Қызылорда облысының 2025 жылдың қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Облыс аумағының ауданы 226 мың шаршы шақырымды құрайды.
2025 жылдың 1 шілдесіне халық саны – 846,9 мың адам, оның ішінде қала халқы -399,2 мың адам (47,1%).
Облыс 7 ауданнан, облыстық маңыздағы 1 қаладан (Қызылорда) және аудандық маңыздағы 2 қаладан (Арал, Қазалы) тұрады.
2025 жылдың басына Ұлттық құрам: қазақтар – 96,3%, орыстар – 1,4%, кәрістер – 0,9% және басқалары – 1,4%.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 600,3 млрд.теңгені құрады, НКИ – 98,6%.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 219,1 млрд.теңгені құрады, НКИ – 113,4%.
2025 жылы өңдеу өнеркәсібінің өнімін ұлғайтуға бағытталған құны 21,1 млрд.теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылады деп жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 46,5 млрд. теңгені құрады немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 102,6%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 351,8 млрд. теңге, НКИ – 112,4%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 136,4 млрд. теңгені құрады, немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 137,0%. 434,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 3,2%).
Сауда көлемі 6,1% -ға артып, 479,9 млрд.теңгені құрады.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 65,5 мың бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне НКИ-100,1%.
2025 жылы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыруға барлығы - 7 415,3 млн теңге, оның ішінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға - 6964,8 млн теңге, ішінара кепілдік беруге - 319,5 млн теңге, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беруге - 70 млн теңге, инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізуге- 249,2 млн теңге қарастырылды.
Жергілікті бюджетке 93 859 млн. теңге өз кірістері түсті, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 98,2%-ды құрады.