгі ұйымда 49240 бала тәрбиеленуде.
Ұлттық білім беру деректер қорындағы ақпаратқа сәйкес, 2025 жылы 2 - 6 жастағы балалардың қамтылуы – 93%, 3 - 6 жас – 100%.
2026 жылғы жоспар 2 – 6 жас аралығында қамту – 98 пайызды құрауы тиіс.
Бұл ретте, Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы бойынша 2023 - 2027 жылдарға арналған қадамдық жоспарға сәйкес, 2026 жылы 2675 орын (оның ішінде 1 125 орын 15 балабақша, 1 550 қосымша орын) ашу жоспарланған.
2025 жылдың қорытындысымен қадамдық жоспарға сәйкес 6144 орындық 89 (240 орындық 4 мемлекеттік, 5 904 орындық 85 жеке) жаңа мектепке дейінгі ұйым және 2077 қосымша орын ашылып, барлығы 8221 орын немесе 100 пайызға орындалды.
Бүгінгі күні қадамдық жоспарға сәйкес, 1105 орындық (25 орындық 1 мемлекеттік, 1105 орындық 11 жеке) 12 жаңа мектепке дейінгі ұйым және 213 қосымша орын ашылып, барлығы 1318 орын немесе 49,3 пайызға орындалды.
2027 жылға дейін жалпы қуаты 2740 орындық 14 мектепке дейінгі білім беру ұйымын пайдалануға беру жоспарланған. Соған сәйкес қажетті шаралар қабылданатын болады.
Орта білім
Облыста 321 орта білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 302 - і мемлекеттік, 19 - ы жекеменшік мектеп, оның 232 - і ауылдық және 89-ы қалалық жерлерде орналасқан.
Ағымдағы оқу жылында 302 мемлекеттік мектепте 175 мыңнан астам оқушы білім алуда.
Оның ішінде, 17 151 оқушы 9-сыныпты, 11131 оқушы 11-сыныпты аяқтады. Оның ішінде, 967 түлек Алтын белгіге, 1124-і Үздік аттестатқа, 9 сыныптан 2061 оқушы Үздік аттестатқа иегер (2024-2025 о.ж. – 756 АБ, 1028 ҮА, 9-сыныптан 1924 ҮА).
2024 - 2025 жылы:
- 6 900 орындық 10 Келешек мектептері іске қосылды (Қызылорда қаласы – 5, Арал ауданы – 2, Қазалы ауданы – 1, Жаңақорған ауданы – 2).
Атап айтқанда, 2024 жылы 5 мектеп (Қызылорда қ.Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 900 орындық мектеп, Қызылорда қ КБИ мөлтек ауданындағы 600 орындық мектеп, Арал ауданы, Арал қаласындағы 300 орындық мектеп, Жаңақорған ауданы, Жаңарық елді мекеніндегі 300 орындық мектеп, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті Саяжай ш/а 600 орындық мектеп) 2025 жылы 5 мектеп (Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылындағы 300 орындық № 94 апатты мектеп, Қызылорда қ. Арай мөлтек ауданындағы 1500 орындық мектеп, Қызылорда қ Қызылжарма мөлтек ауданындағы 600 орындық мектеп, Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп, Қызылорда қ.СПМК-70 шағын ауданындағы 1500 орындық мектеп) табысталды.
Нәтижесінде 3 апатты және бейімделген мектептердің (ҚБИ ықшам ауданы, Қызылорда қаласы, №197, Жаңақорған, Жаңарық ауылы, №167, Қазалы, Жанқожа батыр ауылы, №94), 7 жаңа шағын аудандардағы мектеп тапшылығы мәселесі шешімін тапты.
2025 жылы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауында 300 орынға арналған жатақханасы бар 400 орынға арналған физика-математика бағытындағы мектеп-интернат пен Арал ауданы Жалаңаш елді мекені 150 орындық №58 мектеп құрылысы пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Арал ауданы Тоқабай (100 орын) және Ақшатау (50 орын) ауылындағы мектептер ел игілігіне табысталды.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы
Қызылорда облысы бойынша 2024 - 2025 жылдары 6900 орындық 10 Келешек мектептері іске қосылды (Қызылорда қаласы – 5, Арал ауданы – 2, Қазалы ауданы – 1, Жаңақорған ауданы – 2).
Бүгінгі таңда, барлық 10 мектептің білім беруге рұқсат етілген лицензиялары алынды. Мектеп басшылары тағайындалды.
Бүгінгі күні білім беру ұйымдарын түрлі бағыттар (пәндер) бойынша «Тірек білім беру ұйымдары» ретінде қалыптастырып, тәжірибелерін облыс көлемінде нысаналы тарату жалғасуда.
Өткен жылы «Тіл білімі мектебі», «Цифрлық тірек мектебі», «Инклюзивті білім беруді дамыту округтері» жобалары жүзеге асырылды.
Осы жобалардың нәтижелері жинақталып, басқарма тарапынан авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді.
Атап айтқанда, 21 жобаға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «ҚазПатент» Ұлттық зияткерлік меншік институтынан 21 авторлық куәлік алынды.
Білім басқармасы «Жасанды интеллект бейінді мектебі», «Космоград - Байқоңыр» жобасы және 10 «Келешек мектебі» бойынша жобаларды іске асыруда.
Негізгі мақсатымыз - «Келешек мектептерін дамытудың Қызылордалық экожүйесін» қалыптастыру.
Бұл ретте мектептердің жобалық-мазмұндық бағыттары әзірленіп, 10 жобаға авторлық куәлік алынды (ҚР Әділет министрлігінің «ҚазПатент» Ұлттық зияткерлік меншік институты).
Осы уақытқа дейінгі жобалар мектепті белгілі бір бағытқа ғана бейімдесе, «Келешек мектептерін дамытудың Қызылордалық экожүйесін» қалыптастыру аясында - әрбір «Келешек мектебінің» барлық педагогтері - ортақ бағыт аясында шығармашылық жұмыстарды жүргізуге топтастырылды.
«Қазақстан Халқына» қоры арқылы ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар ретінде 2022 - 2025 жылдары 8 мектеп интерактивті және заманауи оқу кабинеттерімен қайта жабдықталды.
2025 - 2026 оқу жылында облыс көлеміндегі 50 орта мектеп және 8 шағын жинақты мектеп «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қоры «Қазақстан Халқына» қорымен бірлескен жоба аясында 58 мектеп – 2 млрд. 511 млн. теңгеге жабдықталып, ондағы 1862 педагог облыстық бюджет есебінен біліктілігін арттырды.
Жалпы, 2025 жылы – 6556 педагог біліктілік арттыру курстарынан өтсе, 2026 жылы 6088 педагог біліктілігін арттыруда.
Білім беру саласына жасанды интеллектіні ендіру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан «ChatGPT Edu» арнайы лицензиясына облыс бойынша 156 мектептен 5 077 мұғалімге қолжетімділік қамтамасыз етілсе, 2026 жылдың қыркүйек айында қосымша 5 000 мұғалім қамтылды.
Платформамен қамтылмаған 144 мектептегі – 6 699 мұғалімге қосымша Wonk Labs жасанды интеллект платформасына қолжетімділік қамтамасыз етілуде.
«Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы әзірлеген «Оқу үдерісі және жасанды интелект: генеративті модельдер мен промпт-инжиниринг өнері» тақырыбындағы онлайн-курс бойынша 18 837 педагог біліктілігін арттырды.
Ал, «DarynUstaz» біліктілікті арттыру орталығы әзірлеген «USTAZGA-AI: жасанды интеллект мұғалімнің көмекшісі ретінде» курсынан 20 мыңнан аса педагог өтті.
Мемлекеттік басшысының тапсырмасына сәйкес орта білім беру жүйесіне жасанды интелектіні ендіру бойынша министрлік тарапынан пилоттық жоба әзірленіп, бірінші кезеңіне Қызылорда және Павлодар облыстарының 10 шағын жинақты мектебі енгізілді.
Жобаға өңірімізден Арал ауданындағы №22, 58, 227 мектептері, Қазалы ауданындағы №259 мектебі, Шиелі ауданындағы №84 мектебі қатысуда.
Пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар
Халықаралық олимпиадалар мен зерттеу жобаларына облыс бойынша 44 оқушы қатысып, 27-і жүлдегер атанды.
Жалпы білім беретін пәндік олимпиаданың республикалық қорытынды кезеңіне 74 оқушы қатысып, 30 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларымыз 7 «Алтын», 11 «Күміс», 12 «Қола» медаль иеленді.
Пәндік олимпиада рейтингісі бойынша Қызылорда облысы қоғамдық - гуманитарлық бағытта «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясымен ІІІ орынды иеленді.
Ауыл мектептерінің 9 - 11 сынып оқушыларына арналған олимпиаданың республикалық кезеңіне облысымыздан 67 оқушы қатысып, 33 оқушы жүлделі орынға, атап айтқанда 7 «Алтын медаль», 12 «Күміс медаль», «Қола медальға» 14 оқушы ие болды.
Қызылорда облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда - 2025», номинациясымен марапатталып, қоғамдық-гуманитарлық бағытта ІІ орынды, жаратылыстану-математикалық бағытта ІII орынды иеленді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыратын жыл сайынғы «Үздік педагог» республикалық конкурсында облыс педагогтері тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
Атап айтқанда, 2022 - 2024 жылдары – 15 педагог, ал 2025 жылы 4 ұстазымыз «Үздік педагог» атағының иегері атанып, әрқайсысы 3 млн. теңге көлемінде сыйақыға ие болды.
«Авторлық бағдарлама – 2025» республикалық байқауынан 7 педагог жеңімпаз атанса, «Математикалық регата - 2026» республикалық байқауында облыс командасы ІІІ орынға ие болды.
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз – 2026» республикалық байқауынан 7 педагог, «Педагогикалық идеялар фестивалі – 2026» республикалық конкурсынан 8 педагог жүлделі орындарға қол жеткізді.
Жыл сайын облыс әкімінің қолдауымен «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсы ұйымдастырылып, қорытындысымен жеңімпаз ұйымға облыстық бюджеттен - ең төменгі жалақының сегіз жүз еселенген мөлшерінде грант табыстау дәстүрге айналды.
2024 жылдан бастап, Қызылорда облысының білім басқармасының және Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетімен бірлесіп, педагогтер арасындағы кәсіби байқаулардың республикалық кезеңінен жеңімпаз атанған педагогтерімізге еліміздің шипажайларына жолдама беру дәстүрге айналды (2025 жылы конкурс жеңімпаздарына - 62 жолдама берілген).
ҰБТ туралы
Ақылы қаңтар - ақпан айы бойынша ҰБТ - ға 9273 бітіруші қатысты. Орташа балл - 81,2.
Ақылы наурыз - сәуір айы бойынша ҰБТ - ға 9250 бітіруші қатысты. Орташа балл - 85,05 (өсім – 3,85).
10 мамыр – 10 шілде аралығында өтетін ҰБТ - ға 9250 бітіруші тіркелді. Қатысу пайызы - 89,6. Қазақ тілінде тапсыратындар – 8315, орыс тілінде – 929, ағылшын тілінде – 6 оқушы ҰБТ тапсырады.
Мүмкіндігі шектеулі көмекті қажет ететін тест тапсырушылар саны – 19.
2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу¬дің форматы өзгеріссіз қалды.
10 мамыр – 10 шілде аралығындағы ҰБТ - да: (IELTS сертификатын есепке алмағанда) 135 балдан жоғары жинаған оқушылар саны - 5.
1. Қызылорда қаласы №233 мектеп, 138 балл; 2. Қызылорда қаласы №218 мектеп, 138 балл; 3. Жалағаш ауданы №118 мектеп, 137 балл; 4. Сырдария ауданы №135 мектеп, 136 балл; 5. Шиелі ауданы №45 мектеп, 135 балл.
IELTS және Қазтест сертификатын есепке алғанда 135 балдан жоғары жинағандар саны - 6.
1. Шиелі ауданы №127 мектеп, 140 балл; 2. Жалағаш ауданы, №202 мектеп, 140 балл; 3. Шиелі ауданы №127 мектеп, 139 балл; 4. Қызылорда қаласы №136 мектеп, 137 балл; 5. №4 ОММЛИ, 137 балл; 6. Арал ауданы №13 мектеп, 135 балл.
Талапкерлер үш міндетті пәннен және өз таңдауы бойынша екі бейіндік пәннен тест тапсырады.
Міндетті пәндерге Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы және математикалық сауаттылық кіреді.
ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны 120-ны құрайды. Оның ішінде Қазақстан тарихынан 20 тапсырма, оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылықтан 10 тапсырмадан, ал екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 тапсырмадан беріледі. Ең жоғары балл 140 болып белгіленген.
Тестілеу барысында калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасы арқылы қолжетімді. Бұл талапкерлерге есептеу мен талдау жұмыс¬тарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
Тестілеу уақыты 4 сағатты немесе 240 минутты құрайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минут уақыт қарастырылған.
Тест аяқталғаннан кейін талапкерлер өз нәтижесіне қатысты апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде қабылданады. Апелляциялық комиссияның шешімінен кейін ғана талапкердің сертификаты жеке кабинетінде жарияланады. Бұл талап тестілеудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Білім беру ұйымдарында бір реттік тамақтануды ұйымдастыру
Облыс бойынша 302 мектепте (мектеп-интернаттарды қосқанда) ыстық тамақ ұйымдастырылады, оның 2-і буфеттік (Арал ауданы 69, Шиелі ауданы №151 мектептерде).
2026 - 2027 оқу жылында 86306 бала тегін ыстық тамақпен қамтылуда. Оның ішінде 1 - 4 бастауыш сыныпта 65 357, 5 - 11 сынып аралығындағы әлеуметтік осал отбасындағы тамақтанатын бала саны 20949 - ы құрады.
2026 - 2027 оқу-жылына арналған ас мәзірі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Үлгілік перспективалы мектеп мәзірін бекіту туралы» 25.12.2024 ж. №135-НҚ бұйрығы негізінде 2026 жылға бөлінген қаражат шегінде денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген.
2026 жылы ыстық тамақпен қамтуға жергілікті бюджеттен 9 млрд. 666 млн. тг. бөлініп, орташа тамақтану құны 723 тг. болып (7-10 жас 662,1 тг, 11-15 жас 714,7 тг, 16-18 жас 791,7 тг) белгіленді (2025 ж. 620 тг. салыстырмалы түрде өсім 16%).
Білім беру ұйымдарында тамақтандыруды 64 кәсіпкер жүзеге асырады.
Тамақтанудың сапасын бақылау мақсатында барлық білім беру ұйымдарында ата-аналар, медициналық мамандардың қатысуымен брекераждық комиссиялар құрылған.
Бракераждық комиссияның төрағасы мектеп директоры.
Бракераждық комиссия тағамдардың сапасын, ас мәзірінің сақталуын, тамақтану тәртібін және санитариялық талаптардың орындалуын қадағалайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымында құрылған бракераждық комиссия жұмысына облыстық, қалалық, аудандық 9 ведомствоаралық сараптамалық топ мониторинг жүргізеді.
Сараптамалық топтың құрамында білім, денсаулық сақтау басқармасының мамандары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың облыстағы өкілдігі, «Аманат» партиясы, ҚР Бала құқықтары жөніндегі өкілі, ата-аналар комитетінің мүшелері қатыстырылған.
Сондай-ақ, мектептегі бір реттік тамақтандыру 135 мектепте аппараттық-бағдарламалық кешенмен, 158 мектеп бизнес-әмиян қосымшасымен жүргізіледі.
Инклюзивті және арнайы білім беру
Қызылорда облысында бүгінгі таңда психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың есебінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 10 мыңға жуық бала тіркелген.
Облыста 23 арнайы білім беру ұйымы жұмыс жасайды (6 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК), 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК), 3 арнайы мектеп-интернат, 1 арнайы балабақша, 3 оңалту орталығы, 1 аутизм орталығы).
«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» тұжырымдамасының индикаторларына сәйкес инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау көрсеткіші мектепке дейінгі ұйымдарында 93,9 % (жоспар 80%) (барлық мем. мектепке дейінгі білім беру ұйымдары 165/155-де жағдай жасалған), жалпы білім беретін мектептерде 99,3% (жоспар 95 %) (барлық мем. орта білім беру ұйымдарының 301/300-де жағдай жасалған), ТжКББ үлесі 100 % (жоспар 90%) (барлық мем. техникалық білім беру ұйымдарының 17/17-де) құрайды.
«Қазақстан Республикасындағы инклюзивті саясаттың 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» тұжырымдамасының индикаторларына сәйкес, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 35,8 % (жоспар 30%) (123/44), жалпы білім беретін мектептерде 73,4 % (жоспар 40 %) (267/196), колледж 46,7 % (жоспар 30 %) (15/7) құрайды.
Жалпы орта білім беретін мектептерде 628 арнайы маман қызмет көрсетеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мақсатында мектептерде 190 инклюзивтік қолдау кабинеттері жұмыс жасап, 494 педагог-ассистент қызмет атқаруда.
8 мектепте инклюзивтік ресурстық орталықтар ашылды.
2025-2029 жылдары тағы 14 инклюзивтік кабинет ашу жоспарланды.
Балаларды қосымша біліммен қамту
Қызылорда облысы бойынша – 69 қосымша білім беру ұйымы (білім – 33, спорт – 36) жұмыс жасайды. Қамтылған бала – 65692 (34,7%). Үйірме, секция саны – 741 (үйірме – 471, секция – 270).
Ал мектеп жанындағы шығармашылық және спорттық 8112 секция-үйірмеге – 174145 оқушы қатысады, барлық оқушының – 92%-ы. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап балалардың жазғы демалысы ұйымдастырылды.
Облыста 7 ауысым қорытындысымен барлығы 10050 бала жазғы лагерьде тынықты.
Аймақта 1-10 сыныптар аралығында оқитын 178918 оқушының жазғы лагерьмен қамтылу көрсеткіші 99,7%-ды құрады (291 мектептегі тамақсыз – 140 384, 265 мектепте тамақпен – 27 947. Барлығы – 178 381 бала).
Оның ішінде 71,3 %-ы (125 647) – ауыл балалары, 97,8 %-ы (172 483) – халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан білім алушылар (СУСН).
Демеушілер мен кәсіподақтар есебінен өзге өңірлердегі лагерьлерде 4843 бала демалды (Астана, Алматы, Көкшетау, Шымкент қалалары).
Бүгінгі күні аймақта 9 лагерь (Арал «Қамбаш», Қазалы «Шағала», Жалағаш «Ақтерек», Сырдария «Жалын», Шиелі «Сыр Ұланы», Жаңақорған «Тау самалы», «Талды су», Қызылорда қаласы «Ai-Kerim», жеке «Зерентай») бар. 8-і – мемлекеттік, 1-еуі – жеке.
Жыл көлемінде «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 774 оқушы тынығуда. Бүгінгі күнге дейін 700 бала Түркістан, Қонаев, Щучинск қалаларындағы лагерьде 20 күн демалды.
2026 жылдың 16 мамырында Президент паркінде ашылған «Аi-Kerim» лагері ашылды, жылдық қамтуы – 8400 бала.
1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні Ботаникалық білім беру орталығы (құны 5 млрд. тг) ашылды.
Президент паркінің аумағынан ашылған Ботаникалық бақ – осы ауқымды мемлекеттік бастаманың аймағымыздағы нақты әрі жемісті көрінісі.
Нысанның жалпы ауданы 3420 шаршы метрді құрайды. Бақ ішінде Қытай, Оңтүстік Африка, Жапония, Оңтүстік және Орталық Америкалық жасыл желектер егілді.
Облыс аумағындағы барлық қосымша білім беру ұйымдарында да жазғы лагерьлер жұмыс жасап, 150-ге жуық үйірмемен 65692 оқушы қамтылды. 52189 оқушы еліміздің басқа қалаларына және Сыр өңірінің тарихи орындарына, ашылған жаңа нысандарға экскурсиялар мен арнайы турлармен қамтылады (Байқоңыр ғарыш айлағы, ортағасырлық Жанкент қалашығы, Сауран, Сығанақ қалашығына, Түркістан облысының киелі жерлеріне, Қорқыт ата).
Техникалық және кәсіптік білім беру саласы туралы
Облыста 28 колледж бар (17-мемлекеттік, 11-жекеменшік).
Оның ішінде қалада – 17 колледж (8-мем, 9-жеке).
Аудандарда - 11 колледж (9-мем, 2-жеке).
Жалпы контингент – 21624 студент (20 602 күндізгі бөлім).
Мемлекеттік тапсырыс – 14993 студент (34 - мем тапсырыс РБ).
Ақылы негізде – 5575 студент.
Қашықтықтан (сырттай) – 736 студент, кешкі – 286 студент.
28 колледжде 87 мамандық 135 біліктілік бойынша кадрлар даярлануда. Оның ішінде 19 колледжде 37 жұмысшы мамандығы 53 біліктілік бойынша 5469 студент білім алуда.
Мемлекеттік тапсырыс:
2026-2027 оқу жылында 4384 орын мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға қабылдау жүргізілді (мем – 3136, жеке - 1248). Оның ішінде 9 сыныптан – 3136 студент (71,5%), 11 сыныптан – 1217 студент (27,7%), ТжКББ кейін – 32 студент (0,7%).
2025 жылмен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс көлемі – 924 орынға қысқарды. (2024 жылы – 4608 орын, 2025 жылы – 5308 орын).
Мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша 2026 жылы (кәсіпорындар сұранысы негізінде) – 458 студент оқуға қабылданды (2024 жыл – 356, 2025 жылы - 400).
ТжКББ саласының мазмұнын жаңарту:
ТжКББ ұйымдары бойынша жұмыс беруші кәсіпорындардың қатысуымен 153 білім беру бағдарламалары жаңартылды.
2 колледж халықаралық салалық аккредитациядан өтті (И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі мен Халықаралық «Орда» жоғары колледжі)
Сонымен бірге, халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында 8 халықаралық, 98 республикалық, 56 аймақтық оқу орындарымен барлығы – 162 меморандумға қол қойылды.
«Мамандығым – Болашағым» жобасы аясында жаңа кәсіптер «Атласы» әзірленді. Атласқа сәйкес 2026 жылы еңбек нарығына қажетті 9 жаңа мамандық ашылды.
Жаңа мамандықтарға 350 орынға (жұмысшы - 125 орын, орта буын – 75 орын, қолданбалы бакалавр - 150 орын) мемлекеттік тапсырыс бөлінді.
Ақпарат ретінде: «Жеке сүйемелдеуді ұйымдастыру», «Уран өндіру, «Cумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану», «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» қолданбалы бакалавры, «Қазақ тілі мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры», «Информатика» қолданбалы бакалавры, «Есептеу техникасы және ақпараттық желілердің қолданбалы бакалавры», «Ақпараттық қауіпсіздіктің» қолданбалы бакалавры, «Робототехника және кірістірілетін жүйелердің» қолданбалы бакалавры.
Дуальды оқыту бойынша 2026 жылы 23 колледжде 53 мамандық негізінде 341 кәсіпорынмен үш жақты келісім шартпен 5 882 (38,0%) студент білім алуда.
(«Арал тұз» АҚ, «РЗА» АҚ, «Арал құрылыс» ЖШС, «Сыр маржаны» ЖШС, «Абзал и К», «Мағжан и К», «ГРП-23», «Шиелі жарық» ЖШС, «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ, «Бест Сервис ЛТД» ЖШС, «Бест Авто» ЖШС, «Сыр жиһазы» ЖШС т.б.).
17 мемлекеттік колледжді ірі кәсіпорындар шефтік қамқорлыққа алды.
Жұмысқа орналасу бойынша:
2025 жылы 5571 бітіруші, мем. тапсырыспен – 2920.
- жұмысқа орналасқаны – 4910 бітіруші, 88,1%.
- мем. тапсырыспен жұмысқа орналасқаны - 2492, 85,3%.
2026 жылы 6380 бітіруші, мем тапсырыспен – 4108. Бітірушілердің болжамды жұмысқа орналасу көрсеткіші – 5869, 92,0%. Ағымдағы жылы 16 колледжден 124 студент 29 мамандық бойынша 57 кәсіпорын базасында өндірістік практикадан өтіп, тұрақты жұмысқа орналасу туралы жолдамаға ие болды.
ТжКББҰ-ы педагогтарының сапалық құрамы:
Колледждерде 1894 педагог жұмыс жасайды (мем кол – 1283, жеке кол - 611), оның ішінде жалпы пән мұғалімі – 591, арнаулы пән мұғалімі – 1077, оқу-өндіріс шеберлері - 226.
Ақпарат ретінде: Педагог-шебер – 7 (0,3%), педагог-зерттеуші – 179 (8,7%), педагог-сарапшы – 338 (16,6%), педагог-модератор – 805 (39,5%). Барлығы - 1329 (70,2%). Өндірістен тартылған (2025 ж) 38 (2,1%) маман;
Педагогтар арасында 1 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, 267 магистр, 10 педагог «Талап» КЕАҚ-ның штаттан тыс тренерлері жұмыс жасайды. 12 педагог халықаралық тағылымдамадан, 294 педагог біліктілік арттыру курстарынан, 1384 педагог цифрлы технология жасанды интеллект бойынша курстан өтті.
Жатақханамен қамту:
Облыста 21 колледжде жатақхана бар, 7 колледж (2-мем (М.Ықсанов колледжі, М.Саламатов колледжі), 5-жеке (Қазалы гум-тех, «Байконур», «Авиценна», «Сейхун», «Текей батыр» колледжі) инвесторлар салған жатақханалармен келісім шарт жасады. Жалпы 1869 студент жатақханамен қамтылған. Жатақханаға деген сұраныс толық қамтамасыз етілген.
2024 жылы «Абылай хан» колледжі 235 орынды жаңа жатақхананы, 2025 жылы Музыкалық колледж студенттері үшін 250 орынды жаңа жатақхана пайдалануға табысталды.
Колледжердің МТБ-ын жабдықтау:
2025 жылы жанбасына шаққанда қаржыландыру жүйесі бойынша бөлінген қаражатты үнемдеу есебінен 3 колледж 274,6 млн тг қаржыға материалдық - техникалық базаларын жаңартты. (М.Мәметова атындағы педагогикалық колледжі – 135,0 млн тг, И.Әбдікәрімов атындағы политехникалық колледжі – 112,74 млн тг, М.Ықсанов атындағы техникалық – IT колледжі – 26,9 млн тг,)
Сонымен қатар, демеушілік және инвесторлар есебінен 89,0 млн теңгеге 3 колледждің оқу кабинеттері мен өндірістік шеберханалары қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. (И.Әбдікәрімов атындағы политехникалық колледжі – 54,0 млн тг (оқу кабинеттері), Арал индустриальды-техникалық колледжі - 15,0 млн тг (спорт алаңы, кабинеттер), Шиелі индустриальды-аграрлы колледжі – 20,0 млн тг (бұрғылау агрегаты).
2026 жылы жастардың кәсіби шеберлігін шыңдап, жұмысшы мамандығының беделін көтеру, студенттердің облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға қатысуына мүмкіндік беретін «Сыр болашағы» құзыреттілік орталығы пайдалануға берілді. (2 қабатты, 1000 орынды орталық, құны – 5,1 млрд тг)
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұсынысымен «Білімді қолдау қорының» қаражаты есебінен 2027 жылы «IT және жасанды интеллект» жаңа колледжі құрылысын салу жоспарланып отыр.
Қызылорда облысының білім басқармасының 2026 жылғы I жартыжылдығында атқарылған жұмыстар ақпараты
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
651 мектепке дейінгі білім беру ұйымында (159 мемлекеттік, 48 шағын орталық, 444 жекеменшік) 49 240 бала тәрбиеленуде.
Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары – 207 (бала саны – 18 968).
Жекеменшік МДҰ – 444 (бала саны – 30 272).
Мектепалды даярлық сыныптарына 9 742 бала қамтылған.
2 - 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші – 93%;
3 - 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші – 100%.
Облыстағы мектепке дейінгі ұйымдарда 5 810 педагог бар. Оның ішінде жоғары білімдісі – 4 351 (74,9 %), арнаулы орта білімдісі – 1 459 (25,1 %).
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспарға сәйкес, 2025 жылы 8 221 орын (оның ішінде 1 780 орын 27 балабақша, 6 441 қосымша орын) ашу жоспарланған.
2025 жылдың қорытындысымен қадамдық жоспарға сәйкес 6 144 орындық 89 (240 орындық 4 мемлекеттік, 5 904 орындық 85 жеке) жаңа мектепке дейінгі ұйым және 2 077 қосымша орын ашылып, барлығы 8 221 орын немесе 100 пайызға орындалды.
Бұдан бөлек, аймақтағы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен біліммен қамтамасыз ету мақсатында 2027 жылға дейін жалпы қуаты 5 415 орындық (2026 жылы – 2 675 орындық 15 балабақша, 2027 жылы – 2 740 орындық 14 балабақша).
29 мектепке дейінгі білім беру ұйымын пайдалануға беру жоспарланған. Осыған сәйкес қажетті шаралар қабылданатын болады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Мектепке дейінгі ұйымдарда дербестендірілген ваучерлік қаржыландыру» жоспарына сәйкес, 2025 жылдың тамыз айында Қызылорда қаласындағы 236 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру енгізілді.
Бүгінгі күнге дейін 28 613 ваучер берілді. 2-6 жас аралығындағы Қызылорда қаласы бойынша кезектілік 352 баланы құрайды.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №184-НҚ бұйрығына сәйкес «Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соған сәйкес бұйрық жыл соңына дейін ұзартылды.
Орта білім беру
Мектеп саны – 320;
301 мемлекеттік мектеп (қазақ тілінде оқытатындар - 272, аралас оқытатындар-29).
19 жекеменшік (Қызылорда – 16, Шиелі – 2, Жаңақорған - 2);
2025-2026 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер саны – 11 131.
2026 жылы ҰБТ - ға 9934 оқушы (89,2%) қатысады.
2026 жылы «Алтын белгі» иегерлерінің саны – 967.
1 124 оқушы «Үздік аттестат» алды.
2025 – 2026 оқу жылында 1 - 11 сыныптағы оқушылар саны – 189 288 құрап, өткен оқу жылымен салыстырғанда 4 364 балаға артық.
2026-2027 оқу жылына оқулық сатып алуға 2,8 млрд тг қаржы бөлінді. Рұқсат етілген оқулықтар тізімінің бұйрығы бекітілгеннен соң оқулықтарға тапсырыс беру жүргізіледі. 748 мың дана оқулық алу жоспарлануда.
Аймақта үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ.
Облыс бойынша шағын жинақты мектептер саны – 8 (Арал ауданы – 5, Қазалы ауданы – 1, Шиелі ауданы-2), жалпы контингенті 499 оқушы.
8 шағын жинақталған мектептің 4 орта, 4 негізгі мектеп. ШЖМ-де 165 педагог жұмыс істейді.
1 - сыныпқа қабылдау
1 – сыныпқа 17 700 бала келеді деп күтілуде (өткен оқу жылында 17 665 бала 1 – сыныпқа қабылданды). Қазақ тобына – 16 421 немесе 93 пайыз, орыс тобына – 1 279 немесе 7 пайыз.
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына сәйкес, 1 – сыныпқа қабылдау жұмыстары ағымдағы жылдың 27 мамырдан бастап 31 тамыз аралығында жүргізілетін болады.
Көрсетілетін қызметті беруші оқуға қабылдау кезінде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыларға өтініш берген бірінші үшеуге оқуға қабылданғаны туралы, содан соң - ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткерге оқуға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.
Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты білім беру ұйымының басшысы ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы
Аймағымызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 400 млн. теңгеге 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Мектеп бастауыш және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктар, трансформер - мобильді парталар, трансформациялау мүмкіндігі бар әмбебап акт залы, қауіпсіздік жүйесі, оқу-зертханалық құрылғылар және жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етілген.
Пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар
Өткен оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша президенттік, республикалық, олимпиада және ғылыми жоба конкурсының облыстық кезеңіне 1 095 оқушы қатысып 532 оқушы жүлделі орындарды иеленсе (І орын – 86, ІІ орын – 168, ІІІ орын – 280),қорытынды кезеңге 44 оқушы қатысып 13 оқушы жүлделі орындар (І орын - 3, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 6, «Алғыс хат» - 8)иемденді.
Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсына жалпы 42 оқушы қатысып 28 оқушы жүлделі орындарға (І орын - 6, ІІ орын - 7, ІІІ орын - 15)ие болды.
2024 – 2025 оқу жылында Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 71 оқушықатысып, 39 оқушы жүлделі орындарға («Алтын медаль» – 10, «Күміс медаль» – 14, «Қола медаль» – 15, Алғыс хат - 8)ие болды.
Қызылорда облысы жаратылыстану - математикалық бағытта «Ең үздік олимпиадалық команда - 2024» номинациясымен бірінші орынды, қоғамдық - гуманитарлық бағытта үшінші орынды иеленді.
Өткен оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың толық нәтижесін көрсету мақсатында жасалған «Еліміздің үздік 100 олимпиадалық мектебі» рейтінгісіне 5 мектеп енген.
Цифрландыру мен электронды құрылғылар
Аймақ мектептеріндегі компьютерлік құрылғылардың саны - 44 170 дананы кұрайды.
2018 жылы облыстағы компьютерлерді ауыстыру мақсатында мемлекеттік - жекеменшік серіктестік аясында 8 096 компьютер жаңаланды.
2020 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен 3,2 млрд. теңгеге 4 802 планшет, 14 362 ноутбук, 3 706 компьютер, жалпы 22 870 техникалық құрылғылар алынды.
Бұдан бөлек мектептер сабақ процесіне қолдану үшін 3 494 дана интерактивті тақта мен панелдермен жабдықталған.
Облыс көлеміндегі білім беру ұйымдарының кітапханаларында барлығы 90 мыңнан аса электронды оқулықтар қоры қалыптасқан.
2023 - 2024 оқу жылында 6,2 млн. теңге қаржыға 623 дана электронды оқулықтар сатылып алынды. Сонымен бірге мектептерге 1, 2 сыныптарға 77 млн.теңге қаржыға 37 638 дана «Цифрлық сауаттылық» оқулығының электронды нұсқасы сатып алынды.
Мектептер цифрлық білім ресурстарын тіркелген («Bilim land.kz» порталы, «Daryn.Online» порталы).
«Қазақстан Халқына» қоры арқылы ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар ретінде 2022-2024 жылдары 6 мектеп (әрқайсысы – 250 млн.теңге) интерактивті және заманауи оқу кабинеттерімен қайта жабдықталса, 2025 жылы - 2 мектеп жабдықталуда (Байқоңыр қ. №277 мектеп-лицей, Сырдария №36 мектеп-лицей).
2025-2026 оқу жылында облыс көлеміндегі 50 мектепте «Қазақстан Халқына» қоры «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорымен бірлескен дамыту және жабдықтау бағытында жұмыстар жүргізілді.
Әлеуметтік әмиян, бизнес әмиян
Облыстағы оқушы мен қызметкерлер саны 700-ден асатын және қала, аудан орталығында орналасқан 133 мектепте ақпараттық-бағдарламалық кешен (АБК) 100 % орнатылды және «Әлеуметтік әмиян» жүйемен 100 % интеграцияланған.
(Анықтама үшін: Президентіміздің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру Жол картасының 82 - тармағы бойынша, балалар қауіпсіздігін, асхана мен кітапхана жұмысын цифрландыруға бағытталған сәйкестендіру карточкалары жүйесімен қамту тапсырмасы)
Сондай-ақ оқушы мен қызметкер саны 700-ден төмен ауылдық жерде орналасқан 159 мектепте ыстық тамақ беруді ұйымдастыру «Бизнес әмиян» қосымшасы арқылы жүргізілуде.
«Бизнес әмиян» арқылы тамақтандыруды ұйымдастыру кәсіпкерлер қосымшаға тіркеліп, тамақтандыруды QR-код арқылы жүргізеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру
Қазіргі таңда, өңірімізде 28 колледж бар (17-мемлекеттік,11-жекеменшік).
87 мамандық 135 біліктілік бойынша 21 669 студент (мем - 11636, жеке - 10033) білім алуда.
19 колледжде 37 мамандық 53 біліктілік негізінде 5 469 жұмысшы (5188 – гос заказ, 281 - ақылы) кадрлары даярлануда.
- күндізгі бөлімде – 20 562 студент.
- сырттай бөлімде – 1 107 студент.
Мемлекеттік тапсырыспен – 15 201 студент (мем - 9198, жеке - 6003), ақылы негізде – 6468 студент (мем - 1739, жеке - 4729).
«Жұмысшы мамандықтар жылында» мемлекеттік тапсырыс көлемі 700 орынға артты (2024 жылы - 4608 орын, 2025 жылы – 5308 орын).
Мақсатты мемлекеттік тапсырыс (целевой гос заказ) бойынша 2025 жылы (кәсіпорындар сұранысы негізінде) – 400 студент оқуға қабылданды (2022 жыл - 119, 2023 жыл - 251, 2024 жыл - 356). Барлығы – 1126 студент білім алуда. 2025 жылы 71 студент оқуын аяқтады. 2026 жылғы жоспар - 450 орын.
Дуальды оқыту бойынша 2025-2026 оқу жылында 24 колледжде 53 мамандық бойынша 226 кәсіпорынмен үш жақты келісім шарт негізінде 5381 (35,3%) студент білім алуда.
Ақпарат ретінде: Дуальды жүйеде жұмыс жасайтын кәсіпорындар: «Арал тұз» АҚ, «РЗА» АҚ, «Арал құрылыс» ЖШС, «Сыр маржаны» ЖШС, «Абзал и К», «Мағжан и К», «ГРП-23», «Шиелі жарық» ЖШС, «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ, «Бест Сервис ЛТД» ЖШС, «Бест Авто» ЖШС, «Сыр жиһазы» ЖШС т.б.).
Жұмысқа орналасу бойынша:
2024 жылы колледждерді 5895 студент оның ішінде 3916 мемлекеттік тапсырыспен оқуын аяқтады. 4986 түлек жұмысқа орналасып 84,5%, мемлекеттік тапсырыспен – 3230, 82,4%.
2025 жылы 5571 бітіруші, 2920 мемлекеттік тапсырыспен. Жұмысқа орналасқаны – 4910 бітіруші, 88,0%, мемлекеттік тапсырыспен - 2492, 85,3%. Ал, 2026 жылы колледждерді 6380 студент оқуын аяқтайды, оның ішінде 4108 мемлекеттік тапсырыспен.
Жатақханамен қамту:
Облыста 21 колледжде жатақхана бар, 7 колледж (2-мем (М.Ықсанов колледжі, М.Саламатов колледжі), 5-жеке (Қазалы гум-тех, «Байконур», «Авиценна», «Сейхун», «Текей батыр» колледжі) инвесторлар салған жатақханалармен келісім шарт жасаған. Жалпы 1869 студент жатақханамен қамтылған. Жатақханаға деген сұраныс толық қамтамасыз етілген.
2024 жылы «Абылай хан» колледжі 235 орынды жатақхананы пайдалануға берді. 2025 жылы Музыкалық колледж студенттері үшін 250 орынды жаңа жатақхана пайдалануға табысталды.
Колледжердің МТБ-ын жабдықтау:
2025 жылы жанбасына шаққандағы қаржыландыру жүйесі бойынша бөлінген қаражатты үнемдеу есебінен 3 колледж 274,6 млн тг қаржыға материалдық - техникалық базаларын жаңартты. (М.Мәметова атындағы педагогикалық колледжі – 135,0 млн тг, И.Әбдікәрімов атындағы политехникалық колледжі – 112,74 млн тг, М.Ықсанов атындағы техникалық – IT колледжі – 26,9 млн тг)
Сонымен қатар, демеушілік және инвесторлар есебінен 89,0 млн теңгеге 3 колледждің оқу кабинеттері мен өндірістік шеберханалар қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. (И.Әбдікәрімов атындағы политехникалық колледжі – 54,0 млн тг (оқу кабинеттері), Арал индустриальды-техникалық колледжі - 15,0 млн тг (спорт алаңы, кабинеттер), Шиелі индустриальды-аграрлы колледжі – 20,0 млн тг (бұрғылау агрегаты).
Жаңа оқу жылына талапкерлерді оқуға қабылдау бойынша:
2026-2027 жаңа оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін жергілікті бюджеттен 4384 орын мемлекеттік тапсырыс бөлінді (2025 жылы – 5308 орын, 924 орынға кем).
Бүгінгі күні барлық колледждер бойынша жаңа оқу жылына талапкерлерді оқуға қабылдау үшін арнайы комиссиялар құрылып, бұйрықпен рәсімделді.
Ағымдағы жылдың 25 маусым мен 25 тамыз аралығындағы колледждер бойынша талапкерлерді оқуға қабылдау жүзеге асырылатын болады.
Жетістіктер:
- 2025 жылы "Мамандығым - Болашағым" жобасы аясында жаңа кәсіптер «Атласы» әзірленді. (жб - 22,0 млн тг)
- 2025 жылы колледждер Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия, Латвия, Польша мемлекеттерімен 7 халықаралық, 98 республикалық және 56 аймақтық оқу орындарымен – 161 меморандумға қол қойды.
- Қызылорда политехникалық жоғары колледжі Польшаның «WSG BYDGOSZCZ» БИДГОЗК Университетімен салааралық каластер құру үшін екі жақты келісім-шарттарға қол қойылды.
- «Орда» жоғары колледжі «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша Англияның кәсіби біліктіліктер беретін жаһандық компаниясы «City Guilds» ұйымынан халықаралық салалық аккредиттеуден сәтті өтті.
- Аталған колледж IT саласы бойынша да Оңтүстік Кореяның ABEEK аккредитация агенттігі арқылы салалық аккредиттеуден өтіп, сертификат иеленді.
- 2025 жылғы «WorldSkills Kazakstan» Ұлттық чемпионатында облыс командасы 1 күміс, 5 қола медаль және 5 медальон иеленді.
- М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі 2025 жылы республика бойынша «Үздік педагогикалық колледж» атанды.
- Техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуға арналған «Құзыреттілік орталығы» 2026 жылғы 19-ы наурызда ел игілігіне пайдалануға берілді (1000 орынды орталық, құны – 5,1 млрд тг).
Балалардың жазғы тынығуын ұйымдастыру туралы
Аймақта 1-10 сыныптар аралығында оқитын 178 918 оқушының 99,1%-ы (177 476-ы, 291 мектептегі тамақсыз 127 794, 265 мектепте тамақпен – 27947, 9 лагерьде – 21 735) жазғы демалыспен қамтылады.
Демеушілер мен кәсіподақтар есебінен өзге өңірлердегі лагерьлерде 4843 бала демалады (Астана, Алматы, Көкшетау, Шымкент қалалары).
Бүгінгі күні аймақта 9 лагерь (Арал «Қамбаш», Қазалы «Шағала», Жалағаш «Ақтерек», Сырдария «Жалын», Шиелі «Сыр Ұланы», Жаңақорған «Тау самалы», «Талды су», Қызылорда қаласы «Ai-Kerim», жеке «Зерентай») жұмыс жасауда. 8-і – мемлекеттік, 1-еуі – жеке.
Бүгінгі күні басқармаға қарасты жазғы тынығу лагерьлерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, қажетті материалдық-техникалық жабдықтары жаңартылды. Аталған жұмыстарға жергілікті бюджеттен 76 млн. теңге бөлінді.
Облыс аумағындағы барлық қосымша білім беру ұйымдарында да жазғы лагерьлер жұмыс жасап, 150-ге жуық үйірмемен 65 692 оқушы қамтылады.
52 189 оқушы (29,4%) еліміздің басқа қалаларына және Сыр өңірінің тарихи орындарына, ашылған жаңа нысандарға экскурсиялар мен арнайы турлармен қамтылады (Байқоңыр ғарыш айлағы, ортағасырлық Жанкент қалашығы, Сауран, Сығанақ қалашығына, Түркістан облысының киелі жерлеріне, Қорқыт ата). Аймақта 2023 жылдан бері мектеп оқушыларының дәстүрлі жарысына айналған «Сыр лигасы» жобасы жүзеге асырылуда.
140 мыңға жуық оқушыны қамтитын жоба - 7 сайыс түрінен өтуде (Үлкен футбол, отбасылық волейбол, жайдарман, дебат, жігіттердің сұлтаны, ана тілі аруы, жас мобилографтар сайыстары).
Жазғы демалыс кезінде де оқушылар арасындағы аталған сайыс түрлері жалғасады.
Үйірмелер мен спорттық-зияткерлік сайыстарға 154 675 оқушы қатыстырылады. Бұл 1-10 сынып оқушыларының 86,4% құрайды.
Білім саласында 2026 жылдың I тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар ақпараты
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша.
Өңірдегі 645 (158 мемлекеттік, 48 шағын орталық, 439 жекеменшік балабақша) мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасайды, ондағы тәрбиеленушілер саны 48 867 - ні (мемлекеттік – 19 002, жеке – 29 865) құрайды.
9 689 бала мектептердегі мектепалды даярлық сыныптарында білім алуда.
Аймақта 2 - 6 жастағы балалардың балабақшамен қамтылуы – 93%, 3 - 6 жастағы балалардың қамтылуы – 100%.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Мектепке дейінгі ұйымдарда дербестендірілген ваучерлік қаржыландыру» жоспарына сәйкес, 2025 жылдың тамыз айында Қызылорда қаласындағы 232 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру енгізілді.
Бүгінгі күнге дейін 22 588 ваучер берілді. 2-6 жас аралығындағы Қызылорда қаласы бойынша кезектілік 975 баланы құрайды.
Ваучерлік қаржыландыруды аудандардағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына енгізу 2026 жылдың шілде айына ауыстырылды.
Мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың ата - аналарына арналған 158 консультациялық пункттері жұмыс жасауда. Онда 589 ата - ана және 602 бала қамтылған.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен педагогтерге әдістемелік қолдауды білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттері жанындағы 15 мобильді топ қамтамасыз етеді.
Ауылдық жерлерде сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етілген ұйымдар үлесі – 100%, сол секілді кәріз жүйесімен қамтамасыз етілгендері де – 100%.
Цифрлық және техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген МДҰ үлесі – 100%, бейнебақылау жүйелерімен жабдықталғандары – 100%.
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы бойынша 2023 - 2027 жылдарға арналған қадамдық жоспарға сәйкес, 2025 жылы 8 221 орын (оның ішінде 1 780 орын 27 балабақша, 6 441 қосымша орын) ашу жоспарланған.
2025 жылдың қорытындысымен қадамдық жоспарға сәйкес 6 144 орындық 89 (240 орындық 4 мемлекеттік, 5 904 орындық 85 жеке) жаңа мектепке дейінгі ұйым және 2 077 қосымша орын ашылып, барлығы 8 221 орын немесе 100 пайызға орындалды.
Бұдан бөлек, аймақтағы 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен біліммен қамтамасыз ету мақсатында 2027 жылға дейін жалпы қуаты 5 415 орындық (2 415 орындық 29 балабақша, 3 000 қосымша орын) 29 мектепке дейінгі білім беру ұйымын пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда қажетті шаралар қабылдануда.
Орта білім беру бойынша.
Аймақтағы 331 (301 – мемлекеттік, 24 – жекеменшік, 3 – арнайы интернат, 1 кешкі мектеп, 1 спорт интернат, 1 НЗМ) жалпы білім беретін мектептерде 189 288 оқушы білім алуда.
Өңіріміздің білім беру саласына соңғы 3 жылда 812 млрд. 245 млн. теңге бөлінді.
2025 жылы 346 млрд. 800 млн. теңге қаралып, толық игерілсе 2026 жылға білім саласының бюджеті 302, 2 млрд теңгені құрады.
Өткен жылы өңірімізде 31 млрд. 800 млн. теңгеге 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 391 млн. теңгеге 10 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді.
2023 жылдан бастап 5 млрд. 700 млн. теңгеге 9 мектеп жанынан қосымша ғимарат бой көтерді.
Нәтижесінде өңірімізде үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты.
Кәсіпкерлердің демеушілігімен Арал ауданы Тоқабай ауылындағы апаттық мектептің орнына 500 млн. теңгеге жаңадан 100 орындық білім ордасы салынды.
«Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен 8 млрд. 400 млн. теңгеге физика-математика бағытындағы лицей-интернаты салынды.
Аталған қор арқылы 2 млрд. 333 млн. теңгеге Арал ауданы, Мергенсай ауылында 150 орындық мектеп салынып, 2026 жылдың қаңтар айында пайдалануға берілді.
Соңғы үш жылда 5 млрд. 300 млн. теңгеге 15 мектептің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Өткен жылы бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2 млрд. 400 млн. теңге бөлініп, 9 мектеп қайта жаңғыртудан өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы үш жылда аймақта 51 мектеп күрделі жөндеуден өтетін болады.
11 млрд. теңгеге балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» академиясы ашылды. Академияда 6 бағыт бойынша 52 үйірме жұмыс жасауда.
3 млрд. теңгеден астам қаржыға 3 ауданда Оқушылар үйі мен Өнер мектептері салынып, пайдалануға берілді.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында 2 млрд. 500 млн. теңгеге заманауи үлгідегі 350 орындық Оқушылар сарайы салынып, балаларымыздың игілігіне қызмет етуде.
4 млрд. 800 млн. теңгеге Музыкалық колледждің жаңа оқу ғимараты мен жатақханасы салынып, ел игілігіне табысталды.
Қызылорда қаласында 5 млрд. 200 млн. теңгеге жұмысшы мамандарды даярлауға арналған республикадағы алғашқы «Құзыреттілік орталығының» ғимараты Наурыз мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді.
Облыс орталығындағы Президент саябағында 10 млрд. теңгеге 300 орындық жыл бойы жұмыс жасайтын заманауи балалар тынығу лагері бой көтеруде.
Саябақта 5 млрд. теңгеге Ботаникалық білім беру орталығының ғимараты салынуда.
2025 жылы «Қазақстан Халқына» қоры арқылы ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар ретінде 500 млн. теңгеге 2 мектеп интерактивті және заманауи оқу кабинеттерімен қайта жабдықталды.
Аталған қор арқылы 2,5 млрд. теңгеге облыс көлеміндегі 58, оның ішінде 8 шағын жинақты мектепті физика, химия, биология пәндік кабинеттерімен жабдықтау жұмыстары жүргізілді.
Білім саласына жасалған айрықша қолдаудың нәтижесінде Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен аймағымыз республикада екінші жыл қатарынан үздік атанды.
Жоғары оқу орындарына бөлінген мемлекеттік грантты иемдену бойынша да талапкерлеріміз республикада бірінші орынға шықты.
2024 - 2025 оқу жылында Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада да Қызылорда облысы жаратылыстану - математикалық бағытта «Ең үздік олимпиадалық команда - 2024» номинациясымен І орынды, қоғамдық-гуманитарлық бағытта ІІІ орынды иеленсе, 2025 - 2026 оқу жылында да шәкірттеріміз аймақ намысын абыроймен қорғап, қоғамдық - гуманитарлық бағытта ІІ орын, ал, жаратылыстану - математикалық бағыты бойынша ІІІ орынды иемденді.
Инклюзивтік білім беру.
2025 - 2026 оқу жылы бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация есебіне 9 084 мүмкіндігі шектеулі бала есепке алынды.
Оның ішінде, 2 265 бала мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, 2 661 бала мектепте, 113 бала үйден оқуда, оңалту орталықтарында 282 бала, аутизм орталығында 332, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 909, 259 бала арнайы мектептерде, 262 бала колледжде білім алады.
Аймақта 23 арнайы білім беру ұйымдары (6 ПМПК, 1 арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 3 оңалту орталығы, 3 облыстық арнайы мектеп-интернат, 1 аутизм орталығы) жұмыс жасайды.
Жалпы мемлекеттік балабақшалар 100% арнайы кабинет және арнайы мамандарымен қамтылды. Балабақшаларда 235 арнайы мамандар жұмыс жасайды.
Өңірдегі 301 мемлекеттік мектептің 190-да инклюзивтік қолдау кабинеттері, 8 мектепте инклюзивтік ресурстық орталықтар ашылды.
2025 - 2029 жылдары тағы 14 инклюзивтік кабинет ашу жоспарланды. Жалпы орта білім беретін мектептерде 628 арнайы маман қызмет көрсетуде.
Қосымша білім беру, құқықбұзушылықтың алдын алу туралы.
Облыс бойынша – 69 қосымша білім беру ұйымы (білім – 33, спорт – 36) жұмыс жасайды. Қамтылған бала – 65 692 (34,7%). Үйірме, секция саны - 741 (үйірме – 471, секция – 270).
2025 жылғы қазанда сол жағалауда Орталық стадион пайдалануға берілді. Мұнда алдағы күндері спорттық секциялар ашылатын болады. Қамту жоспары жобамен - 300 бала, 7 секция.
Сонымен қатар, «Қызылорда арена» спорттық - сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Кешенде 9 үйірмеге 380 бала қамту жоспарлануда.
Президент саябағында жылдың 4 мезгілінде үздіксіз жұмыс жасайтын 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері пайдалануға берілген уақытта қосымша біліммен қамту үлесі – 66 372 балаға жететін болады.
Бұл аймақтағы 189 288 оқушының – 35 %-ы.
Ал бүгінгі күні мектеп жанындағы шығармашылық және спорттық 8 112 секция-үйірмеге - 174 145 оқушы қатысады, барлық оқушының – 92%-ы.
Құқықбұзушылықтың алдын алу «Adal Bala» цифрлық білім беру платформасы жүзеге асырылуда.
Бүгінгі күні жоба 301 мектепке енгізілді. «Заң мен тәртіп», «Қаржылық сауаттылық», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет», «Буллинг және зорлық-зомбылық», «Медиа сауаттылық және киберқауіпсіздік» тақырыптарындағы модульдерді оқыту және сыныптан тыс жұмыстар жүргізілуде. Цифрлық білім беру платформасы «Elskills» ЖШС-мен іске асырылуда. Бағдарламаны оқыту барысында педагогтер жүйеде сенімді жұмыс істеуге үйретілді.
Бүгінгі күні 168 866 оқушы және 9 773 мұғалім белсенді жұмыс жасауда.
2025 - 2026 оқу жылының басында облыс әкімі орынбасарымен бекітілген жоспар аясында ұйымдастырылған құқықтық сабақтар мен танымдық-ақпараттық лекцияларға және басқа да шараларға 84 379 білім алушы мен 40 мыңға жуық ата-ана және 20 548 педагог атсалысты.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша құқық бұзушылық, қылмыс, нашақорлықтың алдын алу бағытындағы 72 465 дәріске 132 452 оқушы қатысты.
Полиция органдарымен бірлескен 1345 «Түнгі қаладағы балалар» рейдіне 4 505 ата-ана, 1 601 жастар ұйымдарының өкілдері қатынасты. Барлығы - 16 713 адам.
Білім беру ұйымдарында ата-аналармен байланыс жолға қойылған.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі.
Қазіргі уақытта облыста 28 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасайды (білім басқармасына қарасты 15 мемлекеттік, жекеменшік - 11, денсаулық сақтау басқармасына қарасты - 1, спорт басқармасына қарасты - 1).
Мамандарды 10 бағыт, 87 мамандық пен 153 біліктілік бойынша даярлау жүргізіледі (ауылшаруашылығы, тау - кен, техникалық, технологиялық, білім, өнер, денсаулық, қызмет көрсету, IT салалары).
Облыс колледждерінде 21 669 студент оқиды, оның ішінде 15 201 студент немесе 70,2% мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алады.
21 колледжде жобалық қуаты 2 019 орындық 21 жатақхана жұмыс істейді (12-і мемлекеттік колледждерге тиесілі және 9-ы жекеменшік).
2025 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 274,6 млн тг қаржыға 3 колледждің (М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі – 135,0 млн тг, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі – 112,74 млн тг, М.Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық – IT жоғары колледжі – 26,9 млн тг.) материалдық-техникалық базасы жаңартылды.
Сонымен қатар, демеушілік және инвесторлар есебінен 89,0 млн теңге (Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі – 54,0 млн тг (оқу кабинеттері), Арал индустриальды-техникалық колледжі - 15,0 млн тг (спорт алаңы), Шиелі индустриальды-аграрлы колледжі – 20,0 млн тг (бұрғылау агрегаты) қаржыға 3 колледждің оқу кабинеттері мен өндірістік шеберханалар қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Өңіріміздің білім беру саласына соңғы 3 жылда 812 млрд. 245 млн. теңге бөлінді.
Биылғы жылы 346 млрд. 800 млн. теңге қаралды.
Өткен жылы өңірімізде 31 млрд. 800 млн. теңгеге 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 391 млн. теңгеге 10 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді.
2023 жылдан бастап 5 млрд. 700 млн. теңгеге 9 мектеп жанынан қосымша ғимарат бой көтерді.
Нәтижесінде өңірімізде үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты.
Кәсіпкерлердің демеушілігімен Арал ауданы Тоқабай ауылындағы апаттық мектептің орнына 500 млн. теңгеге жаңадан 100 орындық білім ордасы салынды.
«Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен 8 млрд. 400 млн. теңгеге физика-математика бағытындағы лицей-интернаты салынды.
Аталған қор арқылы 2 млрд. 333 млн. теңгеге Мергенсай ауылында 150 орындық мектеп салынуда.
Соңғы үш жылда 5 млрд. 300 млн. теңгеге 15 мектептің ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Биыл бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2 млрд. 400 млн. теңге бөлініп, 9 мектеп қайта жаңғыртудан өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы үш жылда аймақта 51 мектеп күрделі жөндеуден өтетін болады.
11 млрд. теңгеге балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» академиясы ашылды. Академияда 6 бағыт бойынша 52 үйірме жұмыс жасауда.
3 млрд. теңгеден астам қаржыға 3 ауданда Оқушылар үйі мен Өнер мектептері салынып, пайдалануға берілді.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында 2 млрд. 500 млн. теңгеге заманауи үлгідегі 350 орындық Оқушылар сарайы салынып, балаларымыздың игілігіне қызмет етуде.
4 млрд. 800 млн. теңгеге Музыкалық колледждің жаңа оқу ғимараты мен жатақханасы салынып, ел игілігіне табысталды.
Облыс орталығындағы Президент саябағында 10 млрд. теңгеге 300 орындық жыл бойы жұмыс жасайтын заманауи балалар тынығу лагері бой көтеруде.
Саябақта 5 млрд. теңгеге Ботаникалық білім беру орталығының ғимараты салынуда.
Қызылорда қаласында 5 млрд. 200 млн. теңгеге жұмысшы мамандарды даярлауға арналған «Құзыреттілік орталығы» ғимаратының құрылысы жүргізілуде.
2025 жылы «Қазақстан Халқына» қоры арқылы ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар ретінде 500 млн. теңгеге 2 мектеп интерактивті және заманауи оқу кабинеттерімен қайта жабдықталды.
Бүгінгі күні аталған қор арқылы 2,5 млрд. теңгеге облыс көлеміндегі 58, оның ішінде 8 шағын жинақты мектепті физика, химия, биология пәндік кабинеттерімен жабдықтау жұмыстары жүргізілді.
Білім саласына жасалған айрықша қолдаудың нәтижесінде Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен аймағымыз республикада екінші жыл қатарынан үздік атанды.
Жоғары оқу орындарына бөлінген мемлекеттік грантты иемдену бойынша да талапкерлеріміз республикада бірінші орынға шықты.
2024-2025 оқу жылында Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада да Қызылорда облысы жаратылыстану-математикалық бағытта «Ең үздік олимпиадалық команда - 2024» номинациясымен І орынды, қоғамдық-гуманитарлық бағытта ІІІ орынды иеленсе, 2025-2026 оқу жылында да шәкірттеріміз аймақ намысын абыроймен қорғап, қоғамдық - гуманитарлық бағытта ІІ орын, ал, жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша ІІІ орынды иемденді.
Боливия мемлекетінің Сукре қаласында мектеп оқушыларына арналған отыз алтыншы халықаралық олимпиадаға Қазақстан құрама командасы атынан сайысқа түскен Қызылорда қаласындағы Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 Білім-инновация лицей-интернатының 11 – сынып оқушысы Мамадахунов Мансұр күміс медаль иеленді.
WORLD SKILLS KAZAKHSTAN X – республикалық чемпионатында қызылордалық жастар 1 күміс, 5 қола медаль және 5 үздік маман медальонын жеңіп алды.
Оқушыларымыз бен қатар ұстаздарымызда жоғары нәтижеге қол жеткізуде.
«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері - 2025» республикалық байқауына қатысқан Шиелі ауданы, «Айналайын» бөбекжай - бақшасының әдіскері жүлделі І орынды иемденсе, «Мектепке дейінгі ұйымының үздік педагогы - 2025» республикалық байқауына қатысқан Қазалы ауданы №11 «Балапан» бөбекжай - бақшасының тәрбиешісі бас жүлдені иеленді.
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы - 2025» республикалық байқауында Қызылорда қаласындағы «Сыр бөбегі» бөбекжай - бақшасы ІІІ орын алды.
«Үздік авторлық бағдарлама – 2025» республикалық конкурсына 11 педагог қатысып, 7-і жүлделі орынға ие болды.
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз – 2025» республикалық байқауында 5 ұстазымыз, «Педагогикалық идеялар фестивалі – 2025» республикалық байқауында 6 ұстазымыз, «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» республикалық байқауында 4 ұстазымыз жүлделі орындарды иеленді.
«Математикалық регата - 2025» республикалық байқауында Қызылорда облысының командасы бірінші орынды жеңіп алды.
«Үздік педагог - 2025» конкурсының республикалық кезеңіне 10 ұстазымыз қатысып, оның 4-і жеңімпаз атанды. «Үздік педагог» атағының иегерлеріне республикалық бюджет есебінен 3,9 млн. теңгеден қаржылай сыйақы берілді.
Сонымен қатар, «Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған 6 педагогымызға 1 млн. 179 мың 600 теңгеге бір реттік сыйақы табысталды.
Қызылорда облысы білім саласының 2025 жылғы 9 айының қорытындысы туралы
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
577 мектепке дейінгі білім беру ұйымында (158 мемлекеттік, 45 шағын орталық, 374 жекеменшік) 45 391 бала тәрбиеленуде.
Мектепалды даярлық сыныптарына 8 558 бала қамтылған.
2 - 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші – 92,6%;
3 - 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші – 100%.
Мектепке дейінгі ұйымдарда 6 322 педагог жұмыс істейді.
Мектепке дейінгі арнайы жоғары білімді – 4 606 (72,8%) және мектепке дейінгі арнайы орта білімді 1 716 (27,2 %) педагог.
Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап Қызылорда қаласындағы 209 балабақша (28 мемлекеттік, 3 шағын орталық, 178 жекеменшік) ваучерлік қаржыландыруға көшірілді.
Аудан орталықтары мен елдімекендердегі мектепке дейінгі ұйымдар ваучерлік қаржыландыруға ағымдағы жылдың желтоқсан айында көшіріледі.
Орта білім беру
Мектеп саны – 339;
300 мемлекеттік мектеп (қазақ тілінде оқытатындар - 271, аралас оқытатындар - 29). Мемлекеттік мектептердің жобалық қуаты – 148 880 орынды құрайды.
39 жекеменшік (Қызылорда – 27, Шиелі – 2, Жаңақорған - 10);
Жаңа 2025 – 2026 оқу жылында 1 - 11 сыныптағы оқушылар саны – 189 288 құрап, өткен оқу жылымен салыстырғанда 4 364 балаға артық.
Биылғы жылы 1 – сыныпқа 17 423 бала қабылданды (қабылданғаны – 16 589 немесе 95 пайыз, қазақ сыныбына – 15 622, орыс сыныбына - 967).
2024 - 2025 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер саны – 9 549.
2025 жылы ҰБТ - ға 8 402 оқушы (88%) қатысты.
2025 жылы «Алтын белгі» иегерлерінің саны – 756. 1 028 оқушы «Үздік аттестат» алды.
Оқулық және оқу - әдістемелік кешендермен қамту бойынша баспалармен 83 келісім шарт, тасымалдау қызметіне қатысты 9 келісім шарт жасалды. 1,9 млрд.тг. қаржыға 521 мың дана оқулық сатып алынып, толық таратылды.
Аймақта үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы
Аймағымызда Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 400 млн. теңгеге 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілуде.
Бүгінде 3 мың орындық 6 мектеп ел игілігіне табысталды.
Қалған 4 мектептің 3-еуі жаңа оқу жылында, 25 тамыз күні Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі 300 орындық «келешек мектебі» ел игілігіне табысталды, 27 тамыз күні Қызылорда қаласы Арай мөлтек ауданынан 1 500 орындық, Қызылжармадан 600 орындық келешек мектептері пайдалануға берілді.
Қалған бір мектеп (Қызылорда қ. СПМК-70 м/а 1500 орындық) қазан айында пайдалануға беріледі.
Пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар
Өткен оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша президенттік, республикалық, олимпиада және ғылыми жоба конкурсының облыстық кезеңіне 1 095 оқушы қатысып 532 оқушы жүлделі орындарды иеленсе (І орын – 86, ІІ орын – 168, ІІІ орын – 280), қорытынды кезеңге 44 оқушы қатысып 13 оқушы жүлделі орындар (І орын - 3, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 6, «Алғыс хат» - 8) иемденді.
Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсына жалпы 42 оқушы қатысып 28 оқушы жүлделі орындарға (І орын - 6, ІІ орын - 7, ІІІ орын - 15) ие болды.
2024 – 2025 оқу жылында Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 71 оқушы қатысып,
39 оқушы жүлделі орындарға («Алтын медаль» – 10, «Күміс медаль» – 14, «Қола медаль» – 15, Алғыс хат - 8) ие болды.
Қызылорда облысы жаратылыстану - математикалық бағытта «Ең үздік олимпиадалық команда - 2024» номинациясымен бірінші орынды, қоғамдық - гуманитарлық бағытта үшінші орынды иеленді.
Өткен оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың толық нәтижесін көрсету мақсатында жасалған «Еліміздің үздік 100 олимпиадалық мектебі» рейтінгісіне 5 мектеп енген.
Ақпарат үшін: 1. С. Шаухаманов атындағы №9 «Білім - инновация» лицей-интернаты; 2. №10 «Білім - инновация» лицей-интернаты; 3. Қазалы ауданы №276 орта мектебі; 4. №4 Е. Әуелбеков атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты; 5. Жалағаш ауданы №123 мектеп-лицейі.
Цифрландыру мен электронды құрылғылар
Аймақ мектептеріндегі компьютерлік құрылғылардың саны - 44 170 дананы кұрайды.
2018 жылы облыстағы компьютерлерді ауыстыру мақсатында мемлекеттік - жекеменшік серіктестік аясында 8 096 компьютер жаңаланды.
2020 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен 3,2 млрд. теңгеге 4 802 планшет, 14 362 ноутбук, 3 706 компьютер, жалпы 22 870 техникалық құрылғылар алынды.
Бұдан бөлек мектептер сабақ процесіне қолдану үшін 3 494 дана интерактивті тақта мен панелдермен жабдықталған.
Облыс көлеміндегі білім беру ұйымдарының кітапханаларында барлығы 90 мыңнан аса электронды оқулықтар қоры қалыптасқан.
2023 - 2024 оқу жылында 6,2 млн. теңге қаржыға 623 дана электронды оқулықтар сатылып алынды.
Осымен бірге мектептерге 1, 2 сыныптарға 77 млн.теңге қаржыға 37 638 дана «Цифрлық сауаттылық» оқулығының электронды нұсқасы сатып алынды.
Сонымен қатар, мектептер цифрлық білім ресурстарына тіркелген («Bilim land.kz» порталы, «Daryn.Online» порталы).
«Қазақстан Халқына» қоры арқылы ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар ретінде 2022-2024 жылдары 6 мектеп (әрқайсысы – 250 млн.теңге) интерактивті және заманауи оқу кабинеттерімен қайта жабдықталса, 2025 жылы - 2 мектеп жабдықталуда (Байқоңыр қ. №277 мектеп-лицей, Сырдария №36 мектеп-лицей).
Жаңа оқу жылынан бастап облыс көлеміндегі 58 мектепте «Қазақстан Халқына» қоры «Білім - Инновация» Халықаралық қоғамдық қорымен бірлескен дамыту және жабдықтау бағытында жұмыстар жүргізілетін болады.
Балалар қауіпсіздігі
Қызылорда облысы бойынша барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен 100% қамтылған.
Қала, аудандардағы білім ұйымдарының бейнебақылау жүйесін жаңарту мақсатында жергілікті бюджеттен 2023 жылы - 453 млн теңге, 2024 жылы 456 млн. теңге қаржы бөлініп, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының №69 бұйрығына сәйкестендірілді.
Сонымен қатар, №117 бұйрық бойынша қала, аудан орталықтарындағы және бала-персонал саны 700-ден асатын білім беру ұйымдары турникетпен, лицензияланған күзетпен - 100 пайыз қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, барлық білім беру ұйымдары дабыл түймесімен және хабарландыру жүйесімен (оповещение) толық жарақтандырылған.
Осы жылы мектеп, балабақша, қосымша білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйесін қайта жаңартуға жергілікті бюджеттен - 1 млрд 385 млн тг. қаржы бөлінді.
Техникалық және кәсіптік білім беру
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізуге байланысты облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, аймақтағы кәсіптік білім беру саласын трансформациялаудың жол картасы қабылданды.
Қазіргі таңда, өңірімізде 28 колледж бар (17-мемлекеттік, 11-жекеменшік). Оның ішінде 19 колледжде 45 мамандық 49 біліктілік бойынша жұмысшы кадрлары даярлануда.
Жалпы – 20 341 студенттің (10729 - мемлекеттік, 9612 - жекеменшік, күндізгі бөлімде – 19 390 студент) 4 890-і жұмысшы мамандығы бойынша білім алуда.
«Саут-Сойл» компаниясының демеушілігімен салынған құны 4,8 млрд теңгені құрайтын 250 орынды жатақханасы бар 400 орынды Музыкалық колледждің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылы жастардың тегін кәсіптік білім алуы үшін мемлекеттік тапсырыс көлемі 700 орынға артты (2024 жылы – 4 608 орын, 2025 жылы – 5 308 орын).
2025 жылы 2 колледж базасында (Арал индустриальды-техникалық және Қызылорда құрылыс және бизнес колледждері) «Тігін цехы» ашылып жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін 4 колледжде «Құзыреттілік орталығы» (Арал индустиалды-техникалық колледжі мен С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі) мен студенттер үшін «Бизнес-стартап» жобасы (И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық және М.Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық - IT колледждері) жүзеге асырылады.
Инклюзивті білім беру
Облыс бойынша 8 995 мүмкіндігі шектелу бала ПМПК есебіне алынған.
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті жағдай жасалған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының үлесі 94%, мектептер үлесі 97%, ТжКББ үлесі 94% құрайды.
Оның ішінде, 2 232 бала мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, 4 116 бала мектепте, оның ішінде 1 546 бала үйден, 277 бала арнайы мектептерде, 234 бала колледжде білім алды.
Қабылданған шаралар мен атқарылған жұмыстар нәтижесінде психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған балалар үлесі 90,5%-ды құрады.
Жалпы мемлекеттік балабақшалар 100% арнайы кабинет және арнайы мамандарымен қамтылды. Балабақшаларда 235 арнайы мамандар жұмыс жасайды
Өңірдегі 300 мектептің 177-де инклюзивтік қолдау кабинеттері, 8 мектепте инклюзивтік ресурстық орталықтар ашылды. 2025-2029 жылдары тағы 14 инклюзивтік кабинет ашу жоспарланды.
Жалпы орта білім беру мектептерде 628 арнайы маман қызмет көрсетті.
Аймақта 23 арнайы білім беру ұйымдары (6 ПМПК, 1 арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 3 оңалту орталығы, 3 облыстық арнайы мектеп-интернат, 1 аутизм орталығы) жұмыс жасайды.
Балалардың жазғы тынығуын ұйымдастыру туралы
Биылғы жазғы демалыс кезеңінде 172 116 оқушыны немесе 98% білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жоспарланған. Оның ішінде, мектеп жанынан жұмыс жасайтын 265 жазғы тынығу лагері тамақпен ұйымдастырылып, онда 28 650 оқушы, 291 лагерь тамақсыз ұйымдастырылып, онда 130 964 оқушы демалды.
Аймақтағы қала сыртында орналасқан 8 лагерь мен орталықтарда 7 ауысымда 7 153 бала демалыспен қамтылды.
Бұдан бөлек, жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында этножоба «Ауылым-алтын қазығым», «Ауыл лайф», «Сыр камп», «Дәстүрлі қоржын», «Жас қазақ», «Киелі Қазақстан» жобалары ұйымдастырылды.
Оқушыларды спортқа баулу, зияткерлік қызығушылығын арттыру бағытында «Сыр лигасы» жобасы екінші жыл қатарынан жүзеге асырылады.
Бұл жоба 130 мыңға жуық оқушыны қамтып, үлкен футбол, отбасылық волейбол, жайдарман, дебат, жігіттердің сұлтаны, ана тілі аруы, жас мобилографтар секілді 7 сайыс түрінен өтуде.
Қызылорда облысының білім беру саласы бойынша
2025 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы
2025 жылға білім саласына бөлінген қаржы 308,1 млрд. теңгені құрап өткен жылмен салыстырғанда 16,9 пайызға артты (2024 ж. - 263,6 млрд.тг.).
Анықтама ретінде:
Оның ішінде жергілікті бюджеттен 290,0 млрд. теңге, республикалық бюджеттен 18,1 млрд. теңге жоспарланған.
Аймақта үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ.
Аталған мәселе 2023 жылы Қызылорда қаласындағы 4 мектепке 1850 орындық қосымша құрылыс салу есебінен шешімін тапты (№3 – 375 орын, №101 - 375 орын, №264 – 550 орын, Абай мектебі - 550 орын).
2024 жылы білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, жергілікті бюджет және жеке инвестор есебінен жалпы құны 31,8 млрд. теңгені құрайтын 17 білім беру ұйымының құрылысы жүргізілді (7 мектеп, 5 мектепке қосымша ғимарат, 4 қосымша білім беру және 1 кәсіптік білім беру ұйымы).
Бүгінгі күнге 4 млрд. 158 млн. теңгеге 960 орындық 6 мектеп, 2,8 млрд. теңгеге 5 мектепке қосымша ғимарат салынып, пайдалануға берілді.
Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 6900 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізілуде.
Оның ішінде 3000 орындық 6 мектеп пайдалануға берілсе, 3900 орындық 4 мектептің құрылысы жыл аяғына дейін бітеді деп жоспарлануда.
Ақпарат ретінде:
Құрылысы аяқталған 6 мектеп:
1.Қызылорда қ. Сол жағалау 900 орындық мектеп;
2.КБИ мөлтек ауданындағы 600 орындық мектеп;
3.Арал қаласында 300 орындық мектеп;
4.Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті Саяжай ш/а 600 орындық мектеп;
5.Жаңақорған ауданы, Жаңарық елді мекенінде 300 орындық мектеп;
6.Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы 300 орындық мектеп.
Құрылысы жүріп жатқан 4 мектеп:
1.Қызылорда қ.СПМК-70 шағын ауданында 1500 орын;
2.Қызылжарма мөлтек ауданы 600 орын;
3.Арай мөлтек ауданындағы 1500 оры;
4.Арал ауданы Сексеуіл кентінде 300 орындық мектеп.
Сонымен қатар, «Қазгермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында құны - 2,5 млрд. теңгені құрайтын заманауи үлгідегі 350 орындық Оқушылар сарайы және облыстық бюджеттен қаралған 800 млн. теңгеге Жаңақорған ауданынан 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебі ел игілігіне табысталды.
8 млрд. 400 млн. теңге болатын дарынды балаларға арналған 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық облыстық физика-математика бағытындағы «Білім - инновация» лицей-интернаты пайдалануға берілді.
«Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен 4 млрд. 800 млн теңгеге жаңа музыкалық колледж құрылысы аяқталды.
Құны 11 млрд теңгені құрайтын «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық-инновациялық академиясының құрылысы аяқталып, мамыр айында пайдалануға берілді.
Шиелі ауданында 1 млрд. теңгеге 200 орындық Оқушылар үйі және 50 орындық Өнер мектебі салынуда.
Бұдан бөлек «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен Арал ауданы Жалаңаш елді мекеніндегі 150 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде.
Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес күрделі жөндеуден өтетін мектептерде материалдық-техникалық базасын жаңарту жұмыстары қатар жүргізілуде.
2024 жылы 8 мектеп ғимаратына 3,1 млрд теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 110,3 млн. теңгеге жабдықтары жаңартылды.
Биылғы жылы облыс бойынша 5,2 млрд. теңгеге 9 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 438,8 млн. теңгеге материалдық техникалық базасы жаңартылатын болады.
Бұл жұмыстардың жалғасы ретінде 2026 жылы 19 мектеп, ал 2027 жылы 23 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, материалдық-техникалық базасы жаңартылатын болады.
Білім сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар үздіксіз жүргізілуде.
Профильді дамыту бағытында пәндер бойынша «Тірек мектептер» желісін қалыптастыру жалғасуда («ІТ-мектеп (Бағдарламалау мектебі)» жобасы; «Жасыл мектеп»; «Химия-биологиялық талдау зертханасы»; «Мектеп обсерваториясы»; «Кәсіпкерлік мектебі»; «Отбасылық тәрбие мектебі» жобасы; «Ғылыми бағдар беру шеберханасы»; «Балалар кітапханасы»; «Геотехнология»; «ІТ-математика» және т.б. жобалар).
Ағымдағы жылы жаңадан «Тіл білімі мектебі», «Инженерлік мектеп», «Робототехника», «3Д модельдеу», «СТЕМ», «БИО-ГУМ» табиғи тыңайтқыштарды әзірлеу» жобалары жүзеге асырылуда.
Қала мен ауыл мектептері арасында білім сапасындағы алшақтықты азайту және білім беру ұйымдары арасындағы байланысты арттыру мақсатында аудан орталықтары мен Байқоңыр қаласында 8 білім округі құрылды.
Қазіргі уақытта Байқоңыр қаласында орналасқан 5 мектепті дамыту бағытында «Космоград «Байқоңыр» жобасы әзірленуде.
Жоба аясында 5 мектепті интерактивті құралдармен жабдықтау, обсерваториясына қажетті зертханалар ашу, физика пәнін тереңдетіп оқыту бағытындағы жұмыстар жоспарлануда (облыстық бюжеттен – 141,5 млн.теңге).
2024 жылы алғаш рет республика бойынша баламасы жоқ мектеп директорлары арасында «Бір мектеп - бір жоба» облыстық байқауы ұйымдастырылып, оған барлық кезең бойынша 224 мектеп директоры қатысты (жоба барысында «1000 көшбасшы» кадрлық резервін дайындауда «Мектеп брендін қалыптастыру» жобасының негізгі критерийлерін басшылыққа алынды).
Аймағымыз өткен жылғы пәндік олимпиада қорытындысымен республикада жаратылыстану-математикалық бағытында «Ең үздік командалық ІІ орын», қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша ІІІ орынды иеленді.
2024 жылы алғаш рет өткізілген Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада жаратылыстану-математикалық бағытында көрсеткен үздік нәтижелері үшін командалық есепте «Ең үздік олимпиадалық команда - 2024» номинациясы берілсе, 2024-2025 оқу жылында 71 оқушы қатысып, 39 оқушы жүлделі орындарға ие болды («Алтын медаль» – 10, «Күміс медаль» – 14, «Қола медаль» – 15, Алғыс хат - 8).
Қызылорда облысы жаратылыстану-математикалық бағытта І орынды, ал, қоғамдық-гуманитарлық бағытта ІІІ орынды иеленді.
2024-2025 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінің толық нәтижесін көрсету мақсатында еліміздің ең үздік 100 олимпиадалық мектебінің рейтингі жасалды.
Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі еліміздің жеті өңірінде ұйымдастырылып, оған 600-ге жуық мектептің 1670 оқушысы қатысты.
Анықтама ретінде: Рейтинг арнайы формула негізінде есептелді: алтын медаль – 3 ұпай, күміс – 2 ұпай, қола – 1 ұпай ретінде бағаланды. Осы есептеу нәтижесінде республика бойынша ең жоғары ұпай жинаған 125 білім беру ұйымы анықталды.
Бұл рейтинг – оқушылардың, оларды дайындаған ұстаздар мен жаттықтырушылардың бірлескен еңбегін бағалау, сондай-ақ олимпиадалық қозғалыстың дамуына серпін беру мақсатында әзірленді.
Қызылорда облысынан «Еліміздің үздік 100 олимпиадалық мектебі» қатарына 5 мектеп еніп отыр.
Олар: С. Шаухаманов атындағы №9 «Білім-инновация» лицей-интернаты (14 орын, 21 ұпай, 4 – алтын, 1 – күміс, 7 - қола);
№10 «Білім - инновация» лицей-интернаты (57 орын, 5 ұпай, 1 – күміс, 3 - қола);
Қазалы ауданы №276 орта мектебі (86 орын, 3 ұпай, 1 - алтын);
№4 Е. Әуелбеков атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты (107 орын, 3 ұпай, 1 - алтын);
Жалағаш ауданы №123 мектеп-лицейі (118 орын, 3 ұпай, 1 – күміс, 1 - қола).
2024 жылдың ҰБТ қорытындысымен облыс республика көлемінде бірінші орынға шықты. Облыстың орта балы – 88,3 құрады.
Анықтама ретінде: 1. №10 БИЛ – 109;
2. №4 ОММЛИ – 103,6;
3. №9 БИЛ – 102;
4. Қармақшы – 86,01;
5. Арал – 84;
6. Жаңақорған – 83,9;
7. Қазалы – 83,7;
8. Жалағаш – 82,7;
9. Сырдария – 81,5;
10. Қызылорда – 78;
11. Шиелі – 77,1.
Оқушы жетістігімен қатар, педагог қызметкерлерімізде республикалық деңгейде биіктерден көрінуде.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған дәстүрлі «Үздік педагог» республикалық конкурсында 2023 жылы - 5 педагог, 2024 жылы - 6 педагог «Үздік педагог» атағының иегері атанып, әрқайсысы 3 млн.теңге көлемінде грант иеленді.
2025 жылдың өзінде облыс педагогтері «Математикалық регата» байқауының республикалық кезеңінен – Бас жүлде, «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» сайысынан командалық – ІІІ орын, «Дарынды балаға - талантты ұстаз» байқауынан 5 жеңімпаз және т.б. жүлделі орындар иеленді.
Ерте жастан экологиялық білім беруді дамыту бағытында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен жыл сайын өткізілетін «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық конкурсынан: 2024 жылы республика мектептерімен қатар - «Сыр бөбегі» бөбекжай-бақшасы жүлделі ІІІ орынды иемденді.
Педагог мәртебесін жоғарылату және оларды әлеуметтік қолдаумен қатар, тәжірибелі педагогтердің қоғам алдындағы беделін арттыру, тәжірибесін тарату бағытында да жұмыстар жүргізілуде.
Республикалық, облыстық сайыстарда, кәсіби байқауларда жеңімпаз атанған үздік педагогтардың тәжірибесін тарату және аймақтағы басқа мұғалімдердің біліктілік деңгейін арттыру мақсатында М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары коледжі базасында «Үздік педагогтар клубы» құрылды.
Жыл сайын облыс әкімінің қолдауымен «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсы ұйымдастырылып, қорытындысымен «жеңімпаз» ұйымға облыстық бюджеттен - ең төменгі жалақының сегіз жүз еселенген мөлшерінде грант табыстау дәстүрге айналған (34,0 млн. теңге).
2024 жылдан бастап педагогтер арасындағы кәсіби байқаулардың республикалық кезеңінен «жеңімпаз» атанған ұстазадарға еліміздің шипажайларына жолдама беріле бастады.
Қызылорда облысының 5 мектебі 2024-2025 оқу жылының қорытындысымен еліміздегі «Үздік 100 мектеп» қатарына енді. Олар: Арал ауданы №220 орта мектебі, Қазалы ауданы №226 мектеп-гимназия, Қармақшы ауданы №277 мектеп-лицейі, Қызылорда қаласы №3 және №264 мектеп-лицейлері.
«Үздік 100 мектеп» қатарына ену үшін оқушылардың білім сапасы, сыртқы бағалау қорытындылары, олимпиада мен ғылыми жоба көрсеткіштері, педагогтердің біліктілігі, материалдық-техникалық база, білім алушыларға қауіпсіз орта құру, мектепте қалыптасқан дәстүрлер мен корпоративтік мәдениетті сақтау бойынша 20 бағыттағы жұмыстар сараланды.
Өңірімізде білім беру саласын цифрландыру және интерактивтік технологияларды оқу процесіне енгізу бағытында бірқатар шаралар атқарылуда.
Қазіргі таңда мектептерде 865 жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын кабинет болса (биология – 221, физика – 243, химия – 240, СТЕМ – 32, робототехника - 129), 496 млн 871 мың теңгеге жаңадан 56 пәндік кабинет сатып алынды (физика – 9, химия – 9, биология – 10, СТЕМ - 28).
60 мектеп СТЕМ кабинеттерімен қамтамасыз етілген.
Аймақ басшысының қолдауымен мектептерге 484 интерактивті панель алынып, 14 мектеп ЛЕД-экрандармен жабдықталды.
Бастауыш сынып және ерекше қажеттілігі бар балалар үшін 17 интерактивті логопедтік құрылғылар орнатылды.
Сонымен қатар, 6 Айти-мектеп-лицейге (Қызылорда қаласы №3, 4, 12, 187, 217, 278) жасанды интеллект элементтерін тереңірек меңгерту үшін адамтәрізді роботтар алынды.
Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 878,2 млн.тг. қаржы бөлінді.
Жыл соңына дейін барлық 12 шағын жинақты мектеп, 71 мақсатты мектеп қажетті (жетіспейтін) пәндік кабинеттермен толық жабдықталады.
Ал, Байқоңыр қаласындағы 5 мектептегі 20 пәндік кабинет (физика, химия, биология, стем) қайта жаңартылады.
Бүгінгі күні облыстың 35 мектебінде 61 дрон бар.
Бұдан бөлек, 2024 жылы бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 456,2 млн. теңгеге 64 білім беру ұйымының бейнебақылау жүйесін талаптарға сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді.
Биыл 1,1 млрд. теңгеге 156 білім беру ұйымы қауіпсіздік талаптарына сәйкестендірілетін болады.
«Қазақстан Халқына» қоры арқылы ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар ретінде 2024 жылы 3 мектеп (Қазалы ауданындағы №266 мектеп-лицей, Жалағаш ауданындағы №201 мектеп-лицей, Шиелі ауданындағы №219 орта мектеп – 750 млн.тг.) интерактивті және заманауи оқу кабинеттерімен қайта жабдықталса, 2025 жылға 2 мектеп қайта жабдықталады (Сырдария ауданы №36 мектеп-лицейі, Байқоңыр қаласы №277 мектеп-лицейі).
Өңірде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білім алуға тең мүмкіндіктерді жасау бағытындағы шараларда сәтті жүзеге асырылуда.
2024 - 2025 оқу жылында облыс бойынша 18 жасқа дейінгі 8 183 мүмкіндігі шектеулі бала есепке алынса, оның 7406-ы немесе 90,5%-ы психологиялық - педагогикалық қолдаумен қамтылды.
Тең жағдай жасау және кедергісіз қол жеткізу бойынша облыстағы 159 мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымының 144-де (90%), 300 мемлекеттік мектептің 290-да (97%), 17 мемлекеттік колледжде 100% инклюзивті білім беруге жағдай жасалған.
Арнайы және инклюзивтік білім беру саласында үздік атану үшін бізге бұдан да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу міндеті тұр.
Осыған орай, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатта (№5 мектеп-интернат базасында) «Цифрлық түзету» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.
«IT арнайы мектеп» бағыты бойынша ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға цифрлық білім беру ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен 31 млн теңгеге арнайы оқу құралдары, жиһаз, техникалық құралдар алынды.
Барлық сыныптарға интерактивті панельдер 100% орнатылған.
Арнайы мектеп-интернатта нәтижелі жүзеге асырылған «Цифрлық түзету» жобасы 2024 жылдан бастап барлық арнайы мектеп-интернаттарға енгізілді.
Бүгінгі күні балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саласында маңызды реформалар қабылданды.
Соның бірі білім алушылардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік қолдау қызметтерін цифрландыру.
Президентіміздің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру Жол картасының 82 - тармағы бойынша, балалар қауіпсіздігін, асхана мен кітапхана жұмысын цифрландыруға бағытталған сәйкестендіру карточкалары жүйесімен қамтылған мектептер үлесі 75% құрауы тиіс.
Өткен жылы осы бағытта облыстық бюджеттен 120 млн.тг. қаржы бөлініп 87 мектепке аппараттық бағдарламалық кешен орнатылса, ағымдағы жылы 40 мектепке АБК орнатылады.
Бұл мақсатқа 449,5 млн.тг. қаржы бөлінді.
Білім саласында 2025 жылдың
1 тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар ақпараты
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту - 2025 жылдың 1 қаңтардағы Ұлттық білім беру деректер қорының (бұдан әрі –ҰБДҚ) мәліметі бойынша – 92,6%-ды құраса, а.ж. 1 сәуірдегі жағдай – 92,6%.
Кезекте тұрған 2-ден 6 жасқа дейінгі балалар саны - 2025 жылдың 1 қаңтардағы ҰБДҚ мәліметі бойынша 9 709 бала болса, а.ж. 1 сәуірдегі жағдай бойынша балабақшаға кезектілік 7 569 баланы құрап отыр.
Балабақшаларды аттестаттау
2025 жылдың 1 - тоқсанында жүргізілген Мемлекеттік аттестаттаудан 1 білім беру ұйымы («Ақниет» жеке балабақшасы) жабылды.
Педагогтерді аттестаттау
2025 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-модератор - 403, педагог- сарапшы - 225, педагог-зерттеуші - 27, педагог-шебер - 2 аттестаттау жоспарланған.
Педагогтердің қажеттілігі
Облыста мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне қажеттілік жоқ.
Өзекті мәселелер
Қызылорда қаласының мектепке дейінгі ұйымдарын ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Пилоттық жоба бюджет қаражатын пайдалану мақсаттарына сәйкес келетін адалдықты көздейді.
Орта білім
Мектептерді аттестаттау
2025 жылы орта білім беру ұйымдарында педагог-модератор - 2250, педагог- сарапшы – 1 898, педагог-зерттеуші – 1 216, педагог-шебер - 57 аттестаттау жоспарланған.
Кадрлардың қажеттілігі
Облыс бойынша бүгінгі таңда пән мұғалімдері бойынша кадрге қажеттілік жоқ.
Мектептер
Апатты – 4
Үш ауысымды – 0
Жайлы мектептер
2023-2026 жылдары облыс бойынша бір ауысымда 6900 орындық 10 мектеп салу жоспарланған, Бүгінгі күні 3000 орындық 6 мектеп пайдалануға берілді, 2025 жылдың соңына дейін 3 900 орындық 4 мектеп берілу жоспарлануда.
Техникалық және кәсіптік білім беру
2024-2025 оқу жылында білім алушылардың жалпы контингенті 20 341 студентті құрайды, оның ішінде мемлекеттік колледждерде 10 729 студент, жеке колледждерде – 9 612 студент білім алуда.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар контингенті 13 100 (7 241 студент ақылы негізде) білімгерді құрайды.
2024 жылы колледждерге 6 493 адам қабылданды (11 сынып – 1 033, 9 сынып – 5 460), оның ішінде 4 625 студент мемлекеттік тапсырыс бойынша.
Колледждердің материалдық-техникалық базасы
4 колледжге күрделі жөндеу, 1 колледжге қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілу қажет. Қажетті қаржы – 2 млрд. 118 млн теңге.
Педагогтердің тапшылығы
Педагогикалық кадрларға қажеттілік – 0.
Балалардың құқықтарын қорғау
- А.ж. 3 айда 3 суицид фактісі тіркелген.
- а.ж. 3 айында кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар – 20 (2024 жылдың ұқсас кезеңінде – 17);
- Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар – а.ж. 3 айында 4 (2024 жылдың ұқсас кезеңінде – 4);
Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандарына қажеттілік
Облыстағы қорғаншылық және қамқоршылық органдары мамандарының саны 30 құрайды, әр маманға 11 600 баладан келеді.
Анықтама: Республика бойынша 1 маманға 17 мың баладан келеді. Балаларға сапалы көмек көрсету, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандарымен жасақтау және олардың санын халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру үшін облыс мамандарының санын 69 бірлікке дейін жеткізу жөнінде шаралар қабылдау қажет.
Инклюзивті және арнайы білім беру
Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту
Есепте тұрған балалар саны – 8 183;
Арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды қажет ететіндер – 150.
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту бойынша 2024 жылға арналған көрсеткіш 85%.
Жыл қорытындысы бойынша Қызылорда облысында қамту 90,5%-ды құрады, жоспарлы көрсеткішке қол жеткізілді.
Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау
Балабақшалардың 91%-да, жалпы білім беретін мектептердің 97% -да және ТжКБ ұйымдарының 94 %-да инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалған.
Қосымша білім беру
Балаларды жазғы сауықтыру демалысымен қамту
Балалар лагерлерінің саны - 8, оның ішінде 7 мемлекеттік, 1 жекеменшік. Жобалық қуаты-7 153 (барлығы 1-10 сынып оқушылары 72 116).
Балаларды қосымша біліммен қамту
Қосымша білім беру объектілерінің саны – 63 бірлік (58 мемлекеттік, 5 жеке), оның ішінде:
– білім беру жүйесінде – 35 (35 мемлекеттік);
– мәдениет және спорт жүйесінде – 28 (23 мемлекеттік, 5 жеке);
Балаларды қосымша біліммен қамту – 61 935 немесе 34%
Оқушылар саны – 184 894
Білім саласы бойынша 2024 жылдың қорытындысы туралы
Өңірде балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуы мен педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау барысы қарқынды жүзеге асырылуда.
Биыл салаға бөлінген қаржы 264 млрд теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 9,3 %-ға артты (2023 жылы - 241,5 млрд тг).
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Аймақтағы 677 мектепке дейінгі ұйымда (160 мемлекеттік, 56 шағын орталық, 461 жекеменшік балабақша) 50 079 бала тәрбиеленуде.
Өңірдегі 2 мен 6 жастағы балалардың қамтылуы – 92,6 % болса, 3 пен 6 жас – 100 %.
Балабақшаларда 6 218 педагог жұмыс жасайды (жоғары білімдісі – 4 493 (72,3 %), арнаулы орта білімдісі – 1 725 (27,7 %).
Мектепке дейінгі ұйымдардағы қызмет сапасын арттыру мақсатында биылғы жылдан бастап ата-аналарға арналған 160 кеңес беру пункті жұмысын бастады (қалада - 28, ауылда - 132), инновациялық педагогикалық тәжірибелерді тарататын 48 құзыреттілік орталықтары (әдістемелік күн, вебинар, психолог кеңесі, логопед/дефектолог кеңесі) құрылды.
Өңірлік әдістемелік орталық, қалалық, аудандық білім бөлімдері жанынан құрылған 15 мобильдік топ (облыстық әдістемелік кабинет жанынан - 1, қалада - 7, ауылдық жерде - 7) педагогтерге әдістемелік көмек көрсетуде.
Орта білім беру
Тәрбие және қосымша білім беру
Биыл алғаш рет ұйымдастырылған облыс әкімі жүлдесіне арналған «Сыр лигасы» жобасында өнер және спорт бағытындағы 8 сайыс түрлері бойынша 150 мыңға жуық оқушылары бақ сынасып, қорытындысымен үздіктер марапатталды.
«Ұлттық мектеп лигасы» аясында спорттың 11 түрінен жас ерекшеліктері бойынша республикалық ақтық кезеңге облыстағы 39 командадан 712 оқушы қатыстырылып, жарыс қорытындысы бойынша 12 команда жеңімпаз және жүлдегерлер қатарынан көрінді. Республика бойынша жалпы командалық есепте Қызылорда облысы ІІ орынды иеленді.
Ағымдағы жылдың 28 қазан – 2 қараша күндері V Қазақстан Мұғалімдерінің Республикалық Спартакиадасында жалпы командалық есепте Қызылорда облысы жеңімпаз атанды.
Қазақстан Мұғалімдерінің Республикалық спартакиадасының қорытындысы бойынша Қызылорда облысының командасы екі дүркін жеңімпаз.
Балаларды әлеуметтік қорғау
Облыс бойынша 743 бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар болса, олардың 624 - і отбасыға орналастырылған, 70 - і интернаттық мекемелерде тәрбиеленуде.
Ағымдағы жылы тұрғын үймен 203-і немесе 24,1 % қамтылды. Тұрғын үймен қамту көрсеткіші бойынша аймақ республикада алдыңғы қатарда.
Тегін ыстық тамақпен - 89 572 (2023 ж. - 87 331) бала қамтылуда.
Оның ішінде 5 - 11 сынып аралығындағы әлеуметтік осал топқа жататын - 26 654 (2023 ж. - 35 067), бастауыш сыныптарда - 62 918 (2023 ж. - 52 264) бала.
Сондай-ақ келесі жылдың қаңтар айынан бастап ыстық тамақ беруді ұйымдастыру жұмыстары «Әлеуметтік әмиян» және «бизнес әмиян» арқылы жүзеге асырылады.
Осы мақсатта 125 мектепке аппараттық – бағдарламалық кешені орналастырылады. Ағымдағы жылы 119 млн.тг 87 мектепке АПК орнатылса, 2025 жылы 40 мектепке (қаржысы 100 млн.тг) орнату жоспарлануда. АПК әлеуметтік осал топтағы балалардың көмек алу құқығын жүйлендіреді.
Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарындағы 560 психолог пен әлеуметтік педагогтар және 1 300 сынып жетекші, 65 мектеп директоры, 28 тәрбие ісі жөніндегі орынбасар оқудан өтті.
Жаңа оқу жылынан бастап білім беру ұйымдарында антибуллингке арналған «Досболлайк», «Кіva» бағдарламалары жүзеге асырылуда.
«Кіva» бағдарламасына пилоттық режимде 4 мектеп оқудан өтіп (Қызылорда қаласы «Назарбаева зияткерлік мектебі», Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей, Жаңақорған ауданы №286 орта мектеп, Арал ауданы Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицей) бағдарлама аясында жұмыс жасауда.
Зорлық-зомбылық, буллингке ұшыраған балаларға және өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға қолдау көрсету жұмыстарын күшейту мақсатында 110 млн. тг бөлініп Облыстық психологиялық қолдау орталығы ашылды.
Білім беру ұйымдарының есебіне 7 896 мүмкіндігі шектеулі бала (2023-2024 оқу жылында 7 494) алынды.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған балалардың үлесі 2024 жылы 85 пайызға дейін көтеру жоспарланған. Бүгінгі күні облыс бойынша психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған балалар үлесі 90,5%-ды (2022-2023 оқу жылы 85%, 2023-2024 оқу жылы 88,3 %) құрап, жоспар толық орындалды.
Облыс бойынша инклюзивтік білім алуға жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі 92 %, жалпы орта білім беретін мектептердің үлесі 97 %, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 94 %-ды құрап отыр.
Облыстағы 298 мектептің 174 - де инклюзивтік қолдау кабинеттері, 8 мектепте ресурстық орталықтар бар. Бұндай көрсеткіш республикада тек Қызылорда облысында ғана қалыптасқан.
Техникалық және кәсіптік білім беру
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Еліміздің кадрлық әлеуетін бірітіндеп арттыру өте маңызды» екендігін айта келе 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп атады.
Қазіргі таңда, өңірімізде 28 колледж бар. (17-мемлекеттік, 11-жекеменшік) Оның ішінде 19 колледжде 45 мамандық 49 біліктілік бойынша жұмысшы кадрларды даярлау жүзеге асырып келеді.
Халықаралық талаптарға сәйкес шетелдік оқу орындары, ірі кәсіпорындармен екі жақты әріптестік байланыс орнату, жаңа технологияларды пайдалана отырып кадрлар даярлау басты мақсатымыз.
Осы ретте, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі Германия мемлекетінің Лейпциг университетімен педагогика, психология саласы бойынша, Москва Психоанализ университетімен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша меморандумға қол қойды.
Ал, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжі Американың «Ұлттық құрылыс және білім беруді зерттеу орталығы» ұйымы және Германияның «Аға сарапшылар қызметі» ұйымымен «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша ынтымақтастық орнатқан. Бұл жұмыстар басқа да оқу орындары бойынша жалғасатын болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылы 9 сыныпты бітірушілердің жұмысшы және орта буын мамандықтары бойынша білім алуға ниетті жастарды 100 пайыз тегін кәсіптік біліммен қамту жоспарланған болатын.
Осыған орай, келесі жылға республикалық бюджеттен 2 200 орын, жергілікті бюджеттен 3 108 орын, барлығы – 5 308 орын мемлекеттік тапсырыс бөлініп отыр.
Осы ретте, 2025 «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай аймақтың еңбек нарығына қажетті, сұранысқа ие мамандықтардың ұзақ мерзімді болжамын анықтау үшін мамандықтар Атласын әзірлеу жоспарлануда.
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжінің атауы Политехникалық жоғары колледжі болып қайта құрылымдалып, үздік техникалық колледж ретінде жұмыс жасайтын болады.
15 мемлекетік колледж ірі жұмыс беруші кәсіпорындар мен мекемелерге шефтік қамқорлыққа беріліп, екі жақты келісім-шарт негізінде жұмыс жасайды.
Абылай хан атындағы жоғары колледж базасында «Тігін ісі» мамандығы бойынша шағын кәсіпорын ашу жоспарлануда.
Арал индустиалды-техникалық колледжі мен С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі базасында «Құзыреттілік орталығы» ашылады.
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжі мен М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі базасында студенттер үшін «Бизнес-стартап» жобасы жүзеге асырылады.
2025 жылы колледждерді үздік бітіруші 100 студентке тұрақты жұмысқа орналасуы үшін жолдама беріледі.
Білім саласында 2024 жылдың 3 тоқсаны бойынша
атқарылған жұмыстар ақпараты
Өткен жылы облыстағы 330 мектепте балалар контингенті 181804 болса оқу жылында 184924 оқушыны құрап, былтырмен салыстырғанда 3 120 балаға артты.
Биыл 1 - сыныпқа 17 383 бала қабылданды.
Жаңа оқу жылының ұзақтығы 1 - сыныптарда – 33, 2 - 11 сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды.
Сондай-ақ, тілдерді кезең - кезеңімен оқыту шеңберінде 3 - сыныпта «Шет тілі» пәнін оқыту енгізілсе, «Көркем еңбек» пәнін «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндеріне бөліп оқыту жалғасады.
Оқыту мен бағалауда жасанды интеллектіні қолдану аясы кеңейтіледі.
«Жер елшілері» креативті жастардың Бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы» жобасы шеңберінде білім алушыларға экологиялық білім беру жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 576 қаулысына сәйкес өңірде 15 мектепте 1-сыныптан бастап шахмат арнайы пән ретінде оқытылады. Қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімдері арнайы біліктілік арттыру курстарынан өтуде.
Өздеріңізге белгілі, биылғы жылғы облыстық педагогтердің тамыз кеңесі «Цифрлы Қазақстан: жаңа замандағы білім беру»тақырыбы аясында өткізілді.
Себебі қазіргі ақпараттық қоғамда, үздіксіз дамып келе жатқан әлемдік өркениетте адамзатты кемел ойға тек білім ғана жетелейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайының үшінші отырысында «Қазақстан жаппай цифрланған және жасанды интеллект жүйесі қарқынды дамыған елге айналуға тиіс. Бұл – біздің стратегиялық міндетіміз. Бұл технология жақын арада әлемді түбегейлі өзгертеді» деп ерекше атап өткен болатын.
Цифрлық технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, ең алдымен, сапалы контент жасау, дербестендірілген оқыту мен бағалау үшін жағдайлар жасауға, әрбір білім алушының, педагогтің және білім беру ұйымының қажеттіліктерін ескере отырып, оқу процесін жетілдіруге бағытталады.
Деректерді талдау және болжау негізінде білім беру ұйымдарын тиімді басқару үшін қолданылады.
Осы ретте, өңірімізде білім беру саласын цифрландыру және интерактивтік технологияларды оқу процесіне енгізу бағытында бірқатар шаралар атқарылуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру Жол картасының 82 - тармағы бойынша, балалар қауіпсіздігін, асхана мен кітапхана жұмысын цифрландыруға бағытына облыстық бюджеттен 120 млн.тг. қаржы бөлініп, 87 мектепке аппараттық бағдарламалық кешен орнатылды.
Қазіргі таңда мектептерде 865 жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын кабинет болса, биыл 56 жаңа пәндік кабинет сатып алуға 496 млн 871 мың тг. қаржы бөлінді.
Қызылорда қаласындағы мектептері 484 интерактивті панель, 14 мектеп ЛЕД-экрандармен жабдықталды.
Бастауыш сынып және ерекше қажеттілігі бар балалар үшін 17 интерактивті логопедтік құрылғылар орнатылуда.
Сонымен қатар, 6 Айти-мектеп-лицейге жасанды интеллект элементтерін тереңірек меңгерту үшін адамтәрізді роботтар алынды. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 878,2 млн.тг. қаржы бөлінді.
«Қазақстан Халқына» қоры арқылы ауылдық жерлердегі ресурстық орталықтар ретінде 2024 жылы 3 мектеп интерактивті және заманауи оқу кабинеттерімен қайта жабдықталуда.
Жоғарыда баяндалған цифрлық ресурстарды білім беру процесінде тиімді қолданып, оқу сапасын арттыру білім беру ұйымдарының басты мақсаты болып табылады.
Осы уақытқа дейін облыс бойынша «Айти-балабақша», «Бағдарламалау мектебі», «Айти-аймақ-орда», «Балалар технопарктері» жобалары жүзеге асырылған болатын.
Бұл ерте жастан бастап, цифрлық технологиялар мен білім беру ресурстарын меңгертуді қамтамасыз ету, балабақшадан бастап – мектеп – қосымша білім беру ұйымдарында Айти - білім берудегі сабақтастық үлгісін қалыптастыру бағытында жасалып жатқан шаралар көрінісі.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде «Астана хаб» халықаралық «Айти-стартаптар технопаркі» корпоративтік қорымен бірлесіп, мектеп оқушыларына бағдарламалау негіздерін оқыту онлайн - білім беру платформасына пилоттық режимде 21 мектеп қатысуда.
Пилоттық мектеп педагогтары«Жасанды интеллект» және «Гейм Девелопмент» бағыттарымен 6 айлық курстан өтуде.
Арнайы біліктілік арттыру курстарынан өткен педагогтер 2025 жылдың қаңтар айынан бастап оқушыларды бағыттар бойынша оқытуды бастайтын болады.
Өткен оқу жылында мектептердің негізгі бағыттары бойынша рейтинг жасалды.
Рейтингте – білім сапасы, Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы, оқушылардың олимпиада, ғылыми жоба, спорттық сайыстардағы нәтижелері, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың тіркелуі, педагогтардың кәсіби байқаулар мен сайыстардағы жетістіктері сарапталды. Рейтинг жыл сайын қалыптастырылатын болады.
Сонымен қатар, 7 міндет 45 тармақтан тұратын әрбір мектеп дамуының нысаналы индикаторлары жасақталды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі тарапынан білім сапасын арттыру мақсатында «мақсатты мектептерді» дамыту жобасы жүзеге асырылуда. Біздің аймақтан І кезекте – 71, ІІ кезекте – 40, барлығы – 111 мектепке нысаналы көмек көрсетілетін болады.
Әрбір білім беру ұйымына жауапты әдіскер бекітіліп, педагогтердің біліктілік арттыру курстарынан өтуі, оны сүйемелдеу, білім сапасына мониторинг жүргізу тұрақты бақыланады.
Мақсатты мектептермен жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыру білім басқармасының жаңа оқу жылындағы басты міндеті. Жұмыс тиімділігі мектептердің қол жеткізген нәтижесімен бағаланады.
Биыл алғаш рет «Бір мектеп - бір жоба» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Барлық кезең бойынша – 224 немесе 75,4 пайыз мектеп директорлары қатысты
Мектептердің даму бағдарламалары әзірленді.
Профильді дамыту бағытында пәндер бойынша «Тірек мектептер» желісін қалыптастыру жаңа оқу жылында жалғасын табады.
2024 жылы жаңадан «Тіл білімі мектебі», «Инженерлік мектеп» БИО-ГУМ» табиғи тыңайтқыштарды әзірлеу» жобаларын жүзеге асырамыз.
Ауылдық елдімекендерде білім сапасын, ұйымдар арасындағы байланысты арттыру мақсатында аудан орталықтары мен Байқоңыр қаласында 8 білім округі құрылды.
Өңіріміз соңғы төрт жылда ҰБТ-ның орта балл көрсеткішімен республикада алғашқы үштікте болған.
Биылғы жылы аймағымыз жиырма өңірдің ішінен оза шауып, бірінші орынға шықты.
Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен, мемлекеттік грант конкурсына қатысқан – 6 252) түлектің 4 752 немесе 76,1 пайызы мемлекеттік грант иеленді.
Мамандықтар бойынша: Педагогикалық бағытта – 1 651,медицинада – 460,техникалық бағытқа – 1322, ауыл шаруашылығы саласына – 344 басқа да мамандықтар бойынша – 975 түлек.
Оқу жылының қорытындысымен «Алтын белгі» белгісін алған түлектердің 222 - і яғни 43,7 %-ы педагогикалық бағыттағы мамандықтарға оқуға қабылданды. Жыл сайын үлгерімі жақсы түлектеріміздің педагог болуға талаптануы құптарлық жағдай.
Биыл алғаш рет өткізілген ауылмектебі оқушыларының республикалық олимпиадасында 26 оқушы жүлдегер атанып, жаратылыстану-математикалық бағытында облыстың командасы «Ең үздік олимпиадалық команда-2024» номинациясын иеленді.
Президент: «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз» - деп алдымызға жаңа міндеттер қойды.
Ел Президенті атаған міндеттемелерге сәйкес біз бала болашағы, мұғалім мәртебесі жолында лайықты деңгейде барлық қолдау шараларын бастадық және ол өз нәтижесін беруде.
Атап айтар болсақ, Қызылорда қаласындағы Сол жағалау мөлтек ауданынан «Жайлы мектеп» жобасы аясында 900 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Шиелі ауданында құны 988 млн.теңгеге 100 орындық мектептің (Жансейіт ауылы) және жергілікті бюджет есебінен құны 926 млн. теңгеге Жаңақорған ауданында 150 орындық мектеп құрылысы ел игілігіне табысталды (Байкенже ауылы).
Баршаңызға белгілі, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы құны 7 млрд. 900 млн. теңгені құрайтын дарынды балаларға арналған 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп-интернат,балаларды қосымша біліммен қамту үлесін арттыру мақсатында «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен құны 2 млрд.300 млн. теңгеге 350 орындықзаманауи Оқушылар сарайы мен жергілікті бюджет есебінен Жаңақорған ауданында 200 орындық Оқушылар үйі және 50 орындық Өнер мектебі салынуда.
Мұнымен бірге, Сол жағалауда «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен құны 4 млрд. 800 млн. теңгені құрайтын музыкалықколледж ғимаратының іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстры қарқынды жүруде.
Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында биыл облыс орталығынан құны 11 млрд. теңгені құрайтын «Шығармашылық академиясының» құрылысы басталды.
«Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы мектептерге 375 орындық және жергілікті бюджет есебінен Қызылорда қаласы білім беру ұйымдарына қосымша құрылыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, жеке инвестор есебінен Арал ауданындағы Тоқабай және Ақшатау ауылдарындағы мектептер пайдалануға беріледі.
Ағымдағы жылы оқушылардың қолайлы ортада білім алуын қамтамасыз ету мақсатында 8 мектеп ғимаратына 3,1 млрд.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Оның 5-і Қызылорда қаласында, 3-і Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш аудандарында.6 мектеп жергілікті бюджет есебінен, 2 мектепке «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында қаржыландырылуда.
Сапалы білім мен қатар саналы тәрбие беру мәселесі өте өзекті.
2024 жыл басында облыс әкімі, облыс прокуроры, полиция департаментімен «Білім беру ұйымдарының заңдылықты сақтауы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі» үш жақты «Жол картасы» бекітілді.
Осымен қатар, «2024-2025 жылдарға арналған құқық бұзушылық, буллинг, есірткі, лудомания, вейб темекі, интернетке тәуелділіктің алдын алуға бағытталған профилактикалық бірлескен іс-шаралардың қадамдық жұмыс жоспары» әзірленді. Білім беру ұйымдарында аталған жоспарларға сәйкес мақсатты шаралар қабылдануда.
Өмірдің қиын жағдайында қалған балалар мен жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсету және психолог мамандарға әдістемелік-сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу үшін биыл «Психологиялық қолдау орталығы» ашылды. Қазіргі таңда орталықта 22 маман жұмыс жасауда.
Балалардың бос уақытын тиімді пайдалануды үйлестіру кешенді іс-шараларына сәйкес,есептегі, бақылаудағы балаларды түрлі үйірмелерге тарту жұмыстары жүруде.
Алғашқылардың бірі болып облыстық білім басқармасы республикалық «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру Ұлттық ғылыми-практикалық институтымен бірлесіп, «Менің бауырым» еріктілер жобасын бастады.
Жобаның негізгі мақсаты - мектеп оқушыларының құқықтарын қорғау және сүйемелдеу арқылы оларға қолайлы, жан-жақты дамытатын білім беру ортасын құруға ықпал ету.
2023-2024 оқу жылынан бастап Оқу-ағарту министрлігімен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы іске асырылуда. Жаңа оқу жылында аталған бағдарлама балабақша, колледждерде жүзеге асырылатын болады.
Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында облыс көлемінде спорттың 11 түрінен «Ұлттық мектеп лигасы» ұйымдастырылды. Лигаға 120 мың оқушы қамтылды.
Биыл алғаш рет облыс әкімінің жүлдесіне арналған «Сыр лигасы» жобасы бастау алды. Жобаның мақсаты - оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың интеллектісін дамыту, оқушылар арасында достық қарым-қатынас орнату мақсатындағы жобаға 130 мың оқушы қамтылатын болады.
Аймақта тамыз айының 1-і мен 30-ы аралығында «Мектепке жол»республикалық акциясы өтуде.Қазіргі таңда көмекке мұқтаж отбасыдан шыққан мемлекеттік мектептердегі 36 652 бала есепке алынды. Мемлекеттік мектептердегі бір балаға бір реттік қаржылай көмек мөлшері 43407 теңгені құрайды. Бүгінгі күнге есепке алынған отбасы балаларының 99,8 пайызы қаржылай көмекпен қамтылды.
Жалпыға бірдей білім беру қоры аясындақаржылай және материалдық көмек ата-ана қамқорлығынан айырылған, жетім балалар мен жан басына шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз және әлеуметтік көмекке құқылы отбасыларға беріледі. Сондай-ақ, төтенше жағдай салдарынан жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар қаржылай көмек ала алады.
Өңірдегі 28 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлаудың 11 бағыты бойынша 19 871 студент білім алуда.
Облыстағы Қазалы және Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі базаларында орта мектептердегі 10 - 11 сыныптардан 46 оқушы жұмысшы эксперименттік білім беру бағдарламаласы аясында білім алуда. Яғни, мектеп бітіруші аттестатпен бірге жұмысшы біліктілігінің дипломын алып шығады.
Жоба биыл да жалғасын табады. 2 колледжге 50 оқушы қосымша қабылданады.
Біріншіден, білім алушылардың мамандық иемденіп, еңбек нарығына ерте араласуына, екіншіден, қоғамда жұмысшы құзыреттілігінің беделі мен жастардың қызығушылығын арттырады.
Колледждерді бітірген жас мамандарды тұрақты жұмысқа орналастыруға бағытталған мақсатты мемлекеттік тапсырыс жобасы да жүзеге асырылуда.
Бұл жоба бойынша жұмыс беруші кәсіпорындар талапкерлермен және оқу орындарымен үш жақты келісім шартқа қол қояды. Студенттердің оқу-өндірістік іс-тәжірибеден сапалы өтуіне мүдделі болады, нәтижесінде бітіруші түлектерді тұрақты жұмысқа қабылдайды.
Жоба аясында өткен жылы - 251 талапкер әңгімелесу арқылы оқуға қабылданса, жаңа оқу жылында 350 талапкерді қабылдау жүргізілуде.
Бұдан бөлек, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында оқу-тәрбие үдерісіне шетелдік тәжірибе ендіруде облыстағы 2 колледж халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатты.
Атап айтқанда: М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі Германияның Лейпциг университетімен педагогика, психология саласында, Мәскеу психоанализ университетімен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша, сондай-ақ, И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжі Американың «Ұлттық құрылыс және білім беруді зерттеу орталығы» ұйымы және Германияның «Аға сарапшылар қызметі» ұйымымен «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша келісімге келді. Аталған келісім - өңірдегі кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуға септігін тигізетіні сөзсіз.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жаңа оқу жылынан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 50 пайызға өседі. Бұған дейін жұмысшы мамандықтарында оқитын білім алушылар орта есеппен 45 750 теңге алып келсе, жаңа оқу жылынан бастап 61 000 теңге көлемінде шәкіртақы алатын болады.
Облыста 160 мемлекеттік және 455 жеке меншік балабақша (58 мемлекеттік, 1 жекеменшік шағын орталық) бар. Жалпы облыс бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны – 674, ондағы бала саны – 51 041. 2-6 жас аралығындағы бала қамтылуы – 90,2 пайыз, 3-6 жастағы бала қамтылуы – 100 пайыз.
Мектепке дейінгі білім ұйымдарында 6 252 педагог жұмыс жасайды (мемлекеттік – 2 905, жеке – 3 347).
Аймақта 330 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде мемлекеттік 297 мектеп, 33 мектеп жеке меншік. Оқушылар саны – 181 804.
2023-2024 оқу жылында 11 – сыныпты 8 285 оқушы аяқтады. Оның ішінде 579 оқушы «Алтын белгі», 856 оқушы «Үздік аттестат» алды.
ҰБТ – ға 7 391 немесе 89,7 пайыз бітіруші қатысуда (ҰБТ ағымдағы жылдың 16 мамыр – 5 шілде аралығында өтеді).
Жаңа мектеп салу, апатты және үш ауысымды жою - білім саласындағы басым бағыттардың бірі.
2023 жылы облыс орталығындағы 4 мектептің орын тапшылығы мәселесі 1 850 (Абай мектебі - 550, №3 мектеп – 375, №101 мектеп – 375, №264 мектеп – 550) орынға арналған қосымша ғимарат салу арқылы шешімін тапты. Сонымен қатар, 1 170 орындық 4 мектеп (Қармақшы Жосалы, Шиелі Байсын, Қызылорда қаласы Бәйтерек, Сабалақ), 2024 жыл басында
550 орындық 2 мектеп (Қазалы Әйтеке би, Жаңақорған Майбекет) ел игілігіне табысталды.
2024 жылы жаңадан 14 мектеп және 4 мектепке қосымша құрылыс салынып, пайдалануға беріледі.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 300 орынды құрайтын 21 мектеп, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы құны 7 млрд. 900 млн. теңгені құрайтын дарынды балаларға арналған 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп-интернат, Шиелі ауданында құны 988 млн. теңгеге 100 орындық мектептің (Жансейіт ауылы) және жергілікті бюджет есебінен құны 926 млн. теңгеге Жаңақорған ауданында 150 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде (Байкенже ауылы).
Бұдан бөлек, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы Шиелі (№252 мектеп), Жаңақорған аудандарындағы (Бесарық ауылы №54 мектеп) мектептерге 375 орындық және жергілікті бюджет есебінен Қызылорда қаласы (№4 мектепке оқу корпусы мен асхана) мен Қармақшы ауданында (№284 мектеп-интернатына спорт зал) білім беру ұйымдарына қосымша құрылыстар жүргізілуде.
2023-2024 оқу жылында 102 оқушы республикалық, халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпазы атанды (халықаралық – 12, республикалық - 90).
Облыстың пәндік олимпиадалық командасы жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндердің республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша командалық есепте ІІ орынды, қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндердің республикалық кезеңінде командалық есепте ІІІ орынды иеленді.
Биыл алғаш рет өткізілген ауыл мектебі оқушыларының республикалық олимпиадасында 26 оқушы (жаратылыстану – 18, қоғамдық - 8) жүлдегер атанып, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша облыстың командасы «Ең үздік олимпиадалық команда-2024» номинациясын иеленді (3 оқушы білім грантының иегерлері атанды).
2023-2024 оқу жылында жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша «Талдысу», «Қамбаш» Олимпиадалар және қосымша білім беру орталықтары базасында жалпы білім беру ұйымдарының 7 - 10 сынып оқушылары 6 кезең бойынша 960 оқушыға 75 млн 243 мың тг. бөлініп, оқушылар дайындық курстарынан өтті.
Өңірде, оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы жалпыұлттық мәдени білім беру жобасы аясында жүзеге асырылуда, 335 дебат клубтары (қазақ лигасы, орыс лигасы, ағылшын лигасы) белсенді жұмыс жасауда. Пікірсайыс қозғалысы ағымдағы оқу жылында мектептерде 8 293 оқушыны, колледжде 737 студентті қамтиды.
Педагог мәртебесін жоғарылату және шығармашыл мұғалімдерді қолдау бағытында бірқатар шаралар атқарылып келеді.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған жыл сайынғы «Үздік педагог» республикалық конкурсынан 2022 жылы 4 педагог «жеңімаз» атанса, 2023 жылы 5 педагог «Үздік педагог» атағының иегері атанып, әрқайсысы 3 млн.теңге көлемінде грант иеленді.
2023 ж. қорытындысымен Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық деңгейдегі 5 «Үздік педагогке» - облыстық бюджет есебінен әрқайсысына 1 035 000 теңге көлемінде бірреттік сыйақы берілді.
Сонымен қатар, 2023 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен шығармашыл ұжымдарды қолдау мақсатында «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсының қорытындысымен Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі «жеңімпаз» ретінде танылып, облыстық бюджеттен 34 млн.теңге грант табысталды.
Білім сапасын арттыру, халықаралық зерттеулер мен Ұлттық бірыңғай тестілеудегі нәтижелерімізді одан әрі жақсарту мақсатында басқарма тарапынан жаңа бастамалар мен жобалар жүзеге асырылуда.
Білім саласында 2024 жылдың қаңтар-наурыз айындағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту. Қызылорда облысында 680 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді (621 балабақша, 59 шағын орталық). Онда 52 135 бала тәрбиеленіп, білім алуда. Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны – 220, ондағы балалар саны – 19 632.
Облыста 460 жекеменшік балабақша, контингенті – 32 503.
Жалпы білім беретін мектептердегі мектепалды даярлық сыныптарына 9540 бала қамтылған.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші- 90.2%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші – 100 %.
Бүгінгі таңда облыстағы 621 балабақша "мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыруға жолдама беру үдерісі мен кезектілікті қалыптастыру мен қызметін автоматтандыру" жүйесіне 100% қосылған.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі жаңа құрылыстың, сондай-ақ жеке нысандағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ашылуының есебінен ұлғаюда.
Кезектілікті жою мақсатында 2027 жылға дейін жалпы қуаты 23 248 орындық 96 мектепке дейінгі білім беру ұйымын пайдалануға беру жұмыстары жоспарлануда.
Мектепке дейінгі ұйымдарда 6 252 педагог жұмыс істейді, оның ішінде мектепке дейінгі арнайы жоғары білімді – 4 492 (71,8 %) және мектепке дейінгі арнайы орта білімді 1 760 (28,2 %) педагог. Жоғары санатты – 84 (1,34%), бірінші санатты - 218 (3,5%), екінші санатты – 358 (5,73%) және санатсыз- 3 556 (56,9 %) педагог. Педагог-шебер – 2 (0,03 %), педагог-зерттеуші – 89 (1,4%), педагог-сарапшы – 471 (7,5%), педагог-модератор – 1474 (23,6%).
Орта білім. Қызылорда облысында 336 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 297 мемлекеттік күндізгі (қазақ тілінде оқытатындар - 269, аралас оқытатындар-27), 30 жекеменшік, 6 кешкі, 3 арнайы мектеп-интернат жұмыс істейді.
2023-2024 оқу жылында мектеп оқушыларының контингенті барлығы 182 335 құрады, оның ішінде мемлекеттік мектептегі оқушылар саны 170 714 оқушы, жекеменшік мектептердегі оқушылар саны 11621 оқушы.
"Мың бала" Ұлттық зияткерлік олимпиадасының I кезеңіне облыс бойынша 6200 оқушы қатысып, II кезеңіне 749 бала жолдама алған. Облыс бойынша жеңімпаздар саны – 130.
2022-2023 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер саны - 8210.
2023 жылы ҰБТ - ға барлығы 7421 оқушы (90,4%) қатысуға өтініштерін берген. ҰБТ мамыр-шілде айлары аралығында өтуде.
Облыс бойынша 2023 жылы "Алтын белгі" иегерлерінің саны - 514, үздік аттестат - 915.
Ұйымдардағы ақпараттық-техникалық жабдықтар бойынша: компьютерлік құрылғылар саны - 44 127 (бес оқушыға бір компьютер қатынасында).
Облыс мектептері интерактивті сабақтарды "Bilimland" инновациялық білім беру онлайн ресурсына қосылған "Bilimland" инновациялық білім беру онлайн ресурсының көмегімен пайдаланады. Сондай-ақ, облыс мектептері "Дарын онлайн", "Bilimland" цифрлы платформаларын кеңінен қолданады.
Облыс бойынша 295 жалпы білім беретін мектептердің барлығында дебат клубы құрылған. Оған 8 059 оқушы қатысады. 30 колледжде 38 дебат клубы бар, онда 708 студент қамтылған. Облыстың жас дебатерлері ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі өткізген "Ұшқыр ой алаңы" дебат турнирінде жақсы нәтижелермен ерекшеленді.
Білім алушылардың білім сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында:
Қызылорда облысындағы халықаралық зерттеулердің нәтижелері бойынша бірінші кезектегі міндет оқу сауаттылығын арттыру болып табылады. Оқу сауаттылығын арттыру және "оқитын мектеп" жобасын қолдау мақсатында облыс әкімдігі арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Іс-шаралар жоспарында облыстық мәдениет басқармасымен бірлескен жобалар қарастырылған. Облыстың білім беру ұйымдарының 186 кітапханасы оқушыларға ыңғайлы болу үшін "Коворкинг" орталықтарына бейімделген. "Үздік кітапхана - коворкинг-орталық "облыстық байқауы өткізілді.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2021-2025 жылдарға арналған "Оқитын ұлт-оқитын мектеп" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған жоспар Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бірлескен іс-шараларды, оған ведомстволық бағынысты кітапханалармен және білім беру ұйымдарының кітапханаларымен бірлескен іс-шараларды өткізуді көздейді. Іс-шаралар жоспары аясында облыстық ішкі саясат басқармасы тақырыптық билбордтар орнатуды, "оқитын мектеп" жобасы бойынша жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желілер арқылы материалдар жариялауды көздейді.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап 1 - 4 сыныптардағы 66 358 оқушы тегін тамақпен қамтылды. Бөлінген қаржы – 5,5 млрд. теңге. Бұдан бөлек міндетті оқу қоры есебінен 3,3 млрд. теңгеге әлжуаз отбасының балалары тегін тамақпен қамтылуда.
Инклюзивті білім беру. Облыс бойынша 2023-2024 оқу жылы 7835 мүмкіндігі шектелу бала ПМПК есебіне алынған. Оның ішінде, 1468 бала балабақшада, 2214 бала мектепте, 1218 бала үйден, 299 бала арнайы мектептерде, 232 бала колледжде білім алады. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім алуға жағдай жасалған мектептердің үлесі 88,3%-ді құрайды.
Аймақта 23 арнайы білім беру ұйымдары (6 ПМПК, 1 арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 3 оңалту орталығы, 3 облыстық арнайы мектеп-интернат, 1 аутизм орталығы) жұмыс жасайды.
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР № 343-ІІ Заңына сәйкес аймағымызда түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарды ашу тапсырмасы толық орындалды. Облыста 50 мың балаға 6 ПМПК бар. Барлық 6 ПМПК облыс тұрғындарының қажеттіліктерін өтейді.
Өңірде ЕБҚ (Ерекше білім алу қажеттілігі) бар балалармен дер кезінде түзету жұмыстарын жүргізу, дамыту және оқыту үшін түзету кабинеттері (9 кабинет) және 3 оңалту орталығы жұмыс істейді. Олар арнайы мұғалімдермен қамтамасыз етілген.
Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі 100 %-ды құрайды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында барлығы 1468 ЕБҚ бала бар.
Өңірдегі 295 мектептің 172-де инклюзивтік қолдау кабинеттері, 8 мектепте инклюзивтік ресурстық орталықтар ашылды. 2023-2025 жылдары тағы 14 инклюзивтік кабинет ашу жоспарланды.
Шағын мектептер. Облыс бойынша шағын жинақты мектептер саны – 12 (Арал ауданы – 7, Қазалы ауданы – 3, Шиелі ауданы-2), жалпы контингенті 566 оқушы.
12 шағын жинақталған мектептің 3 орта, 5 негізгі, 4 бастауыш мектеп.
ШЖМ-де 181 педагог жұмыс істейді.
Қосымша білім. Қызылорда облысында 62 қосымша білім беру ұйымы бар. 9 оқушылар үйі, 13 өнер мектебі, 23 спорт мектебі, 7 лагерь, 5 мектеп жанындағы орталық, 5 жеке қосымша білім беру ұйымы. Онда 58 848 бала қамтылған.
Сондай-ақ, 297 мектеп жанындағы спорттық секция мен үйірмелерде 156 754 бала көркемдік-эстетикалық, қолданбалы қолөнер, техникалық, экологиялық, туризм және өлкетану, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика, тіл, спорт бағыттары бойынша жалпы қосымша біліммен қамтылған.
2023 жылы Қазгермұнай демеушілігімен Қызылорда қаласының сол жағалауынан 350 орындық оқушылар сарайы салынып, 2024 жылы пайдалануға берілетін болады.
Балалардың құқықтарын қорғау. Облыста отбасы үлгісіндегі 1 балалар ауылы жұмыс істейді, 52 бала (2022 жылы –60 бала) тәрбиеленуде.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босататын) немесе жергілікті тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй бөлінген кезде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үйлердің жалпы санының кемінде жиырма пайызы; жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған үй-жайлар немесе тұрғын үй-жайлар. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй қорынан 2020 жылы - 72, 2021 жылы – 69, 2022 жылы – 0, 2023 жылы – 95 (22 %) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Тізімге сәйкес тұрғын үй кезегінде тұрғандарды түгендеу және салыстыру тұрақты жүргізіледі.
Бас прокуратураның Статистика комитеті Қызылорда облысы бойынша басқармасының ақпаратына сәйкес 2023 жылдың 12 ай қорытындысымен 8 аяқталған суицид және 5 ұмтылыс тіркеліп, 2024 жылдың қаңтар-наурыз айы аралығына 4 аяқталған суицид, 3 суицидке ұмтылыс тіркелген. Әр суицид оқиға бойынша мобилдік топ зерделеу жүргізіп, анықтамасын дайындайды және ведомствоаралық Үйлестіру кеңесте қаралады.
Психологиялық қолдау тобына алынған және аутодескрутивтік міңез құлықты балалар дәрігерлердің бақылауында болу тиіс.
Осыған орай, кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарының психологтарымен 237 бала тәукел және психологиялық қолдау тобына алды. Олардың 369-і емханаларға жолданды.
Сонымен бірге, білім беру ұйымдарымен жүргізілген кешенді тест қорытындысымен екі рет психологиялық қолдау тобына шыққан 111 психиатр мамандарымен қаралды.
Облыс әкімінің орынбасарымен «Кәмелетке толмағандар арасында суицид, құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық пен ерте жүктіліктің алдын алу бойынша 2023 жылға арналған ведомствоаралық іс-шаралар жоспары» бекітілді.
Жоспарға сәйкес 2023 жылдың қазан айында барлық білім беру ұйымдарында 5-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс студенттер арасында кешенді тест алынып, нәтижесінде «Психологиялық қолдау» тобына алынған 5306 бала сұхбатқа шақырылды.Сұхбат жүргізу мақсаты зорлық-зомбылық белгілерін анықтау, мектеп, колледж әкімшілігін хабардар ету. Сұхбаттан кейін «тәукел» топқа 237, «Психологиялық қолдау» тобына 688-і алынды.
«Тәуекел тобы» мен «Қолдау топтарынан» қаралған 925 жасөспірімнің арасынан 26 оқушыға – амбулаторлық ем тағайындалды.
2024 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында кәмелетке толмағандар арасында жыныстық сипаттағы қарсы жасалған зорлық-зомбылық бойныша 5 жағдай тіркелген. Орын алған құқық бұзушылықтық фактісіне байланысты тексеру жұмыстарын жүргізу үшін, мәлімет заң органдарына хабарланды.
Кәмелетке толмағандарға қатысты қауіпсіздік шаралар қабылданып, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге алынды.
Техникалық және кәсіптік білім беру. Желі – 28 колледж (мемлекеттік - 17 бірлік, жеке - 11 бірлік).
Контингент – 20 213 адам (мемлекеттік - 10825, жеке - 9388)
Қабылдау - 6319 адам (мемлекеттік - 3386, жеке - 2933), оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысымен - 4668.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылар контингенті - 12586. Ақылы негізде - 7627.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында 410 студент білім алуда.
Түлектер саны 6059 адамды құрады. (мемлекеттік - 3493, жеке - 2566)
Барлығы 2168 педагог, оның ішінде 418 өндіріс шебері, 1750 оқытушы, 28 басшы, оның ішінде жоғары білімді - 1915 (88,0%), ТжКБ бар – 268 (12,0%).
Дуалды жүйе бойынша 23 колледжде 3198 студент білім алуда.
17 мемлекеттік колледжде 15 жатақхана жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы 1625 орынды құрайды. 2019-2023 жылдары 1880 орынды 6 жатақхана пайдалануға берілді.
2023 жылы 75 орындық 1 жатақхана (Арал индустриалды-техникалық колледжі – 75 орын) 1 қыркүйекке пайдалануға берілді, МЖӘ аясында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні жатақханаға қажеттілік жоқ.
Жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 70,0% - ды немесе 6059 адамды құрады, мемлекеттік тапсырыс бойынша түлектер саны 4549 адамды, оның ішінде 3177 адам жұмысқа орналастырылды, бұл 70% - ды құрады.
Білім саласында 2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Бүгінгі күні облыстағы 680 мектепке дейінгі ұйымда (160 мемлекеттік, 455 жекеменшік, 65 шағын орталық) 58 021 бала тәрбиеленуде.
3 жастан 6 жасқа дейін балалар 100% мектепке дейінгі ұйыммен қамтылса, 2 мен 6 жас аралығындағы балалардың қамтылу көрсеткіші – 90,2 %. Жеке балабақшалар үлесі – 73,9 %.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтар саны – 6 058.
Биылғы жылы облыс бойынша 4-сыныпты 17 172, 9-сыныпты 16 076, 11-сыныпты 8 554 оқушы аяқтайды.
Биылғы мектеп бітіруші түлектердің 7 896-ы (92,3%) Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі - ҰБТ) қатысады. Оның ішінде 573 түлек «Алтын белгіге» үміткер.
Облыс бойынша 2022-2023 оқу жылында 11 – сыныпты 8 051 бітіруші түлек аяқтады. Олардың 7 219 – ы ҰБТ-ға қатысты (2021-2022 оқу жылында бітіруші түлектердің 6 570 – сі ҰБТ-ға қатысқан). Мемлекеттік грант конкурсына қатысқандар саны – 6 418 (2021-2022 оқу жылында 5 439 бітіруші мемлекеттік грант конкурсына құжат тапсырған).
Мемлекеттік грант иегерлерінің саны – 4 973 (2021-2022 оқу жылында мемлекеттік грант иегерлерінің саны – 4 088 – ды құрады). Өткен оқу жылымен салыстырғанда грант иегерлерінің саны – 885 түлекке көбейіп отыр.
Мамандықтар бойынша: Педагогикалық бағыттағы мамандықтарға – 1 770 (35,6 %), медициналық мамандықтарға – 491 (9,8 %), техникалық бағытқа – 1 317 (26,6 %), ауыл шаруашылығы мамандықтарына – 448 (9 %), басқа да мамандықтар бойынша – 947 (19 %) түлек грант иегері атанды.
Білім саласында 2023 жылдың 3 тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Бүгінгі күні облыстағы 686 мектепке дейінгі ұйымда (160 мемлекеттік, 453 жекеменшік, 73 шағын орталық) 60 345 бала тәрбиеленуде.
3 жастан 6 жасқа дейін балалар 100% мектепке дейінгі ұйыммен қамтылса, 2 мен 6 жас аралығындағы балалардың қамтылу көрсеткіші – 89 %. Жеке балабақшалар үлесі – 73,8 %.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтар саны – 6 058.
Биылғы жылы облыс бойынша 4-сыныпты 17 172, 9-сыныпты 16 076, 11-сыныпты 8 554 оқушы аяқтайды.
Биылғы мектеп бітіруші түлектердің 7 896-ы (92,3%) Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі - ҰБТ) қатысады. Оның ішінде 573 түлек «Алтын белгіге» үміткер.
Облыс бойынша 2022-2023 оқу жылында 11 – сыныпты 8 051 бітіруші түлек аяқтады. Олардың 7 219 – ы ҰБТ-ға қатысты (2021-2022 оқу жылында бітіруші түлектердің 6 570 – сі ҰБТ-ға қатысқан). Мемлекеттік грант конкурсына қатысқандар саны – 6 418 (2021-2022 оқу жылында 5 439 бітіруші мемлекеттік грант конкурсына құжат тапсырған).
Мемлекеттік грант иегерлерінің саны – 4 973 (2021-2022 оқу жылында мемлекеттік грант иегерлерінің саны – 4 088 – ды құрады). Өткен оқу жылымен салыстырғанда грант иегерлерінің саны – 885 түлекке көбейіп отыр.
Мамандықтар бойынша: Педагогикалық бағыттағы мамандықтарға – 1 770 (35,6 %), медициналық мамандықтарға – 491 (9,8 %), техникалық бағытқа – 1 317 (26,6 %), ауыл шаруашылығы мамандықтарына – 448 (9 %), басқа да мамандықтар бойынша – 947 (19 %) түлек грант иегері атанды.
Білім саласында 2023 жылдың жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету. 2023 жылға 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамту – 100 %. Бүгінгі күнге орындалуы – 100 %.
2-6 жас аралығында жоспар бойынша қамту - 87 %. Орындалуы – 89,9%.
PISA халықаралық зерттеуінің қорытындысы 2024 жылы белгілі болады. Жоспар бойынша 15 жастағы колледж және мектеп оқушыларының математикалық сауаттылық орта балы; қала – 427, ауыл – 422, айырмашылық – 5 балл, оқу сауаттылығы; қала – 386, ауыл – 382, айырмашылық – 4, жаратылыстану пәндері бойынша сауаттылық; қала – 396, ауыл – 392, айырмашылық – 4.
Өңірде 61 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды, онда 57 053 бала қамтылған. Мектептерде спорттық секциялар мен үйірмелерге 156 764 оқушы тартылған.
295 мектеп жанынан 2104 спорттық секциялары тегін жұмыс жасайды. Оған 93 796 бала қамтылған.
Мемлекеттік мектептердің жалпы санының апатты жағдайдағы және үш аусымды мектептердің үлесі. 2023 жылы - 0,7%. Облыста қазіргі таңда 6 апаттық (Арал ауданы №248, Қазалы №94, Қармақшы №105, 108, Шиелі №45, 133) және Қызылорда қаласында үш ауысымда оқу қаупі бар 6 мектеп (Абай мектебі, №3,101,261,264,280) бар. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде салынатын 21 мектеп есебінен апаттық мектептердің 4-еуінің мәселесі шешімін табады (Қазалы №94, Қармақшы №105, 108, Шиелі №45).
Арал ауданы Тоқабай елді мекеніндегі апатты мектептің құрылысы жеке демеуші есебінен жүргізілуде (демеуші есебінен бөлінген қаржы 500 млн. тг). Нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі.
Шиелі ауданы Жансейіт елді мекеніндегі 100 орындық мектептің құрылысын «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен қаржыландыруға ұсынылып отыр.
Нәтижесінде апаттық мектептердің мәселесі 2025 жылы толық шешіледі деп күтілуде.
Облыста үш аусымдағы 6 мектептің 4 мектебіне (№2, №3, №101, №264) 1850 орындық қосымша ғимарат құрылысы жүргізілуде.
Қалған 2 мектеп 2023 жылы пайдалануға берілетін Жезқазған трассасы бойындағы 600 орындық жаңа мектеп есебінен шешіледі. Осыған сәйкес 2023 жылы үш ауысымда оқыту мәселесі шешімін табады.
Физика, химия, биология, STEM пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етілген негізгі және орта мектептердің үлесін 2023 жылға жоспар 75%.
Үстіміздегі жылы 50 мектеп 51 пәндік кабинеттермен (17 физика, 20 химия, 14 биология) жабдықталуда.
Шағын қалалардағы, аудан орталықтары мен ауылдардағы орта мектептерді жаңғырту (күрделі және ағымдағы жөндеу, кітапханалар, асханалар, жиһаздар, күзет)
- 47 мектепке ағымдағы жөндеу жүргізу,
- 47 мектептің жихаздарын (оқушы парталары) ішінара жаңарту,
- 47 мектептің кітапханасын жаңғырту (көркем әдебиет алу, стенділер әзірлеу, жихаздар алу).
Аймақтағы барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен 100% қамтылған. Қала, аудан орталықтарындағы білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелері жедел басқару орталығына және полицияның кезекші бөлімдеріне қосылған.
2023 жылы 35 мектептің бейнебақылау жүйесін талапқа сәйкестендіру үшін 252 млн.теңге, Қызылорда қаласындағы 28 балабақшаның бейнебақылау жүйесіне жергілікті бюджеттен 201,6 млн.тг бөлінді. Қазіргі таңда мектептердің 60 % талапқа сәйкестендірілді. Облыстағы 170 мектепке полиция бөлімшелеріне қосылатын дабыл түймесін орнатуға облыстық бюджеттен 97,1 млн.теңге бөлінді. Осыған дейін 49 мектепке дабыл түймесі орнатылған. Нәтижесінде барлық білім беру ұйымдарының дабыл түймесі мәселесі толықтай шешімін тапты.
Аудан орталықтарында орналасқан бала және персонал саны 700-ден асатын 48 мектеп (Арал-9, Қазалы-10, Қармақшы-9, Жалағаш-3, Шиелі-9, Жаңақорған-5, Қызылорда-3), аудан орталықтарындағы 7 оқушылар үйі мен Қызылорда қаласындағы 25 балабақшаны лицензияланған күзетін қайта жаңартуға жергілікті бюджеттен 112 млн.тг қаржы бөлінді.
2023 жылы 30 колледжде 97 мамандық бойынша барлығы - 20672 студент білім алуда.
2023-2024 оқу жылына жұмысшы және орта буын мамандықтарына жергілікті бюджеттен 3 108, республикадан 1 560 барлығы 4 668 орынға мемлекеттік тапсырыс бөлініп отыр.
Қызылорда облысының білім саласы туралы ақпарат
Аймақта 677 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. (604 балабақша, 73 шағын орталық). Жекеменшік балабақшалар үлесі 73,6 % (444 балабақша) құрайды. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдарда 1-6 жастағы 59 983 бала тәрбиеленуде. 2 мен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші – 88,4 %, 3 пен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші – 100 %.
Облыстың 295 мектептің 4-19 Мб/с аралығында 155 мектеп (Арал ауданы – 22 мектеп, Қазалы ауданы – 19 мектеп, Қармақшы ауданы – 19 мектеп, Жалағаш ауданы – 13 мектеп, Сырдария ауданы – 13 мектеп, Шиелі ауданы – 35 мектеп, Жаңақорған ауданы – 29 мектеп, Қызылорда қаласы – 5 мектеп, оның қалалық елдімекенде – 1 мектеп, ауылдық елдімекенде – 154 мектеп), 20 Мб/с жоғары – 140 мектеп (Арал ауданы – 28 мектеп, Қазалы ауданы – 18 мектеп, Қармақшы ауданы – 10 мектеп, Жалғаш ауданы – 7 мектеп, Сырдария ауданы – 4 мектеп, Шиелі ауданы – 5 мектеп, Жаңақорған ауданы – 14 мектеп, Қызылорда қаласы – 54 мектеп, оның қалалық елдімекенде –63 мектеп, ауылдық елдімекенде – 77 мектеп).
Қауіпсіз мектеп. Білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алдын алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Барлық мектептерде бейнебақылау орнатылған. 288 мектептің бейнебақылау жүйесі полиция бөлімдері мен Қызылорда қаласындағы мектептер жедел басқару орталығына қосылған. 170 мектепте турникеттер орнатылған, 270 мектеп дабыл түймелерімен қамтамасыз етілген.
Облыста 179 869 оқушы контингенті бар 330 мектеп (295 мемлекеттік, 24 жекеменшік, 8 кешкі мектеп, 3 арнайы мектеп-интернат) жұмыс жасайды. Жобалық қуатынан артық жүктемедегі мектептердегі орын тапшылықтары 12 757 орынды құрайды.
Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 800 мың орындық мектеп құрылысын салу тапсырмасына сәйкес, облыста 2023-2025 жылдары 15100 орынға арналған 21 мектептің құрылысын салу бекітілген.
Атап айтқанда, Қызылорда қаласында - 8, Арал ауданында - 4, Қазалы ауданында - 2, Қармақшы ауданында - 2, Жалағаш ауданында - 1, Сырдария ауданында - 1, Шиелі ауданында - 1, Жаңақорған ауданында - 2 мектеп салынатын болады.
Оның ішінде 8500 орындық 10 мектеп 2024 жылы, 6600 орындық 11 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Бүгінгі күні аймақта 6 апаттық (Арал ауданы №248 мектеп, Қазалы ауданы №94 мектеп, Қармақшы ауданы №105,108 мектептер, Шиелі ауданы №45,133 мектептер), үш ауысымды 6 мектеп бар (Қызылорда қ. Абай мектебі, №3, 101, 261, 264, 280 мектептер).
Қазіргі таңда Арал ауданы Тоқабай елді мекеніндегі апатты №248 мектептің құрылысы жеке инвестор есебінен жүргізілуде. Мектеп құрылысын ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
4 апатты мектептің құрылысы (Қазалы ауданы №94 мектеп, Қармақшы ауданы №105, 108 мектептер, Шиелі ауданы №45) Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына енгізілді.
Қызылорда қаласындағы 6 үш ауысымды мектеп бойынша орын тапшылығы 9518 орынды құрайды. Жайлы мектеппен облыс орталығында салынатын 9400 орынға арналған 8 мектеп орын тапшылығын шешетін болады.
Техникалық және кәсіптік білім беру
Желі - 30 колледж (мемлекеттік -17 бірлік, жеке-13 бірлік).
Контингент - 20672 адам (мемлекеттік -12974, жеке - 7698)
Қабылдау - 6191 адам (мемлекеттік-4708, жеке-1383)
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылар контингенті - 11 857. Барлығы 2168 педагог, оның ішінде 418 өндіріс шебері.
Дуалды жүйе бойынша 24 колледжде 3114 студент білім алуда.
Жұмысқа орналасу үлесі 82,1% немесе 2022 жылы 5182 бітірушінің 4250 жұмысқа орналасты. Ал, мемлекеттік тапсырыспен бітіруші 3477 түлектің 2746 жұмысқа орналасып көрсеткіш 78,1% - ды құрайды.
"Жас маман" жобасына ауыл шаруашылығы, техникалық, құрылыс, сервис және т.б. бағыттар бойынша 9 колледж қатысты. Республикалық бюджеттен бөлінген 2,7 млрд. тг қаржыға оқу орындарының материалдық-техникалық базалары заманауи құралдар мен техникалармен қамтамасыз етілді. Жоба аясында 9 құзыреттілік орталығы ашылды. Қазіргі таңда, 17 мамандық бойынша 850 студент білім алуда.
Білім саласында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту
Қызылорда облысында 680 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді (605 балабақша, 75 шағын орталық). Онда 55 956 бала тәрбиеленіп, білім алуда. Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны - 234 (160 балабақша, 74 шағын орталық). Ондағы балалар саны - 19 547. Облыста 446 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 445 балабақша, 1 шағын орталық бар, контингенті - 27 373. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші-85,6 %, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту көрсеткіші-100 %.
Бүгінгі таңда облыстағы 605 балабақша "мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыруға жолдама беру үдерісі мен кезектілікті қалыптастыру мен қызметін автоматтандыру" жүйесіне 100% қосылған.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі жаңа құрылыстың, сондай-ақ жеке нысандағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ашылуының есебінен ұлғаюда. Соңғы 3 жылда мектепке дейінгі ұйымдар желісі 666 бірліктен 14 бірлікке өсті.
Мектепке дейінгі ұйымдарда 5643 педагог жұмыс істейді, оның ішінде мектепке дейінгі арнайы жоғары білімді – 1350 (23,9 %) және мектепке дейінгі арнайы орта білімді 808 (14,3%) педагог.
Жоғары санатты – 120 (2,1%), бірінші санатты - 397 (7,0%), екінші санатты – 691 (12,2%) және санатсыз-3039 (53,8%) педагог. 1396 педагог аттестаттаудан жаңа жүйе бойынша өтті. Педагог-шебер – 2 (0,03%), педагог-зерттеуші – 60 (1,0%), педагог-сарапшы – 339 (6%), педагог-модератор – 995 (17,6%).
Орта білім
Қызылорда облысында 327 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 294 мемлекеттік күндізгі (қазақ тілінде оқытатындар - 267, аралас оқытатындар-27). 22 жекеменшік, 8 кешкі, 3 арнайы мектеп-интернат жұмыс істейді.
2022-2023 оқу жылында мектеп оқушыларының контингенті барлығы 179 869 құрады, оның ішінде мемлекеттік мектептегі оқушылар саны 172 625 оқушы, жекеменшік мектептердегі оқушылар саны 7244 оқушы.
"Мың бала" Ұлттық зияткерлік олимпиадасының I кезеңіне облыс бойынша 11 255 оқушы қатысып, 903 оқушы II кезеңге өтті. II турда 209 оқушы жеңімпаз атанды. Оның ішінде 28 оқушы (6 сынып) облыстың мамандандырылған лицейлеріне конкурстық іріктеусіз гранттар жеңіп алды.
2021-2022 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер саны - 7506.
2022 жылы ҰБТ - ға барлығы 6570 оқушы қатысты. Жалпы орташа балл (шығармашылық емтиханды таңдаған түлектерді есепке алмағанда) 80 құрады.
Облыс бойынша 2022 жылы "Алтын белгі" иегерлерінің саны - 415, үздік аттестат - 804.
Ұйымдардағы ақпараттық-техникалық жабдықтар бойынша: компьютерлік құрылғылар саны - 44 127 (бес оқушыға бір компьютер қатынасында).
Облыс мектептері интерактивті сабақтарды "Bilimland" инновациялық білім беру онлайн ресурсына қосылған "Bilimland" инновациялық білім беру онлайн ресурсының көмегімен пайдаланады. Сондай-ақ, облыс мектептері "Дарын онлайн", "Online mektep" платформаларын кеңінен қолданады.
Облыстың 295 мемлекеттік мектебінің 280-і (95 %) кең жолақты интернет желісіне қосылған.
Дебат клубтарының қызметін дамыту мақсатында "ҰШҚЫР ОЙ" жобасы іске асырылуда. Жоба аясында мұғалімдер мен оқушыларға пікірсайыс қызметі туралы кең түсінік берілді, сонымен қатар облыстың пікірсайыс клубтарының қауымдастығы құрылды. Қоғамдастық жоспарына сәйкес турнирлер, конкурстар, семинарлар, вебинарлар, тренингтер өткізіледі.
287 жалпы білім беретін мектептерде 5 789 оқушыны, 30 колледжде 601 студентті қамтитын дебат клубтары жұмыс істейді.
Облыстың жас дебатерлері ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізген "Ұшқыр ой алаңы" дебат турнирінде жақсы нәтижелермен ерекшеленді.
Білім беру ұйымдарында дебат клубтарының қызметі жолға қойылып, даму перспективалары анықталды.
Білім алушылардың білім сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында:
Қызылорда облысындағы халықаралық зерттеулердің нәтижелері бойынша бірінші кезектегі міндет оқу сауаттылығын арттыру болып табылады.
Оқу сауаттылығын арттыру және "оқитын мектеп" жобасын қолдау мақсатында облыс әкімдігі арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Іс-шаралар жоспарында облыстық мәдениет басқармасымен бірлескен жобалар қарастырылған. Облыстың білім беру ұйымдарының 186 кітапханасы оқушыларға ыңғайлы болу үшін "Коворкинг"орталықтарына бейімделген. "Үздік кітапхана - коворкинг-орталық "облыстық байқауы өткізілді.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2021-2025 жылдарға арналған "Оқитын ұлт-оқитын мектеп" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған жоспар Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бірлескен іс-шараларды, оған ведомстволық бағынысты кітапханалармен және білім беру ұйымдарының кітапханаларымен бірлескен іс-шараларды өткізуді көздейді. Іс-шаралар жоспары аясында облыстық ішкі саясат басқармасы тақырыптық билбордтар орнатуды, "оқитын мектеп" жобасы бойынша жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желілер арқылы материалдар жариялауды көздейді.
Инклюзивті білім беру
Қызылорда облысында 21 арнаулы ұйымда 5912 ерекше білім беруді қажет ететін балаға қызмет көрсетіледі. (Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация – 5, арнайы мектепке дейінгі ұйым – 1, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті – 9, оңалту орталығы – 3, облыстық арнайы мектеп-интернат – 3).
Облыста ПМПК желісі жақсы дамыған. 60 мың балаға 5 ПМПК бар. Барлық 5 ПМПК облыс тұрғындарының қажеттіліктерін өтейді. ПMПK желілерінің дамуындағы өзгерістерді ескере отырып (50 мың т.б. 1) 1 ПМПК 2023 жылы ашылады деп жоспарлануда.
Өңірде ЕБҚ (Ерекше білім алу қажеттілігі) бар балалармен дер кезінде түзету жұмыстарын жүргізу, дамыту және оқыту үшін түзету кабинеттері (9 кабинет) және 3 оңалту орталығы жұмыс істейді. Олар арнайы мұғалімдермен қамтамасыз етілген.
Қызылорда қаласында аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған орталық ашу жұмыстары жүргізілуде.
Облыста 322 білім беру мекемесінде 1947 бала инклюзивті біліммен қамтылған.
Облыста инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі 100 пайызды құрайды.
Облыс бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында барлығы 659 ЕБҚ бар бала бар.
Облыс мектептерінің 80 пайызында инклюзивті білім беруге жағдай жасалған.
Облыста ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік бейімдеу мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған инклюзивті білім беруді дамытудың Жол картасы қабылданды.
Жол картасы аясында мектептерде 8 инклюзивтік ресурстық орталық, 235 мектепте инклюзивтік кабинет ашылды, 10 000 аса мұғалім арнайы курстан өтті.
Кадрлық қамтамасыз ету
Мектептердегі педагогтер саны – 23 457, оның ішінде жоғары білімді – 22 434 (94,6%), техникалық және кәсіптік білім – 1 023 (5,4%).
Жаңа форматтағы біліктілік санатын алған педагогтер саны – 16 504 немесе (64%), педагог-шеберлер – 27, педагог-зерттеушілер – 4 235, педагог-сарапшылар – 7 072, педагог-модераторлар – 5 170.
Анықтама үшін: жоғары санат-289, I санат – 834, II санат – 709, санатсыз-5502.
2022 жылы мұғалімдердің жалақысын көтеруге республикалық бюджеттен 53,2 млрд теңге бөлінді. Спорт секцияларын өткізгені үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне қосымша үстемеақы төленуде (2 406 мұғалім). Бұл мақсатқа 557 млн.теңге бөлінді.
Қызылорда облысында 269 педагогқа коммуналдық шығындар мен жылуға ақшалай қаражат бөлінді.
Шағын мектептер
Облыс бойынша шағын жинақты мектептер саны – 19 (Арал ауданы – 6, Қазалы ауданы – 1, Шиелі ауданы-4), жалпы контингенті 1 244 оқушы.
11 ШЖМ жалпы орта білім беретін мектептердің – 4, негізгі – 2, бастауыш – 5.
17 ШЖМ-де 340 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде, жоғары білімді – 314 (92,3%), арнайы білімді-26 (7,6%), білімсіз-0.
Жоғары санатты – 32 (9,4%), бірінші санатты – 136 (40%), екінші санатты – 135 (39,7%), санатсыз – 37 (10,8%) педагог.
Орта білім берудегі мәселелер:
Қызылорда қаласында үш ауысымда оқыту қаупі бар 6 мектеп (Абай атындағы мектеп, №3, №101, №261, №264, №280). Жыл соңына 600 орындық бір мектепті тапсыру жоспарланған, бұл екі мектепке (№261, №280) жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Екі мектептің қосымша құрылысы басталды (Абай атындағы мектеп, №101). Екі мектепке (№3, №264) жапсарлас құрылыстардың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Мектептерді жаңғыртудан өткізу
2025 жылға дейін облыста ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан 236 мектепке жаңғырту жүргізу жоспарлануда .
2021 жылы жаңғырту бойынша 2,1 млрд.теңге сомасына 47 мектеп өтті. Ағымдағы жылы 48 мектеп жаңғыртылуда.
Мектептерді ағымдағы жөндеу, кітапхананы жаңғырту, мектеп керек-жарақтарын сатып алу ағымдағы жылға жоспарланған қаражатты үнемдеу есебінен шешілетін болады. Ағымдағы жылдың бекітілген бюджетінен облыстық бюджеттен 50 пән кабинеттерін сатып алуға қаражат бөлінді.
Жаңғырту аясында білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 36 млн теңге көлемінде қаражат жоспарланған.
Қосымша білім
Қызылорда облысында 61 қосымша білім беру ұйымы бар. 9 оқушылар үйі, 13 өнер мектебі, 22 спорт мектебі, 7 лагерь, 5 мектеп жанындағы орталық,
5 жеке қосымша білім беру ұйымы. Онда 53 959 бала қамтылған.
Сондай-ақ, 294 мектеп жанындағы 4 112 спорттық секция мен үйірмелерде 145 094 бала келесі бағыттар бойынша жалпы қосымша біліммен қамтылған: көркемдік-эстетикалық, қолданбалы қолөнер, техникалық, экологиялық, туризм және өлкетану, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика, тіл, спорт.
Мектептерде баскетбол, волейбол, футбол, гандбол, шахмат, шағын футбол, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, ұлттық спорт түрлерінен 2 170 спорт секциялары жұмыс жасайды, онда 90 848 оқушы (51,4 %) қамтылған.
Балалардың құқықтарын қорғау
Облыста отбасы үлгісіндегі 1 балалар ауылы жұмыс істейді, 58 бала (2021 жылы – 46 бала) облыс бойынша жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатынан тұрғын үйге мұқтаждар саны - 2148 құрайды.
"Тұрғын үй қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босататын) немесе жергілікті тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй бөлінген кезде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үйлердің жалпы санының кемінде жиырма пайызы; жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған үй-жайлар немесе тұрғын үй-жайлар.
Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй қорынан 2021 жылы - 66, ал 2022 жылдың аяғына дейін қамтамасыз етілетін болады.
Тізімге сәйкес тұрғын үй кезегінде тұрғандарды түгендеу және салыстыру тұрақты жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №156 "Қызылорда облысында балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтердің санын арттыру жөніндегі Жол картасын іске асыру жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары" қаулысының негізінде облыс әкімінің орынбасары бекітілді, білім беру мекемелерінде жүргізілуде.
ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Қызылорда облысы бойынша басқармасының мәліметіне сәйкес 2022 жылдың 11 ай қорытындысы бойынша 10 суицидтік жағдай тіркелді, оның 6 аяқталған болса, 4 ұмтылыс (2021 жылы – 13, аяқталған -6, ұмтылыс -7).
Суицидалды мінез-құлықты оқушыларды анықтау мақсатында а.ж. қазан-қараша айлары білім беру ұйымдарының 5-7 және 8-11 сынып оқушылары арасында психологтармен кешенді тест жүргізілді.
Кешенді тестке 110387 қатысқан оқушылардың психологиялық қолдау тобына 3857 анықталған. Сұхбаттан кейін «тәуекел топқа» 530 жасөспірім алынды.
Техникалық және кәсіптік білім беру
Желі - 30 колледж (мемлекеттік -17 бірлік, жеке-13 бірлік).
Контингент - 20672 адам (мемлекеттік -12974, жеке - 7698)
Қабылдау - 6191 адам (мемлекеттік-4708, жеке-1383)
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылар контингенті - 11 857.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы» аясында 726 студент білім алуда.
Барлығы 2168 педагог, оның ішінде 418 өндіріс шебері, 1750 оқытушы, 30 басшы, оның ішінде жоғары білімді - 1907 (88,0%), ТжКБ бар – 261 (12,0%).
Дуалды жүйе бойынша 24 колледжде 2404 студент білім алуда.
17 мемлекеттік колледжде 14 жатақхана жұмыс істейді. Жобалық қуаттылығы 1625 орынды құрайды. 2019-2021 жылдары 1805 орынды 5 жатақхана пайдалануға берілді.
2023-2024 жылдары 425 орынды 4 жатақхананы (Арал индустриалды-техникалық колледжі – 75 орын Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжі – 50 орын, Қазалы аграрлық-техникалық колледжі – 100 орын, Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі – 200 орын) пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жанындағы жатақханаға қажеттілік толық қамтамасыз етілетін болады.
Жұмысқа орналасу үлесі 82,1% немесе 2021 жылы 5182 бітірушінің 4250 жұмысқа орналасты. Ал, мемлекеттік тапсырыспен бітіруші 3477 түлектің 2746 жұмысқа орналасып көрсеткіш 78,1% - ды құрайды.
"Жас маман" жобасына ауыл шаруашылығы, техникалық, құрылыс, сервис және т.б. бағыттар бойынша 9 колледж қатысты. Республикалық бюджеттен бөлінген 2,7 млрд. тг қаржыға оқу орындарының материалдық-техникалық базалары заманауи құралдар мен техникалармен қамтамасыз етілді. Жоба аясында 7 құзыреттілік орталығы ашылды. Қазіргі таңда, 17 мамандық бойынша 850 студент білім алуда.
Қызылорда облысының білім саласында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
2021 жылдан бастап білім саласы жаңа басқару жүйесіне көшіріліп, қала, аудан әкімдіктерінің құзыреттіліктері облыс деңгейіне өтті.
2022 жылы білім саласының жалпы бюджеті 204, 4 млрд. тг. (РБ 79, 4 млрд. теңге, ЖБ 125 млрд. теңге.) жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 17 % - ға артқан ( 2021 жылы 173 674,7 млн тг.).
Бүгінгі күні облыстағы 677 мектепке дейінгі ұйымда (162 мемлекеттік, 439 жекеменшік, 76 шағын орталық) 59 369 бала тәрбиеленуде. 3 жастан 6 жасқа дейін балалар 100 % мектепке дейінгі ұйыммен қамтылса, 2 мен 6 жас аралығындағы балалардың қамтылу көрсеткіші – 92,1 %. Жеке балабақшалар үлесі – 73 %.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтар саны – 5 909.
2022 жылы балабақшаларда мыңнан аса жаңа орындар ашылады деп жоспарлануда (жоспар 17 жеке балабақша 1048 орын).
Өткен 2021-2022 оқу жылында аймақта 311 мектеп жұмыс жасады, оның ішінде 295 (170 297 оқушы) мемлекеттік және 16 (5 748 оқушы) жеке мектеп. Оқушы саны - 176 045. Оқушылар 2020-2021 оқу жылымен салыстырғанда – 8 193 - ке артқан.
2022-2023 оқу жылында бірінші сыныпқа барлығы 19 568 оқушы келеді деп күтілуде. Осы ретте, оқушылар саны 2021-2022 оқу жылмен салыстырғанда 6 812 - ге артады деп жоспарлануда.
Жеке мектептер санының артуында оң динамика байқалады (2020 ж. – 10 мектеп, 2021 ж. – 16 мектеп, 2022 жылы жаңадан 3 жеке мектеп құрылысы жүргізілуде).
Мектептердегі педагогтар саны – 23 086, оның 21 851 – і (94,6 %) жоғары білімді, 1 235 – і (5,4 %) техникалық және кәсіптік оқу орнын аяқтаған мамандар.
Анықтама ретінде: Жаңа форматтағы біліктілік санатын алған педагогтар саны – 14 863 немесе (64 %), педагог-шебер – 29, педагог-зерттеуші – 4 010, педагог-сарапшы – 6 334, педагог-модератор – 4 490.
Жоғары санатты – 688, І санат – 2 133, ІІ санат – 1 614, санаты жоқ – 3 788.
2022-2023 оқу жылына оқулықпен қамтамасыз ету үшін бөлінген қаражат көлемі - 1,6 млрд теңге.
Облыста инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған арнайы Жол картасы іске асырылуда, оған 4 млрд. теңге қаржы қаралды.
2022 жылы білім беру ұйымдарында 28 инклюзивтік кабинет, 2 ресурстық орталық, 47 логопункт ашылады.
Облыста 61 қосымша білім беру ұйымы бар, 53 959 бала қамтылған.
2021-2022 оқу жылында мектеп жанындағы жалпы қосымша біліммен (үйірме/ секция) 156 430 бала (88,4%) қамтылып отыр.
2022 жылы аймақта 9 лагерь жұмыс жасайды (7 мемлекеттік, 2 жеке). Барлық жазғы лагерьде 6 743 бала тынығатын болады.
Облыста кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар
саны 5 айда өткен жылмен салыстырғанда 44,8 % (2021 ж. 5 ай – 29, 2022 ж. 5 ай - 16) төмендеген.
Қылмыс жасаған жасөспірімдер саны 39,1 % - ға (2021 ж. 5 ай – 23, 2022 ж. 5 ай - 14) азайған. Атап айтқанда, мектеп оқушыларының қылмыс жасауға қатысу саны 50 % - ға (2021 ж. 5 ай – 23, 2022 ж. 5 ай - 14) (Қызылорда-2, Арал-1) төмендеді.
2022 жылы 4 350 орынға арналған 9 мектептің құрылысы жүргізілуде (6-мемлекеттік: Арал №71 мектеп, 200 орындық, Қазалы 250 орындық мектеп, Қызылорда-Жезқазған тас жолы 600 орын, Жаңақорған 600 орын №169, Майбекет шағын ауданы 300 орын, Сұлтанмұратов көшесі 300 орын, 3 жеке: Қызылорда – 2 мектеп, Сабалақ, Күлтегенов көшесі, Арал қаласы -1 мектеп).
6 мектептің (Қармақшы №28, №85, №121, Сырдария №42, Жаңақорған №55, Қызылорда №10) күрделі жөндеу жұмыстарына 2,1 млрд. теңге бөлінді. 47 мектеп модернизациядан өтеді (күрделі, ағымдағы жөндеу, пән кабинеттерін алу, жихаздарын жаңарту т.б.).
Аймақтағы балалар санының өсу динамикасын ескере отырып апатты және үш ауысымды мектептерді болдырмау мақсатында 2025 жылға дейін 34 мемлекеттік, 18 жеке мектеп құрылысы салынатын болады.
Өңірдегі 30 колледжде 97 мамандық бойынша – 18 940 студент білім алады.
25 колледжде 87 мамандық бойынша 3 788 студент дуальді оқыту жүйесі бойынша білім алуда. 24 колледжде 78 мамандық негізінде модульдік білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Сонымен бірге, «Жас маман» жобасы облысымыздағы 10 колледжде жүзеге асуда. (2020 жылы 4 колледж, 2021 жылы 6 колледж).
Білім саласы бойынша негізгі көрсеткіштерді жақсарту, сапалы білім беру мен жайлы орта қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар (ұйымдастыру шаралары бойынша):
Білім беру саласы бойынша 2021 жылда атқарылған жұмыстардың қорытындысы
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту туралы
Облыстағы 671 мектепке дейінгі ұйымында (162 мемлекеттік, 430 жекеменшік, 79 шағын орталық) 56 458 бала тәрбиеленуде. 3 жастан 6 жасқа дейін балалар 100 % мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған. Жеке балабақшалар үлесі – 72,6 %.
Орта білім беру туралы
2021-2022 оқу жылында 311 мектеп жұмыс жасайды, оның ішінде 295 (170 297 оқушы) мемлекеттік және 16 (5 748 оқушы) жеке мектеп жұмыс жасауда. Ондағы оқушы саны - 176 045. Оқушылар саны өткен оқу жылымен салыстырғанда – 8 193 - ке артты. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа барлығы 18 721 оқушы қабылданды. Жеке мектептер санының артуында оң динамика байқалады. (2020 ж. – 10 мектеп, 2021 ж. – 16 мектеп)
Барлық білім беру ұйымдары «ASHYQ» қосымшасына толық қосылды. (311 мектеп, 671 МДҰ, 30 колледж)
Жаңа оқу жылында Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп пен Қызылорда қаласынан 2 (Қызылорда қаласы Саяхат мөлтек ауданынан 348 орындық, Шұғыла мөлтек ауданынан 100 орындық мектеп), Жаңақорған ауданынан 4 (Жаңақорған кенті Сана 100 орын, Заңғар 145 орын, Дарын 300 орын, Ө. Жұмаділда атындағы дарынды балалар мектебі 500 орын, барлығы 2 443 орын) жеке мектеп құрылысы пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 2 мектеп жанынан қосымша ғимараты тапсырылды. (Қызылорда қаласы Махамбет елді мекеніндегі №268 мектебі 200 орын, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі №266 мектебі спорт зал)
Осымен қатар, аймақта келесі жылға өтпелі құрылыс ретінде
1 050 орынға 3 мектептің (Арал №71 мектеп, 200 орын, Қазалы ауданы 250 орын, Қызылорда-Жезқазған тас жолы 600 орын) 1 балабақшаның (Жаңақорған 90 орын, Бірлік) құрылысы жүргізілуде.
Аймақтағы балалар санының өсу динамикасын ескере отырып апатты және үш ауысымды мектептерді болдырмау мақсатында 2025 жылға дейін 34 мемлекеттік, 18 жеке мектеп құрылысы салынатын болады (оның ішінде 4 мектеп мемлекеттік жекешелік әріптестік негізінде).
Жалпы, 2021 жылы облыс бойынша 6 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 4 мемлекеттік (Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп, Жаңақорған ауданындағы 300 және 600 орындық 2 мектеп, Қызылорда қаласында №268 мектепке 200 орындық қосымша құрылыс) және 2 жеке мектеп.
Бүгінгі күні 1 мемлекеттік (Арал ауданы 300 орын), 2 жеке мектеп пайдалануға берілді (Қызылорда қаласы Саяхат м.а. 300 орындық және Шұғыла м.а. 100 орындық). Жыл соңына дейін 3 мемлекеттік мектеп (169 жаңақорған, Майбекет, 268 қосымша құрылыс) іске қосылып, жоспар толық орындалады.
Облыста 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Nur Otan» партиясының сайлауды бағдарламасын іске асырудың жол картасына сәйкес, биылғы жылы 48 мектеп модернизациядан өтті (жөндеу жұмыстары, жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен жабдықтау, жиһаздарын жаңарту, кітапхананы жаңғырту). Бұл бағытта облыстық бюджеттен 1,3 млрд. тг. қаралған.
Ерекше оқуды қажет ететін балалар үшін инклюзивті білім беру – қажетті қадамның бірі. Облыста инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған арнайы Жол картасы іске асырылуда, оған 4 млрд. теңге қаржы қаралды.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін облыста
550 орындық 3 қосымша білім беру ұйымының құрылысы жүргізілуде, (Қармақшы, Жалағаш, Қызылорда) олар жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша облыс көлемінде
7 004 оқушы мектеп бітірді. Олардың 5 937-і немесе 84,8 % - ы ҰБТ - ге қатысты. Тестілеу нәтижесімен жоғары оқу орындарына құжат тапсырған
5 184 талапкердің 4 221 - і мемлекеттік ЖОО – ның білім беру грантына қол жеткізді.
Жалпы бітірушілердің 6 856 – ы оқуға қабылданды. Оның ішінде:
5 461-і (80 % ) жоғарғы оқу орнына, 1 395-і (20 %) арнаулы орта оқу орындарына түсті. Орналасу көрсеткіші 99,6 % құрады (бітіруші түлектердің 78-і жұмысқа, дайындық курсына–22, денсаулығына байланысты оқуын жалғастыра алмағандар–10, әскер қатарына алынғаны–1, облыс аумағынан көшіп кеткендер-4).
Техникалық және кәсіптік білім беру туралы
Аймақтағы 30 колледжде 97 мамандық бойынша – 18 940 студент білім алады.
25 колледжде 87 мамандық бойынша 3 788 студент дуальді оқыту жүйесі бойынша білім алуда. 24 колледжде 78 мамандық негізінде модульдік білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Сонымен бірге, «Жас маман» жобасы облысымыздағы 10 колледжде жүзеге асуда. (2020 жылы 4 колледж, 2021 жылы 6 колледж).
Сондай - ақ, колледж студенттерін жатақханадағы орынмен қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. 2021 жылы 2 колледжге (М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі – 200 орын, С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі - 200) 400 орынды жатақхана іске қосылды. Сонымен қатар, Арал ауданында 75 орынға арналған (Арал көпсалалы колледжі) жатақхана пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, жұмыс беруші ірі кәсіпорындарға колледждерді сенімгерлік басқаруға беруге байланысты өңірімізде тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі «Шакенова А.Б» жеке кәсіпкерге сенімгерлік басқаруға берілді (облыс әкімдігінің қаулысы рәсімделіп, сатып алу конкурсы жарияланды, жеңімпаз анықталып, қазіргі таңда, алыс-беріс актісі жасалуда).
2021 жылдың 9 айында білім беру саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы
Облыстағы 668 мектепке дейінгі ұйымында (162 мемлекеттік, 425 жеке, 81 шағын орталық) 58 219 бала тәрбиеленуде. 3 жастан 6 жасқа дейін балалар - 100% мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған. Жеке балабақшалар үлесі – 72,4 %.
2021-2022 оқу жылында 311 мектеп жұмыс жасайды, оның ішінде 295 (171 428 оқушы) мемлекеттік және 16 (5 768 оқушы) жеке мектеп жұмыс жасауда. Ондағы оқушы саны - 177 196. Оқушылар саны өткен оқу жылымен салыстырғанда – 8 193 - ке артты. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа барлығы 18 721 оқушы қабылданды. Жеке мектептер санының артуында оң динамика байқалады. (2020 ж. – 10 мектеп, 2021 ж. – 16 мектеп)
Барлық білім беру ұйымдары «ASHYQ» қосымшасына толық қосылды. (311 мектеп, 668 МДҰ, 30 колледж)
Жаңа оқу жылында Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп пен Қызылорда қаласындағы 2 жеке мектеп (Қызылорда қаласы Саяхат мөлтек ауданынан 348 орындық, Шұғыла мөлтек ауданынан 100 орындық мектеп) құрылысы пайдалануға берілді.
Жыл соңына дейін 900 орынға арналған 2 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. (Жаңақорған №169, 600 орын, Майбекет мөлтек ауданы 300 орын) Сонымен қатар, 2 мектеп жанынан қосымша ғимараты тапсырылады. (Қызылорда қаласы Махамбет елді мекеніндегі №268 мектебі 200 орын, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі №266 мектебі спорт зал )
Осымен қатар, аймақта 1 050 орынға 3 мектептің (Арал №71 мектеп, 200 орын, Қазалы ауданы 250 орын, Қызылорда-Жезқазған тас жолы 600 орын) 1 балабақшаның (Жаңақорған 90 орын, Бірлік) құрылысы жүргізілуде.
Облыста 1 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. (Жалағаш №118 мектеп «Ауыл ел бесігі»). Бір мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау ағымдағы жылдың қараша айына жоспарлануда (Жалағаш №124 мектеп, ОБ).
«Nur Otan» партиясының сайлауды бағдарламасын іске асырудың жол картасына сәйкес, биылғы жылы 48 мектеп модернизациядан өтіп жатыр (жөндеу жұмыстары, жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен жабдықтау, жиһаздарын жаңарту, кітапхананы жаңғырту). Бұл бағытта облыстық бюджеттен 1,3 млрд. тг. қаралған.
Ерекше оқуды қажет ететін балалар үшін инклюзивті білім беру – қажетті қадамның бірі. Облыста инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған арнайы Жол картасы іске асырылуда, оған 4 млрд. теңге қаржы қаралды.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін облыста 550 орындық 3 қосымша білім беру ұйымының құрылысы жүргізілуде, (Қармақшы, Жалағаш, Қызылорда) олар жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша облыс көлемінде 7 004 оқушы мектеп бітірді. Олардың 5 937-і немесе 84,8 % - ы ҰБТ - ге қатысты. Тестілеу нәтижесімен жоғары оқу орындарына құжат тапсырған 5 184 талапкердің 81 пайызы (грант саны - 4 221) мемлекеттік білім беру грантына қол жеткізді.
Жалпы бітірушілердің 6 856 - ы (98 %) оқуға қабылданды. Оның ішінде: 5 461-і (80 % ) жоғарғы оқу орнына, 1 395-і (20 %) арнаулы орта оқу орындарына түсті.
Аймақтағы 30 колледжде 97 мамандық бойынша – 18 940 студент білім алады.
25 колледжде 87 мамандық бойынша 3 788 студент дуальді оқыту жүйесі бойынша білім алуда. 24 колледжде 78 мамандық негізінде модульдік білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Сонымен бірге, «Жас маман» жобасы облысымыздағы 10 колледжде жүзеге асуда. (2020 жылы 4 колледж, 2021 жылы 6 колледж).
