2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 760,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өсті.
Өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуіне өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің 13,1%-ға артуы оң әсер етті. Аталған салада өндірілген өнім көлемі 288,7 млрд теңгені құрады.
Анықтама: өңдеу өнеркәсібі көлемінің өсуіне келесі салалардағы өндіріс көлемінің артуы ықпал етті:
тамақ өнеркәсібі – 7,3%-ға;
жеңіл өнеркәсіп – 13,6%-ға;
кокс және мұнай өнімдерін өндіру – 17,3%-ға;
металлургия өнеркәсібі – 7,5%-ға;
химия өнеркәсібі – 26,3%-ға;
резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру – 22,6%-ға;
өзге де бейметалл минералдық өнімдерді өндіру – 38,5%-ға;
машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату – 0,9%-ға.
ӨНЕРКӘСІП
(қаңтар-маусым 2026 ж)
2026 жылғы қаңтар–мамыр айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 462,7 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,6%-ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі саласында 175,9 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 10,1%-ға артты.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің өсуіне келесі салалардағы өндіріс көлемінің артуы ықпал етті: тамақ өнеркәсібі – 3,8%-ға, жеңіл өнеркәсіп – 5%-ға, кокс және мұнай өнімдерін өндіру – 17,7%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру – 17,7%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру – 62,4%-ға, машина жасау саласы – 6%-ға.
2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 250,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға артты. Өсім өңдеу өнеркәсібінің 17,3%-ға, энергиямен жабдықтау саласындағы күн электр станцияларының өндіріс көлемінің 8,2%-ға артуы, сумен жабдықтау саласында абоненттер санының артуы есебінен қалыптасты. Есепті кезеңде 688 мың тонна мұнай өндіріліп, өнім көлемі 7,5%-ға немесе 55,6 мың тоннаға төмендеді (І тоқсан 2025 ж. - 743,6 мың тонна).
Өңдеу өнеркәсібі саласында 60,6 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 17,3%-ға артты. Өңдеу өнеркәсібі көлемінің өсіміне келесі салалардағы өндіріс көлемінің артуы әсер етті: тамақ өнеркәсібі 2,5%, жеңіл өнеркәсіп 21,3%-ға, кок және мұнай өнімдерін өңдеу 0,5%; резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 16,8%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер 2 есеге, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 23,9%-ға.
Өнеркәсіпті дамыту және қолдау саласында атқарылған жұмыстардың жылдық есебі
2025 жыл қорытындысымен өнеркәсіп өндіріс көлемі 1074,4 млрд. теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 2,7%-ға төмендеді.
Төмендеудің басты себебі – мұнай ұңғымаларының көпшілігінің сулануы мен сарқылуы. Есепті кезеңде 3005,3 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға немесе 350,9 мың тоннаға төмендеді (2024 ж. – 3356,2 мың тн).
Өңдеу өнеркәсібі саласында 406,3 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 6,4%-ға артты.
Анықтама: Өңдеу өнеркәсібінде тамақ өнімдерін өндіру 3,4%-ға, мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі 5,2%-ға, жиһаз өнеркәсібі 43,6%-ға, жеңіл өнеркәсібі 12,4%-ға, химия өнеркәсібі 2,7%-ға, құрылыс индустриясы 4,3%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісі 1,7%-ға артты.
2025 жылғы 9 айда өнеркәсіп өндіріс көлемі 786 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға төмендеді.
Төмендеудің басты себебі – мұнай ұңғымаларының көпшілігінің сулануы мен сарқылуы. Есепті кезеңде 2260,5 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1%-ға немесе 270,6 мың тоннаға төмендеді (2024 ж. 9 ай – 2531,1 мың тн).
Өңдеу өнеркәсібі саласында 294,2 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 13,1%-ға артты.
Анықтама: Өңдеу өнеркәсібінде тамақ өнімдерін өндіру 9,9%-ға, мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі 10,8%-ға, химия өнеркәсібі 0,2%-ға, металлургиялық өндірісі 6,9%-ға, жиһаз өнеркәсібі 29,6%-ға артты.
Өнеркәсіп
2025 жылдың 8 айында өнеркәсіп өндіріс көлемі 692 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға төмендеді.
Төмендеудің басты себебі – мұнай ұңғымаларының көпшілігінің сулануы мен сарқылуы. Есепті кезеңде 2014,5 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ға немесе 250,7 мың тоннаға төмендеді (2024 ж. 8 ай – 2265,2 мың тн).
Өңдеу өнеркәсібі саласында 255,4 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 14,7%-ға артты.
