Лого

Меню

Страницы

Статья

Кәсіпкерлікті алғашқы бастаушыға көмек

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне
мемлекеттік гранттар беру шарттары

Бизнес-идеялардың іске асыруға мемлекеттік гранттар беру - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17.09.2024 жылғы №754 қаулысымен бекітіліген Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларымен регламенттеледі.
Бизнес-идея деп – тауарларды шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастаманы айтады.
Берілетін гранттың максималды сомасы – 5 млн. теңгені құрайды.
Бизнес-жобаны іске асыру мерзімі - 18 айдан аспайды.
Мемлекеттік гранттар – кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары негізінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен беріледі.
Яғни, Басқарма осы мемлекеттік қолдау шарасының жергілікті жердегі үйлестіруші органы болып табылады.
Конкурстық іріктеуге – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
* әлеуметтік кәсіпкерлер деп - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің
17.07.2023 жылғы №140 бұйрығына сәйкес Тізілімге енген субъектілерді айтады.
Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкерге қойылған міндетті шарт:
1) Жобаны іске асыруға арналған шығыстарды, грант көлемінің кемінде 20%-ы мөлшерінде қоса қаржыландыру (жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен/ақшалай қаражатпен);
2) Жаңа жұмыс орындарын құруы;
3) Бизнес-жобада инфрақұрылымның немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы тиіс.
Грант қаражаты ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ:
1) тауарларды шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды (оның ішінде негізгі құралдарды салу/жаңғырту/реконструкциялау/ күрделі жөндеу), шикізат пен материалдарды сатып алу;
2) материалдық емес активтерді сатып алу;
3) технологияны сатып алу;
4) кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзингке) құқықтарды сатып алу;
5) зерттеу жұмыстарына / жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.
Мемлекеттік грант қаражатын өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.
Грант қаражатын ПАЙДАЛАНУҒА БОЛМАЙДЫ:
1) жылжымайтын мүлікті / жер учаскесін сатып алуға;
2) жалдау ақысының төлемі ретінде;
3) негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (қызметтерді алуға/ жұмыстарды орындауға), үлестес/байланысты компаниялардан/ тұлғалардан / кәсіпкердің жақын туыстарынан ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексіне сәйкес айқындалған);
4) пайдалануда болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға;
5) жеңіл автокөлікті сатып алуға (шанағы (кузов) немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автокөлікті, сондай-ақ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдері мен жеңіл автокөлік құралдарын жалға алуға және уақытша алуға байланысты жобаларды қоспағанда);
6) ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі/ұсақ қара малды, құсты, бал арасын, сондай-ақ өзге де ауыл шаруашылығы жануарларын) (өңдеуші өнеркәсіпке жататын тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды қоспағанда) сатып алуға.

ЕСКЕРТПЕ:
* негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алу тиісті құжаттармен (жабдыққа шарт/келісімшарт/паспорт/сапа сертификаты) расталуға тиіс;
* Кәсіпкердің грант қаражатын игеруі кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагент шотына қолма-қол ақшасыз төлем арқылы жүзеге асырылады (пайдалануда болған автокөлікті жеке тұлғадан сатып алуға жол беріледі).
Гранттар БЕРІЛМЕЙДІ:
1) қайта ұйымдастыру, тарату, банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған;
2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;
3) қызметінің негізгі түрі – жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын;
4) грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде қоса қаржыландыруды растамаған;
5) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміндегі;
6) конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі бар;
7) Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде мемлекеттік гранттар беру бойынша қолдау алғандарға (оның ішінде бұрын қолданыста болған бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының қолданылу кезеңінде);
8) конкурс өткізілетін өңірге сәйкес келмейтін басқа өңірде тіркелгендерге және бизнес-жобаны іске асыруды жоспарлап отырғандарға берілмейді.
* * * * *
Конкурстық комиссиямен жобаларды қарау
Конкурсты өткізу үшін облыс әкімінің шешімімен конкурстық комиссия құрылады және оның құрамы бекітіледі.
Конкурстық комиссия жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің өкілдерінен, салалық сарапшылардан, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарынан кемінде 7 (жеті) адамнан құралады.
Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде мынадай өлшемшарттар негізінде (оның ішінде 5-қосымшада көрсетілген жобаны бағалау өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып) грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:
1) бизнес-идеялардың әлеуметтік бағдарлану дәрежесі/"Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының өңірлік өнімінің рейтингі;
2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);
3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).
Бизнес-идеялардың әлеуметтік бағдарлану дәрежелігі өлшемшартына – жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін, кірістерді арттыруға бағытталған және халықтың әлеуметтік осал топтарына өзге де шаралар көрсететін, инклюзия, экологиялылық, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды, жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін әлеуметтік қолдау саласындағы жобалар жатады.
Конкурстық комиссия мүшесі өлшемшарттарға сәйкес кәсіпкердің бір жобасы бойынша беретін ең жоғары балл – 70 баллды құрайды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық комиссия мүшелері қойған балдар саны жинақталады және конкурстық комиссияның қорытынды шешімі айқындалады.
Кәсіпкерлерді іріктеу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі жөніндегі ақпарат жария етуге жатпайды.
Жобаны қарау мерзімі – 5 жұмыс күні.
Хаттаманың қолданылу мерзімі – 9 ай.
* * * * *
Өтінімдерді беру тәртібі
Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтінім ғана беруге құқылы. Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады.
Өтінімді қарау мына шарттар сақталған жағдайда беріледі:
1) өтінімді kezekte.kz ақпараттық жүйесінде тіркеу;
2) kezekte.kz ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы.
3) бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоғы туралы мәліметтерді растау;
4) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруды растау мақсатында – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және мемлекеттік деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған кәсіпкердің жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы жер учаскесінің (учаскелерінің) немесе өзге де жылжымайтын мүліктің болуы "Жылжымайтын мүлік тізілімі";
5) бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы мүлікті қоса қаржыландыруды растау мақсатында – кәсіпкерде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімімен және (немесе) "Автомобиль" дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы расталған жылжымалы мүліктің болуы.
Өтінімге pdf форматындағы құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін тіркейді:
1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);
2) кемінде 20 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруды растайтын құжаттар;
3) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе "Бір ауыл-бір өнім" бағдарламасының финалисті болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.