Сондай - ақ, колледж студенттерін жатақханадағы орынмен қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. 2021 жылы 2 колледжге (М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі – 200 орын, С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі - 200) 400 орынды жатақхана іске қосылды. Сонымен қатар, Арал ауданында 75 орынға арналған (Арал көпсалалы колледжі) жатақхана пайдалануға берілді.
Білім беру саласы бойынша 2021 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Облыстағы 670 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында (162 мемлекеттік, 424 жеке, 84 шағын орталық)58мың бала тәрбиеленуде. Балалардың мектепке дейінгі ұйымдарға қамтылуы: 1-6 жас -85,3%, 3-6 жас-100%, 1-2 жас-34%.
730 орынға арналған 9балабақша ашылды, оның ішінде 1 мемлекеттік, 7-ы жекеменшік, 1-і ГЧП арқылы(Арал-1, Жаңақорған-3, Шиелі-2, Сырдария – 1, Қызылорда-2).
Облыста жекеменшік балабақшалардың (424) үлесі 72,3% құрайды.
Орта білім
Білім беру саласы бойынша 2021 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Облыстағы 666 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында (162 мемлекеттік, 420 жеке, 84 шағын орталық) 57 749 бала тәрбиеленуде. Балалардың мектепке дейінгі ұйымдарға қамтылуы: 1-6 жас -85,3%, 3-6 жас-100%, 1-2 жас-35,3%.
690 орынға арналған 8 балабақша ашылды, оның ішінде 6-ы жекеменшік, 1-і ГЧП арқылы (Арал-1, Жаңақорған-3, Шиелі-2, Қызылорда-2).
Облыста жекеменшік балабақшалардың (420) үлесі 72,1% құрайды.
Орта білім
Бүгінгі күні облыстағы 304 мектепте 169 883 оқушы білім алуда ( 294 мемл. –167 715, 10 жеке -2168). 4-ші оқу тоқсаннан бастап барлық мектептер толығымен штаттық режимге көшті. Оқушылардың 86% (146 787 оқушы) дәстүрлі, 14% (23096 оқушы) қашықтан білім алуда.
Инфекцияның таралу қауіпін азайту бағытында дәстүрлі түрде білім алатын оқушылар 5 сатыдан тұратын дезинфекциядан өтуде.
Аймақта 2 апатты мектеп тіркелген. 1 апатты мектептің құрылысы жүргізілуде (Жаңақорған ауданы №169 мектеп). 2021 жылы Арал қаласындағы №71 апатты мектептің жаңа құрылысы басталатын болады (982 млн. тг).
Қызылорда қаласындағы 7 мектепте (№№2, 3, 101, 261, 264, 268, 280) оқушы орын тапшылығы бар (Дефицит-5752).
Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан РБ есебінен 600 орындық мектеп салынуда. Сондай-ақ, Қызылорда қаласынан жеке инвестор қаржысымен 800 орындық 2 жеке мектеп құрылысы жүргізілуде.
2100 орынға арналған жаңа 3 мектептің ЖСҚ әзірленуде.
Биылғы жылы №268 мектептің 200 орындық қосымша құрылысы (442 млн.тг) мен «Қызылжарма» а/о 900 орындық жаңа мектеп ( 2,8 млрд.тг) салынатын болады.
Осымен қатар, 2021 жылы балалар қауіпсіздігіне байланысты Арал ауданы, Сексеуіл кенті мен Жаңақорған кентіндегі 300 орындық 2 мектеп іске қосылады.
Дарынды балаларды қолдау шаралары жалғасуда. Облыста «Ел үміті» жобасын іске асырылуда. Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық Зияткерлік олимпиадасы 1 кезеңіне 9027 оқушы қатыстырылды.
Жыл басынан халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарында 27 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Оның 7-і алтын, 9-і күміс, 12-і қола медальдары.
Облыстық түрлі олимпиадалар мен конкурстарға 374 оқушы қатысып, 150 –і жүлдегер болды.
Білім беру саласы бойынша 2020 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысы
2020 жылға білім саласына 161,8 млрд. тг. бөлініп, былтырғы жылмен салыстырғанда 62 пайызға артты ( 2019 ж-110,5 млрд. тг).
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Облыстағы 665 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында (161 мемлекеттік, 414 жеке, 90 шағын орталық) 55 065 бала тәрбиеленуде. Балалардың мектепке дейінгі ұйымдарға қамтылуы: 1-6 жас -84,9% (ГПРО-81%), 3-6 жас-100% ( ГПРО-100%), 1-2 жас-24,1%.
70 орынға арналған 3 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның 2-і жекеменшік балабақша (Арал-1, Жаңақорған-2).
Облыста жекеменшік балабақшалардың (414) үлесі 72,1% құрайды.
Орта білім
Облыстағы 300 мектепте (оның ішінде 7 жеке мектеп) 170 034 оқушы білім алуда ( мемл-168 398, жеке-1636).
Бүгінгі күні 180 мектеп (60%, 116 466 оқушы) қашықтан оқыту форматында жұмыс жасаса, 120 мектепте оқыту дәстүрлі жүргізілуде (19 170 оқушы) Ата-аналардың өтінішіне сәйкес барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-5 сыныптағы 34 398 оқушы 2296 топта дәстүрлі білім алуда (21%).
Инфекцияның таралу қауіпін азайту бағытында дәстүрлі түрде білім алатын оқушылар 5 сатыдан тұратын дезинфекциядан өтуде.
Қашықтан оқитын электронды құрылғылары жоқ оқушыларды компьютерлік техникамен қамту жұмыстары ұйымдастырылды.
Аймақта 3 апатты мектеп тіркелген болатын. Жаңа оқу жылында 140 орындық 1 мектеп пайдалануға берілсе (Жалағаш ауданы, Шәменов ауылы №34 мектеп), 1 апатты мектептің құрылысы жүргізілуде (Жаңақорған ауданы №169 мектеп). 2021 жылы Арал қаласындағы №71 апатты мектептің жаңа құрылысы басталатын болады ( 982 млн. тг).
Қызылорда қаласындағы 7 мектепте (№№2, 3, 101, 261, 264, 268, 280) оқушы орын тапшылығы бар (Дефицит-5752).
Қыркүйек айында 600 орындық 1 мектеп (Жаппасбай батыр) іске қосылса, желтоқсан айында 500 орындық 1 жеке мектеп (Зерде) пайдалануға берілді.
Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан РБ есебінен 600 орындық мектеп салынуда. Сондай-ақ, Қызылорда қаласынан жеке инвестор қаржысымен 300 орындық 1 жеке мектеп құрылысы жүргізілуде.
2100 орынға арналған жаңа 3 мектептің ЖСҚ әзірленуде.
2021 жылы №268 мектептің 200 орындық қосымша құрылысы (442 млн.тг) мен «Қызылжарма» а/о 900 орындық жаңа мектеп ( 2,8 млрд.тг) салу жоспарлануда.
Осымен қатар, 2021 жылы балалар қауіпсіздігіне байланысты Арал ауданы, Сексеуіл кенті мен Жаңақорған кентіндегі 300 орындық 2 мектеп іске қосылады.
Мемлекеттік бағдарламалардың аясында (жұмыспен қамтудың Жол картасы, Ауыл ел бесігі) ағымдағы жылы 7 млрд.тг. бөлініп, 55 білім нысаны жөндеуден өткізілді.
Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
2020 жылы облыстық бюджет есебінен 1,9 млрд.тг. 236 жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен (физика, биология, химия), 42 мектеп «3Д модельдеу» жабдықтарымен толықтырылды.
Компьютерлер паркін жаңартуға 3,2 млрд.тг. бөлініп, 22 870 дана компьютерлік техникалар алынды. Нәтижесінде, облыста бөлініс бойынша 1 компьютерге келетін бала саны 12-ден 5 –ке дейін төмендеді.
2020 жылы 6060 мектеп түлектерінің (5064-і) 83,5% ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Қорытындысымен жоғары оқу орындарына тапсырған талапкерлердің 77 пайызы (3058) грантқа қол жеткізді.
Жалпы 2020 жылғы мектеп бітірушілердің 98% университеттер мен колледждерде оқуларын жалғастыруда.
Дарынды балаларды қолдау шаралары жалғасуда. Облыста «Ел үміті» жобасын іске асырылуда. Жоба аясында «Елбасы медалі» конкурсына облыстан 14-29 жас аралығындағы 446 үміткер қатысып, 62-і жеңімпаз атанды.
Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық Зияткерлік олимпиадасы 2 кезеңде өткізілді.
Олимпиадаға 225 ауыл мектебінен 5, 6-сыныптардан 18 425 оқушы қатысып, 75 оқушы жеңімпаз атанды. Оның 23-і дарынды балаларға арналған мектептерге конкурстан тыс оқуға қабылданды (РФММ-3, №9 БИЛ-3, №10 БИЛ -4, №4 ОДМИ-12).
Жыл басынан халықаралық және республикалық олимпиадаларда 12 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Оның 1-і алтын, 3-і күміс, 8-і қола медальдары.
Облыстық түрлі олимпиадалар мен конкурстарға 437 оқушы қатысып, 216 –ы жүлдегер болды.
Облыстағы инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған Жол картасы бекітіліп, 4 млрд.тг. жоспарланды. Жол картасына сәйкес 2020 жылы 48 балабақша мен 43 мектепте арнайы инклюзивтік кабинеттер ашылды. Бұл бағытта 505 млн.тг. бөлінді.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қосымша білім беруді дамыту мақсатында облыста 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы әзірленуде.
2020 жылы желтоқсан айында Арал ауданында 250 орынға арналған оқушылар Үйінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. 550 орынға арналған 3 қосымша білім беру ұйымының құрылысы жүргізілуде ( Қармақшы, Жалағаш, Қызылорда).
Кәсіптік-техникалық білім беру
Облыстағы 30 (17 мемл, 13 жеке) колледжде 19 795 студент білім алуда.
2020-2021 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға жергілікті бюджеттен 3108 орын, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1515 орын бөлінді.
2020 жылы «Жас маман» жобасы аясында 1,2 млрд.тг. қаржыға 4 колледждің материалдық-техникалық базасы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. 2021 жылы 5 колледждің базасын жабдықтау жоспарланды. Осы мақсатта РБ-дан 1,3 млрд.тг. қаржы бағытталды.
2020 жылы кәсіптік-техникалық оқу орындарын 5986 студент аяқтап, оның 5130 жұмысқа орналасты (85,8 %).
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында студенттерге қажетті жатақханалар салынуда. 2021 жылы 600 орынды 2 жатақхананы іске қосу жоспарлануда.
Білім саласы бойынша 2020 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар АҚПАРАТЫ
Облыс бойынша білім саласына 2020 жылға 154,8 млрд. теңге қаралған.
Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие
Облыстағы 668 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде 575 балабақша мен 93 шағын орталықтарда 59 мың бала тәрбиеленуде. 2020 жылы Арал ауданында 20 орынға арналған 1 шағын орталық ашылды. Жекеменшік балабақшалардың үлесі барлық балабақшаның 72% құрап отыр. 3 пен 6 жастағы балалар балабақшалармен 100% қамтамасыз етілді.
Облыс бойынша 6180 педагог балабақшада жұмыс жасайды.
Орта білім
Облыста жалпы орта білім беретін 293 мектепте 2019-2020 оқу жылында 161 779 оқушы білім алды. 2020-2021 оқу жылына 170 мың оқушы оқиды деп жоспарлануда.
Облыста 3 апатты мектеп бар. 2 апатты мектептің құрылысы жүргізілуде. (Жалағаш ауданы, Шәменов ауылы №34 мектеп -689 млн. тг, Жаңақорған ауданы №169 мектеп 2,4. млрд. тг). Арал қаласындағы №71 апатты мектептің жаңа құрылысына жоба-сметалық құжат әзірленуде.
Қызылорда қаласындағы 7 мектепте ( №2, 3, 101, 261, 264, 268, 280) үш ауысымда оқу қауіпі бар. Үш ауысымда оқытудың алдын алу бағытында тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда (жаңа мектеп салу, жеке мектептер ашу, оқушыларды мектепке мөлтекаудандар бойынша қабылдау т.б).
Дарынды балаларды қолдау шаралары одан әрі жалғасуда.
«Ел үміті» жобасын іске асыруға облыстық бюджеттен 87,6 млн. тг. бөлінді. «Дарын» қосымша білім беру орталығынан 5 штатпен арнайы бөлім ашылды. «Мың бала» олимпиадасының 1-ші туры өткізілді.
Халықаралық және республикалық олимпиадалардағы 41 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Оның 2-і Алтын медаль, 7-і Күміс, 4-і қола медаль.
Облыста дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында түрлі олимпиадалар мен конкурстар, түрлі байқаулар ұйымдастырылып 437 оқушы қатыстырылып, 216 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Алдағы 2020-2021 оқу жылында 11 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алуға көшетін болады. Осыған орай, жаңа оқу жылында оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін сатып алуға 1,2 млрд. қаралып, баспалармен 115 келісім-шарт жасалды.
2016 жылдан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына мектептер кезеңмен көшірілуде. Бүгінгі күні облыста 21 538 педагог жұмыс жасайды. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 25% жалақыларына үстемақы қосылды. Биылғы жылы жаңартылған білім беру мазмұңы бойынша курстан 600 педагог өткізілді.
Педагогтардарға әдістемелік көмек беру бағытында 12 облыстық семинар, конференциялар өткізілді. Облыстық 3 кәсіби байқауға 21 педагог қатысып, жеңімпаздар білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.
Білім саласы бойынша 2020 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар АҚПАРАТЫ
Білім саласына 2020 жылға 147 млрд. теңге қаралған.
Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие
Облыстағы 673 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде 93 шағын орталық пен 580 балабақшада 59 659 бала тәрбиеленуде. 3 пен 6 жастағы балалар 100% балабақшамен қамтылған.
Жекеменшік балабақшалардың үлесі облыста 72% құрайды.
2020 жылы Арал ауданында 20 орынға арналған 1 шағын орталық ашылды.
Мектепке дейінгі ұйымдарда 6180 педагог жұмыс жасайды.
Орта білім
Облыста жалпы орта білім беретін 293 мектепте 161 779 оқушы білім алуда.
Инфроқұрылым бойынша
Аймақта 3 апатты мектеп тіркелген. 2 апатты мектептің құрылысы жүргізілуде. (Жалағаш ауданы, Шәменов ауылы №34 мектеп -519 млн. тг, Жаңақорған ауданы №169 мектеп 1,9. млрд. тг).
Арал қаласындағы №71 апатты мектептің жаңа құрылысына жоба-сметалық құжаттар әзірленуде.
Қызылорда қаласындағы 7 мектепте ( №2, 3, 101, 261, 264, 268, 280) үш ауысымда оқу қауіпі бар. Үш ауысымда оқытуды болдырмау бағытында тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда (жаңа мектеп салу, жеке мектептер ашу, оқушыларды мектепке мөлтекаудандар бойынша қабылдау т.б).
Осы мақсатта Қызылорда қаласында 500 орындық жеке мектептің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Қызылорда-Жезқазған трассасы бойыннан РБ есебінен 600 орындық, «Саяхат» мөлтек ауданынан жеке инвестор есебінен 300 орындық мектеп құрылыстары басталады деп жоспарлануда. Осымен бірге жаңа 3 мектеп пен 1 мектепке қосымша құрылыстың ЖСҚ әзірленуде.
Дарынды балалармен жұмыс
Дарынды балаларды қолдау шаралары одан әрі жалғасуда.
Ауылдық жердегі дарынды балаларды қолдау мақсатындағы «Ел үміті» жобасын іске асыруға облыстық бюджеттен 87,6 млн. тг. бөлінді.
«Мың бала» олимпиадасының 1-і туры өткізілді.
Жыл басынан халықаралық және республикалық олимпиадаларда 41 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Оның 2-і алтын, 7-і күміс, 4-і қола медальдары.
Облыстық түрлі олимпиадалар мен конкурстарға 437 оқушы қатысып, 216 –ы жүлделі орындарға ие болды.
Педагогтар бойынша
Бүгінгі күні облыста 21 538 педагог жұмыс жасайды.
«Педагог мәртебесі туралы» Заңы қабылданды.
Заңға сәйкес 2020 жылдан бастап педагог және оларға теңестірілген қызметкерлердің еңбекақысы 25%-ға, педагогикалық шеберлігі үшін лауазымдық жалақыға 30 бен 50 пайыз аралығында жаңа қосымша ақы төленуде. Кейбір педагогтардың еңбек демалысы кезеңі 42 күннен 56 күнге ұзартылды. Орта мектептерде тәлімгерлік үшін 17 мың. тг, магистрлік дәрежесіне 26 мың тг. қосымша ақы төленсе, сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін 2 есеге көтерілді. Осы мақсатта 2020 жылы облысқа РБ 21,5 млрд. тг. қаржы бөлініп отыр.
Биылғы жылы жаңартылған білім беру мазмұңы бойынша курстан 600 педагог өткізілді.
Әдістемелік көмек беру бағытында 12 облыстық семинарлар, конференциялар ұйымдастырылды. Облыстық 3 кәсіби байқауға 21 педагог қатысып, жеңімпаздар марапатталды.
Инклюзивті білім беру бойынша
123 балабақшада инклюзивтік білім алуға жағдай жасалған. 2020 жылға 47 балабақшаға арнайы маман алынып, кабинеттермен жабдықталуда.
162 мектепте инклюзивтік білім алуға жағдай жасалған.
2019-2020 жылдары мектептерді арнайы мамандармен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 166 млн.тг. бөлініп, 97 маман қабылданды.
Кәсіптік-техникалық білім беру
Облыс бойынша 30 колледжде 20365 студент білім алуда (16 мемл, 14 жеке).
2020 жылғы қаңтар айынан бастап колледждер жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшірілді.
«Жас маман» жобасына облыста 4 колледж қатысуда. Жоба аясында колледждердің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, инженер-педагогтардың біліктілігі арттырылады.
Жекеменшік-мемлекеттік әріптестік негізінде 400 орындық жатақхана құрылысы жүргізілуде.
Қызылорда облысының білім беру жүйесінің 2019 жыл бойынша жұмыс туралы есебі
Облыс бойынша білім саласына 2019жылға 110,9 млрд. теңге бөлінді.
Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие.
Облыстағы 666 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде 573балабақша мен 96 шағын орталықтарда 58000 бала тәрбиеленуде. 2019 жылы 1290 орынға арналған 13 балабақша ашылды, оның 2-і мемлекеттік балабақша. /Арал-2, Қазалы-2, Қармақшы-1, Жалағаш-1, Сырдария-1, Шиелі-1, Қызылорда-5/.
Жекеменшік балабақшалардың үлесі барлық балабақшаның 72% құрап отыр. 3 пен 6 жастағы балалар балабақшалармен 100% қамтамасыз етілді.
Облыс бойынша 6180 педагог балабақшада жұмыс жасайды.2019 жылы780 тәрбиеші біліктілік арттыру курсынан өткізілді.
Орта білім
Облыста жалпы орта білім беретін 293 мектепте 162 142оқушы білім алуда.
Аймақта үш ауысымда оқитын мектептер 2015 жылы жойылса, 2 апатты мектептің құрылысы жүргізілуде. (Жалағаш ауданы, Шәменов ауылы №34 мектеп -100 млн. тг, Жаңақорған ауданы №169 мектеп 500 млн. тг).
Биылғы оқу жылында 1450оқушыға арналған 3 жеке мектеп ашылып, жұмысын бастады.
Арал ауданы мен Қызылорда қаласынан 3 мектептің450 орынға арналған қосымша ғимараттары пайдалануға берілді. /Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі №231- 100 орын, Қызылорда қаласындағы №198- 200 орын, №261-150 орын/.
Қаладағы №4, 12, 187, 217, 278 мектептерге IT-лицей статусы беріліп, информатика және робототехника пәндерін тереңдетіп оқытуды бастады.
Арал ауданында облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты ашылып, 185 бала қабылдады.
Халықаралық және республикалық олимпиадалардағы 50-ден астам оқушы жүлделі орындарды иеленді. Оның 12-і Алтын медаль, 14-і Күміс, 29-ықола медаль.
Университеттер мен коллледждерге бітірушілердің 98% түсті. Оның ішінде түлектердің 65% жоғары оқу орындарына мемлекеттік грант есебінен білім алуда. Ресейдің үздік жоғары оқу орындарында 520 студент оқуларын жалғастыруда.
Облыс балаларын халықаралық рейтингісі жоғары әлемдегі ірі университеттергеоқуға түсуге дайындау мақсатында биылғы оқу жылынан бастапНұр-Сұлтан қаласындағы «Astana Garden School» жеке мектебімен Меморандумға отырып, бірлескен жоба іске асырылуда. Осы бағытта облыстық бюджеттен 20,5 млн. тг қаржы бөлініп, конкурс арқылы 5 оқушы іріктеліп, оқуды бастады. («Білім-Инновация» лицейі -2, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты-2, № 3 IT-лицей-1)
2016 жылдан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына мектептер кезеңмен көшірілуде. Педагогтардың 77пайызы курстан өтіп, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 30 %жалақыларына үстемақы қосылды.Облыстағы 150 мектепте жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде пилоттық негізде оқытылуда. 649 мұғалім тілдік курстан өтті. Ағылшын тілінде сабақ беретін 319 мұғалімдерге қосымша үстемақы төленуде.
2019-2020 оқу жылында мұғалімдер саны -18524. Оның ішінде жоғарғы және бірінші санатты мұғалім саны 10225 құрайды (54%).
Білім саласын цифрландыру қарқынды түрде жүргізілуде. Барлық мектептер 100% кең жолақты интернетке қосылған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 100% компьютерлер паркі жаңартылды. 122 мектепте робототехника және «3Д-моделдеу» кабинеттері жұмыс жасайды.
Мектептегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (ыстық тамақ ұсыну, лагерьге жолдама беру, 1 класқа мектепке қабылдау) автоматтандырылған жүйеге қосылды. Бұл бағытта облыстық бюджеттен 24 млн. тг қаржы бөлінді.
Облыс бойынша 59 қосымша білім беру ұйымдарына 57112 оқушы қамтылған. Жалпы қосымша біліммен қамтылған оқушылардың үлесі 86% (139967) құрайды.
Инклюзивтік білім алуға жағдай жасалған мектептердің саны бүгінгі күні 197-ні (67,2%)құрайды).
2019-2020 жылдары мектептерді арнайы мамандармен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 97 штат бірлігіне 166 млн. теңге бөлінді.
3 пен 6 жас аралығындағы білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды мектепке дейінгі тәрбие алуға 99 (17,2%)балабақшада жағдай жасалған.
Кәсіптік-техникалық білім беру
2019-2020 оқу жылында облыс бойынша 30 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында 97 мамандық 167біліктілік бойынша 20365студент білім алуда (16 мемлекеттік, 14 жекеменшік оқу орындары).
Колледждерде 87 мамандық бойынша дуальды оқыту, 48 мамандық бойынша модульдік білім беру оқу бағдарламалары енгізілді.
Соңғы екі жылда облыстың еңбек ресурстары баланысына сәйкес 22 жаңа мамандық(біліктілік) ашылды.
Колледждердің білім беру жүйесін автоматтандыру бойынша жергілікті бюджеттен 32,8 млн. теңге қаржы бөлініп, 8мемлекеттік көрсетілетін қызмет автоматтандырылды.
«Жас маман» жобасына облысымыздан 9колледж іріктеліп, материалдық-техникалық базасы республикалық бюджет есебінен жабдықталатын болады. Жергілікті бюджеттен 4643 мемлекеттік тапсырыс бөлініп, жастардың кәсіптік білім алуына мүмкіндік жасалды.
2019 жылы10 оқу орыны институциональды және мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтті. (Олар: Қызылорда медицина жоғары колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжі, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі, «Абылай хан» колледжі, «Болашақ медицина» колледжі, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі, Қазалы аграрлы-техникалық колледжі, Байқоңыр «Космос» колледжі, «Жас өркен» колледжі).
Техникалық және кәсіптік білім беретін 8 оқу орыны жоғары колледж статусын иеленді. (Қызылорда медицина жоғары колледжі, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжі, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, «Абылай хан» жоғары колледжі, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі, Болашақ жоғары колледжі, Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжі)
Облыс бойынша30 колледждің20 жатақхана бар (2030 орын). Жатақхана қажет ететін 10 колледжде құрылыс жұмыстары үшін 12,5 га жер телімі рәсімделді. Жатақханаға деген қажеттілік – 1375 орын.
2019 жылғы қараша айында "ДилМаш" ЖШС-нің құрылысы жүргізілген ғимараты Қызылорда медицина жоғары колледжіне – 330 орынды жатақхана ретінде пайдалануға берілді.
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
2019 жылғы есеп бойынша облыста 0-18 жас аралығында 853 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Олардың 757 бала отбасында тәрбие алса, (қорғаншылық пен қамқоршылықта 654 бала, патронаттық тәрбиеде 99 бала), 96 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында тәрбиеленуде. Соңғы жылдары интернаттық мекемелердің тәрбиенушілердің санында төмендеу тенденциясы байқалады. Мәселен, 2013 жылы бұндай мекемелерде 120-150 балаға дейін тәрбиеленген болса, бүгінгі таңда олардың саны 54 балаға төмендеді және алдағы уақытта олардың санын төмендету тенденциясы сақталады.
Сонымен қатар, 2019 жылғы интернаттық мекемелерден 4 бала отбасылық тәрбиеге берілді. Оның 2-і сәбилер үйінен (туған отбасына – 1, 1-еуі қорғаншылыққа), 1-уі әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан (қамқоршылыққа-1), отбасы үлгісіндегі балалар ауыланан 1бала қамқоршылыққа берілді.