Анықтама: Өңдеу өнеркәсібінде тамақ өнімдерін өндіру 15,5%-ға, мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі 10,8%-ға, металлургиялық өндірісі 6,8%-ға, жиһаз өнеркәсібі 33,4%-ға машина жасау 3,7%-ға артты.
2025 жылдың қаңтар-маусым айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 512,2 млрд. теңгені құрады (НҚИ – 100%).
Өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж қаңтар-маусым айында 188,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,2%–ға артты (6 айы 2024 ж – 172,5 млрд.теңге).
Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: тамақ өнімдерін өндіру 16,2%-ға, жеңіл өнеркәсіп 16%-ға, жиһаз өндіру 42,1%-ға, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 15,4%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдардар өндіру 6,9%-ға, металлургия өндірісі 19,2%-ға.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 258,2 млрд. теңгені құрады (НҚИ – 101,5%).
Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіптік өндірістің 1,5%-ға өсуі байқалады.
Өнеркәсіп өндірісінің артуына өңдеу өнеркәсібінің оң динамикасы әсер етті.
Өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж қаңтар-наурыз айында 95,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,2%–ға артты (3 айы 2024 ж – 86,0 млрд.теңге).
Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: тамақ өнімдерін өндіру 7,3%, жеңіл өнеркәсіп 2,2 есе, жиһаз өндіру 38,3%, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 51,9%, өзге де бейметалл минералдық өнімдер 39,6%, резеңке және пластмасса бұйымдардар өндіру 8,5%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 3,5%, металлургия өндірісі 27,2%,.
2024 жылғы 11 ай қорытындысымен өнеркәсіп өндіріс көлемі 999,6 млрд. теңгені құрап, көрсеткіш 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға төмендеді.
Төмендеудің басты себебі – мұнай ұңғымаларының көпшілігінің сулануы мен сарқылуына байланысты тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласының 5,9%-ға төмендеуі.
2024 жылдың қаңтар-қараша айларында 3,1 млн тонна мұнай өндіріліп, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4%-ға немесе 596 мың тоннаға төмендеді (2024 ж. 11 ай – 3,1 млн.тн, 2023 ж. 11 ай – 3,6 млн.тн).
Өңдеу өнеркәсібі саласында 328,4 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 20,6%-ға артты.
Атап айтқанда, химия өнеркәсібі 14,5%-ға, жеңіл өнеркәсіп 65,4%, металлургия өндірісі 37,6%-ға, тамақ өнеркәсібі 1,2%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 8,6%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндірісі 7,7%-ға өсті.
Айта кету керек, өңдеу өнеркәсібінде өсу қарқыны бойынша республика бойынша облыс өткен жылдан бастап өңірлер арасында алдыңғы қатарда.
Ү. ж. ІІІ тоқсанда өнеркәсіп өндіріс көлемі 807,1 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2%-ға өсті.
Өңдеу өнеркәсібі саласында 268,4 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 28%-ға артты.
Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім қалыптасты: химия өнеркәсібі 7,1%-ға, жеңіл өнеркәсіп 69,6%, метталургия өнеркәсібі 65,2%-ға, тамақ өнеркәсібі 3,3%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 8,1%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндірісі 0,7%-ға.
2024 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 522,0 млрд. теңгені құрады (НҚИ – 105%).
Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіптік өндірістің 5%-ға өсуі байқалады.
Өнеркәсіп өндірісінің артуына өңдеу өнеркәсібінің оң динамикасы әсер етті.
Өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж қаңтар-маусым айларында 172,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,5%–ға артты (2023 жылдың қаңтар-маусым айлары – 138,3 млрд.теңге).
Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: тамақ өнімдерін өндіру 9,5%, жеңіл өнеркәсіп 43,5%, химия өнеркәсібі 7,7%, резеңке және пластмасса бұйымдардар өндіру 13,9%, металлургия өндірісі 2,4 есеге.
2024 жылдың қаңтар-ақпан айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 162,5 млрд. теңгені құрады (НҚИ – 107,1%).
Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіптік өндірістің 7,1%-ға өсуі байқалады.
Өнеркәсіп өндірісінің артуына өңдеу өнеркәсібінің оң динамикасы әсер етті.
Өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж қаңтар-ақпан айында 57,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40,3%–ға артты (2023 жылдың қаңтар-ақпан айлары – 41,3 млрд.теңге).
Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: тамақ өнімдерін өндіру 10%, жеңіл өнеркәсіп 19,2%, жиһаз өндіру 6,9%, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 3,4%, өзге де бейметалл минералдық өнімдер 21,1%, резеңке және пластмасса бұйымдардар өндіру 7,9%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 6,2%, металлургия өндірісі 2,4 есеге.
Өнеркәсіп
(2023 жылғы қаңтар-тамыз айлары)
2023 жылғы қаңтар-тамыз айларында облыстың өндіріс көлемі 666,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға төмендеді (2022 ж. 8 айы – 677,4 млрд.теңге).
Төмендеудің негізгі себебі - кен орындарының сарқылуы мен сулануына байланысты мұнай өндіру көлемінің жоспарлы қысқаруы.
2023 жылдың қаңтар-тамыз айына 2533,6 мың тонна мұнай өндірілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,0% құрады немесе 160,2 мың тоннаға азайған.
Өңдеу өнеркәсібі саласында есепті кезеңде
192,5 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,6% - ға артты (2022 ж. 8 айы – 147,1 млрд.теңге).
Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 16,6%-ға, металлургия өндірісі 16,8%-ға, жиһаз өндіру 25,2%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 8,3%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер 10,1%-ға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 39,2%.
Өнеркәсіп
2023 жылғы қаңтар-маусым айларында облыстың өндіріс көлемі 497,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға төмендеді (2022 ж. 6 айы – 486,0 млрд.теңге).
Төмендеудің негізгі себебі - кен орындарының сарқылуы мен сулануына байланысты мұнай өндіру көлемінің жоспарлы қысқаруы.
2023 жылдың қаңтар-маусым айына 1910,5 мың тонна мұнай өндірілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,1% құрады немесе 113,6 мың тоннаға азайған.
Өңдеу өнеркәсібі саласында есепті кезеңде 138,3 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,4% - ға төмендеді (2022 ж. 6 айы – 107,9 млрд.теңге).
Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында төмендеу байқалған: тамақ өнімдерін өндіру 4,4%-ға, химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру 31,5%-ға, жеңіл өнеркәсібі 5,3%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 3,4%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер 3,0%-ға, металлургия өндірісі 7,4%-ға азайған.
Өнеркәсіп
2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша өнеркәсіптің нақты көлем индексі 99,2%–ды, ақшалай мәнде 248,2 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдан 0,8%-ға төмен (2022 жылдың қаңтар-наурыз – 224,3 млрд. теңге).
Төмендеудің негізгі себебі - кен орындарының сарқылуы мен сулануына байланысты мұнай өндіру көлемінің жоспарлы қысқаруы.
2023 жылдың қаңтар-наурыз айына 968,2 мың тонна мұнай өндірілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,9% құрады немесе 49,4 мың тоннаға төмен.
Бұдан басқа, өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж. 3 айында 65,8 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,6%–ға артты (2022 жылдың қаңтар-наурыз айына – 48,2 млрд.теңге).
Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: жеңіл өнеркәсіа 23,5%-ға, кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 43,1%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру 13,6%-ға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 73,5%, жиһаз өндіру 81,1%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер 23,9%-ға артқан.
Өнеркәсіп.
2021 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 773,0 млрд. теңгені құрады (НҚИ - 100,8%).
Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіптік өндірістің 0,8%-ға өсуі байқалады.
Өнеркәсіп өндірісінің артуына өңдеу өнеркәсібінің оң динамикасы әсер етті.
Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі саласында 2021 жылдың
қорытындысымен 181,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, бұл көрсеткіш 14,5%-ға артқан. (2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айына –
151,0 млрд.теңге).
Анықтама:
Өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: тамақ өнімдерін өндіру 5,1%-ға, құрылыс материалдарын 55,2%-ға, жеңіл өнеркәсіп 2,1 есе, химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру 9,8%, металлургия өндісі 5,1%, жиһаз өндіру 19,1%-ға артқан.
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 543,0 млрд. теңгені құрады (НҚИ - 100,5%).
Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіптік өндірістің 0,5%-ға өсуі байқалады.
Өнеркәсіп өндірісінің артуына өңдеу өнеркәсібінің оң динамикасы әсер етті.
Өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж. 9 айында 123,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,6%–ға артты (2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айына – 106,0 млрд.теңге).
Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: құрылыс материалдарын өндіру 2,0 есеге, жеңіл өнеркәсібі 2,6 есеге, жиһаз өнеркәсібі 20,6%-ға, химия өнеркәсібі 8,8%-ға, кокс және мұнай өнімдерін өндіру 3,3%-ға артқан.
Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру мақсатында 2019 жылдан бастап «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске асырылуда.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Қызылорда облысында жалпы құны 14,1 млрд.теңгені құрайтын170 жоба қамтылып, оның ішінде құны 10,1 млрд.теңге болатын 121 жоба өтінімдері мақұлданды (ауыл шаруашылығы саласында –79, тамақ - 11, жеңіл өнеркәсіп – 2, жиһаз - 5, құрылыс индустриясы саласында - 1, қызмет көрсету саласында - 11, химия өнеркәсібі-1, көктемгі егіс жұмыстары – 11).
Ағымдағы жылдың 9 айында 1,7 млрд.теңгені құрайтын 14 жоба мақұлданып, 2,3 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба қаржы институттарымен қарастырылуда, 40 (2,0 млрд,тенге) жоба құжаттары жинақталуда.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының екінші бағыты жергілікті қамту үлесін дамыту болып табылады.
Осыған байланысты, 2019 жылы отандық тауар өндірушілерді қолдау және жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында облыс әкімінің өкімімен (06.08.20 ж. №83-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы өкім) жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі жұмыс Комиссиясы құрылып, жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі Комиссияның жұмыс регламенті бекітіліп, ай сайын Комиссияның отырысы өткізілуде.
2021 жылғы 9 айдың жергілікті қамтуды бақылау Комиссиясының
11 отырысы өткізілді.
2021 жылдың 9 айдың қорытындысымен жергілікті қамту үлесі жеңіл өнеркәсібінде –69% (KPI-64,6%), тамақ өнеркәсібінде – 69% (KPI-48%), жиһаз өндірісі - 82% (KPI-63,3%), құрылыс материалдары бойынша – 72% (KPI-69,8%), машина жасау бойынша – 31% (KPI-19,1%), фармацевтика өнеркәсібі - 36% (KPI-32,3%), целлюлоза-қағаз өнеркәсібі - 56% (KPI-53,7%), химия өнеркәсібінде – 45% (KPI-36,2%) құрап, бекітілген меже артық орындалды.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарындағы тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 91%-ды құрады.
Сондай-ақ, 2021 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары (68жоба) шеңберінде сатып алатын тауарлардың жоспары Жобалық кеңсеге ұсынылып, жобалық-сметалық құжаттары Бірыңғай порталға (epsd.kz) толығымен жарияланды.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 6 сәуір күні жергілікті тауарөндірушілерді қолдау мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі мен облыс аумағындағы ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялары арасында 2018-2021 жылдарға арналған өзара түсіністік туралы ұзақ мерзімді келісімдеріне қол қойылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Анықтама:
Меморандум аясында кәсіпорындармен тауарларды сатып алу 20% кем емес, жұмыстар мен қызметтер 50% кем емес жергілікті қамту үлесіндегі мақсаттық индикаторлары бекітілді.
Нәтижесінде, 2021 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша облыстың жер қойнауын пайдаланушылармен сатып алу көлемі 45,8 млрд.теңгені құрады, оның ішінде жергілікті қамту үлесі 78,2% құрады.
2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 179,7 млрд. теңгеге орындалып, 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға төмендеді
(НКИ – 90,2%).
Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуінің себебі жеке мұнай ұңғымаларының сарқылуы болып табылады. Есепті кезеңде 1219,7 мың тонна шикі мұнай өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 82,8% құрап, 253,3 мың тоннаға кем өндірілді (2019 ж. 3 айы – 1473 мың тонна).
Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж. 3 айында
36,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,6%-ға артты (НКИ – 123,6%) (2019 ж. 3 айы – 30,3 млрд.теңге).
Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсім байқалған: құрылыс материалдарын өндіру 8,0 есеге, жиһаз өнеркәсібі 30,6%-ға, тамақ өнімдерін өндіру 20,0%-ға, жеңіл өнеркәсіп 9,3%-ға, металлургия өнеркәсібі 4,0%-ға, химия өнімдерін өндіру 5,8%-ға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу 22,3%-ға артқан.
2019 жылдың қаңтар-қараша айларында облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 789,9 млрд. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 89,3% құрады.
Өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуінің себебі жеке мұнай ұңғымаларының сарқылуы болып табылады. Есепті кезеңде 5,1 млн. тонна шикі мұнай өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 87,3% құрап, 746 мың тоннаға кем өндірілді (2018 ж. 11 айы – 5,8 млн. тонна).
Өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібі саласында ү.ж. 11 айында 117,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,4% құрады (2018 ж. 11 айы – 101,9 млрд.теңге ).
Атап айтқанда: тамақ өнімдерін өндіру 1,5%-ға, жеңіл өнеркәсіп 31,7%-ға, өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру 8,4%- ға артқан.