Қызылорда облысы кәсіпкерлерінің назарына!

Жаңа бизнес идеяны іске асыру мақсатында «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша конкурс жарияланады.
Конкурсты ұйымдастырушы: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қорқыт ата 123, 213 кабинет; электронды пошта: d.sailaubai@korda.gov.kz байланыс телефоны 8(7242) 40-10-59,
70-54-87.
Конкурстың нысанасы: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу шарттары: Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мекен-жай бойынша жеке өзі немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінімді береді, оған басшы не оны алмастыратын адам қол қояды және кәсіпкердің мөрімен (болған жағдайда) бекітіледі. Бұл ретте конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтінім ғана береді.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға жеке өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады. Бизнес-жоба – кәсіпкердің жоспары, бизнесіңді құру (тауарлар шығару, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашады, сипаттамалар, есептемелер, болжамдар нысанында орындалады, сондай-ақ ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы деңгейінде кәсіпкердің өз қаражатынан (ақшалай қаражатынан, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлкінен) қоса қаржыландыруды және жаңа жұмыс орындарын құруды, жобаны іске асырудың мерзімдерін қамтиды;
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар келесі мақсаттарда ұсынылады: Жаңа бизнес-идея – осындай жобаларды іске асыру кезінде бұрын қолданылмаған материалдарды, технологиялар мен әдістерді қолдана отырып тауарлар шығаруды, франшизаға рұқсат алу, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткер кәсіпкерлер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім, ол Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталына орналастырылады;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі/жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;
4) жүгінген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;
5) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған кезде) расталған анықтама;
6) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жоба;
7) ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын, Бағдарламаның және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қараша № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған);
9) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды (ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатыстырылған жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарын қоспағанда);
10) өтініш берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің болуын растайтын құжат.
Кәсіпкер Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді дайындау және құжаттарды жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгіне алады.


Қызылорда облысы кәсіпкерлерінің назарына!

Жаңа бизнес идеяны іске асыру мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша конкурс жарияланады.
Конкурсты ұйымдастырушы: «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би 28, 301 кабинет; электронды пошта: a.mukhitdinov@korda.gov.kz байланыс телефоны 8(7242) 40-10-59, 70-54-87.
Конкурстың нысанасы: «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында (1 қосымшаға) және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін (2 қосымшаға) өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу шарттары:
Конкурсқа қатысу шарттары: конкурсқа жеке кәсіпкерлік немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі мемлекеттік қолдау алу үшін өтініш берген уақытта кемінде үш жылды құрайтын қайта тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатысы алады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер тапсыру орны: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 28, 3 қабат, 301 кабинет; электронды пошта: a.mukhitdinov@korda.gov.kz; байланыс телефоны 8(7242)40-10-59,
70-54-87.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі;
конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайы бойынша өзі, пошта немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.
Бизнес жобаны іске асыруға шығындарды жеке қаражатын салу: ұсынылған грант көлемінен 10%-дан кем емес(11 қосымшаға).
Кәсіпкерлердің (жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның құрылтайшысының (құрылтайшыларының) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін «Бизнес-кеңесші» экспресс-курстарында қысқа мерзімді оқудан өтуі конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар келесі мақсаттарда ұсынылады:
1. Негізгі құралдар мен материалдарды алу;
2. Материалдық емес активтер алу;
3. Технологиялар алу;
4. Франшизаға рұқсат алу;
5. Зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.

Көрсетілген қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
1) гранттар беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім;
2) заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттiк тiркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама;
4) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;
5) бизнес-жоба;
6) Бағдарлама және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының щіңберінде Кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) заңды тұлғалар үшін Жарғының (бар болса) көшірмесі;
8) қызмет түрінде лицензияның көшірмесі (қажет болса);
9) Кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан-заңды).
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2017 жылдың «23» ақпанынан бастап 2017 жылдың 10 наурызына дейін жұмыс күндері сағат 9-00-ден 13-00 дейін, 15-00 ден 19-00 дейін (жергілікті уақыт).
Өтінімдерді тапсыруды бастаған күні мен уақыты: 2017 жылдың «23» ақпанынан бастап сағат 09-00-ден (жергілікті уақыт).
Өтінімді тапсыруды аяқтау күні мен уақыты: 2017 жылдың «10» наурызы сағат 19-00-ге дейін (жергілікті уақыт).
Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен e-kyzylorda.gov.kz сайтында танысуға болады.

Дата публикации
20 апреля 2020
Дата обновления
06 октября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы